Өндірістік кооперативтің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2015 в 13:03, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Кәсіпорындардың кооперативтік түрі Қазақстан республикасын біршама таныс, өйткені, біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде тұтынушылар кооперативі өмір сүрді. Кәсіпкерлікті үйымдастырудың формасы ретінде кооперативтердің мәні мынада: олар өзінің мүшелері аударатын заттай болсын, қаржылай болсын пайлық жарнаның есебінен құрылады. одан кейін мүлік кооперативтер шығаратын өнімнің және оны сатудан түсетін пайданың, қызмет көрсету немесе қызметтің басқа да түрлерінен түсетін пайданың есебінен толығып отырады. Жоғары ұйым болып жалпы жиналыс саналады. Өкілеттілік және атқарушылық міндеттерді жалпы жиналыс сайлатын басқарма мен оның төрағасы іске асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 234.50 Кб (Скачать документ)

         Өндірістік  кооператив мүшесінің жарнасынан  оның жеке борышын өндіріп  алуға оның мұндай борышты заң құжаттары мен кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша жабу үшін басқа мүлкі жетпеген жағдайда ғана жол беріледі.

         Өндірістік кооператив өз мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ерікті түрде қайта құрылуы және таратылуы мүмкін. Өндірістік кооперативті қайта құрудың және таратудың өзге негіздері мен тәртібі  Азаматтық Кодексте және басқа заң құжаттарында белгіленеді.Өндірістік кооператив өз мүшелерінің бірауызды  шешімі бойынша шаруашылық серіктестігі болып қайта құрылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Өндірістік кооператив азаматтық құқықтың субъектісі 
2.1 Өндірістік кооперативтің құқықтық мәртебесі

Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың жеке еңбегiмен қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын (пайларын) бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив болып танылады. Өндiрiстiк кооператив коммерциялық ұйым болып табылады. Өндiрiстiк кооператив заңды тұлға болып табылады.

Өндiрiстiк кооперативтер мынадай принциптер негiзiнде жұмыс iстейдi: 

- мүшелiкке кiру мен шығудың еркiндiгi; 

-мүлiктiк (пайлық) жарна енгiзу мiндеттiлiгi; 

-басқарудың демократиялылығы; 

- өзара көмек және оның мүшелерi үшiн экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз ету; 

- өндiрiстiк кооперативтiң қызметi туралы ақпаратқа қол жететiндiгi. 

Өндiрiстiк кооперативтердiң қызметi:

1. Өндiрiстiк кооператив  жеке кәсiпкерлiк үшiн заң актiлерiмен  тыйым салынбаған кәсiпкерлiк  қызметтiң кез-келген түрiн жүзеге  асыруға хақылы.   
2. Мемлекеттiк лицензиялау қолданылатын қызметтi өндiрiстiк кооператив лицензиясы бар болған жағдайда жүзеге асырады. 

3. Өндiрiстiк кооперативтiң  мақсаты мен мәнiн жарғы анықтайды.  
4. Арнайы заңмен реттелетiн қызметтi жүзеге асыру үстiнде өндiрiстiк кооперативтер, сол сияқты осы Заңды да басшылыққа алады.  
Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн арнайы реттейтiн заң актiлерiнiң нормалары осы Заңның нормаларына қайшы келген жағдайда заң актiлерiнiң нормалары қолданылады. 

Өндiрiстiк кооперативтi құру тәртiбi:

1. Өндiрiстiк кооператив  құрылтайшы-жеке тұлғалардың жалпы жиналысының шешiмiмен құрылады. 

Егер өндiрiстiк кооперативтiң құрылтайшысы (мүшесi) шетел азаматы болған жағдайда мұндай кооперативтiң ұйымдастырылуы мен қызметiне "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңның күшi қолданылады.   
2. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтайшылары екеуден кем болмауға тиiс.   
3. Өндiрiстiк кооператив құрылғаннан кейiн құрылтайшылар кооператив мүшелерi болады және өндiрiстiк кооперативтiң басқа мүшелерiмен бiрдей құқықтар мен мiндеттердi иеленедi.  

Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кiредi әрi мемлекеттiк және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек қана кооперативтiң атқарушы органының шешiмi бойынша не заң актiлерiнде белгiленген жағдайда ұсынылуға тиiс. 

Кооператив мүшесi мүлiктi кооперативке жарна ретiнде тек қана пайдалануға берген жағдайда, жарнаның мөлшерi кооператив мүшелерiнiң келiсiмiнде белгiленген кезең үшiн есептелген осы мүлiктiң пайдаланылғаны үшiн төленетiн жал төлемiне қарай анықталады. 

Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. 

Өндiрiстiк кооперативке жасы он алтыға толған, кооператив мүшесi болуға тiлек бiлдiрген және оның қызметiне жеке еңбегiмен қатысуға қабiлеттi кез-келген жеке тұлға мүше бола алады.  

Кооперативке мүше болып кiру үшiн негiзгi жұмыс немесе оқу орны бойынша әкiмшiлiктiң (заңды тұлға органының) келiсiмi талап етiлмейдi.   
Кәмелетке толмаған азаматтардың кооперативке мүше болып кiруi үшiн олардың ата-анасының, асырап алушылардың немесе қамқоршыларының келiсiмi талап етiледi.

Кооператив мүшесi кооператив басқармасының төрағасына (кооператив төрағасына) шығуынан екi апта бұрын бұл жайында жазбаша түрде ескерте отырып, өз қалауы бойынша кооперативтен шығуға хақылы. Ескертудiң бұдан ұзағырақ мерзiмi құрылтай құжаттарында көзделуi мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi осы мерзiмдер өткеннен кейiн кооперативтен шыққан болып есептеледi.   
         Кооператив мүшесi жалпы жиналыстың шешiмi бойынша одан мынадай:   
1) өзiне кооператив жарғысымен жүктелген мiндеттердi ұдайы атқармаған немесе ойдағыдай атқармаған жағдайда;  

2) осыған ұқсас кооперативке  мүше болуына байланысты;   
3) құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда шығарылуы мүмкiн.   
            Кооперативке мүшелiк мынадай:  

1) кооператив мүшесi қайтыс  болған, оны өлдi деп хабарлаған, ол хабарсыз жоқ болып кеттi деп танылған;  

2) кооператив мүшесi өз  пайын осы баптың 5-тармағында  көзделген тәртiппен басқа адамға берген;  

3) кредит берушi (кредит  берушiлер) кооператив мүшесiнiң пайына  айып өндiрiп алған;  

3-1) кооператив мүшесi өндiрiстiк  кооперативтiң қызметiне жеке  еңбегiмен қатысудан бас тартқан  жағдайда тоқтатылады.  

4. Егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi кооператив мүшелiгiне қабылдануы мүмкiн.  

5. Егер кооперативтiң құрылтай  құжаттарында не заңнамалық актiлерде  өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi өз пайын немесе оның бiр бөлiгiн кооперативтiң басқа мүшесiне (мүшелерiне) сатуға немесе өзгеше түрде беруге хақылы.  

            Пайды (оның бiр бөлiгiн) кооперативтiң мүшесi болып табылмайтын азаматқа беруге, егер заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, кооператив мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Бұл ретте, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кооперативтiң басқа мүшелерi осы пайды (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға басым құқықты иеленедi. Кооператив мүшесi болып табылмайтын тұлғаға осы бапта белгiленген тәртiппен пай немесе оның бiр бөлiгi берiлсе және ол кооперативке кiруге тiлек бiлдiрсе, мүшелiкке қабылдануға тиiс.  
Зейнет жасына жеткен кооператив мүшелерi кооператив жарғысында көзделген шартпен кооперативке мүшелiгiн сақтап қала алады. 

Кооперативке жаңа мүшелер қабылдау осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiппен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында жүргiзiледi. 

Кооператив мүшесi өз қалауы бойынша кооперативтен шыққан, сондай-ақ одан шығарылған жағдайда кооператив мүшесiне оның пайы төленуге немесе берiлуге, сондай-ақ жарғыда көзделген басқа да төлемдер жасалуға тиiс.  

