Қаржылық және коммерциялық тәуекел

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2013 в 19:50, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, қаржылық тәуекел түрлері жазылған.Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз болады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................................3
I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ
СИПАТТАМАСЫ............................................................................................6
1.1 Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері..............................................................6
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі..................................................................9
1.3 Кәсіпорынның коммерциялық тәуекелі.........................................................17
2.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ...................18
2.1 Кәсіпорындағы тәуекелді басқару стратегиясы............................................18
2.2 Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру.......................................................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Ардак.doc

— 229.00 Кб (Скачать документ)

- негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет.

        Бұл міндеттерді тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау негізінде мүмкін. Антитәуекелдік менеджерде тәуекелді басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.

 Тәуекелді басқару мақсаттары мен міндеттері.

       Тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың кез келген арнайы бағдарламасын жасаудың мақсаты кәсіпорынның тәуекелділік жағдайларында сәтті қызмет етуді қамтамасыз ету болып табылады.

        Қаржылық тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендету мәселесін шешу мысалға келесідей жүргізілуі мүмкін:  бар тәуекелді жою, мүмкін тәуекелдің алдын алу, мүмкін болатын зиянның тікелей алдын алу, мүмкін болатын зиянның жанама алдын алу. 

       Мұндай бағдарламаны талдауда тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасының мазмұны мен мақсаттары анықталады.

       Қаржылық тәуекелді басқару принциптері. Тәуекелді басқарудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.

        Менеджер тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауда негізге алатын  принциптер кәсіпорынның стратегиясымен анықталады. Егер кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне алатын сәйкесінше принциптері қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін    тәуекелді басқару әдісін таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы компанияның барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға шығаруға бағытталу принципі болып табылады.

 Фирманың тиімді дамуы үшін тәуекелдерді басқарудың міндетті түрде келесі принципін сақтауы тиіс: фирма қызметін сыртқы  орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел – менджментінің талаптарына сәйкес келу. 

       Тәуекелді басқару функцияларының мәні  пәндік сипатты иеленбейтіндіктен, ол коммерциялық кәсіпорындардың интегралдық құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма бөлімшелерінің және тәуекелді басқару қызметкерлерінің біріккен күштерімен жүзеге асырылады. Тәуекелді басқару жүйесін орнату үшін біріншіден, мамандарды дайындау қажет, екіншіден, әрдайым біріккен тренингтер жүргізілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмыста қаржылық тәуекелді басқару мәселесі қарастырылған. Курстық жұмыстың қойылған мақсаты орындалды, яғни қаржылық тәуекелді басқару бойынша жан-жақты теориялық зерттеулер жүргізіліп, тәуекелді бағалау, оларды басқару, кәсіпорында тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды.

Жұмыстың теориялық  бөлімінде тәуекел мәні және түрлері, тәуекелді бағалау әдістері зерттелді. Сонымен қатар тәуекел менеджментінің мазмұны ашылып, қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ұсынылған.

            Жұмыстың соңғы бөлімінде қаржылық  тәуекелдерді басқару жүйесін  жетілдіру бойынша ұсыныстар  берілген. Мысалы ұсыныстар ішінде кәсіпорында тәуекелдерді басқару бөлімшесін құру, оның құрылымында мамандар тізімі берілген.

       Сонымен, тәуекелдерді басқару ролінің маңыздылығын нығайту және оны маманды қызмет сферасына шығару бүгінгі таңда қазақстандық экономиканың тұрақты дамуына жетудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

             Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
  2. Мадиярова М. Қаржылық менеджмент
  3. Балабанов И.Т. Риск-менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 1996.
  4. Бланк И.А. Стратегия и тактика управления финансами. – Киев: ИТЕМлтд, АДЕФ-Украина, 1996.
  5. Ван Хорн Дж.К. Основы управления финансами. – М.: Финансы и статистика, 1996.
  6. Вишняков Я. Д., Колосов А. В., Шемякин В. Л. Оценка и анализ финансовых рисков предприятия в условиях враждебной окружающей среды бизнеса // Менеджмент в России и за рубежом – 2000 г. №3, с. 15-17.
  7. Глухов В.В., Бахрамов Ю.М. Финансовый менеджмент. – С.-Петербург: Специальная литература, 1995.
  8. Грабовой П. Г. . Риски в современном бизнесе. – М.: Аланс, 1994. -  240c
  9. Градов А. П. и др. Стратегия и тактика антикризисного управления фирмой. – Спб.: Специальная литература. -1996. -510с.
  10. Лапуста М.Г., Шаршукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности. – М.: Финансы и статистика, 1998.
  11. Станиславчик Е. Н. Риск-менеджмент на предприятии. Теория и практика. М.: «Ось-89», 2002. – 80 с.
  12. Стоянова Е.С Финансовый менеджмент. Российская практика. – М.: Перспектива, 1995.
  13. Чернова Г. В. Практика управления рисками на уровне предприятия. – СПб: Питер, 2000. – 176с
  14. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа М: ИНФРА, 1995.
  15. http://www.telecom.kz/
  16. http://www.zona.kz/

 

 

 

 

 




Информация о работе Қаржылық және коммерциялық тәуекел