Трансмиссия және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 21:45, реферат

Краткое описание

Трансмиссия деп двигательдің білігіндегі қуатты қозғағыш доңғалақтарға жеткізетін механизмді атайды. Осы механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғағыш доңғалаққа жеткізу болып табылады. Себебі, тракторды жүргізу үшін оның доңғалағына үлкен күш түседі, ал сол күшті айналдырғыш момент тудырады. Двигатель білігінен ондай қажет мөлшердегі момент алынбайды, ал оны тракторды жүргізуге пайдалану үшін бірнеше есе трансмиссияның көмегімен арттырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

трансмиссия және.docx

— 37.00 Кб (Скачать документ)

Трансмиссия және оның түрлері 

ЖОСПАР

1. Трансмиссия және оның  түрлері

1.1.Ажыратқыш муфта

1.2. Беріліс қорабы

1. Трансмиссия  және оның түрлері 

Трансмиссия деп двигательдің білігіндегі қуатты қозғағыш доңғалақтарға жеткізетін механизмді атайды. Осы механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғағыш доңғалаққа жеткізу болып табылады. Себебі, тракторды жүргізу үшін оның доңғалағына үлкен күш түседі, ал сол күшті айналдырғыш момент тудырады. Двигатель білігінен ондай қажет мөлшердегі момент алынбайды, ал оны тракторды жүргізуге пайдалану үшін бірнеше есе трансмиссияның көмегімен арттырады.

Трактордың жұмыс істеуі кезінде атқаратын жүмыс түріне қарай оған әр түрлі күш түседі. Мысалы, жер өңдеу кезінде тракторға көп күш түсетін болса, тасымалдау жұмысын атқарғанда, алғашқыға қарағанда аз күш түседі. Бір сөзбен айтқанда трактор әр түрлі күшпен жұмыс істейді. Олай болса, трактор трансмиссиясы оның күшін өзгертіп тұратын болуы керек. Трансмиссияның екінші қызметі жүріс доңғалағына берілетін күшті атқаратын жұмыс түріне қарай өзгерту болып табылады.

Осы жоғарыда көрсетілгеннен басқа трансмиссия доңғалаққа берілетін қуат бағытын реттейді. Өйткені, көпшілік жағдайда, ол двигательдің ұзындық бойымен, ал қозғағыш доңғалақтар осі көлденең бағытта орналасады. Олар осылайша бұрыш жасап орналасқандықтан берілетін қуат та бұрылып жеткізіледі.

Трансмиссияның көрсетілген  қызметін атқару үшін әр түрлі механизмдер қолданылады. Оларды жұмыс істеу принциптеріне қарай механикалық, гидравликалық және электрлік трансмиссия деп бөледі.

Механикалық трансмиссия  деп двигатель қуатын қозғаушы доңғалаққа механикалық энергия түрінде жеткізетін механизмді айтады. Ол үшін әр түрлі механикалық берілістер (тісті, белдікті, үйкелісті) қолданылады.

Гидравликалық трансмиссия  трактор двигателінен берілетін қуатты сұйық қысымына айналдырады, ол доңғалақтағы гидравликалық моторға жеткізіліп, қайтадан механикалық қозғалысқа айналады. Бұл трансмиссия жұмыс істеу принциптеріне қарай гидравликалық және гидрокөлемді трансмиссиялар болып бөлінеді. Гидравликалық трансмиссияда берілетін қуат сұйықтықтың үлкен жылдамдығына айналдырылады да жұмысшы доңғалақтың қалақшаларына ұрылады. Сөйтіп өзінің энергиясын гидромоторға жеткізеді. Гидрокөлемдік трансмиссияда берілетін қуат сұйықтық қысымы арқылы жеткізіледі.

Электрлік трансмиссияда трактор двигателінің механикалық энергиясы генератордың көмегімен электр энергиясына айналдырылады да, қозғағыш доңғалақтарға орнатылған электр двигателіне жеткізіледі.

