Физикалық есептерді шығару әдістемесінің негіздері пәнінің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:28, курсовая работа

Краткое описание

Пән туралы қысқаша сипаттама: Физика есептерін шығару әдістемесінің негіздері курсы оқу кезінде жалпы физика курсында, физиканы оқыту методикасы, педагогика және психология курстарын игерген білімдері мен қабілеттерін кең пайдалануға мүмкіндік береді.
Пәннің мақсаты:Студенттердің педагогика, психология, физиканы оқыту әдістемесі курстарында, жалпы физиканың практикалық сабақтарында физика есептерін шығаруды үйрету жолында алған білімі мен қабілетін қорытындылау, толықтыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кешен ф.есеп-ЖФЗ.ЖФИ-911.doc

— 726.00 Кб (Скачать документ)

В. П. Беспалько тестердің  классификациясымен катар тестерге қойылатын талаптарды да көрсеткен. Бұлар тестердің негізділігі, біркелкілігі, нактылығы. Тестік тапсырмалар негізінен тексеру, бақылау қызметін атқарады. Сонымен қатар оқыту, үйрету, алған білімін бекіту, жүйелеу қыз-метін де атқарады деуге болады.

Өздеріңізге белгілі  педагогикалық практикада білімдерді тексерудің алуан түрлі әдістері мен түрлері бар. Дегенмен, қазіргі қодданылып жүрген дәстүрлі әдістер олар оқу материалдарын менгерудің сапалық жағын ғана аныктайды.

«Дәстүрлі бақылау жұмыстары есептерді шығарудың әдістерін игеруге, есептерді шығару кезінде қиыншылықтарды көруге, жүмысты орыңцағаңда, әдетте, жіберілген қателіктерді айыра білуге сентігін тигізеді. Бірақ олардың көмегімен оқушы игеруге тиіс оқу материалдарының тек 30—50%-і ғана тексерілуі мүмкін [1.3]. Ал тестік тапсырмалар оқыту тиімділігінің сапалық жағымен катар сандық жағын да бағалауға мүмкіндік береді. Демек, тестік тапсырмаларды қолдану оқушы, білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

«Сонымен, тест сандық бағалауға, статистикалық өңдеуге және салыстырмалы талдауға икемді объективті стандартталған өлшеуіш болып табылады».

Тестік тапсырмалар  алғашқыда көбіне психология, филологая  саласыңда ғана жиі қолданылып келді. Кейінірек мектептерде оқылатын пәндердің көпшілігінде дерлік тестік тапсырмалар қолданыла бастады. Әр пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, математиканы окыту процесінде қолданылатын тестік тапсырмалардың да өзіндік ерекшеліктері бар. Берілген сұрақтарды, тапсырмаларды өте анық түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы қажет. Осыған сәйкес тестердің жауаптары да қысқаша, нақты, анық және дәл болуы керек.

Осы айтылған ғылыми тұжырымдамаларды басшылыққа ала отырып дайындалып жатқан тестік тапсырмаларды мүғалімнің күнделікті сабағына қолдануына ыңгайлы болу үшін, әрбір тақырыпқа арнайы құрастырудамыз.

Тестік тапсырмаларды  пайдаланып, нәтижесінде талдау жасай келе мынадай қорытыңдыға келуге болады: тестік тапсырмалар оқушылардың қай материалды игеріп, қай материалды толық игермей қалғанын, қандай қосымша түсіндірмелер қажет екенін, жаңа материалды каңдай тәсілмен түсіндіру қажет екеніне дейін анықтауға мүмкіңдік береді.

Сонымен қатар оқушылар кейбір есептерді шығаруда белгілі  формулаларды ғана пайдаланып, ұзақ жолмен шығарылатын есептерді шығарып  болам дегенше есептің нәтижесін, де көре алмайды, есептің ұтым-ды шығару жолдарын іздестірмейді де. Сондықтан  да көп жағдайда оқушыларға тестік тапсырмалар ұсынған қолайлы. Бірақ бұл айтылғаннан мұғалім -оқушыдан есептің толық шешілу жолын жазуды талап етпеу керек деген ой тұмау керек.

