Қаржылық және коммерциялық тәуекел

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2013 в 19:50, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, қаржылық тәуекел түрлері жазылған.Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз болады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................................3
I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ
СИПАТТАМАСЫ............................................................................................6
1.1 Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері..............................................................6
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі..................................................................9
1.3 Кәсіпорынның коммерциялық тәуекелі.........................................................17
2.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ...................18
2.1 Кәсіпорындағы тәуекелді басқару стратегиясы............................................18
2.2 Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру.......................................................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Ардак.doc

— 229.00 Кб (Скачать документ)

Кесте 2. Қаржы тәуекелдерін басқаруының негізгі міндеттерінің жүйесі

 

Қаржылық  тәуекелдерді басқарудың негізгі мақсаты

Қаржылық  тәуекелдерді басқарудың

негізгі міндеттері

Кәсіпорынның  даму процесінде және нарықтық бағаның  төмендеуін тоқтату негізінде қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  1. Кәсіпорын  қызметінің көтерілген қаржы тәуекелдерінің сферасын анықтау.
  2. Мүмкін болатын және тәуекел оқиғаларына әр жақты объективті баға беріп, олармен байланысты мүмкін болатын қаржылық жағдайлар.
  3. Қаржы операциясының қарастырылатын табыс деңгейіне байланысты қаржы тәуекуел деңгейін төмендетуін қамтамасыз ету.
  4. Тәуекел оқиғаның басталу кезінде мүмкін болатын қаржы тәуекелдерінің алдын алу.

 

Кәсіпорынның  қаржылық тәуекелдерін басқару кезеңдері

 

1.

Қаржы тәуекелдерін басқаратын ақпараттық базаны құру

2.

Қаржы тәуекелдерін идентификациялау

3.

Қаржы тәуекел  деңгейінің бағасы

4.

Қаржы тәуекелінің  бастапқы кезең дең. төмендету амалдарын  бағалау.

5.

Тәуекелдік  шешімдерін қабылдағанда талаптар жүйелерін  жасау

6.

Тәуекел шешімдерді қабылдау

7.

Қаржы тәуекелдің мүмкін болатын тері с нәтижелерін  алдыру амалдарын таңдау мен іске асыру

8.

Қаржы тәуекелдерінің мониторингі мен тексерілуі


 

1.        Қаржы тәуекелдерін басқаратын ақпараттық базаны құру. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқарудың тиімділігі көбінесе пайдаланылатын информациялық базаға байланысты. Жүргізілетін қаржылық операцияның түріне және қаржылық қызметінің жеке багыттарына сәйкес информациялық база құрылады. Құрылған информациялық базаның сапасын бағалау процесінде жеке тәуекелдерді айқындау үшін оның қалыңдығы тексеріледі; қажетті динамикалық қатарларды және қажет етілегін топтастырулар тұрғызу мүмкіндігі; информацияның пайда болу көзінің сенімділігі. Кәсіпорын пайдаланылатын толық емес немесе сапасыз информациялық база бүкіл тәуекел-менеджменттің тиімділігін төмендетеді.

2.   Қаржы тәуекелдерін идентификациялау. Бұл үрдіс келесі сатылардан тұрады:

   Бірінші сатыда - жалпы кәсіпорынның қаржы қызметімен байланысты тәуекел факторларын идентификациялайды. Бұл идентификациялау үрдісінде факторлар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

   Екінші сатыда - қаржылық қызметінің әр бағытына қарай оларға байланысты сыртқы немесе жүйелік қаржы тәуекелдер түрлері анықталады.

  Үшінші сатыда - жеке қаржылық қызметінің түріне немесе қойылған қаржылық операцияларына байланысты ішкі немесе жүйелі емес қаржы тәуекелдерінің тізімі анықталады(қаржы тұрақтылықтың төмендеу тәуекелі, кредиттік тәуекел ).

   Төртінші сатыда – кәсіпорынның қаржылық қызметіне байланысты жалпы қаржылық тэуекел портфелі құрылады (мүмкін болатын жүйелік және жүйелік емес қаржылық тәуекелдерін қосады).

        Бесінші сатыда - индентификацияланған қаржы тәуекелдер портфеліне негізделіп ең тәуекелді түрлер мен кәсіпорынның қаржылық қызметінің бағытының сфералары анықталады.

