Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

Өндірістік жарақат алуына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айрылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына  келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге  дейін сақталады; 18). қызметкер сот  актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу  мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші Еңбек Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.  Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.  Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс берушіге жазбаша ескертеді.Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы екінші жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі керек. Жалпы ереже бойынша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) екінші жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартын бұзған сәттен бір айдан кем болмауы қажет.

3.Әкімшілік құқықтық  қатынас

Әкімшілік құқық – атқарушы билік құрылымдарын қалыптастыру барысында, өкілеттіктерін, міндеттерін, құқықтары  мен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктерін белгілегенде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірлерін, құқытары мен еркіндіктерні қорғауды жүзеге асыруда мемлекеттік басқару  процесінде туындаған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың құқықтық саласы.

Әкімшілік құқықтық қатынастар – мемлекеттік басқару саласындағы  қоғамдық қатынастар. Оның субъектілері болып мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар, мекемлер, ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әкімшілік құқықтық қатынас ерекшеліктері, билік қатынастары ( тараптардың  заңды тепе-теңдігі болмайды), (мемлекеттік  басқару саласында болғандықтан) онда мемлекет мүддесі қаралады.

Әкімшілік құқықтық қатынастарды келесі біліктілік санаттары бойынша  бөлуге болады: қатысушылар құрамы бойынша: а) аппарат ішіндегі, б) аппараттан тыс; тараптар арасындағы заңды байланыс сипаттарына қарай: а) тік (әрбір  тарап билік құзырына ие, көлемі бірдей), б) көлденең (тікелей басқаруға ұқсас, онда тараптар заңды түрде бірдей).

Әкімшілік құқық бұзушылық  – мемлекеттік басқару немесе қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік немесе жеке меншікке,  азаматтардың құқықтарымен бас еркіндіктеріне қол сұғу, заңға  қайшы, айыптаушы әрекет (қасақана немесе байқаусызда) немесе әрекетсіздікке заңнамамен әкімшілік жауапкершілік жүктеу қарастырылған.

 

БИЛЕТ  № 25

1.Қаржы  құқығы -  құқық  қайнар көзі  ретінде 

Қаржы құқығы мемлекеттің  дамуының әрбір нақты кезеңінде  оның міндеттері мен қызметтерінің  үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету  үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың  жиынтығы.

Қаржы  құқығының  қайнар  көздері-  бұл  мемлекттік  атқарушы  билікоргандарының  құқықтық  актілері.Қаржы  құқығынң  басты  қайнар  көзі- ҚР Конституциясы  онда  мемлекеттің  қаржы  қызметін  құқықтық  ұйымдастыру  негіздері  бекітілген.  Қаржы  құқғының  қайнар  көздері  құқықтық  белгілері бойынша  бірдей  емес.Олардың  арасында  атқарушы  билік органдарының,заңшығарушы  органдарының  актілері, министрліктердің қаулылары  болады. Сонымен  қатар  қаржылық қатынастарды  реттейтін  ҚР Президенттің жарлықтары да жатады.

2.Жарамсыз  мәмілелер

Жарамсыз мәмілелердің түрлері  туралы Азаматтық кодекстің 157-ші бабында  бұл туралы былай делінген: «мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік  органның не прокурордың талабы бойынша  мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін». Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа  мәміле бойынша алынғанның бәрін  қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті. Мәмілелердің жарамсыздығының  негіздері:1.Қажетті лицензия алмай  жасалған мәміле. Рұқсат белгілі бір  мерзімге беріледі.2.Теріс пиғылды  бәсекеге мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле.3.Он төрт жасқа толмаған адам жасаған  мәміле.4.Он төрт жасқа толған баланың  ата-анасының келісімінсіз жасаған  мәмілесін ата-анасының талабы бойынша  сот жарамсыз деп тануы мүмкін.5.Есуастық, ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп  танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады.6.Сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот  оның қамқоршысының талап етуі бойынша  жарамсыз деп тануы мүмкін.7.Алдау, зорлық, қорқыту ықплымен жасалған мәмілелер.8. Елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот жаңылысу әсерімен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамыз деп тануы мүмкін.9. Бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәмілені де сот жәбірленуші тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.10.Заңды тұлғаның заңда немесе құрылай құжаттарында нақты шектелген  қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп жасаған, не оның органының жарғылық құзіретін бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мәміледегі басқа тараптың мұндай жолсыздық туралы білгені немесе күн ілгері білуге тиіс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның мүлік иесінің қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.11.Әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасасқан кезде өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот сол азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

3.Қылмыстық  жаза жүйесі және түрлері

Жаза жүйесі  дегеніміз – қылмыстық  заң бойынша белгіленген  жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың  түрлері. Жазаның  жүйе  ретінде  қарастыру  оларды  жүйелі,  соттық  тәжіриби  үшін  аса  маңызды.  Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау  барысында  негізді  дұрыс,  әділ  жаза  тағайындалмауына  үлкен септігін тигізеді.     

 Қылмыстық   заңның өзінде  барлық  соттар  міндетті  болып  табылатын  жекелеген   жазаларды  қолданудың  шарт,  шегі  және тәртібі  белгіленген.  Мұның  өзі  республика  аумағында  қылмысқа  қарсы  күрес  саласында біркелкі  жазалау   қызметін жүзеге   асыруға   мүмкіндік  береді .  Сотталған   адамға   келтірілген  айырудың  мәніне  қарай  жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:

1.      Сотталған   адамға моральдық  жағынан  әсер   ететін   жаза   түрлері.  Бұған   жататындар:  қоғамдық   жұмыстарға  тарту,  арнаулы,  әскери  немесе  құрметті  атағынан,  сыныптық   шенінен,  дипломатиялық дәрежесінен,  біліктілік сынабынан және  мемлекеттік  наградадан  айыру.

