Өндірістік практика есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 14:39, реферат

Краткое описание

Табиғатты қорғау, табиғатты тиімді пайдалануды реттеу, өсімдік және жануар дүниесін ұдайы өндіру саласында бірыңғай Мемлекеттік саясат жүргізу мақсатында, Қазақстанда 10 жыл бұрын мемлекеттік экология органы құрылды. (1988 жылы 7 қаңтарда «Елде табиғатты қорғау істерін түбегейлі қайта құру туралы» Совет одағының Министрлер Кеңесі мен Коммунистік партияның орталық комитетінің үкіміне сәйкес, 1988 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің осындай үкімі шықты).

Содержание

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Батыс Қазақстан облысы бойынша экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экологиялық департаменті туралы анықтама
2. Негізгі бөлім
2.1 Қалдықтарға сипаттама
2.2 Қатты қалдықтардың классификациясы
2.3 Өндірісті қалдықтарды көмуге арналған полигондар
2.4 Қалдықтардың түрлері
2.5 Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау
3. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өндірістік практика есебі департамент экологии.doc

— 145.50 Кб (Скачать документ)

Батыс Қазақстан  инженерлік-гуманитарлық университеті

Батыс Қазақстан  инженерлік-техникалық университтеті

                                        

 

 

                                                           Экология және биотехнология кафедрасы

 

 

Өндірістік практика есебі

 

 

 

 

 

 

                                       Орындаған: ЭКЛ-41 Кушанова.СМ

                                               Тексерген:  аға оқытушы Масенова.А.А

 

 

 

                                             Орал, 2013жыл.

                                                      Жоспар

 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Батыс   Қазақстан облысы бойынша экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экологиялық департаменті туралы анықтама

 2. Негізгі бөлім

 2.1 Қалдықтарға сипаттама

2.2  Қатты қалдықтардың  классификациясы

2.3 Өндірісті  қалдықтарды көмуге арналған  полигондар 

2.4 Қалдықтардың түрлері

 2.5 Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды    аулаққа шығаруды бақылау

  3. Қорытынды

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Батыс   Қазақстан облысы бойынша экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экологиялық департаменті

