Физикалық есептерді шығару әдістемесінің негіздері пәнінің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:28, курсовая работа

Краткое описание

Пән туралы қысқаша сипаттама: Физика есептерін шығару әдістемесінің негіздері курсы оқу кезінде жалпы физика курсында, физиканы оқыту методикасы, педагогика және психология курстарын игерген білімдері мен қабілеттерін кең пайдалануға мүмкіндік береді.
Пәннің мақсаты:Студенттердің педагогика, психология, физиканы оқыту әдістемесі курстарында, жалпы физиканың практикалық сабақтарында физика есептерін шығаруды үйрету жолында алған білімі мен қабілетін қорытындылау, толықтыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кешен ф.есеп-ЖФЗ.ЖФИ-911.doc

— 726.00 Кб (Скачать документ)

қандай температурада  аяқталған?

Есептерді шығарудағы графиктердің роліне қарай, қолда бар графикке жасалған анализ негізінде, жауабы алынатын есептер (мысалы, жоғарыда келтірілген жағдайда) және шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті график түрінде көрсетуді қажет ететін есептер болып ажыратылады.

Графиктік есептерді шығару шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті түсінуге, графиктермен жұмыс істеу дағдыларын дарытуға көмектеседі. Олардың танымдық және политехникалық маңызы осында.

Шартында оларды шығаратын  мәліметтер жетіспейтін физикалық  есептер толымсыз мәліметтермен берілген есептер деп аталады. Мұндай есептерге жетіспейтін мәліметтер анықтағыштардан, таблицалардан және басқа әдебиеттерден алынады. Мұндай есептермен оқушылар өмірде жиі кездеседі, сондықтан мектепте бұл сияқты есептерді шығару аса бағалы.

Оқушылардың есеп шығаруға қызығушылығын арттыру үшін есептерді  шебер таңдай білу қажет. Олардың  мазмұны түсінікті де қызықты, қысқа  да дәл тұжырымдалған болуы тиіс. Есептегі математикалық операциялар  оның физикалық мағынасын көлеңкелемеуі  тиіс. Жасандылықтан және есептер шартындағы ескірген сан мәліметтерден аулақ болу қажет.

Тақырып бойынша есеп шығаруды оңайынан бастау керек, олардың  ішінде оқушылардың, зейіні берілген тақырыптағы  оқып үйренілетін заңдылықтардың немесе жаңа ұғымнын, белгілерін анықтап оның басқа ұғымдармен байланысын тағайындау төңірегіне тоқталады. Одан кейін біртіндеп қиынырақ есептерге көшкен жөн.

Физикалық есептер  шығарудағы аналитика-синтетикалық тәсіл.

Аналитика – синтетикалық тәсіл — орта мектептін, барлық сыныптарындағы  физика есептерін шығарудағы негізгі тәсіл.  Оқу процесінде оны ойдағыдай қолдану оқушыларға есеп шешуін табудың дұрыс жолын табуына және олардың логикалық ойлауының дамуына себін тиігізеді .

Физикадан әдістемелік  кұралдарда анализ бен синтез екі  тәуелсіз тәсіл ретінде мейлінше жиі қарастырылады. Алайда бұлай бөлінуді дәл сол мағынасында түсінуге болмайды. Синтез бен анализ есептерді шығаруда, ойлау процесіндегі индукция жзне дедукция сияқты, бөлінбейді. Физикалық есептерді шығарғанда анализ бен синтезді қолданады (бірге алғандығы), яғни практикада аналитика-синтетикалық тәсіл  қолданылады.

Бұл тәсілмен есептің  сұрағынан бастай отырып, анализ жолымен  шығарғанда, оны шығару үшін не істеу  керектігін айқындайды және біртіндеп  күрделі есепті жай есептер қатарына жіктей келе, шартында берілген белгілі шамаларға дейін жетеді.

Одан кейін синтез көмегімен пайымдауды кері тәртіпте жүргізеді: белгілі шамаларды пайдалана  отырып және қажетті қатыстарды таңдап ала отырып, бірқатар амалдарды жүргізіп барып, нәтижесінде белгісізді табады.

 

5-6 лекция. Тесттік (сынау) сипаты бар тапсырмалар, оларға қойылатын жалпы талаптар

 

                 Оқыту және игеру дәрежесі, оқушылардың  оларды қалай игергенін анықтау  жолы. Тесттік (сынау) сипаты бар  тапсырмалардың жүйесі, тесттік  (сынау) сипаты бар тапсырмаларды қолдану әдістемесі. Тесттік (сынау) сипаты бар тапсырмалар – көмекші есептер ретінде.