Гидравликалық және электрлік трансмиссиялар тек жеке түрінде қолданылмайды. Себебі, олардың пайдалы әсер коэффициенті, айналдыру моментін арттыру дәрежесі төмендеу болады. Сондықтан оларды механикалық трансмиссиямен қосып пайдаланады. Оларды гидромеханикалың немесе электромеханикалың трансмиссиялар деп атайды.

Осы жоғарыда айтылған трансмиссиялардың  ішіндегі ауыл шаруашылығы тракторларында көп таралған түрі механикалық трансмиссия. Себебі, оның пайдалы әсер коэффициенті жоғары болады. Ал гидромеханикалық және электромеханикалық трансмиссиялар қуаты өте жоғары өндірістік тракторларда (Т-330, ДЭТ-250) қолданылады. Себебі, ондай трансмиссиялардың берілетін қуаты жоғарылаған сайын пайдалы әсер коэффициенті жоғарылайды. Гидромеханикалық және электромеханикалық трансмиссиялардың санаулы тракторларда ғана қолданылатындығына байланысты оларға түсінік берілмейді.

Механикалық трансмиссия  құрылысына қарай екі түрге бөлінеді. Беріліс жылдамдығын сатылы және сатысыз өзгертетін трансмиссиялар болады. Жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссияда беріліс санын өзгертуге мүмкіндік беретін беріліс қорабы қойылады. Сол қораптың көмегімен жүмыс бабына байланысты ілінісетін шестерняларды ауыстырып отырады. Ал жылдамдықты сатысыз өзгертетін трансмиссияда құрылысы өте күрделі механизмдер қолданылады. Қазіргі заманғы тракторларда жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссиялар пайдаланылады.

Жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссия көпшілік жағдайда мынадай механизмдер мен тораптардан қүралады: ажыратқыш муфта, беріліс қорабы, карданды біліктер, жүргізгіш мостылар. Тракторлардың кейбір түрлерінде ғана жоғарыдағыдан аздаған өзгешелігі болады. Атап айтқанда, ДТ-75 тракторында айналдырғыш моментті арттырғыш қондырғы болады, ал К-701 тракторында ажыратқыш муфта болмайды да, оның қызметін беріліс қорабы атқарады. Т-150 тракторында екі ағынды беріліс қорабы қолданылуына байланысты жүргізгіш мостының қүрылысына бірнеше өзгеріс енгізілген. Осындай өзгешеліктер туралы әрбір механизмді жеке-жеке талдағанда толығырақ тоқталамыз. 

 

1.1. Ажыратқыш муфта   

 Ажыратқыш муфтаның  негізгі қызметі двигатель білігіндегі қуатты трансмиссияға беру болып табылады. Керек кезінде ол двигательден трансмиссияны ажыратып, қайтадан ңосады. Мұндай жағдай трансмиссиядағы беріліс жылдамдығын өзгерткен кезде немесе тракторды тоқтатқан кезде болады. Ажыратқыш муфта двигательден трансмиссияны тракторды тоқтатқан кезде ажыратып, қосқанда біртіндеп қосуды қамтамасыз етуге тиіс. Себебі, трактор орнынан қозғалған кезде оның жылдамдығын бірте-бірте арттырмаса, онда двигатель мен трансмиссия механизмдеріне қалыптан артық күш түскендіктен, олардың сынып, зақымдануы мүмкін.

Ажыратқыш муфталардың бірнеше түрлері болады. Тракторлардағы көп қолданылатын түрі — ол үйкелісті муфта. Мұндай муфталар өзі арқылы берілетін қуатты үйкеліс күші арқылы іске асыратын болғандықтан, оларды үйкелісті муфталар деп атайды. Ол үшін жетекші және жетектелуші бөліктері бір-бірімен жанасады да арасындағы пайда болған үйкеліс күші арқылы бірін-бірі жетектейді.