    Табиғатты қорғау, табиғатты тиімді пайдалануды реттеу, өсімдік және     жануар дүниесін ұдайы өндіру саласында бірыңғай Мемлекеттік саясат жүргізу мақсатында, Қазақстанда 10 жыл бұрын мемлекеттік экология органы құрылды. (1988 жылы 7 қаңтарда «Елде табиғатты қорғау істерін түбегейлі қайта құру туралы» Совет одағының Министрлер Кеңесі мен Коммунистік партияның орталық комитетінің үкіміне сәйкес, 1988 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің осындай үкімі шықты).1988 жылы 20 шілдеде (Табиғатты қорғау туралы Орал облыстық халық депутаттарының кеңесінің шешімі қабылданды. Ол атмосфералық ауаны қорғау туралы Батыс Қазақстан аймақтық инспекциясының гидрометеообсерваторының шығарындылардың қалдықтарын қалыпқа келтіретін топтар, аңшылық инспекциясы, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау облыстық басқармасы және оны бақылау бөлімшелері негізінде ұйымдастырылды.Табиғатты қорғау комитеті, экологиялық жағдайды қалпына келтіру, жақсарту бағытында адамның тұрмыс жағдайын, экологиялық жүйені, ландшафтарды және тағы басқа табиғат обьектілерін қорғау заңдылықтарын сақтау жолында бақылауды жүзеге асыру шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар радиациялық жағдайды зерттеу, халық арасында экологиялық білімді насихаттау жұмыстарын ұйымдастырады.Облыста табиғат қорғау сұрақтарын кең көлемде шешу қажеттілігіне байланысты табиғат қорғау комиттетері ұйымдастырылды.1991 жылы Орал облыстық халық депутаттары кеңесінің «Басқару органдарын қайта құру туралы» үкімі бойынша табиғат қорғау комитеті экология және табиғатты пайдалану коитеті болып қайта құрылды. Ол Қазақстан Республикасының экология және табиғатты пайдалану бойынша Мемлекеттік комитетке бағынды. Өзіміздің ауданымызда 3.03.91 жылғы № 46 үкіміне сәйкес облыстық экология және табиғатты пайдалану басқармасы болып қайта құрылды. Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау комитетінің бұйрығы (16.03.2000 жыл № 2/23-П) бойынша мынадай өзгерістер енгізілді: оның атына «аумақтық» деген сөз қосылып – Батыс Қазақстан Облысты аумақтық қоршаған ортаны қорғву басқармасы деп аталды. Мемлекеттік экологиялық бөлімі облыстық қоршаған ортаны қорғау инспекциясы болып өзгертілді. 1988 жылы басқарманың құрамында жаңа бөлім – мемлекеттік экологиялық мониторинг және жобалар дайындау бөлімі пайда болды. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы Жайық, Каспий экология департаментінің қоршаған ортаны қорғау қоры табиғатты пайдалану үшін қаржы жинауды жүзеге асыратын аудан территориясында Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдылықтарын бұзушылардан әкімшілік және айыптау қаржыларын жинайтын  заңды тұлға. ҚОҚОҚ-ның атқаратын маңызды істерінің бірі қоршаған ортаны реабилитациялау және сауықтыру экологиялық білімді насихаттау және халықты экология туралы ақпаратпен қамтамасыз ету бағытында табиғат қорғау шараларын қаржыландыру болып саналады. Батыс Қазақстан облысы Жайық, Каспий экология департаменті аймағындағы өзендерінің орталық ағысында орналасқан. Шығысында Орал маңы үстіртімен шектеледі. Шөгіндінің беткі қабаты – құмды. Тұщы еспе судың деңгейі жер бетінен 1-2 метрден 6-8 метрге дейін. Толқынды-жазықты кеңістікте еркекшөпті, ақселеуді дала және құм төбелер алқабымен бөлшектенеді.Топырағы құмды және құмайтты-ашық қызғылт. Құмайтты –ашық қызғылт топырақты бозды-ақселеулі-бидайықты дала алып жатыр. Қарашірікаті шалғындық дала өсімдіктері, ал карбонатты ойпаңдарда кездеседі. Онда шалғындық дала өсімдіктері, ал карбонатты топырақты сортаң шалғындықта галафитті фитоценоздар қалыптасады.  Батыс Қазақстан облысы  Жайық, Каспий экология департаментінің табиғат қорғау заңдылықтарын, шаруашылық субьектілерінің орындалуын, мемлекеттік бақылауды, облыстық қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік инспекциясы жүзеге асырады. Инспекция қоршаған ортаны қорғау бойынша Мемлекеттік бас инспектор Батыс Қазақстан облысы территориялық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары (бір мезгілде) болып есептеледі. Инспекция құрамында бір адам жұмыс жасайды. Инспекцияның құрамында әр түрлі сферасында экологиялық бақылау жүргізетін үш топ кіреді:

  • Су және биоресурстардың мемлекеттік бақылау тобы;
  • Атмосфераның мемлекеттік бақылау тобы;
  • Жер ресурстары,қалдықтар және радиациялық қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау тобы.