 

 Тест (test) ағылшын сөзі  оның қазақша аудармасы тексеру,  сынау, байқау деген мағынаны  білдіреді. 

Тест ұғымының әр түрлі  анықтмасы бар оның ішінде көп қолданылып жүргені “Тест дегеніміз –жауабы берілген тапсырма” деп тұжырымдалып жүрген анықтама. Тест мәселесінің ой-қырына терең бойламай айтылған бұл анықтама, оның мәнді белгілерін білдіре алмайды.

      Демек,  жоғарыда айтылған анықтама тест  үшін әмбебап анықтама бола алмайды. Сонымен бірге, біз де осы жерде яғни, тест ұғымының мән –мағнасын толық ашпай тұрып тест дегенімі пәлен, түлен десек оқушы қаумға түсініксіз болып қалады. Сол себепті тест ұғымына анықтама беруді, алдымен оның пайда болу себептері мен даму тарихынан, мәнді белгілерін (мазмұны, формасы, құрылымы т.б) талдаудан бастайық.

Жалпы, тест терминін 1890 жылы алғаш рет ғылымға енгізген амеикан психологы Дж.Кеттелл. Алайда, тест бойынша тексеруді 1864 жылы алғаш  рет қолданған ағылшын Дж.Фишер. Және де, тестілеу мәселесінің толық негізін 1983 жылы жасаған ағылшын психологы, Чарльз Дарвиннің немерелес бауыры Фрэнсис Гальтон.

Өз бастауын Англия мен АҚШ ғалымдарынан алған тест мәселесі 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында франсуз психологы В.Штерннің еңбуктері арқылы дами түсті .

Бұл кезеңде тест негізінен психологиялық  тұрғыда яғни жеке адамның психологиялық- танымдық мүмкіндіктерін (адамның ақыл-ой деңгейін, интелектуалдық коэффициентін  анықтау т.б ) бағалы бағытында қолданды.

Американ ғалымдары К.Спирмен мен  Э.Торндайктың еңбектері негізінде педагогика саласына да дендеп енгізіле бастаған тест ХХ ғасырдың 20   жылдарында бұрынғы кеңес мектебінде де қолданыла бастаған. Осы кезде мектепке арналған тестілер жинағы жарық көрді.

Бұрынғы КСРО көлемінде педагогикаға тест тек қана араға 40 жыл салып барып 1980 жылдан бастап бірте-бірте қолданыла бастады.

Қазіргі кезде әлемнің Нидерландия, Франция, Жапония, Англия, Израиль;, Жаңа Зеландия, Дания, АҚШ, Австралия, Канада сияқты елдерінде тест оқушының білім, білік және дағдысын тексеруден бастап Президентке үміткердің интелектуалдық коэффициентін анықтауға дейінгі қоғамның барлық салаларында қоданылады. Бұл елдерде, тестле құрастыру мен бірнеше алып орталықтар айналысады, олар өз идеяларын тарлымы 100 мыңдап саналатын журналдардың көмегімен  таратады.

Тіпті қазіргі кезде педагогика өлшеу теориясы, математикалық модельдеу, математикалық статистика, автоматизация  сияқты ғылым салаларының қилысуынан педагогикалық тесталогия деген  ғылым саласы, педагог-тестолог деген мамандық пайда болды. Бұл мамандық иесінің мақсаты ғылым саласының маманымен бірге, тестология теориясының негізінде яғни тест құрылымы мазмұны формасы т.б мәселелерді ескере отырып ғылымның әр саласы бойынша тестілеу дайындау.

Қорыта айтқанда адам білімі мен қаблетін тексеру атты мәселемен адамзат баласы 4000 жылдан аса уақыт бойы айналысты және оның ең жетілдірілген формасы ретінде 100 жыл бойы тесті күн тәртібінен түспей отыр.

Біздің елімізде де тест мәселесі соңғы жылдары қоғамның барлық салаларына  әсіресе білім беру салаларына батыл енгізілуде. Әрине мұнда кез-келген жаңа нәрсе сияқты оған қарсы болушылар да аз емес. Олардың негізгі аргументі екеу. Оның біріншісі, тест-педагог мәртебесін, беделін төмендетеді яғни оқушы немесе талапкер немесе студент білімі педагогтың қатысуынсыз-ақ тексеріледі денген сөз. Ия баға қою-мектепте болсын, әсіресе жоғары оқу орнында педагогтың қолындағы үлкен күш. Ол арқылы педагог оқушыны , студентті әрі қорқытады, әрі ынталандырады.

