Африка материгінің өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі
Доклад, 26 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетін сүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр, адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскар аралығындағы лемурды атауға болады. Құрлықтың жануарлар дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қамашаулар құрылған.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Атлант мұхиты.docx
— 23.70 Кб (Скачать документ)Атлант мұхиты – Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтү
Шығысында Еуропа мен Африканың
Климаты
Атлант мұхиты барлық климат белдеулерінде орналасқан. Сондықтан оның жеке бөліктерінде климат жағдайының бір-бірінен өте үлкен өзгешелігі бар. Мұхиттың үстінде Исландия және Антарктика минимумдары мен Солтүстік Атлант және Оңтүстік Атлант максимумдары қалыптасады. Оларды бір-бірінен экватор маңындағы қысымы төмен белдем бөлім тұр. Бұл климаттық белдеулер көршілес құрлықтартардың үстіндегі қысым орталықтарымен әрекеттесе отырып, екі жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік ендіктерінде солтүстік-шығыс желдердің (пассаттардың) басым болуына әсер етеді. Жазда (Солтүстік жарты шарда тамыз, Оңтүстік жарты шарда ақпан айында) экватор маңындағы ауа температурасы 26-28۫С. 60۫ солтүстік ендікте – 8-12۫С, ал 60۫ оңтүстік ендікте 0-12۫С. Қыста (Солтүстік жарты шарда ақпан, Оңтүстік жарты шарда тамыз айында) экваторда 25۫С, 60۫ солтүстік ендікте 8-12۫С-қа, ал 60۫ оңтүстік ендікте – 8-10۫С-қа дейін өзгеріп отырады. Ең қиыр солтүстік-батысында және оңтүстікте температура -25۫С-қа дейін төмендейді. Жылдық орташа жауын-шашын экваторда 2000мм-ден асады, қоңыржай ендіктерде 1000-1500 мм, ал мұхиттың шығыс субтропиктік бөліктерінде және Антарктика маңында 100 мм-ден аспайды.
Гидрологиялық тәртібі
Атмосфера айналымы ықпалымен мұхиттың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде теңіз ағысының негізгі екі жүйесі қалыптасқан. Бұл ағыстар пассат желдерінің әсерінен пайда болады. Солтүстік Пассат, Голфстрим, Солтүстік Атлант жылы ағыстары мен Канар суық ағысы солтүстік теңіз ағысының айналым жүйесін құрайды. Оңтүстік Пассат пен Бразилия жылы ағыстары және Батыс Желдер мен Бенгал суық ағыстары оңтүстік теңіз ағысының айналым жүйесіне кіреді. Бұлардан басқа Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлап Лабрадор, ал Оңтүстік Американың шығыс жағалауымен Фолкленд суық ағыстары ағады. Бұл ағыстар мұхит суының температурасы мен тұздылығына (орташа тұздылығы 35.4%) әсерін тигізеді. Мұхит суының деңгейі Айдың тартылу әсерінен жарты тәулік сайын өзгеріп отырады. Ашық мұхитта судың көтерілу биіктігі 1 метрге дейін, ал Солтүстік Америкадағы Фанди шығанағы жағалауында 18 метрге дейін жетеді. Мұхиттың солтүстік қоңыржай ендіктеріндегі ішкі теңіздер де ғана мұз қатады. Мұхитқа солтүстіктен теңіз мұзы мен мұзтаулар (айсберг), негізінен, Солтүстік Мұзды мұхиттан келсе, оңтүстік бөлігінде Антарктида және Уэдделл т-нде түзіледі.
Өсімдіктер мен жануарлар
Мұхит түбінде, негізінен, жасыл
және қызыл қоңыр балдырлар өседі. Фито-планктон бір жасушалы ұсақ балдырлардан тұрады. Зоо-планктонды,
көбінесе, шаян тәрізділер құрайды. Олардың ішінде киттің негізгі қорегі – криль Антарктида жағалауында өте көп. Суық
және қоңыржай белдеуінде сүт қоректілерден
– кит пен жарғақаяқтылар, балықтардан – майшабақ, нәлім және қамбала
, теңіз тасбақасы, акула, ұшқыш балықтар, краб, медуза, радиол
Зерттеу тарихы
.
3 кезеңге бөлінеді.
- Ежелгі дәуірден 18 ғ. ортасына дейінгі 1-кезеңде, көптеген саяхатшылар,. теңізшілер (финикиялықтар, карвагендіктер, Б.Диаш, Васко-да-Гама, Христофор Колумб, Дж.Кабот, Фернан Магеллан, Дж. Дейвис, Г. Гудзон, Баффин, т.б.) мұхиттың шекарасын, мөлшерін, құрлықпен ара қатынасын анықта
умен айналысты. - 2-кезеңде (1749-1872) мұхит суының температурасы, ағыстар, тереңдіктер, т.б. мұхит өлшемдері анықталды (Г. Эллис, Дж. Кук, О. Соссюр, И.Ф. Крузенштерн, Э. Ленц, т.б.).
- 3-кезеңде (1872 жылдан бүгінге дейін) арнайы жабдықталған кемелермен кешенді мұхиттық зерттеулер жүргізілді (“Челленджер”, 1872-76; “Витязь” 1986-89; ”Метеор”, 1925-38; “Дискавери-11”, 1931-ден қазірге дейін; “Атлантис” 1933 жылдан қазірге дейін; Халықаралық геофизикалық экспедициялар, 1957-58; “Калипсо” 1952 жылдан қазірег дейін). Мұхит дүние жүзінде ауланатын балықтың 40%-ын береді. Негізгі кәсіптік балықтар: майшабақ пен нәлім. Оңтүстігінде кит ауланады. Мұхиттың үлесіне дүние жүзі мұхиттық жүк айналымының жартысынан көбі тиеді. Аса ірі порттары: Роттердам, Марсель,
Гавр, Антверпен, Лондон, Ливер пуль,Генуя, Гамбург, Санкт-Пет ербор, Нью-Йорк, Хьюстон, Фила делфия, Балтимор, Буэнос-Айрес , Рио-де-Жанейро, Кейптаун, Да кар,Абиджан, т.б.