3.     Қаржы тәуекел деңгейін бағалау. Тәуекел-менеджмент жүйесінде бұл кезең ең қиын болып келеді, ол заманға сай әдістемелік құралдар пайдалану, қаржы менеджерлерінің жоғары деңгейлі техникалық және программалық қамтылуды қажет етеді және де керек кезінде мамандырылған эксперттерді байланыстырады.

   Бірінші сатыда  идентификацияланған әр қаржы тәуекел түрі бойынша мүмкін пайда болатын тәуекел оқиғаны анықтайды. Бірінші мақсатқа байланысты бағалаудың кең әдістемелік құрылғылары пайдаланылады, олар бәсекелестік жағдайда бұл мүмкіндік деңгейін бағалай алады. Жеке бағалау амалдарын таңдауы келесі факторлармен анықталады:

  • қаржы тәуекел түрімен;
  • информациялық базаның кемдігі мен шындығы;
  • бағалауды жүзеге асыратын қаржылық менеджерлерінің 
    мамандырылған деңгейіне байланысты;
  • қаржылық менеджерлерінің техникалық және программалық 
    қамтылуы, мұндай бағалауды жүргізу үшін заманға сай 
    компьютер технологияларды пайдалану;
  • күрделі қаржылық тәуекелдерді бағалауға мамандырылған 
    эксперттерді тартуы мүмкіндігі.

        Екінші сатыда - тәуекелді оқиға келгенде мүмкін болатын қаржылық зиянның мөлшері анықталады.

  Қаржылық менеджментте тәуекелді жағдай пайда болғанда қаржылық жоғалтуларға сәйкес келесі қаржылық операциялардың тәуекелді аймақтарға топтастырылады.

а)    Тәуекелсіз аймақ. Бұнда жүзеге асыралатын операцияның 
тәуекелсіздігінен мүмкін болатын  қаржылық жоғалтулар олар 
бойынша   болжамданбайды.   Бұндай   қаржылық   операцияларға 
хеджирлеу, қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларды инвестициялық қаржыландыру және т.б.;

ә)     Болатын тәуекелді аймақ. Есептік жалпы табыс көлемінде қарастыратын қаржылық операция бойынша мүмкін болатын жоғалтулар;

б) Кризистік тәуекел аймағы. Есептік жалпы пайда көлемінде 
қарастыратын  қаржылық операция   бойьшша  мүмкін  болатын 
жоғалтулар.

в)   Қауіпті тәуекел аймағы. Жалпы меншікті қаржы көлемінде   қарастыралатын   қаржы   операцияның   мүмкін   болатын жоғалтулары.   Бұндай  қаржылық операцияланың  нашар  қорытындысы кәсіпорынды банкротты жағдайға әкеледі,

  Үшінші сатыда - тәуекелді жағдайдың басталу мүмкіндігін ескеріп және сонымен байланысты қаржылық зиянның, жеке қаржылық операциялар бойынша немесе жеке каржылық қызметінің түрімен мүмкіндігі бойынша жалпы қорытынды қаржылық тәуекел деңгейі анықталады.

4.          Қаржы тәуекелінің бастапқы кезең деңгейін төмендету амалдарын бағалау.

  Бірінші сатыда - қарастыратын қаржылық тәуекелдерінің басқару деңгейін қарастырады.

        Екінші сатыда - қарастырылатын тәуекелдерді сақтандыру компанияларға жіберу мүмкіндігін қарастырады.

       Үшінші сатыда - жеке қаржылық тәуекелдер деңгейін төмендетуін қамтамасыз ететін кәсіпорынның ішкі қаржылық мүмкіндіктері бағаланады.

  1.      Тәуекелдік шешімдерін қабылдағанда талаптар жүйелерін 
    жасау. Кәсіпорынның қаржы философиясына негізделетін, оның қаржы қызметінің басқару саясатын ескеріп жүйені құру.
  2.      Тәуекел   шешімдерді   қабылдау.    Қаржылық   тәуекелдің бастапқы деңгейін бағалау  негізінде, оны төмендету  мүмкіндігі тәуекелді шешімді қабылдау процесі екі баламаға келеді 
           - қаржылық тәуекелді қабылдау және оны болдырмау.
  3.       Қаржылың тәуекелдің мүмкін болатын теріс нәтижелерін алдыру амалдарын талдау және іске асыру.
  4.       Қаржы тәуекелдерінің мониторингі мен тексерілуі. 
           Кәсіпорынның қаржы тәуекелдер мониторингі келесі блоктардан 
    тұрады:
  • қаржылық тәуекелдерге әсер ететін факторлар мониторингі;
  • қаржылық   тәуекелдерін   теріс   нәтижелерін   болдырмау 
    бойынша шараларды жүзеге асыру мониторингі;
  • қаржылық тәуекелдерді басқарумен байланысты бюджетті 
    шығындар мониторингі;
  • тәуекелді қаржылық операциялар мен қаржылық қызмет 
    түрлерінің нәтижелерінің мониторингі.