Тестік тапсырмалар  оқушылардың зейінін, ынтасын, зеректігін тапқырлығын, жігерін дамытып, жұмысқа деген, математика сабағы жағдайыңда есеп шыраруға деген қызығушылығын арттырады.

Ғылыми негізделіп, дұрыс  құрастырылған тестік тапсырмалар  оқушылардың өмірге қажетгі алуан  түрлі есептерді шешуіне, уақытын  үнемдей білуіне, есептерді өте  қысқа жолмен ұтымды шығара білуіне, ойын тиянақтауға көп көмегін тигізеді. Сондықтан да оқыту процесінде оқушыларға тестік тапсырмаларды жиі ұсынған қолайлы.

Тестік бақылау жүйесі. Оқу процесін жетілдіруді оның құрамды бөліктері болып табылатын окудың мақсатын, пәнінің мазмұнын, әдістері мен түрлерін, оларды оқытуда қолданылатын дидактикалық құралдарды өзара байланыстыра оқьпу арқылы жүзеге асыруға болады.

Математикадан оқушы  білімін тексеруді4 бағалаудың бір  түрі-тестік бақылау болып табылады.

Тест - оқушының білім дәрежесін қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.

Тесті қолдану мына талаптарды канағаттаңдыруға тиісті:

  1. Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары әрі қысқа, әрі анық болуы қажет;
  2. Бір сұрақтың 3—5 түрлі жауабы болуы тиіс. Олардың ішінде біреуі ғана дұрыс болады, басқалары жауабына жақын бірақ дұрыс болмауы шарт. Кейде бірде — бір дұрыс жауап болмауы шарт;
  3. Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталуы тиіс;

4. Нұсқалар сұралушыларға бірдей дәрежеде түсіндіріледі, әдетте ол жазба түрінде болады;

  1. Бірде-бір сыналушыға басқалармен салыстырғанда ешқандай артықшылық берілмейді;
  2. Тестпен сынаудың нәтижелерін бағалаудың алдын ала жасалған жүйесі барлығына бірдей қолданылады;
  3. Тестке сынау әртүрлі топтарда мүмкіндігінше бірдей уақытта, яғни бір топта сынау күннің бір мезгілінде жүргізіледі;
  4. Тестпен сынау процесіне әкімшіліктің өкілі болып табылатын адамдар қатыспағаны дұрыс;
  5. Тестке берілген нұсқау және әрбір тұжырымдаманың мағынасы сыналушылардың әрқайсысына түсінікті болу керек:

Бұл тесті құрастыру  кезінде мұқият тексеріледі. Тесті  құрастыруды мынадай кезендерге бөлуге болады:   

  1. тестпен сынауды программалау;
  2. тестердің жоспары;
  3. тестердің мазмұнын жасау.

Тестпен сынаудың программасы оның максатына байланысты. Егер ол кішігірім тақырып бойынша білімдерді, біліктерді, дағдыларды тексеру бол-са, онда программа осы тақырып бойынша тексеретін тесттерден тұрады, ал такырыптың мазмұнын қамту деңгейі 80% тен кем болмауы керек. Тесті конструкциялаудың келесі кезеңі — жоспар құру. Тестік жүйенің беретін нәтижесі.

1) оқушылардың такырып қалай меңгергендіктерін анықтауға;

2) оқушыларға өтілген такырыптардың қандай бөліктерінің ауыр тиетінін білуге;

  1.  оқушылардың оқуға жауапкершілігін арттырып олардың өздігінен жұмыс істеуге талпындыруға;
  2.  оқушылардың іскерлігін арттырып, дүниені тануға ұқыптылығын дамытуға;
  3.  ең басты тесті құрастыру қиыңда көп уақыт алатын жұмыс болғанымен, ол оқушы білімін тексерудің тездігі арқасында мұғалім еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Математиканың бір бөлімі бойынша оқушылардың білімін  тексеруді жоспарлай отырып, мұғалім  берілген такырыптағы математиканың  білімдердің негізгі құрылымдық элементтерін, сондай-ақ меңгерілуге  тиісті біліктермен дағдыларды бөліп алуға тиісті. Содан кейін барып білімдерді тексерудін деңгейін анықтайды.