Кооперативтен шығатын мүшеге пайын немесе басқа мүлiктi беру қаржы жылы аяқталып, кооперативтiң бухгалтерлiк балансы бекiтiлгеннен кейiн жүргiзiледi.  

Кооперативтен шыққан мүшенiң кооперативпен келiсiм бойынша пайдың құнын төлеу заттай түрде мүлiктi берумен алмастырылуы мүмкiн.   
Кооперативтен шығатын мүшеге, сондай-ақ кооперативтiң осы жылы алған пайдасынан оған тиесiлi бөлiгi оның бұл жылы кооперативте болған кезеңi үшiн төленедi.  

Кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн төлемдер кооперативке мүшелiк тоқтатылған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жасалады.  

Кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысуы жөнiндегi мiндеттемесiн бұзғаны үшiн кооператив мүшесi одан шығарылған жағдайда кооперативтiң аталған мүшесi, ол осы кооперативте жұмыс iстемеген кезеңде алынған пайданы бөлiсуге қатыспайды.  

Егер кооперативтiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, шығатын мүшенiң кооперативке берген мүлкi сыйақысыз қайтарылады.  
Кооператив мүшесi одан шыққан кезде құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

Қайтыс болған кооператив мүшесiнiң мұрагерi кооперативке кiруден бас тартқан не мұрагердi қабылдаудан кооператив бас тартқан ретте оған қайтыс болған кооператив мүшесiнiң пайына сәйкес мүлiктегi үлесi, сондай-ақ кооперативтiң таза табысының қайтыс болған адамға тиесiлi бөлiгi және кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн сыйақы төленедi.  

Кооператив мүшесi (мүшелерi) кооперативтен шыққан мүшенiң пайын немесе пайының бiр бөлiгiн сатып алған ретте сатып алушының кооператив мүлкiндегi үлесi оның пайының ұлғаюына шамалас артады.  

Кооперативтен шыққан мүшеге немесе оның мұрагерлерiне кооператив пай төлегенде немесе бергенде, сондай-ақ кооператив мүшесiнiң пайынан оның жеке борышы бойынша кредит берушiлер айып өндiрiп алған ретте қалған кооператив мүшелерiнiң үлестерi шығу күнiне белгiленген олардың пайларының мөлшерiне сәйкес ұлғаяды.  
8. Кооперативке мүлiктiк жарнасын енгiзу арқылы жаңа мүшенi қабылдаған ретте кооператив мүшелерiнiң оның мүлкiндегi үлестерiнiң жаңа мөлшерi белгiленедi. 

Кооперативтiң атқарушы органдары басқарма және (немесе) оның төрағасы болып табылады.  

Кооператив басқармасының оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы басқарма мүшелерi iшiнен сайлаған басқарма төрағасы басқарады.  

Мүшелерiнiң саны жиырмадан аспайтын кооперативтерде басқарманың функцияларын кооператив төрағасына жүктеуге болады.  

Кооператив басқармасының мүшелерi (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады.   
Басқарма мүшелерiнiң саны, сондай-ақ басқарма (басқарма төрағасы) сайланатын мерзiм кооператив жарғысында белгiленедi.   
Тек кооператив мүшелерi ғана басқарма мүшелерi (кооператив төрағасы) бола алады. 

Басқарма мүшесi (кооператив төрағасы) осымен бiр мезгiлде байқаушы кеңестiң мүшесi бола алмайды. 

Кооператив басқармасы (кооператив төрағасы) кооператив қызметiне ағымдық басшылықты жүзеге асырады, байқаушы кеңестiң бақылауында болады және кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi.  

Кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) құзыретiне осы Заңмен және кооперативтiң құрылтай құжаттарымен кооперативтiң жалпы жиналысының немесе байқаушы кеңесiнiң ерекше құзыретiне жатқызылмаған кооператив қызметiнiң барлық мәселелерiн шешу жатады.  

