Бизнес тәуекелі және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 12:04, реферат

Краткое описание

Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Экономикалық ортаның өзгеруі мен шаруашылық жүргізу жағдайлардың белгісіздік жағдайына байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру қандай да бір тәуекелмен байланысты. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді. Тәуекел факторы кәсіпкерге ресурстарды үнемдеуді, жаңа жобалардың, коммерциялық мәмілелердің және кәсіпкерлікті іске асырумен байланысты өзге де жағдайлардың тиімділігін есептеуге ерекше назар аударуды талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бизнес тәуекелі және оның түрлері.docx

— 23.79 Кб (Скачать документ)

                         Бизнес тәуекелі және оның түрлері

   Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің  күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Экономикалық ортаның өзгеруі мен шаруашылық жүргізу жағдайлардың белгісіздік жағдайына байланысты  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру қандай да бір тәуекелмен байланысты. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді. Тәуекел факторы кәсіпкерге ресурстарды үнемдеуді, жаңа жобалардың, коммерциялық мәмілелердің және кәсіпкерлікті іске асырумен байланысты өзге де жағдайлардың тиімділігін есептеуге ерекше назар аударуды талап етеді.

   Кәсіпорын өндірістік-шаруашылық  қызметті жүзеге асыра отырып, өнім өндіру, сату және сатып  алу барысында туындайтын тәуекелдерді, тәуекел шығындарының орнын толтыру  ғана емес, сонымен қатар зиянның  алдын алу мақсаты бойынша  зерттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Тәуекел-бұл жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы.Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен, экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруімен байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды немесе мүлікті жоғалтудың туындау қаупі.

   Кәсіпкерлік тәуекел-кәсіпорынның  мүмкіндіктерінің әлеуетінен шыға  отырып күтілген табыс мөлшерін ала алмау немесе пайда болуы мүмкін қауіптің әсерінен болатын ресурстарды жоғалту ықтималдығы.

   Кәсіпкерлік тәуекелдер  кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асыру нәтижесінде көптеген факторлардың  әсерінен туындайды. Кәсіпкерлік  тәуекелдердің пайда болуына  алып келетін мынадай себептерді  атап көрсетуге болады: экономикалық  дағдарыс, инфляцияның жоғары қарқыны,  саяси тұрақсыздық , шаруашылық  жүргізуші субъектілердің жауапсыздығы, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің жиі өзгеруі, кәсіпкерлердің бір бөлігінің өз қызметіне деген жеке жауапкершілігінің болмауы, салық заңнамаларының жетілмеуі, жат пиғылды (әділетсіз)бәсекенің орын алуы және т.б.

   Кәсіпкерлік тәуекелге  әсер ететін факторларды ішкі  және сыртқы деп бөлуге болады. Ішкі факторларға басшының немесе  қызметкерлердің жіберген қателіктері,  дұрыс шешім қабылдай алмауы, тәжірибесіздігі, өзгермелі жағдайға  тез бейімделе алмауы, кәсіпкердің  білімі мен біліктілігі, нақты  жағдайды талдау және болашақты болжау мүмкіншілігі және т.б. жатқызылады. Ал, сыртқы факторларға келесілер жатады: инфляция, банктің пайыздық ставкалары және кедендік рәсімдеу жүйесінің өзгеруі, нормативтік-құқықтық актілер мен заңнамалардағы өзгертулер мен толықтырулар, бәсекелік орта, саяси жағдайлар, елдегі экономикалық жағдай және т.б.

  Тәуекелдің түрлері. Экономикалық және өзге де ғылыми әдебиеттерде тәуекелді, соның ішінде кәсіпкерлік тәуекелді жіктеудің бірыңғай әдістемесі жоқ . Сондықтан тәуекелді әр түрлі белгілері бойынша жіктейді. Мысалы,сақтандыру мүмкіндігі бойынша:

-сақтандырылатын;                                                                                                                              -сақтандырылмайтын;

Әртараптандыру  мүмкіндігі бойынша:                                                                                                 -жүйелік;                                                                                                                                           -жүйелік емес;