2.      Сотталған   адамның  құқығына   шек   қоюмен   байланысты   жаза   түрлері  :  белгілі   бір   лауазым атықарыу   немесе  белгілі   бір   қызметпен  шұғылдану құқығыннан айыру,  әскери қызмет бойынша шектелу.

3.      Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар:  түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;

4.      Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері:  өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен  үш  топқа  бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.

Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар  қолданылады: a)  Айыппұл салу; b)  Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір – қызметпен айналасу құқығынан айыру; c)  Қоғамдық жұмыстарға тарту; d)  Түзеу жұмыстары; e)  Әскери қызмет бойынша шектеу; f) Бас бостандығына шектеу; g) Қамау; h) Тәртіптілік әскери бөлімде ұстау; i) Бас бостандығынан айыру; j)  Өлім жазасы қолданылуы мүмкін;

Екінші топқа қосымша  жазалар жатады:

Қосымша жазалар деп негізгі  жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның  мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші  роль атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Соты Пленумының «Жаза тағайындалғанда  соттардың заңдарды дұрыс қолдану» 24 маусым 1993 жылғы №3 қаулысының 16 –  тармағында «Соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне басты назар  аударғаны жөн.  Өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу оны даралай көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі», - делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстың заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған  жағдайда ғана сілтеме жасай отырып,  қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған жазаны қолданбауы мүмкін.     

    Қосымша жаза жеке – дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады. Сотталғандарға  негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар:

a)     арнаулы, әскери немесе   құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, биліктік сыныбынан  және мемлекеттік наградаларынан айыру;

b)    мүлкін тәлкілеу қолданылуы мүмкін (39-бап , 2 -бөлігі)

Үшінші топқа негізгі  де, қосымшада жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. 

Оларға жататындар: айыппұл  салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен  айналасу құқығынан айыру. Осы көрсетілген  жаза түрлері негізгі жаза ретінде  тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда  мазмұны мен мәні әртүрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану - қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шартты болып табылады.  Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама берейік.

 

 

БИЛЕТ  № 26

1.Қаржылық  бақылау түсінігі және түрлері

Мемлекет пен муниципалдық кұрылымдардың қаржылык қызметінің ажырағысыз кұрамды бөлігі каржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау - каржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрыкшалык кызмет жэне каржыны баскарудың функциялык элементтерінің бірі. Ол баскарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару  сияқты басқа элементтерімен тығыз  байланысты жэне бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы  экономикалық категория ретіндегі  каржыға бақылау функциясының тэн  болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функ- ция арқылы каржы бөлудің  калыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың  ара салмағы, оларды қалыптастырудың  көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп оты- рады. Қаржының бақылау функциясы  материалдык игіліктерді өндіру, айырбас- тау, бөлу және тұтыну үдерісіне  қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан  ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық катынастарда ғана адамдардың катысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын күсрғанда; оларды білікті мамандармен  толыктырғанда; бұл органдардың  құқыктарын регламенттегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы  қаржыны бакылаудың кұралы ретінде  пайда- лану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде колдану коғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету  барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы  экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір  бөлігін білдірсе, каржыны басқарү  элементтерінің (жоспарлау, есеп жэне талдаумен катар) бірі ретіндегі  каржылық бакылау кондырмалық категория  болып табыла- ды. Практикада каржының бақылау функциясы қаржылык бақылау  нысанында жүзеге асырылады, бірақ  бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бацылау функ- циясы - каржының ішкі касиеті, ал қаржылық бақылау каржыға  тэн объективті мазмұн ретіндегі  бакылау функциясын практикалық  қолдану болып табылады. Қаржылык бакылау жеке емес, баска функциялармен  етене байланысты іс-әрекет етеді.

Ғылыми негізделген қаржылык саясатты, тиімді каржылық механизмді калыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бакылаудың көмегімен каржы жоспарларының орындалуы, каржылык- шаруашылык қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдала- нылады.

Қаржылық бақылаудың өзіндік  өзгешелігі - оның ақшалай нысанда  жүзеге асырылатындығында. Оның объекті  қаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлтт>Л{Лхіаруашылыктың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен  қорланымдарды калыптастыру үдерістері, акшалай қорларды жасау жэне пайда- лану болып табылады.

Алайда қаржылык бакылаудың объекті тек ақшалай каражаттарды ғана тек- кең тоЬына таралады, өйткені  қаржы басқа құндық категориялармен: еңбекке ақы төлеумен, өнімнің  өзіндік құнымен, табыспен, пайдамен, өндірістік корлармен (негізгі, айналым  қорларымен), күрделі жұмсалымдармен, инвестициялармен тығыз байланысты. Ал мекемелер мен ұйымдардың бюджеттік  қаражаттарды дұрыс пайдалануын  бақылау олардың қызметінің барлык жақтарын - желілер мен контингенттердіңтолымдылығын, каржаттарды жұмсаудың белгіленген  нормала- рын сақтауды шалады. Түпкі  корытындыда қазіргі жағдайларда  өндіру мен бөлу үдерісі ақшалай  катынастармен ортақтастырылатындықтан  ол елдің материалдық, еңбек, табиғи жэне басқа ресурстарын пайдалануды  бақылауды білдіреді.

Қаржылық бакылау іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкшиіілік, цүцықтыц, длеуметтік, техникалыц,саяси  бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржылық жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан каржылық бақылауды  шаруашылықтық бақылаудан бөліп  алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржылық операциялардың көбінде шаруашылық кызметтің баска  үдерістері бей- нелеп көрсетіледі.

2.Отбасы  мүшелерінің алименттік қатынастары

Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттықтәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері  болады:

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"