Ажыратқыш муфта жұмыс  кезінде үйкелістің әсерінен қызады. Ал оның температурасы өте жоғарылап кетсе, оның істен шығуы мүмкін. Себебі, жетекші және жетектелуші бөліктердің үйкелетін беттері үйкеліс әсері өте жоғары арнаулы материалмен қапталады. Ондай материалдар жоғары температура әсерінен күйіп кетуі мүмкін. Сондықтан ажыратқыш муфта бөлшектерін жылуды тез өткізетін материалдардан жасайды. Осыған қосымша оларды ажыраған қалпында немесе жартылай қосылған қалпында ұзақ жұмыс істеуге болмайды. Мұндай кездерде жетекші және жетектелуші бөліктер бір-бірімен үйкеле сырғанайды да тез қызып кетеді.

Ажыратқыш муфта екі бөліктен құралады, олар: бас муфта және басқару механизмі. Бас муфтаның өзі жоғарыда айтылған жетекші және жетектелуші бөліктен құралады, ал басқару механизмі құрылыстарына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Басқару қызметінің негізгі міндеті жетекші және жетектелуші бөліктерді бір-біріне қысатын серіппенің күшін өзгерту болып табылады. Муфтаны ажыратқан кезде серіппе мүлде қыспайды, ал қосылған кезде толық күшімен қысады. Осы екі аралықтағы серіппе жағдайы басқару механизмімен басқарылады.

Ажыратқыш муфтаның басқару  механизмі құрылысына қарай механикалық, гидравликалық, электр магнитті және пневматикалық болып бөлінеді. Осы аталған аттарының өзі-ақ олардың жұмыс принципін анықтайды, яғни қозғалыс басқару педалінен ажыратқыш қондырғыға қандай жолмен жеткізілетіндігіне байланысты. Бұлардың ішіндегі тракторларда көп таралған түрі — механикалық басқару механизмі. Бұл механизм муфтаны басқаратын педальді ажыратқыш қондырғымен механикалық рычагтар мен тізгіндер арқылы жалғастырылады. Мұның құрылысы қарапайым болып келеді, жұмыста сенімділігімен қатар кемшіліктері де бар. Көбінесе рычагтар мен тізгіндердің майысуына байланысты оларды жиі-жиі тексеріп, дер кезінде реттеп отыруды қажет етеді.

Ажыратқыш муфтаны жетектелуші дискінің санына қарай бірнеше түрге бөлуге болады. Ең бірінші берілетін қуат ағынының санына қарай бір немесе екі ағынды муфталар деп бөледі. Бір ағынды муфтада қуат двигательден трансмиссияға ғана беріледі, ал екі ағынды муфтада осыған қосымша қуат алу білігіне де беріледі. Ондай қуат алу білігі арқылы ауыл шаруашылығы машиналарының жұмысшы мүшелерін іске қосады.

Екі ағынды муфталар басқару механизмінің құрылысына қарай жеке немесе бірге басқарылатын муфталар болып екіге бөлінеді. Жеке басқарылатын муфтада трансмиссия мен қуат алу білігі бір-біріне байланыссыз жеке-жеке педальмен басқарылады. Дәлірек айтқанда, трактордың жүрісін тоқтатса да қуат алу білігі айнала береді. Мұндай ажыратқыш муфта Т-40 тракторында қолданылады.

Бірге басқарылатын екі ағынды муфта ЮМЗ-6 тракторында қолданылады және ол бір ғана педальмен басқарылады, яғни бас муфтаны ажыратқанда, қуат алу білігі де тоқтайды.

Ажыратқыш муфта жетектелуші дискінің санына қарай дара немесе көп дискілі муфталар болып бөлінеді. Ондай жетектелуші дискінің саны берілетін қуатқа байланысты. Қуатты тракторларда көп дискілі, қуаты аз тракторларда дара дискілі муфталар қолданылады. Олардың жұмысында айтарлықтай өзгешелік болмайды.

Муфтаны ажыратқан кезде оның білігін тез тоқтату үшін арнаулы тежеуіш ңондырғы қойылады. Ол тек муфтаны ажыратқан кезде ғана іске қосылады.

