Трансмиссия және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 21:45, реферат

Краткое описание

Трансмиссия деп двигательдің білігіндегі қуатты қозғағыш доңғалақтарға жеткізетін механизмді атайды. Осы механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғағыш доңғалаққа жеткізу болып табылады. Себебі, тракторды жүргізу үшін оның доңғалағына үлкен күш түседі, ал сол күшті айналдырғыш момент тудырады. Двигатель білігінен ондай қажет мөлшердегі момент алынбайды, ал оны тракторды жүргізуге пайдалану үшін бірнеше есе трансмиссияның көмегімен арттырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

трансмиссия және.docx

— 37.00 Кб (Скачать документ)

Басқару педалінің (1) (3.2-сурет) бос жүрісі ажыратқыш қондырғы (5) (3.1-сурет) мен қайтарғыш рычаг (3) аралығындағы саңылауға байланысты. Ол саңылау көп болса, бос жүріс те көп болады. Көрсетілген саңылауды өзгерту үшін, оларды өзара жалғастыратын тізгін (8) (3.2-сурет) ұзындығын өзгертеді. Тізгін ұзындығы азайған сайын саңылау азаяды немесе керісінше.

Басқару педалінің бос  жүрісін реттегеннен кейін, тежеуіш қондырғының жұмысын реттейді. Ол үшін оны жалғастыратын тізгінді (11) (3.2-сурет) муфта тұтқасынан (9) ажыратады. Енді тежеуіш қондырғының тұтқасын (13) сағат тіліне қарсы тірелгенше бұрады да тізгінді бұрандалы жалғағышы арқылы ұзартып, орнына қайтадан бекітеді. Енді тізгіннің (11) ұзындығын өлшеп алып, сол бұрандалы жалғағыш (12) арқылы қайтадан7 ммшамасында қысқартып, орнына бекітеді. Осы кезде тізгін серіппесінің (10) ұзындығы35 мммөлшерінде болуға тиіс.

Басқару педалінде күшейткіш қондырғысы бар кейбір тракторларда (Т-150К) бос жүрісті реттеудің аздаған өзгешелігі болады. Егер бос жүрісті шамалы ғана өзгерту керек болса, онда жоғарыдағыдай тізгіннің (16) (3.3-сурет) ұзындығын өзгерту арқылы ретке келтіреді. Ал муфта дискілері көбірек тозғандықтан жұқарып кетсе, онда педальдің бос жүрісін тізгін арқылы реттеуге мүмкіндік болмайды. Себебі, мүндай жағдайда ажыратқыш қондырғы (6) стакан (5) қырына тиіп қалады да, әрі қарай жылжи алмайды. Енді муфтаны алғашқы қалпына келтіру үшін төмендегі реттеу жүмыстарын жүргізеді.

Муфта сыртында жасалған терезе арқылы, двигатель арқылы маховикті айналдыра отырып, құлыпталушы серіппенің (8) бұрандамасын (9) біртіндеп кезекпен босатады. Содан кейін реттеуіш гайканы (7) бір жарым айналысқа шығара бұрайды. Бұл гайканың бір қырына бұрғанда қайтарғыш рычагтардың (11) сақинасы (12)1,1 мммөлшерінде ілгері жылжиды. Осылайша реттеуіш гайкаларды кезекпен босатып шыққаннан кейін ажыратқыш қондырғының подшипнигі (6) мен сақина аралығындағы саңылау 11-13 миллиметрге жетуі тиіс. Енді басқару педалінің бос жүрісін тізгін (16) арқылы реттей беруге болады.

Көп дискілі муфталарда (ДТ-75) негізгі қысқыш дискімен қоса аралық қысқыш дискі қойылады. Егер оның кері кету мөлшерін реттемесе, онда ол муфтаны ажыратқан кезде өзінің сырт жағында орналасқан жетектелушт дискіге ңысылады да, толың ажыратуға кедергі жасайды.

Осы жағдай орын алмас үшін аралық қысқыш дискінің кері жүрісін шектеп түратын бүрандама қойылады. Ондай бұрандама тірек дискісіне бұралып кіреді де, қосалқы гайкамен бекітіледі. Аралық дискінің жұмысы қалыпты болу үшін сол тірек бұрандамасының қосалқы гайкасын босатып, тірелгенше кіргізе бұрайды. Ол аралық дискіге тірелгеннен кейін кері қарай бір жарым айналысқа шығара бұрайды да, қосалқы гайкасын бекітеді. Осы кезде аралық қысқыш диск мен тірек бұрандамасының аралығындағы саңылау1,5 мммөлшерінде болады. Сөйтіп, муфтаны ажыратқан кезде аралық қысқыш диск бар болғаны кері қарай1,5 ммғана жылжиды да, сыртындағы жетектелуші дискіге қысылмайды.

Тракторлардың муфталарын осылайша реттегеннен кейін қалыпты жұмыс істеуі тиіс. Бірақ жұмыс кезінде оның дискілерінің тозуына байланысты көрсетілген саңылаулар өзгеріп кетеді. Сондықтан муфтаның жұмысын үнемі қадағалап отыру қажет.

1.2. Беріліс қорабы      

 Беріліс қорабының негізгі қызметі — трактор жұмысына қарай оның жылдамдығын өзгертіп отыру болып табылады. Тракторға түсетін күш көп болған кезде жылдамдықты азайтады да, соның есесінен оның күшін арттырады. Ол үшін беріліс қорабының көмегімен двигатель мен қозғаушы доңғалақ аралығындағы беріліс қатынасын өзгертеді. Осы беріліс қатынасы көп болса, доңғалақтың айналысы азаяды да, оның есесіне айналдырғыш моментін арттырады.

Ауыл шаруашылығы тракторларында осындай беріліс қатынасын өзгерту үшін механикалық сатылы беріліс қорабы пайдаланылады. Ол қораптың механикалық деп аталатын себебі, онда механикалық берілістер (көбінесе шестернялы берілістер) қолданылады, ал сатылы болу себебі — жылдамдықты бірте-бірте емес, бір сатыдан екінші сатыға бірақ өзгертеді.


Информация о работе Трансмиссия және оның түрлері