Мәселелерді шешу сатыларына байланысты:                                                                              -шешімдерді қабылдау аясындағы;                                                                                                   -шешімдерді жүзеге асыру аясындағы;

Пайда болу табиғаты бойынша:                                                                                                      -шаруашылық;                                                                                                                                  -кәсіпкер тұлғасымен байланысты;                                                                                                -ақпараттың жетіспеуімен байланысты;

Масштабтары бойынша:                                                                                                                   -жергілікті;                                                                                                                                              -мемлекеттік;                                                                                                                                         -ғаламдық;

Пайда болу аясы бойынша:                                                                                                                             -сыртқы;                                                                                                                                                       -ішкі;

Әсер ету ұзақтылығы бойынша:                                                                                                       -уақытша;                                                                                                                                            -тұрақты;

Күтілетін нәтижелер  бойынша:                                                                                                              -спекулятивті;                                                                                                                                          -қарапайым;

Жіберілу дәрежесі бойынша:                                                                                                                 -жіберілетін;                                                                                                                                     -шегіне жеткен;                                                                                                                                 -апатты;

Негізделу дәрежесі бойынша:                                                                                                                     -құқықтық;                                                                                                                                                        -құқықтық емес;

  Кәсіпкерлік тәуекелді  көбінесе өндірістік,коммерциялық және қаржылық деп үшке бөліп қарастырады.

  Өндірістік тәуекел өнім өндіру кезінде немесе өндірістік қызмет үрдісінде туындайды. Ол өндірістік қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асырумен, өнімді, тауарлар мен қызметтерді өндірумен байланысты. Өндірістік тәуекелдің негізгі себептері болып өндірістің әр түрлі себептерден тоқтауы,жоспарланған өндіріс көлемінің төмендеуін, өндірістік қорлардың істен шығуы, айналым құралдарының жойылуы, құрал-жабдықты, шикізатты уақытысында жеткізбеу,материалдық, еңбек шығындарының өсімін, баға саясатындағы қателіктер, өнім өндіруші мен тұтынушы арасындағы келісімшарт өз міндеттемелерін орындай алмаулар және т.б. табылады.

   Коммерциялық тәуекел –өнімді сатумен, шикізаттар мен материалдарды сатып алып және сатып алынған тауарлар мен қызметтерді өткізу үрдісінде пайда болады. Оның негізгі себептері болып логистика жүйесіндегі кемшіліктер, шикізат тапшылығы немесе шикізаттар мен материалдармен өз уақытында және қажетті көлемде қамтамасыз ете алмау,яғни, нарық конъюнктурасында,коммерциялық қызмет жүргізу барысында күтпеген өзгерістердің болуы табылады.

   Қаржылық тәуекел-кәсіпкердің банктермен және басқа қаржылық институттармен қарым-қатынастары аясында пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері- қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасының жоғары алшақтығы, кредиторларға тәуелділік, капиталдардың пассивтілігі, бір жобаға үлкен қаражаттарды орынсыз жұмсау.Ол инфляциялық факторлар, банк ставкаларының өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі арқылы пайда болады.Қаржылық тәуекел фирма қызметін қаржыландыру үшін қарыз алу нәтижесінде фирманың өз қаржылық міндеттемелерін орындай алмау мүмкіндігімен байланысты.

   Өзінің қызмет етуі барысында кәсіпкерлік фирмалар кезігетін тәуекелдердің белгілі бір түрлері бар. Олар:

-заңды тәуекел заңнамалық актілердің төмен сапасымен және заңнамадағы күтілмеген өзгерістерге байланысты;                                                                                                                -инвестициялық тәуекел техникалық-экономикалық негіздемелерді сапасыз өңдеумен, жоба құнының күрт өсуімен, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың күшеюімен негізделеді.Сонымен қатар жеке меншік сатып алынған бағалы қағаздардан туындайтын инвестициялық-қаржылық  портфельдің құнсыздануымен байланысты;                                              -нарықтық тәуекел валюталардың ұлттық ақша бірлігінің курсына, нарықтық пайыздық ставкаларының өзгеруіне байланысты;                                                                                           -сақтандыру тәуекелі сақтандыру қорын қалыптастырумен, басқарумен, сонымен қатар меншікті мүлікті, ақшалай қаражаттарды және персоналды басқарумен байланысты.              –инновациялық тәуекел осы аядағы белгісіздікпен(идеяны жасап шығарудан бастап, оны өнім өндіруге немесе жаңа технологияны өндіріске енгізе отырып, өнімді нарыққа өткізуге дейін)байланысты.