Алайда, педагогтың ең басты міндеті оқушыға, студентке сапалы білім беру емес пе! Оның үстіне дәстүрлі оқытуда баға қою кезінде субъективизмге ден қоюшылықтың бар екенін кім жоққа шығарады. Олар болмаса 2002 жылы орта мектепте ерекше үлгідегі аттестатпен бітірген 834 оқушының жоғары оқу орнына түсу кезінде  ең төменгі 40 балды да жинай алмауы болмас еді ғой. Ал жоғары оқу орны оқытушылрының біраз бөлігі осы күнде  “ танктер немесе крышалар” болып жүрмесе, неге университетті математика бағыты бойынша бітірген маман 5-сыныптың  есебін шығара алмайды.

Ал,  “ тест жауаптарын тұспалдап, болжап-ақ қойып, өтіп кетуге болады”  деген тұжырым тест теориясынан  мүлдем хабары жоқ адамның пікірі . Әйтпесе, кейбір тест формаларында тіпті  жауап берілмейді де .

Қорыта айтқанда, әлемнің  алдынғы қатарлы елдерінде кең қолданыс тапқан тест бізге де келді және оны енді ысырып тастау -әрі қолдан келмейді, әрі өзімізге үлкен зиян. Сол себепті , оның теориясымен ертерек таныса бастағанымыз жөн демекшіміз.

Жалпы тест тапсырмаларының 4 түрлі формасы бар. Олар :

  1. Жабық формадағы тапсырма.
  2. Ашық формадағы тапсырма.
  3. Сәйкестікті белгілейтін тапсырма.
  4. Ақиқатты белгілейтін тапсырма.

Тапсырманың жауабын  құрастыру барысында басшылыққа алынатын қағидалар.

  1. санға бірді қосса

а) келесі сан шығады

ә) кейінгі сан шығады

Бұл  қағиданың қайшылық  қағидасынан негізгі айырмашылығы қайшылық қағидасында бірінші жауапта  екінші жауап теріске шығарса , қарама-қарсылық  қағидасы бойынша іріктелген жауаптардың  біріншісін екіншісі жоққа шығарады, яғни бірінші жауаптағы тұжырым  өзіне амоним тұжырыммен алмастырылады.

А) қайшылық қағидасы

Тапсырма жауабын бұл  қағида бойынша құрастыру барысында  бірінші жауап  екінші жауап арқылы  теріске шығарылады . Сондықтан көп  жағдайда логикалық схемасы  “  А және А емес”  түрінде болып келеді. Мысалы: а) 5+3 жазуы

    1. өрнек
    2. өрнек емес

ә) барлық қабырғалары  тең тік төртбұрыш:

1) шаршы емес      

2) шаршы 

б)  қарама-қарсылық қағидасы

Тапсырма жауабы бұл  қағида бойынша құрылғанда міндетті түрде бірінші жауапты екінші жауап жоққа шығаратындай болу керек. Мысалы :   а) 3, 7, 11, 15, 19 ... сандарының қатары :

    1. өседі
    2. кемиді

в) Біртектілік қағидасы

Демек , тапсырма жауаптары  ұғымды жан-жақты емес , біржақты бағалайтындай  яғни ұғым белгілі бір көзқарас  , белгілі бір бағыт бойынша  ғана қарастырылады.

  1. Тапсырма мазмұнының фасеттік қағидасы. Фасет дегеніміз – бір ғана тапсырманың әр түрлі нұсқада жазылу формасы ). Осы қағиданың негізінде бір ғана тапсырм қиындығы әртүрлі деңгейде құрылып оқушылардың білім деңгейіне қарай үлестірілуі мүмкін. Мысалы : а) бұрыштардың саны (2, 3, 4, 5) болатын көпбұрыш

2. үшбұрыш    3. төртбұрыш

4. бесбұрыш  5. алтыбұрыш

6. бұрыш деп  аталады.

ә) (5, 7, 9, 16, 80) саны қалдықсыз

1. 2-ге   2. 3-ке

3. 4-ке   4. 10-ға

5. 7-ге бөлінеді.

Мұндай тапсырманы мұғалім  бірнеше оқушыға әр санды әркімге ұсына отырып, бірнеше оқушыға орындатуына болады. Сонда нақты оқушы мынандай тапсырма алуы мүмкін.

а) Бұрыштарының саны төртеу болатын көпбұрыш

1. үшбұрыш  2. төртбұрыш

3. бесбұрыш  4. алтыбұрыш

5. бұрыш деп  аталады

ә) 9 саны қалдықсыз 

1. 2-ге   2. 3-ке

3. 4-ке   4. 10-ға

5. 7-ге бөлінеді.

