Өндірістік кооперативтің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2015 в 13:03, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Кәсіпорындардың кооперативтік түрі Қазақстан республикасын біршама таныс, өйткені, біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде тұтынушылар кооперативі өмір сүрді. Кәсіпкерлікті үйымдастырудың формасы ретінде кооперативтердің мәні мынада: олар өзінің мүшелері аударатын заттай болсын, қаржылай болсын пайлық жарнаның есебінен құрылады. одан кейін мүлік кооперативтер шығаратын өнімнің және оны сатудан түсетін пайданың, қызмет көрсету немесе қызметтің басқа да түрлерінен түсетін пайданың есебінен толығып отырады. Жоғары ұйым болып жалпы жиналыс саналады. Өкілеттілік және атқарушылық міндеттерді жалпы жиналыс сайлатын басқарма мен оның төрағасы іске асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 234.50 Кб (Скачать документ)

Кооперативтің таза табыс олардың бөлуге және шеккен зиянын жабуға қатысудан кооперативтің қайсыбір мүшелерін шеттететін кооператив мүшелерінің келісімдері немесе оның құрылтай құжаттарының ережелері жарамсыз  болып табылады.

Сонымен, өндірістік кооперативте оның мүшелерінің мынадай екі арналы табыс алу жүйесі болады: еңбекке ақы төлеу түрінде (жалақы, сыйақы т.с.с.); кооператив алған таза табыс түрінде.

Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi: 

1) кооперативтiң құрылтай  құжаттарында көзделген талаптарды  сақтауға; 

2) жалпы жиналыстың, кооперативтiң сайланбалы басқару органдарының өз құзыретiне сәйкес қабылдаған шешiмдерiн орындауға;  

3) кооперативтiң құрылтай  құжаттарында көзделген тәртiппен, жолмен және мөлшерде кооператив  мүлкiне мүлiктiк жарна енгiзуге;   
4) кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысуды жүзеге асыруға;   
5) кооператив мiндеттемелерi бойынша мөлшерi мен тәртiбi осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiкте болуға;  

6) өндiрiстiк және еңбек  тәртiбiн, еңбектi қорғау ережелерi мен  қауiпсiздiк техникасын сақтауға;  

7) кооператив өзiнiң коммерциялық  құпиясы деп жариялаған мәлiметтердi таратпауға мiндеттi.  

Өндiрiстiк кооперативтiң атқарушы органы сотта корпоративтiк дау бойынша iс қозғалғаны туралы кооператив мүшелерiн хабардар етуге мiндеттi. 

Кооператив мүшелерiне сотта корпоративтiк дау бойынша iс қозғалғаны туралы ақпарат кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмiнде көзделген тәртiппен (егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе), өндiрiстiк кооператив соттың тиiстi хабарламасын немесе корпоративтiк дау бойынша азаматтық iске шақыруды алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс. 

 

    1. Өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары

Өндірістік кооператив туралы заң оның мүшелерінің айтарлықтай құқықтары болуын көздейді, мұның өзі азаматтардың осы бірлестігінің демократиялық сипатын көрсетеді. Мәселен, кооператив мүшесінің мынадай құқықтары бар:

  • заңда және кооперативтің құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен кооператив істерін басқаруға қатысуға;
  • Кооперативтің басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, кооператив қызметін жақсату, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;
  • Кооперативтің қызметі туралы толық ақпарат алуға оның ішінде кооперативтің бухгалтерлік және басқа құжаттарымен танысуға;
  • Кооператив алған пайданы бөлуге қатысуға;
  • Егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртіп көзделмесе кооператив қызметіне өз еңбегімен қатысуына сәйкес оның мүшелері арасында бөлінуге тиісті пайдадан үлесін алуға;
  • Кооперативтегі өз еңбегі үшін жалақы түрінде немесе кооператив белгілеген өзге де түрде де ақы алуға;
  • Кооператив өзінің мүшелері үшін көздейтін жеңілдіктер мен артықшылықтарды, оның ішінде өздері өндірген тауарларды бірінші кезекте алуға қатысты бөлігінде пайдалануға, кооператив мүлкін тұтынуға , кооперативтен әлеуметтік көмек алуға;
  • Демалыс күндерін беру арқылы қамтамасыз етілетін тынығуға, сондай-ақ ұзақтығы жұмысшылар мен қызметкерлердің тиісті санаттары үшін заңмен белгіленнен кем емес жыл ақылы демалыс алуға;
  • әлеуметтік сақтандыруға және әлееуметтік қамсыздандыруға;
  • белгіленген тәртіппен кооперативтен шығуға;
  • кооператив мүшесінің осы заңда өзге де заң актілері мен кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқтары болуы мүмкін.

Өндірістік  кооператив мүшесі үшін осы Заң мен басқа да заң актілернде көзделген құқықтардан бас тартудың немесе оларды шектеуді, оның ішінде кооперотив мүшелерінің келісімі бойынша шектеудің күші жоқ.