Білімдерді меңгерудің төрт деңгейі бар:

1. Оқушы анықтамларды, теоремаларды айта алады, теоршның негізгі мәселелерін тұжырымдай алады;

  1.   Оқушы қандай мазмұндағы есеп қарастырып отырғандығын анықтай алады және белгісіз шаманы табу үшін заңдарды қолдана алады;
  2.   Белгісіз шаманы табу үшін немесе сұраққа (сапалық есепке) жауап беру үшін, оқушы математика курсының әртурлі бөлімдерінен алған өзінің білімдерін қолдана білуге тиіс;
  3.   Оқушы өзінің білімін бұрын өзіне таныс емес жағыдайда пайдалана білуге тиіс.

Тест арқылы сынау  мұғалімге әрбір оқушының бағдарламаға сәйкес білімдер мен біліктерді меңгерудегі  жетістіктерінін жеткілікті түрде  толық бейнесін береді. Олар оқушылардың білімдерінің қандай тақырып бойынша қанағаттанғысыз екенін анықтап, оқушылардың әрқайсысына жекелей көмек керсетуге мүмкіндік береді. Тестердің қолдану сондай-ақ дарынды балаларды іріктеп алуға және оларға өздерінің қабілеттерін одан әрі дамытуға көмектесуге мүмкіндік береді.Тестінің берілуінің жеті түрі бар.

I. Толықтауды қажет ететін тест.

Тестегі формуладағы, сызбадағы  бос орынға сөзді, белгіні қою атылымын жазу.

  1. Бернулли теңдеуі:

                                                         

            II. Еске салу тестісі.

Қандай да бір фактіге, занның мағынасы, ережеге байланысты тест сұрағына жауап беру. Мұнда  тура сұракқа берілетін бірден-бір  жауапты іздеу жүзінде білуі  тексеріледі.

1. Қатты денеде ойша жүргізілген түзудің өзін-өзі параллель орын ауыстыруын Жауабы: Ілгерілемелі қозғалыс

III. Альтернативті жауабы бар тест.

Шешу кезінде тұжырыңдамаларға сәйкес дұрыс немесе дұрыс емес мүмкіндіктерін көрсету. Жауап «ия», «жок» немесе «+», «-» белгісі «дұрыс, «дұрыс емес» түрінде беріледі.

2. Бірінші ғарыштық жылдамдықтың траекториясы шеңбер бола ма деген тұжырым дұрыс па? 

Жауабы: Ия.

IV. Тандау тестісі.

Бірнеше жауаптан бірден-бір  дұрысы тандап алынады. Жауап саны үштен кем болмауы керек.

1. Дененің жылдамдығы V=4t+8 заңы бойынша өзгереді. Нүктенің үдеуі қандай?

А) 4 м/с     В) 8 м/с2   С) 2 м/с2  D) 4 м/с2  Е) 8 м/с

V. Сәйкестік тестісі.

Тапсырма екі баған  түрінде беріледі, мағынасы мазмұны  жағынан сәйкестендіру.

Функция:                       Графигі:          Жауабы:

1.у = ах2;                            1.түзу;                      1—2:

2.у = к/х;                           2. парабола;            2—3;

  1. у = кх + b;                     3. гипербола;            3—1;
  2. х2 + у2 =R2;                   4. парабола;            4—5; 
                5.у = ах2 + bс + с;            5. шеңбер;                      5—4; 
                6. у= х3.                             6. кубтық парабола.      6—6.

VI. Рет бірлігін анықтау тестісі.

Белгілі тәртіппен реттеп шығу. Жауабы:

Натурал сандар.     1.натурал;

Комплекс сандар.     2. бүтін;

Рационал сандар.     3. рационал;

Бүтін сандар.     4. нақты;

Нақты сандар.      5. комплекс.

VII. Косынды тест.

Әр сұрағына әр түрлі  тест әдісі қолданылады. Мұнда таблицалар жиынтығы, формула, график, сызба (чертеж) схема, диаграмма т.б. түрінде беріледі.

Бул бойынша құрылған тестке өте жоғары дәрежедегі білімділік дарындылық қажет. Білімдерді шығармашылықпен  қолдануға арналған тапсырмадан  құрастырылған. Негізгі тестің табысты  орындалуының «3» деген бағаға сәйкес келетін төменгі шегі ретінде, барлық жауаптың 70%-і дұрыс болатын 12 деңгейді алуға болады.