Басқарма өзiнiң шешiмiн кемiнде үш айда бiр рет өткiзiлетiн отырыстарында қабылдайды.  

Егер басқарманың отырысына оның мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса, ол құқылы болып саналады.  

Басқарма отырысында мәселелер дауыс беру арқылы шешiледi. Егер басқарманың шешiмi үшiн оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң жартысынан астамы дауыс берсе, ол қабылданды деп саналады. Егер "жақтап" және "қарсы" берiлген дауыстар тең бөлiнген жағдайда басқарма төрағасының даусы шешушi дауыс болып саналады.  

Кооператив жарғысында көпшiлiк дауыспен немесе бiрауыздан шешiм қабылданатын мәселелер тобы көзделуi мүмкiн.  

Басқарма төрағасы (кооператив төрағасы) кооператив атынан сенiмхатсыз iс-әрекет жасайды; кооператив мүлкiне осы Заңда көрсетiлген шекте иелiк етедi әрi кооперативтiң атынан сенiмхаттар, соның iшiнде қайта сенiп тапсыру құқығымен, бередi; банктер мен басқа да кредит берушi ұйымдарда кооперативтiң шоттарын ашады; жалданбалы жұмыскерлердi жұмысқа қабылдап, жұмыстан шығаруды жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады әрi кооператив мүшелерi мен жалданбалы қызметкерлердiң орындалуына мiндеттi нұсқаулар бередi.  

Кооперативтiң атқарушы органдарының шешiмдерi мен iс-әрекетiне кооператив мүшелерi мен жалданбалы жұмысшылар байқаушы кеңеске шағым жасай алады, ол кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы осы мәселенi қарағанға дейiн шағым жасалған актiлердi тоқтата тұруға хақылы.  

Басқарма төрағасының шешiмдерi мен iс-әрекетiне кооператив басқармасына шағым жасауға болады, ол шағым жасалған актiлердi жоюға хақылы.  

Кооперативтiң атқарушы аппараты лауазымды тұлғаларының шешiмдерi мен iс-әрекетiне кооператив басқармасына (кооператив төрағасына) шағым жасауға болады, ол шағым жасалған актiнi жоюға хақылы.  

Кооператив басқармасының кез-келген органдары мен атқарушы аппараты лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына шағым жасауға болады, ол шағым жасалған кез-келген актiнi жоюға хақылы. 

Кооперативтiң басқару органдарының шешiмдерiне сотқа шағым жасауға болады.

 

2.2 Өндірістік кооперативтің жарғысына сәйкес міндеттері

Өндірістік кооператив жеке кәсіпкерлік үшін заң актілерімен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы (Өндірістік кооператив туралы заңның 2-бабы). Бұл заңның бұрынғы қолданыста болған зандардан принципті айырмашылығы осында, оларда кооперативтер үшін тыйым салынған қызмет түрлерінің арнайы тізбесі болатын (ал одан бұрынырақта кооперативтер қатаң белгіленген өндіріс салаларында ғана құрылуы тиіс деген тәртіп болған — ауылшаруашылық артельдері, балық аулайтын кеңшарлар, кәсіпкерлік кооперациясы, алтын іздеушілер артельдері және т.с.с). Сонымен бірге, кейде кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін арнайы реттеп отыратын заң актілеріне осы қызметпен айналыса алатын заңды тұлғалар түрлерінің тізбесі ішінде кооперативтер аталмайды (мысалы, банк және сақтандыру қызметі). Әлбетге, бұл Өндірістік кооператив туралы заңға қайшы келеді жөне ашық түрде кооперативтерді кемсітушілік болып табылады. Алайда, мұнда заңның өзінің мынаны көздеген нормасын басшылыққа алуға тура келеді: кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін арнайы реттейтін заң актілерінің ережелері өндірістік кооператив туралы осы заңның нормаларына қайшы келетін жағдайда арнайы заң актілерінің ережелері қолданылады (Өндірістік кооператив туралы заңның 2-бабын қараңыз).

Информация о работе Өндірістік кооперативтің жалпы сипаттамасы