 

 

2.2 Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру

Тәуекелдік дегеніміз - мүмкін болатын қауіпті шығындары. Қаржылық менеджерге тәуекелдік - бұл қолайсыз мүмкіндігі.

Тәуекелдік-бұл экономикалық дәреже, ол болатын немесе болмайтын оқиғаны көрсетеді. Оқиға болатын кезде, 3 экономикалық нәтиже болуы мүмкін:

- жарамсыз ( зиян, залал, ұтылыс);

  • нөлдік;
  • ұнамды (ұтыс, тиімділік, пайда).

       Тәуекелдік - қаржылық дәреже де болады. Сондықтан, тәуекелдіктің көлемі мен дәрежесіне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Осындай әсер ету қаржылық менеджменттің тәсілдері мен ерекше стратегияның көмегімен орындалады.

      Стратегия мен тәсілдер жиынтығы тэуекелдікті басқару механизмін ұйымдастырады, яғни тәуекелдік - менеджментті.

       Тәуекелдік - менеджменттің негізгі функциялары: болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру және бақылау. Тәуекелдік - менеджменттің құрамына басқару тактикасы мен стратегиясы кіреді.

       Стратегия - бұл дұрыс және тиімді болжауға негізделген басқару және жоспарлау өнері. Тәуекелдік - менеджмент стратегиясының ережелері келесі:

-ұтысты барынша көбейту: капитал салымдарының мүмкін болатын тәуекел нұсқалардың ішінен ең тиімді нәтиже беретін нұсқа таңдалады, яғни инвестор үшін ең аз тәуекел жағдайында кірісті барынша көбейту нұсқасы;

-нәтиженің оңтайлы ықтималдығы: ықтимал нәтиже инвестор үшін тиімді жэне қаржы менеджерін қанағаттандырады.

-Мысалы, тәуекел капитал салымының екі  нұсқасы  беріледі:

-бірінші нұсқа бойынша пайда 1 млн теңге, ықтималдық 
-0,9;

-екінші нұсқа бойынша пайда 1,8 млн теңге, ықтималдық 
- 0,7.

Нәтижелерді салыстыру барысында екінші нұсқада пайда 80% көп, ал оны алу ықтималдығы 20% төмен (бірінші нұсқамен салыстырғанда). Менеджер өзін қанағаттандыратын екінші нұсқаны таңдайды;

Тәуекелділік жағдайында шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған мақсаттар жету стратегиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді басқару теориясы мен практикасымен тәуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негізқалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.

Тәуекелдерді талдаудан  кейін осы тәуекелдерді басқару  әдістерін талдау қажет. Әрине бұл  процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.

       Тәуекелді төмендету – тәуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.

       Тәуекелді басқару жүйесінің қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды басқару жүйесінде құрылымдық бөлімше – тәуекелді басқару бөлімшесін құруды қарастырады. Бұл бөлімше міндетті түрде тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.

        Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.

         Кәсіпорынның тәуекелді басқару бөлімшесі бірнеше топтардан тұруы қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін әр топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: ең алдымен  - антитәуекелділік басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша, өндіріс бойынша маман.

       Кәсіпорынның басқармасы тәуекелді басқару мәселелерін шешуде басты орын алады, өйткені ол тәуекелді төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды.

        Тәуекелді басқару бойынша шараларды тікелей өткізу кәсіпорынның негізгі өндірісітік  және басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс әкелмейтін шығыстарды талап етеді.

      Сондықтан тәуекелді басқару бойнша соңғы шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.

       Қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде қызығушылық тудыратын кез келген кәсіпорын өзі үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

- қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды бағалау;

- фирма белгілі бір тәуекелдерді өзінде қалтыра ма, яғни олар бойынша өзі жауапты бола ма, не олар бойынша жауапты басқа субъектілерге беретіндігі туралы шешім қабылдауы тиіс;

Информация о работе Қаржылық және коммерциялық тәуекел