Заңды және жеке тұлғаның экологиялық норма мен  ережелерді сақтауын бақылауды мемлекеттік  инспектор атқарады. Инспекция өзінің іс-әрекетінде 1997 жылы қабылданған «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарынан басқа қоршаған ортаны қорғаудағы заңдылықтарды (атмосфералық ауа,су және жер қорлары,жануарлар әлемі,арнайы қорғауға алынған аумақтар т.б.) басшылыққа алады. Инспекция өз міндетін инспекциялық тексеру (мақсатты,кешенді және бірлескен) арқылы жүзеге асырады.Бірлескен тексерулер қоршаған ортаны қорғаудағы арнайы өкілеттік мемлекеттік органдармен (мемсанэпид-бақылаумен Қ.Ж.облыстық басқармалары,жер қойнауын қорғау инспекциясы т.б.). Егерде экологиялық талаптардың бұзылуы адам денсаулығына зиян келтіретін,жануар немесе өсімдік дүниесін жаппай жойылуға әкелетін,қоршаған ортаны ластайтын болса онда жауапқа тартылады. Табиғат қорғау заңдылықтарын бұзушылықтарға көбінесе арнайы табиғатты пайдалануға рұқсаттын болмауы, ШДШ және ШДТ қалыптасқан нормаларының шектен шығуы,суды қорғау және санитарлық сақтау аймақтарын пайдалану ережелерін бұзу. Жайық-Каспий экология департаменті Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарылған     жұмыстары туралы ақпарат. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті «Жайық-Каспий экология департаментінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы» ММ 
Филиалдың бастығы: Қазтуғанов Төлеген Мақсотұлы. Анықтама қызметтерінің телефондары: Қалалық телефон станциясы 09, қалааралық телефон станциясы  8 дыбыс «13», Қалааралық тапсырыстар үстелі телефон станциясы  8 дыбыс «11», Анықтама  бюросы:   поездар туралы - 98-36-09,   ұшақтар туралы  - 51-15-55. Филиалдың басшысы туралы мәлімет:Қазтуғанов Толеген Мақсотұлы –Жайық-Каспий экология департаменті Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы, 1967 жылы 14 сәуірде БҚО, Камен ауданы Крупский ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ.1984-1985 ж.ж- Камен ауданы Крупский ауылында жұмысшы;  
1985-1987 ж.ж – СА әскери қатарында болған; 
1987-1992 ж.ж – Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтының студенті; 
1992-1995 ж.ж – НГГХ «Казахгазпром» әлеуметтік дамыту бөлімінің маманы; 
1995-1997 ж.ж– Специалист 1 категорий отдела хоз. обеспечения НГГХ      
«Казахгазпром» шаруашылықпен қамтамасыз ету бөлімінің 1 санатты маманы; 
1997-1998 ж.ж – Зам. управ. делами НГХ «Казахгаз» істері басқармасының орынбасары; 
1998-1999 ж.ж – « Уральсктрансгаз» ДАҚ бас директорының орынбасары; 
1999 ж.-             « Уральсктрансгаз» ДАҚ бас директорының м.а.; 
1999-2000 ж.ж –  «Колесо» ЖШС коммерциялық директоры; 
2000 ж -           «Гороформление» МКК директоры, «Уральсоблгаз» АҚ істерін басқару; 

 

 
 
