Несиенің мәні және оның түрлері
Реферат, 03 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Содержание
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Несие мәні және қажеттігі
Несие нысандары,олардың жіктелуі
Ссудалық пайыз
Тұтыну несиесі
Ипотекалық несие
Қорытынды
Прикрепленные файлы: 1 файл
реферат.docx
— 45.87 Кб (Скачать документ)Несиенің мәні және түрлері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
- Несие мәні және қажеттігі
- Несие нысандары,олардың жіктелуі
- Ссудалық пайыз
- Тұтыну несиесі
- Ипотекалық несие
Қорытынды
Несие — нарықтық
экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін
білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте,
сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар
құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің
яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер
барысында толық сақталатын көрінісін
білдіреді.Несие берушілер мен қарыз алушылар
арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен
де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.
- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден
қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін
несиені білдіреді.Банктік несие — бұл
экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардын, нысаны болып табылады.
Банктік несие бойынша несиелік қатынастың
құралына несиелік шарт немесе несиелік
келісім жатады. Банктік несиеде несие
беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері
болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен
немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген
занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз
берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде
табыс алу.
I. Қарыз алушылар
1. Қаржылық институттарга берілетін несиелер:
- макқатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы-несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау-сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
- кепіл-хатпен;
- кепілдемемен;
- кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
- сенім (бланктік)несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2. Кумәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасында.
VII. Берілу шартына қарай:
- Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Ипотекалық несие—бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:
- тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;
- түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;
- тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер
Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қыска мерзімді несие.
Банкаралық несие—банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Овердрафт (ағылш. оvеrdraft — жоспардан жоғары) — клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны.
VIII. Несиелеу объектісіне қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдык үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Ссудалық пайыз.Ссудалық пайыз тауар өндірісі мен несиелік
қатынастардың даму жағдайында пайда
болады. Ссудалық пайыз несиесіз өмір сүре алмайды.Ссудалық
пайыз — уақытша пайдалануға берілген
құнның бағасын білдіреді.
- несиені пайдаланғаны үшін төлем;
- несиеге есептелетін үстеме ақы; несие берушінін, шығыстарының орнын толтыру тәсілі.
Ссудалық пайыз банк пайдасының
көзі болып табылады. Сондықтанда
банктер пайыз сомасын толық
және уақтылы алғанды қалайды. Ссудалық
пайыз есебінен банктер депозиттерге пайыз төлейді. Несиеден алатын
ссудалық пайыз бен депозитке төлейтін
пайыздың арасындағы айырма банктің маржасын
білдіреді.
- бөлу;
- ссудалық капиталды өсіру.
Бөлу қызметі жаңадан
құрылған кұнды не пайданы бөлуді сипаттайды.Пайыз
арқылы пайданы бөлу меншік иесінің ауысуын
баяндайды, яғни қарыз алушы өзінің тапқан
пайдасының бір бөлігін кредитордың пайдалануына береді.
- Базалық мөлшерлеме — мұндай пайызбен несиені банктер өздерінің сенімді қарыз алушыларына, не бірінші класты клиенттерге береді.
- Пайызды есептеу тәсіліне карай ссудалық пайыздың мынадай түрлері қолданылады:
- жай пайыз мөлшерлемесі — несиенің мерзімі ішінде бір капитал сомасына есептелетін пайызды есептеу әдісі;
- күрделі пайыз мелшерлемесі — әрбір есептік мерзімді алдағы мерзімнің капиталына есептелетін пайыздық төлем.
Қазіргі уақытта банкаралық
қатынастардың дамуы тұсында
банктер бір-бірінен несие алу
және бір-біріне несие беру қатынастары
дамып отыр. Осындай ссудалық пайыздың
түрлеріне ЛИБОР — лондон банкаралық мөлшерлемесі, ПИБОР — париж банкаралық мөлшерлемесін
жатқызуға болады. Ішінде еңтанымалы ЛИБОР
- лондон банкаралық мөлшерлемесі. Мұндай
жағдайда ЛИБОР мөлшерлемесіне маржа
қосылып несиелік мәміле жүзеге асырылады.АҚШ тәжірибесінде ПРАМ-РЕЙТ банкаралық мөлшерлеме қолданылады.
Бұл ресми банкаралық мөлшерлемеден өте
жоғары, бірақ ұсақ және орта фирмаларға
беретін несие бағасынан төмен.