Осындай құқықтарды иеленумен қатар, кооперотив мүшесі белгілі бір міндеттерді де атқарады.Оның кооперотивтегі мүшелігін айқындайтын бірінші кезектегі міндеттердің қатарына ,біріншіден, кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, әдіспен және мөлшерде мүліктік жарналар салу;екіншіден,кооператив қызыметіне жеке өз еңбегімен қатысу міндеттілігі жатады.Бұған қоса,ол:

  • Кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға;
  • Жалпы жиналыстың,кооперативтің сайланбалы басқару органдарының өз құзіретіне сәйкес қабылдаған шешімдерін орындауға.
  • Кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, жолмен және мөлшерде кооператив мүлкіне мүліктік жарна енгізуге;
  • Кооператив қызметіне жеке еңбегімен қатысуды жүзеге асыруға;
  • Кооператив міндеттемелері бойынша мөлшері мен тәртібі осы заңда белгіленген мөлшерде және тәртіппен қосымша жауапкершілікте болуға;
  • Өндірістік және еңбек тәртібін еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтауға;
  • Кооператив өзінің коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәліметтерді таратпауға міндетті;

Кооператив мүшесінің осы заңда басқа да заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген өзге де міндеттерді болы мүмкін.

Кооператив мүшесі заң актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.

Кооперативке мүшелік мынадай үш негізде бойынша тоқтатылуы мүмкін:

    1. Кооператив мүшесінің өз қалауы бойынша;
    2. Азаматты кооператив мүшелігінен шығару тәртібімен кооперативтің бастамасымен;
    3. Өзге де негіздер бойынша.

Кооперативке мүшелік еркіті болғандықтан, кооперативтің кезкелген мүшесі одан өз қалауымен шығуға құқылы. Алайда бұлайша шығудың белгілі бір талаптары көрсетілген. Мәселен кооперативтен шығатын азамат ол туралы шығуының кемінде екі апта бұрын кооператив басқармасының төрағасына ескертуге міндетті. Құрылтай құжэаттарында мұндай ескертудің едәуір ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Алайда, ол екі айдан аспауы тиіс. [7]

Кооператив мүшелігінен шығару жалпы жиналыстың шешімі бойынша мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  1. Кооператив мүшесінің коопеғратив жарғысымен өзіне жүктелген міндеттерді ұдайы орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
  2. осыған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты;
  3. құрылтай құжаттарында көрсетілген басқа да жағдайлар.

Сонымен қатар, мынадай жағдайларда кооперативке мүшелік тоқтатылады:

  • Кооператив мүшесінің қайтыс болуы, оны өлді, хабар-ошарсыз кетті деп жариялау;
  • Кооператив мүшесінің өз пайын басқа адамға беруі;
  • Несие берушінің кооператив мүшесінің пайынан оның жеке борышын өндіріп алуы.

Мұның ең соңғысына қатысты мынаны түсіндіру керек, пай кооператив мүшесінің меншігі емес, ол кооператив мүлкін үлестерге шартты түрде бөлуді білдіреді. Ал мүліктің өзі залалды тұлғаның меншігі рөлін атқарады. Бірақ, сонымен қатар несие берушінің кооператив мүшесінің пайынан оның жеке борышын өндіріп алуын осы мүшенің кооператив мүлкі есебінен өз борыштарын өтеп алуы деп есептеуге болмайды. Құқықтық тұрғыдан қарағанда оның құрылысы мынадай болып көрінеді. Пай құқығы белгілі бір мән-жайларда кооператив мүлкінің бір бөлігінің пай иесінің пайдасына бөліп беру мүмкіндігін білдіреді.Ал бұл пайға қатысты меншікті кооперативтік меншіктен азаматтың азаматтың өзіндік меншігіне өзгеруге әкеп тірейді. Сондықтан кооператив мүшесінің пайынан борышты өндіріп алу шын мәнінде борышқор – мүшеге бөлініп беріліп, оның меншігіне айналатын кооператив мүлкіндегі үлестен өндіріп алу болып шығады. [8]

Кооператив мүшесінің жеке борыштарын оның пайынан өндіріп алуға мұндай берешектерді жабу үшін өзге мүлік жетіспейтін жағдайда ғана жол беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Өндірістік кооперативтің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық құқықтық нысандары

 

Өндірістік кооператив азаматтық-құқықтық реттеу субъектісі болып табылады. Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді,онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған нормалар қатары бар.

ҚР Азаматтық кодекс (жалпы бөлімі 27.12.1994 жылы қабылданған, іс-әрекетке 01.03.1995 жылы кірген, ерекше бөлім 01.07.1999 жылы қабылданған) жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды.

Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы. Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау - бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-шаралар жүйесі.ҚР АК 9 бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді - сот, арбитраж немесе аралық сот.

Кәсіпкерге АК 2 бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің негізгі қағидаларының біреуі бекітілген - кім болса да жеке істерге араласпауы.

Бұл қағиданың мағнасының бірі - билік және басқару органдарына кәсіпкерлер өз мүлкіне қалай билік жүргізіп, өз пайдасын бөліп, кірісін пайдаланып жүргеніне ықпал жасауға тыйым салынуы. 