                                         Қалдықтарға сипаттама

  Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар- мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады. Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі мақсатын орындаумен бірге, зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді — жылу, металл, шлактарды да шығарады. Мысалы, Мәскеудің N1 қоқыс жағатын зауытынан шыққан шлакты зерттеу арқылы алынған мәліметтерге (Г.И. Сидоренко, 1990 ж.) сүйенсек, жылына тұрмыстық қалдық, жинайтын жерге тек Мәскеудің өзінен мынадай көлемде металдар тасталады екен: Мо - 8,3 т, Со - 11,4 т, V - 12,4 т, Аg - 27,6 т, Иі - 75 т, 5Ь - 115 т, 5п - 244 т, F - 353 т, Сг - 689 т, РЬ - 1573 т, Сu - 2180 т, Zn - 6762 т. Бұл мөлшер жыл бойына үлкен кең орындарынан алынатын мөлшерге эквивалентті. Санкт-Петербург маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жыддан бастап тұрмыстық қокысты өндсйтін зауыт қызмет етуде, оның ең негізгі шығаратын өнімі компост (тыңайткыш), бірақ-та қоқыстың 30%-і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш, металдан тұратын бөлігі өнделінбейді. Жылдық өнімділігі 110 мың тонна төңірегінлегі зауыт 1975 жылдап бастап Ташкентте іске қосылған. Жыл сайын тұрмыстык қоқыстан 400 т кара және 5 т түсті металдар, 20 мың т компост алынады. Компост деп микроорганизмдермен ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан шыкқан органикалық тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға көң, көң бөкпесі және құстар саңғырығы, шьмтезек, қала сыпырындысы, ағаштардың түскен жапырақтары, сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар колданылады. Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадагы өсімдіктер сіңіруге қолайлы қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мөлшері жоғарылайды, патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері азаяды, сонымен катар тыңайткыш топырақка еңгізуге қолайлы сусымалы түрде алынады. Өте тапшы органикалық тыңайткыштардың (көң, шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануға жатады. Тұрмыстық қалдықтардың барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен жүретін биохимилык процесс. Бұл микробтардан өте көп мөлшерде жылу бөлініп шыккандықтан қоқыс 70 0С-ге дейін қызады. Бұл жағдайда ауру қоздыратын микробтар жойылып, шикізат қызып, тұрмыстық тынайтқышқа айналады. Табиғи жағдайда бұл процесс айлап жүрсе, зауыт жағдайыңда аэрадия аркылы 2-3 күнде аякталады. Ал қалдықтарда азық-түлікке жағатын компоненттер аз болса процестін жүру жылдамдығы күрт төмендейді. Тұрмыстық қоқысты қайта өндеу үшін магниттік сепарация әдісі де қолданылып келеді. Қалдықтарды сақтау (Хранение отходов) — қалдықтарды арнайы жерде (контейнерде не сақтау орнында) сақтау; өте улы, радиоактивті қалдықтар металл капсулаға, содан соң жер асты сулары бармайтын, түзілген улы газдардың кездейсоқ жарылысы болмайтын, пайдаланылған тұз кеніне не жер қыртысындағы басқа жасанды қуыстарға орналастырылған шыныдап жасалған текшеге салынады (қажет болған кезде ол жерден контейнелер алынуы мүмкін). Қалдықтарды сақтауды қалдықтары бар контейнерлерді кайта алуға болмайтын немесе алу өте қиын болатын комуден ажырата білу керек.Қазақстанда жылына мыңдаған тонна өндірістік және ауылшаруашылығының қалдықтары пайда болады. Бұл қалдықтар топырақты, су көздерін ластап, әртүрлі аурулардың тарауына жағдай жасап, қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Сондықтан осы қалдықтарды пайдаға жарату халық шаруашылығының аса маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Бұл проблеманы шешу экологияны ғана жақсартып қоймайды, ол көптеген өндірістік және ауылшаруашылық мәселелерінің дамуына зор үлесін қосады. Сол себепті шынайы экологиялық таза және экономикалық тиімді технологияны пайдалану, экологиялық мәселелерді шешуге зор мүмкіндік береді. Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және т. б.); 2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі); 3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы. Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады. Екінші реттік энергетикалық ресурстарды жүзеге асыру жылу мен энергияны үнемдеумен қатар, атмосфераға бөлінетін жылу мөлшерін азайтып, қоршаған ортаны қорғауға себебін тигізеді. Череповец мсталлургиялық комбинатына карасты зауыттың жылу электр орталығында барлық казандықтар екінші реттік ресурстарды пайдалану арқылы жұмыс істеуде. Құс фабрикаларында қалдық болып шығып отырған кұс жүндері жоғары сапалы мал жемін - күрамында 85%-ке дейін белогі бар ұн алуға арзан шикізат ретінде қолдануын тауып жатыр. Мұндай өндіріс Германияда жаксы жолға қойылған, 3 т қалдықтан 1,2 т ұн алынады. Қалдықтар проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір көргенде, мысалы, күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын іс сияқты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның миллионында ~ 10 кг. Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін кұрамында вольфрамы бар минералдар — вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес көлемі өңделеді, сонымсн қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады. Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін, бұрынғы Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі бойынша вольфрам рудасыньң 25 мьң тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет вольфрам қосылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл аударудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Румынияның аяқ-киім өнеркәсіп институтында тері қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы жоқ материал шығаруға бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг қалдыктан 0,9 кг материал алынады. Ерекше назар аударуға және кідіртпей оңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда " 33,5%-і, Францияда — 6%-і, Ресейде — 10%-і, Ұлыбританияда - 3%-і, Италия меи Жапонияда - 0,3%-і. Жылына Москва қаласынан шығатын тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м3 , Алматыдан — 3 млн. м3 үстінде. Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық мөлшсрі 80-90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250 кг дәнді жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45 кг-ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз. Қала қалдықтарында әртүрлі компоненттерге келетін мөлшер массалық %-пен алғандай: қағаз (30-40), азық-түлік қалдықтары (30-40), металдар (2-4), ағаш (1,5-3), кездемелер (2-4), шыны (3-6), тастар (1-2), тері, резина (1-2), пластмасса (1-1,5). Қала сыпырындысын жинайтын негізгі жер қоқыстар үйіндісі, шамалы мөлшері қайтадан өнделеді немесе арнайы ұйымдастыры лған зауыттарда жағылады. Елімізде соңғы технологияларды пайдаланудың арқасында қоршаған ортаға тасталатын қалдықтар 1,3%-ға азайған. Олар – күнделікті тұрмыстағы қоқыс, техникалық майлардың ыдыстары мен құбырлардан будақтаған түтіндер. Сонымен қатар, 1 миллиард теңгеге зиянды қалдықтардың төрттен бірі қайталама тазалаудан өтіп, қайта кәдеге жаратылған. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау миинистрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан «жасыл экономиканы» құруға бір табан жақындай түсті. Сонымен бірге, министр қазір Сорбұлақ жасанды көлінің экологиялық ахуалы маңызды экологиялық мәселе екендігін ескертті. Сорбұлақ суының құрамы қауіпті. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық коммуналдық суы 70 шақырым жердегі бөгетке жинақталып, ірі жасанды көлге айналған болатын. Суды азайтатын арналар қалыпты жұмыс істемейді. Сондықтан көл құрамында көп мөлшерде улы токсиндер, фенолдар, нитриттер сияқты зиянды химиялық заттар жинақталған. Министр оны тездетіп шешу қажеттігін айтты. Осылайша, алдағы уақытта мекеме басты назарын Қазақстанның экологиялық ахуалын жақсартуға жұмсамақ.