Жоғарыда айтылғандай, басқару  механизмдері қазіргі тракторларда көбінесе біріктіріліп қолданылады, яғни олардың негізгісі механикалық механизм де, оған ңосымша гидравликалық немесе пневматикалық механизмдер қойылады. Ондағы мақсат муфтаны ажырату немесе қосуға байланысты тракторшының жүмысын жеңілдету болып табылады. Мысалы, Т-150К тракторы-ның муфтасын басқаратын механизмге пневматикалың, Т-4А тракторына — гидравликалық күшейткіштер қолданылады. Осылардан басқа тракторларда (Т-150, ДТ- 75, МТЗ-80/82, Т-40М және Т-40М) механикалық күшейткіштер қолданылады. Ондай механизм муфтаны ажыратар кезде ажыратқыш қондырғыға қажет күшті арттырады.

Енді төменде осы ажыратқыш муфталардың жұмыстарын реттеуге тоқталамыз.

Олардың негізгі көрсеткіштері мен реттелетін шамалары 3.1, 3.2-кестелерде көрсетілген.

Трактор муфтасының түрлеріне  қарай төмендегідей реттеулер жүргізіледі: 1) қайтаратын рычаг ұштарының барлығы бір деңгейде болатындығы; 2) басқару педалінің бос жүрісі немесе қайтаратын рычаг ұштары мен ажыратқыш подшипник аралықтарындағы саңылау; 3) тежеуіш қондырғының іске қосылу кезеңі; 4) егер муфта көп дискілі болса, онда ішкі жетекші дискілердің жүріс мөлшері.

Екі ағынды муфталарды олардың басқару механизмдерінің құрылысына қарай реттейді. Мысалы, екі ағынды муфта жеке-жеке басқарылатын болса, онда әрбір муфтаны өзінше бөлек реттейді, ал бірге басқарылатын болса, онда оларды өзара байланыстыра реттейді.

Муфта жұмысын реттеуді МТЗ-80 тракторында қолданылатын муфтаны мысалға алып түсіндіреміз (3.1-сурет).

Муфтаның жетекші бөлігіне маховик (1) беті мен қысқыш диск (9) жатады. Бұл бөлік двигательдің иінді білігіне берік етіп бекітілген және онымен бірге айналады. Қысқыш дискінің құлақшаларына қайтарғыш рычаг (3) топсалы түрде жалғасқан және реттеуіш винттер (4) арқылы тірек дискісіне (8) жанасып тұрады. Осыларға қосымша қысқыш диск пен тірек дискінің аралығына серіппелер ңойылған. Қалыпты жағдайда қысқыш дискіні серіппелер итеріп тұрады.

Ажыратқыш муфтаның жетектелуші бөлігінде жетектелуші диск (2) пен оның білігі (11) орналасқан. Олар өзара шлицалы тістермен жалғасқан, яғни жетектелуші диск айналған кезде өзімен бірге білікті де айналдырады. Шлицалы жалғасудың арқасында жетектелуші диск білік бойымен жылжи алады. Оған ажыратқыш подшипник (5) пен оның корпусы жатады. Подшипник корпусы айыр рычаг арқылы басқару тұтқасымен (3.2-сурет) жалғасады. Муфта білігінің соңында тежеуіш қондырғы (6) (3.1-сурет) орнатылады да, басқару тұтқасы (13) (3.2-сурет) арқылы муфта тұтқасымен (9) жалғасады.

Жетектелуші диск (2) арнаулы тұғырға (10) (3.1-сурет) шегеленіп бекітілген болат дискіден құралады, ал ол дискінің екі бетіне үйкелісі жоғары материал шегеленіп бекітіледі. Дәл сол сияқты материалмен тежеуіш қондырғының (6) беті де қапталады. Ажыратқыш қондырғы (5) муфта білігіне бос кигізілген. Сондықтан ол білікпен бірге айналмайды. Ал муфтаның басқару тұтқасын қозғаған кезде білік бойымен ілгері-кейін жылжи алады. Тежеуіш қондырғының бір бөлігі муфта білігімен берік жалғасқан, ал екінші бөлігі қозғалмайтын подшипник корпусына бекітілген.