   Кәсіпкерлік қызметтің  тәуекелінен болатын шығындары,  еңбек, қаржылық, уақыт және арнайы  шығын деген түрлерге бөлінеді.                                                                                                    

   Материалдық шығындар-бұл жобамен қарастырылмаған натуралды сипаттағы материалдық объектілердің тікелей шығындары(үйлер,ғимараттар,өнім, жартылай шикізаттар, материалдар, шикізаттар, құраушы бөліктер).

   Еңбек шығындары-кездейсоқ немесе күтпеген жағдайлардан туындаған жұмыс уақытының шығыны;техникалық орындауға кететін уақыт нормаларды қолдану(өлшем бірлігі-«адам-сағат»немесе адам-күн).

   Қаржылық  шығындар-тікелей ақшалай зиян(кәсіпкерлік жобамен қарастырылған төлемдер,айыппұлдар, мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін төлемдер, қосымша салықтар, ақшалай қаражаттардың немесе бағалы қағаздардың жоғалуы). Олар жобамен қарастырылған көздерден, қарызды әр түрлі себептерден ала алмау нәтижесінен болуы мүмкін.

   Уакыт шығындары кәсіпкерлік қызмет үрдісі жобамен қарастырылған мерзімінен баяу жүрген жағдайда(сағаттармен, тәуліктермен,айлармен өлшенеді)пайда болады.

    Кәсіпкерлік қызметті  жүзеге асыру кезінде қандай  да бір шамада тәуекелдің болатыны  анық. Алайда тәуекелді талдау  мен оны төмендету әдістерін  анықтауға, тәуекелді басқару  жүйесін әзірлеуге баса назар  аударылуы тиіс. Тәуекелді талдау  кезінде бір-бірін өзара толықтырып  тұратын екі түрін бөліп көрсетуге  болады. Олар: сандық және сапалық талдау әдістері.

    Сапалық  талдау тәуекелдің әлеуетті облысын және факторларын анықтауға, оның мүмкін болатын түрлерін айқындауға мүмкіндік береді. Сандық талдау тәуекелдің нақты мөлшерін сандық түрде көрсетуге, оларды талдау, сараптау және салыстыруға бағытталған. Тәуекелді сандық талдау кезінде әр түрлі әдістер қолданылуы мүмкін. Олардың ішінде едәуір кеңінен тарағандары келесілер:                                                                               - статистикалық әдіс;                                                                                                                                      - сараптамалық(эксперттік)бағалау әдісі;                                                                                     - талдамалық(аналитикалық) әдіс;                                                                                                     - кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау және төлем қабілеттілігін бағалау;

   Тәуекелді басқару. Тәуекелді басқару кәсіпорынды басқарудың маңызды ішкі жүйелерінің бірі болып табылады. Тәуекелді басқару дегеніміз тәуекел факторларын бейтараптандыру мен талдау әдістерінің жиынтығы. Тәуекелді басқару үрдісін 6 сатыға бөліп қарастыруға болады:                                                                                                                         1) мақсатты анықтау;                                                                                                                       2) тәуекелді айқындау;                                                                                                                 3) тәуекелді бағалау;                                                                                                                     4) тәуекелді басқару әдістерін таңдау;                                                                                       5) таңдалған әдісті қолдану;                                                                                                                6) нәтижелерді бағалау;                                                                                                                      

   Тәуекел дәрежесін  төмендету немесе тәуекелді басқарудың  мынадай әдістерін бөліп көрсетуге  болады:                                                                                                                                   - әртараптандыру;                                                                                                                                         - лимиттеу;                                                                                                                                                        - хеджерлеу;                                                                                                                                             - секьюритизация;                                                                                                                                      - өзін-өзі сақтандыру;                                                                                                                             - сақтандыру;                                                                                                                                             

Информация о работе Бизнес тәуекелі және оның түрлері