 

Қалдықтарды қосымша  шикізат ретінде тиімді пайдалану  көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады. 
Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе баска өндірістсрге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев "Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" деп айтқан. Сонымен катар ол озат технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен кайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады.Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 миллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтсрге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс калдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. т түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады (4 млрд. т — тау-кен өндірісінікі, 1,1 млрд. т байыту фабрикаларыныкі және 105 млн. т металлургиялық өндеу процестерінен шыққан қалдыктар). Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының түндырғыштарында көп мөлшерде сұйык қалдыктар жинақталған. Қалдыктардың 70-75%-і тау-кен өнді-рістерінен, 20%-і байыту және қалғандары металлургия көәіпорындарынан пайда болады. Қалдықтардың негізгі көлемі тау-кен қазбаларынан, металлургия, химия, мүнай және газ, ағаш, қағаз, қүрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауылшаруашылығы мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады. Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едәуір, оны оларды дүрыс пайдаланғанда білуте болады. Өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру мәселесі шешілетін болса, ауылшаруашылығында пайдалануға жататын біраз жерлерді босатуға мүмкіншілік туады.Егерде қалдықтар шаруашылық айналымға түсірілсе, олар қоршаған ортаны жақсартумен қатар, жердегі шикізат корын да үнемдейтіні сөзсіз. Өнеркәсіп өндірістері дүниежүзілік шикізат корының күрт елсулі азаюына әкелді. Ғалымдардың болжауы бойынша, қазіргі пайдалану деңгейі сақталған жағдайда, мұнай мен газдың коры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс коры 100 жылға, көмір кенін 1700 жылдай уакыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи ресурстардын коры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда, аз қалдықты немесе калдықсыз тсхнологияларды жасау және халықшаруашылығының әртүрлі салаларыида шикізат базасын қалдықтарды кеңінсн пайдалану арқылы көбейту қажет. Түсті металлургияда негізінде пайдалы элемснттердіц 2-3% ғана алынып, 97-98% пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.Маңызды шикізат қорына қалдықтардың ішінде күл мен қокысты жатқызуга болады. Осы күнды материалдың казіргі кезде 20%-тен аспайтын бөлігі ғана өңделінеді. Кул негізінде цементке толтырғыш ретіндс қолданыдады. Түтін газдарынан алынған 1,3 т қоңыр көмірдің күлі 1т цемснттің орнын толтырады. Қоңыр көмір күлінің күрамында 5-30% темірдің оксиді, 30% әк жөне едәуір мөлшерде коксталған көмірдің қалдығы бар екендігіне байланысты металлургияда оны темір концентратын алу үшін пайдалануға мүмкіндік бар.