Муфтаның жұмысы мынадай жолмен атқарылады. Алғашқы қалпында муфта үнемі қосулы тұрады, яғни бұл кезде ажыратқыш қондырғы (5) (3.1-сурет) қайтарғыш рычаг (3) ұштарымен жанаспайды. Олай болса, серіппелердің (7) күшімен қысқыш диск (9) жетектелуші дискіні (2) маховик (1) бетіне қарай қосып тұрады. Сөйтіп двигатель маховигіндегі айналыс жетектелуші диск арқылы муфта білігіне беріледі де, әрі қарай трансмиссияға жеткізіледі.

Муфтаны ажырату үшін басқару педалін (1) (3.2-су-рет) итереді. Осы кезде басқару механизмі арқылы ажыратқыш қондырғы (5) (3.1-сурет) қайтарғыш рычагтарының (3) ұштарымен жанасады да, оларды бірге итереді. Бұл рычагтар реттеуіш винттері (4) арқылы тірек дискісіне (8) тірелгендіктен оның екінші топсалы ұшы кері жылжиды да қысқыш дискіні (9), серіппелерді (7) қысып, кері жылжытады. Сөйтіп жетектелуші диск (2) босайды. Олай болса, маховик айналысының муфта білігіне берілуі тоқталады, яғни муфта ажыратылады. Муфта ажыраған кезде, оның тұтқасымен жалғасқан тежеуіш қондырғы да іске қосылады да, муфта білігін тоқтатады. Муфтаны қайтадан іске қосу үшін педальді қайтадан қоя береді.

Тракторлардың ажыратқыш  муфталары осы айтылған ретте жұмыс атқаруы үшін олардың жұмысын тексеріп, тиісті кезінде реттеп отыру қажет. Ең бірінші муфтаны құрастырғанда, оны двигательге орнатқан кезде немесе реттеу жұмыстарын жүргізгенде қайтарғыш рычагтарының ұштарының бір деңгейде болатындығын реттейді. Егер олай болмаса, онда оның реттеуіш винті арқылы бірдей болатындай жағдайда келтіреді. Құрастыру кезінде рычаг ұштарының қашықтығын қысқыш диск арқылы, ал тракторда тұрған кезінде ажыратқыш қондырғының подшипнигінен қашықтығын өлшеу арқылы олардың бір деңгейде екендігін анықтайды.

Қайтару рычагтарының бір деңгейде екендігі дұрыс реттелмесе онда муфтаның жұмысы бұзылады. Себебі, кейбір рычагтар қысқыш дискіні кері қарай көп, ал кейбіреулері аз жылжытады. Соның салдарынан муфта толық ажырамайды. Тежеуіш қондырғыға көп күш келгендіктен: олар қызып, күйіп кетуі мүмкін. Оның үстіне муфта толық ажырамағандықтан ол да қызады.

Қайтарғыш рычагтарды реттегеннен кейін басқару педалінің бос жүрісін тексереді. Ол 3.1, 3.2-кестелерде көрсетілген мөлшерде болуы керек. Керісінше болса, реттеуді қажет етеді. Себебі, бос жүріс мөлшері аз болғандықтан ажыратқыш қондырғының подшипнигі қайтарғыш рычаг ұштарына тиіп қалады да, қысқыш дискінің жетектелуші дискіні толық қысуына мүмкіндік бермейді. Соның салдарынан муфтаның дискілері жұмыс кезінде өзара сырғанайды да, тез тозады және қызып кетеді. Басқару педалінің бос жүрісі мөлшердегіден көп болған жағдайда муфта толық ажыратпайды да тежегіш қондырғыны тез тоздырады, трасмиссиядағы жылдамдықты ауыстыру қиындайды.

Информация о работе Трансмиссия және оның түрлері