Алдыңғыларды бір тесті  түрінде беру.

  1. Әрбір оқушының тестің тапсырмаларын өзбетінше орындауын қамтамасыз ету.
  2. Оқушыға мынадай комплекті беріледі: тест бақылау парағы (жауаптардың көшірмелері және дұрыс жауаптың нөмірлерін жазуға арналған бос клеткалары бар жолақ қағаз) және тапсырмаларды 
    орыңдау кезіндегі жазуларға арналған таза парақ.
  3. Барлық кажетті есептеулерді, сызбаларды таза парақта орындау керектігін, ал бақылау парағына тек қана іріктеп алынған жауаптарға сәйкес келетіне әріптерді жазу керектігін түсіндіру, Оқушыларға жұмысты орындаудың мынадай реті ұсынылады:

а) тапсырманы көңіл койып оқын шығу;

 ә) тапсырманы орындау;

   б) алынған жауапка сәйкес әріптерді таңдап алу;

 в) сұрактың реттік нөмірі тұсындағы әріпті клеткаға жазу.

Тестің тапсырмаларын  табысты орыңдаудың маңызды белгісі  уақыт болып табылатындықтан, қиыңдық келтіретін тапсырмаларға көп тоқталып уақыт жібермей әуелі жеңіл тапсырмаларды тезірек орындап, соңынан қалған уақытта қиын тапсырмаларға кайта оралу ұсынылады. Қабылдау емтиханы кезінде сыныптарда оқылғам материал XI сынып бітіргенде 6 жылдай уақыт өткеңдіктен ұмтылады. Әрі оңай сияқты көрініп қайталап, пысықтау ескерілмейді. Соның салдарынан емтйхан кезіңдегі 1,5- 2 минут ішінде еске толық, нақты шешу жолы түсе қоймайды. Жорамалдап қайтарылған жауап қате болады. Сондықтан тест бойынша тапсыруға дайындық кезінде оқушы киналмас үшін мұғалімдер тақырып өтерде алдын ала дайыңдалып оқушылардың есіне ұзақ сақталардай негіз қалауға тиіс.

 

7-8 лекция. Есептерді шығару тәсілдерін алгоритмдеу

 

Физика есептерін  шығару әдістері мен оқушыларды есеп шығаруға үйрету әдістерінің ішіндегі алгоритмдеудің орны. Есеп шығару үрдісінде  ойлап-түсіну әрекеті әдісімен оқушыларды программалап оқыту.

 

Ақпараттық компьютерлік технологияларды жаңа деңгейге көтеруге және оларды дамытуда алгоритмдеудің ролі ерекше.Сондықтан алгоримдеу негіздерін орта мектептен дұрыстап және жаңартуға  жаңа заман, қоғам талабына сай мамандар дайындауға мүмкіндік береді деген сөз.

Кез келген салада, ғылымда  және техникада ақпараттық технологияларды  мақсатты және тиімді пайдалану деңгейі,иновациялық  жүйелердің дұрыс қалыптасуы, өмірде кездесетін практикалық есептерді  ғылыми тұрғыда сауатты қоюға  және оны шешудің технологиясын(тәсілдерін )меңгеруге тікелей байланысты болады.

Міне осы тұрғыда  біз ұсынып отырған ой пікірлер,ұсыныстар  және технологиялар келешек қоғам  мамандарын дайындауға көмегі тиеді.

Кез келген келешек маман  біз көрсетіп отырған  осы технологияны меңгеруі және пайдалана білуі тиіс.Өйткені ол ақпараттандырылған қоғамда өмір сүріп және қызмет ететін,тіпті ең болмағанда осы қоғамды құруға белсене қатысуы тиіс.

Сонымен тікелей есепті (жұмысты тапсырманы) қою және оны  компьютер көмегімен шығара (өңдей,орындай) білуге тоқталайық.

І.  Біздің қарастыратын жағдайымыз бәріміз үйренуге және білуіміз тиіс стандартты жағдай.

Компьютер көмегімен  кез келген есепті шешу мына төмендегі  бір-бірімен тәуелсіз бірақ-та  бір-бірімен  логикалы байланысқан кезеңдерден  тұрады:

Информация о работе Физикалық есептерді шығару әдістемесінің негіздері пәнінің