Осы қағидаға сәйкес сондай-ақ ешкімнің рұқсатын, келісімін алу, ақпарат беру қажет емес, егер осыған ұқсас талаптар тікелей заңмен бекітілмесе.

Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға ҚР Әділет министрлігі белгілеген форма бойынша өтініш беріледі және мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған үш дана құрылтай құжаттары қосымша беріледі. 

Өтінішке ҚР-ң заңнамасы белгілеген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарды қосымша берумен бірге құрылтайшы немесе өкілетті құрылтайшы қол қояды. Сол мезетте тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан орнын куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу үшін жинақты бюджетке төлегенін куәландыратын түбіртек немесе құжат тапсырылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері олардың орналасқан орнын куәландыратын құжат тапсырмайды. Заң және басқа заңнамалық актілермен қарастырылғаннан басқа небір құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады.Тіркеудің мағнасы жариялылық жағдайын жасайтынында, себебі тіркеуші орган арқылы кез келген мүдделі тұлға заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен танысуға құқылы, егер олар жабық немесе мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылмаса.Коммерциялық құпияны сақтауды заңды қамтамасыз ету кәсіпкерлер мүддесін қорғаудың (ҚР АК 42 бабы) маңызды шарасы болып қызмет етеді.

Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия заңмен қорғалады.Коммерциялық құпияны құрастыратын мәліметтерді белгілеу тәртібі, оны қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына кіруге тиіс емес мәліметтер тізілімі заңнамамен белгіленеді. Коммерциялық құпияға мемлекеттік бақылау функцияларын, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін орындау арқылы, қызмет жағдайымен және т.б. қол жеткізе алатын тұлғалар оны басқа тұлғаларға жарияламауға міндетті. 

ҚР кәсіпкерлік қызметті және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің көптеген саны қабылданған. Оларға ҚР 2006 жылғы 31 қаңтардағы “Жеке меншік кәсіпкерлік туралы” заңдары, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу туралы", Бас прокурордың 2004 жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен бекітілген шаруашылық субъектілер қызметін тексерудің барлығын есепке алу бойынша Нұсқау. Кәсіпкер оларға оның қызметін тексерумен байланысты сұрақтар пайда болған жағдайда жүгіне алады.Тексеріс тағайындалғаны туралы акті негізінде тек қана бір тексеріс жүргізіледі.Тексеріс тек қана тексеріс тағайындалған актіде көрсетілген лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) жасалады.

Кәсіпкерлік қызмет кез-келген негіз бойынша тоқтатылуы мүмкін. ҚР АК 49 бабы заңды тұлғаның сот шешімі бойынша таратылу жағдайларын қарайды:

банкрот болған жағдайда;

заңды тұлғаны оны құрғанда заңнамалық бұзушылық жіберілген кезде тіркелгенін заңсыз деп мойындаған кезде;

заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы қызметті әрдайым жүзеге асырғанда;

қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті, немесе бірнеше дүркін немесе дөрекі заңнамалық бұзушылықпен, оның ішінде декларация бермеумен жүзеге асырылса;

заңнама қарастырған басқа жағдайларда.

ҚР АК 49 бабының 2 т.4 т. заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті жүзеге асырған кезде заңды тұлғаны сот тәртібінде таратуын қарастырады. Мұндай актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа тыйым салынған немесе шектелген тізілімдер қарастырылуы мүмкін.

Мемлекеттік заңды тұлғалар үшін шектеу олардың құрылтай құжаттарымен және олардың құқықтық мәртебесі туралы нормативтік актілермен, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық келісімдерімен қарастырылған;

ҚР АК 922 бабы мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарымен келтірілген зиян үшін жауапкершілік қарастырылады.Мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес емес актілер шығарғаны нәтижесінде келтірілген зиян сот шешімі негізінде, акт шығарған органдардың, лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан, орнын толтыруға жатады.

Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың әкімшілік басқару саласындағы Заңсыз іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиян орны осы органдардың билігінде тұрған ақша есебінен жалпы негізде толтырылады;

Кәсіпкерлік субъектілерімен келісім қатынастарға түсу ҚР 1998 жылғы 2 шілдедегі “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы қарастырған сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына қайшы, оның 5 бабының 9 тармағы бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мемлекеттік реттеудің болмауы туралы жариялайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорытындылай келгенде, кооператив — бұл қашан да бірнеше адамның еңбегін бірік-тіретіндіктен, оны бір адам құра алмайды (оның бір адам құратын немесе бір адамнан тұратын, яғни "бір адамның компаниясы" ретінде өмір сүретін акционерлік қоғамнан айырмашылығы осында). АК-ның 96-бабының 2-тармағы кооператив мүшелерінің саны екеуден кем болмауға тиіс деп белгілейді, бұл оның санының ең төменгі мөлшері болып табылады (Ресейде мысалы, кооператив мүшелері кемінде бесеу болуға тиіс). Мұндай шаманы белгілеудің себебі — заң шығарушылардың кооператив құру мүмкіңдігін барынша жеңілдету — ол үшін екі адамның қалауы жеткілікті болады.

Информация о работе Өндірістік кооперативтің жалпы сипаттамасы