 

2.2 Қалдықтардың  классификациясы келесі белгілер  бойынша айқындалады

     Қалдық түзілу орны (өндіріс саласына байланысты);

өндіріс циклінің кезеңі;

қалдық түрі;

қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;

қолдану бағыты;

қолданыс эффектісі;

утильдеу технологиясының  қаншалықты қарастырылып, зерттелгені.

Отандық стандарт бойынша «Зиянды заттар классификациясы  және ортақ қауіпсіздік талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі  бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші  классқа – аса қауіпті, екінші классқа – жоғары қауіпті, үшінші классқа – орташа қауіпті, ал төртінші классқа –қауіптілігі аз қалдықтар жатады Егер де қалдықтарда сынап, калий хлорқышқылы, үшхлорлы сурьма, мышьяк оксиді және басқа да улы заттар болса, олар бірінші классқа жатқызылады.Хлорлы никель, хлорлы медь болатын болса екінші классқа жатады.Классификациялардың негізінде орталық жинақтау схемалары жасалады, оларды екінші ретті пайдалануға асыру және ол қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауы қарастырылады.

Барлық қатты  өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :

1 улы қалдықтар

2 улы емес  қалдықтар 

Улы қалдықтар  өзі бірнеше топқа жіктеледі, олардың кейбіреулері төменде көрсетілген:

құрамында мышьягы  бар органикалық емес қатты қалдықтар  және шламдар, сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, цинк, сурьма, висмут,кобальт және т.б. қалдықтар;

құрамында фосфор және фторы бар қалдықтар мен  шламдар, қолданысқа жарамайтын және тыйым  салынған пестицидтер;

гальваникалық өндіріс қалдықтары;

мұнайхимия  және мұнайөңдеудегі қалдықтар;

хромқұрамды қалдықтар,шламдар,темір  карбонильдері бар қалдықтар.

Улы қалдықтарды  жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың  және көмудің тәсілдері мен тәртібі  химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен  бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек.Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.

 

    1.  Өндірісті қалдықтарды көмуге арналған полигондар

          Қалдықтарды орталықтандырып жинау, жеткізу, яғни транспорттау, заласыздандыру және көму қалаларды санитарлы тазалайтын шаралардың бірі.Улы қалдықтар түрлерінің және мөлшерінің көптігінен оларды залалсыздандыру экономикалық тұрғыдан алғанда тиімсіз. Бұл қалдықтардың химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты залалсыздандыру және жою қоршаған ортаға еш зиянсыз жүргізу болмайды, сондықатан осы улы өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандырып, көмуге арнайы аудандық полигондар ұйымдастырылады.Қалдықтарды көму полигондары табиғи қорғаудағы ғимараттар болып табылады, ал орталық жинақтау, залалсыздандыру және утильденбейтін қалдықтарды сақтауға сақтауға арналғандықтан қорғалады. Полигон саны мен қуаттылығы әр ауданның техникалық-экономикалық есептеулерімен жүзеге асырылады.Полигонның құрамында келесі шаралардың қарастырылуы:

Информация о работе Өндірістік практика есебі