Кейбір жағдайда тапсырмадан  бір емес, екі, үш т.б . фасет болуы  мүмкін . Мысалы : (6, 7, 8, 9, 10) сандары (2, 3, 4) сандарына қалдықсыз 

1. бөлінеді   2. бөлінбейді

2. Импликация  қағидасы. Бұл қағида бойынша  тапсырма мазмұны  “ Егер ....., онда ...  формасымен  құрастырылынады”.  Мысалы:

а) егер әр қосылғыш 5-ке бөлінсе онда әрқосынды 

1. 5-ке бөлінеді  2. 5-ке бөлінбейді

ә) Егер кез-келген натурал  санға бірді қосса , онда

1. келесі сан  шығады      2. кейінгі сан шығады

б) Егер көпбұрыштың (үш, төрт, бес, алты, жеті) бұрышы болса , онда ол

1. жетібұрыш  2. бесбұрыш

3. алтыбұрыш  4. үшбұрыш

5. төртбұрыш  деп аталады. 

 

       Тестік тапсырмалардың қолданылуы. Ы. Алтынсарин атыңдағы білім проблемалары институтының физика-математика циклдары пәндерін оқыту лабораториясы қызметкерлері мектепті оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселесімен де айналысуда. Осыған орай математикадан тестік тапсырмалар дайындау мәселесі қойылып отыр.

Тестік тапсырмаларды өз бетінше құрастырып, пайдаланып жүрген мүғалімдер де жеткілікті. Бірақ олардың барлығы бірдей тестік тапсырмаларды жүйелі түрде, орынды пайдаланып жүр деп айта алмаймыз және де математикадан тестік тапсырмалар жүйесі жоқтың қасы, әсіресе қазақ тілінде. Осы қолайсыздықты жоюдың бір жолы есебіңде және төмендегі келтірілген ғылыми қорытындыларға сүйене отырып, әр сыныпқа арналған тестік тапсырмалар жүйесі жасалынуда.

Соңғы кезде тестік тапсырмаларға, олардың ертеден қолданылып келе жатқанына қарамастан, көп көңіл бөлініп келеді.

Жалпы алғанда, тест (test) сөзі ағылшын тілінен аударғаңда «сынақтан- өткізу», «тексеру» деген  мағынаны береді.

Белгілі ғалым Й. Ропопорттың  берген анықтамасына сүйенсек, «тест - белгілі бір ережеге сәйкес жасалынған, алдын-ала эксперименттік тексеруден және оны дамытудың арнайы процедурасынан өткен өзінің тиімділігі жөнінде жеткілікті мінездемеге ие болған тексерушілерге арналған арнайы сұрақтар мен тапсырмалар жиынтығы» [2.4].

Ал педагог ғалым  В. П. Беспалько білім стандарты  туралы ой тұжырымдамаларында оқушылардың игерген білім сапасын тексеру мәселелерін зерттей келе тестке мына-дай анықтама берген. «Белгілі дәрежедегі іс әрекетті орындауға арналған тексеру, тапсырмаларын қамтитын білімді игеру сапасының нақты бағасын анықтау құралы тест болып табылады». [3.8].

Сонымен қатар В. П. Беспалъко  тестік тапсырмаларды білімге койылатын  талаптарға сәйкес деңгейлерге бөліп, классификациясын жасаған.

Ол классификация бойынша:

  1. - деңгейдегі тестер оқушылардын қосымша түсініктеме көмегімен есеп тығару біліктілігін тексеруге арналған тапсырмалар. Бұларға жататындар ерекшелігіне байланысты ажыратуға берілетін танымдық 
    тапсырмалар. Бұл тапсырмаларды тексеру қорытындысында «ие» немесе «жоқ» жауаптары қойылады.
  2. - денгейдегі тестер окушылардың өз бетінше, бұрынғы алған білімдерін алгоритм түрінде колдана отырып есеп шығару еб- 
    дейлігін анықтауға арналған тестік тапсырмалар. Бұған жататындар тапсырмаларда арнайы     калдырылып    кеткен     құрамды бөліктерін орнына қоюга арналған, конструктивті тестер. Бұған есеп жауабын өз 
    бетінше ойлап шыгарылатын есептер жатады.
  3. - деңгейдегі тестер оқушылардың еңбекке дайындығын бакылауға арналған эвристакалық таптегі тапсырмалар.
  4. - деңгейдегі тестер оқушылардың шығармашылық біліктілігінің, олардың жана информацияны қабылдауга ыңғайлы зерттеу мүмкіндігін анықтауға арналған тапсырмалар. Бұған жататындар—проблемалық 
    тестер.

Информация о работе Физикалық есептерді шығару әдістемесінің негіздері пәнінің