Қаржылық және коммерциялық тәуекел

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2013 в 19:50, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, қаржылық тәуекел түрлері жазылған.Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз болады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................................3
I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ
СИПАТТАМАСЫ............................................................................................6
1.1 Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері..............................................................6
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі..................................................................9
1.3 Кәсіпорынның коммерциялық тәуекелі.........................................................17
2.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ...................18
2.1 Кәсіпорындағы тәуекелді басқару стратегиясы............................................18
2.2 Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру.......................................................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Ардак.doc

— 229.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

  КІРІСПЕ.........................................................................................................................3

I.  КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ

СИПАТТАМАСЫ............................................................................................6

1.1 Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері..............................................................6

1.2 Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі..................................................................9

1.3 Кәсіпорынның коммерциялық тәуекелі.........................................................17

2.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ...................18

2.1 Кәсіпорындағы тәуекелді басқару стратегиясы............................................18

2.2 Кәсіпорындағы қаржылық және коммерциялық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру.......................................................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қонақ үй кәсіпорындарындағы басқару мен ұйымдастыру  проблемаларының  зерттеу актуальділігі қазіргі уақыттағы нарық қатынасындағы менеджменттің ерекше маңыздылығы мен қонақ үй бизнесінің интеграциясы. Қонақ үй индустриясындағы даму этапы жоғары бәсекелестік ортамен сипатталады, ол жерде тиімді емес басқару технологиясын және ескірген әдісін ығыстырады. Қонақ үй шаруашылығын жүргізген әлем тәжірибесі, конақ үй кәсіпорындарының іс-әрекетін нәтижелі ету мақсатымен, қонақ үй саласындағы кәсіпорындардың пайда болуына, басқару процессін құруы мен жетілдірілуіне себепші болды және жоғары кіріс алу үшін менеджменттің әдістері мен негізгі формаларын жетілдірді.  Қонақ үй кәсіпорындарындағы басқаруды жетілдіру өкіметтің шамалы қолдауымен шектеледі, қаржыландырудың жеткіліксіздігі, мамандандырылған басқару персоналдарының жеткіліксіздігі және де басшылықтардың мотивациясының жоқтығы. Қонақ үй кәсіпорындарының басқармалары, қазіргі заманғы қонақ үй кәсіпорындарын нәтижелі басқаруына, басқару процессіне басқарудың жаңа әдісі мен технологияларын енгізуді талап етеді, сонымен қатар басқару персоналдарының мамандану деңгейін көтеруді қажет етеді. Көп басылымдар, қонақжайлық индустриясындағы менеджменттің түрлі аспектілеріндегі түрлі тәсілі, осы бағыттағы эмпирикалық және зерттеу жұмысы, осы мәселелердің маңызды екеніне куә және қонақ үй саласындағы менеджменттің тәжірибелі маңызының өсуін растайды.       Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән.  Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың  пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

Тәуекелсіз кәсіпкерлік  болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.

Өз нарықтық қызметте қате жіберуден  қорықпау өте маңызды, өйткені олардан  ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру. Нарықтық экономика жағдайында  өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе  аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.

 Тақырып өзектілігі-осы жасалған курстық жұмыс “Қаржылық және коммерциялық тәуекел ” осы тақырып аясында болып келеді. Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық және коммерциялық мазмұны туралы сипаттамалар көрсетілген.

Тақырыптың міндеті-кәсіпорын қаржысы бұл кәсіпорынның негізгі тіршілік айналымы бірі болып келеді. Қазіргі таңда кәсіпорын қаржысы өзгерістерге түсіп жатыр. Бұл өзгерістер кәсіпорынның оңдалуын, талдау жүргізуге жеңіл болу үшін көмегін тигізеді.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты  – коммерциялық және қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын  мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін  басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, қаржылық тәуекел түрлері жазылған.Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз болады.

Бұл курстық жұмыстың барысында                                       зерттеу жұмыстарынан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.  ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ

1.1. Тәуекел мәні, мазмұны  және түрлері

   Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Тәуекелділік    қандайда    бір    жағымсыз жағдайдың  болуының мүмкіндігін  көрсетеді.   Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын (қаупі),   қызметті  жүзеге   асыру нәтижесінде табыстардың  толық  алынбауын  немесе  қосымша  шығындардың пайда болуын білдіреді.

 Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Кертартпа басшылар жаңалықтарға бейімделмеген, әдетте олар қандай да бір тәуекелден қашуға тырысады. Икемді басшылар, егер тәуекелділік ерікті болып, ал орындаушылар өз ісінің маманы болса, олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады.

  Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.

   Нарықтық зкономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.

  Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджирлау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.

Өзін-өзі сақтандыру меншікті  қаражаттардың бөлігінің  есебінен  зиянды   жабу  және   ойда   боямаған   шығындарды   жабуға    қаражат    жинақтаумен    байланысты. Құны   фирманың   қаржы   көсеткіштерімен  салыстырғанда аса көп  емес  мүліктің немесе бір типті мүліктің көп   мөлшерін   жоғалту   қаупі   төнгенде,   ішкі   шаралар көмегімеи өзін-өзі сақтандыру орынды болады.

   Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі -хеджирлау (аудармасы - жоғалтулардан сақтау), қарсы валюталық, коммерциялық, несиелік және басқа талаптар мен міндеттерді даярлау. Бірақ, тәуекелдің көп бөлігі (менеджерлердің қатесі, бағаның өзгеруі, сұраныс, дұрыс таңдалмаған жоба ) кәсіпкерлерге жүктелген. Жағдайларды болжап, кәсіпкерлік тәуекелді бағалауды үйрену керек.

   Кәсіпкерлік тәуекел - бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық (несиелік) тәуекелді жатқызуға болады.

   Өндірістік тәуекел - бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен басқа да түрлі өндіріс қызметтің жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердін қатесі, көтеріңкі аударым  сомалары мен салықтарын төлеу.

  Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестек әрекеті. Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарылауы, кредиторларға тәуелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жұмсау.

   Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар эмиссиясы.

  Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің құрамдастарын ажырата білу керек: несиелік, пайыздық, валюталық айрылып қалған пайда тәуекелі, инвестициялық тәуекел, салықтық тәуекел.

   Несиелік капитал нарығының қатысушылары қаржылық тәуекел деп әдетте клиенттің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай алмау қаупінен туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір түрін түсінеді.

  Қаржылық тәуекелді шешуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвестор келесі принциптерді назарда ұстауы керек: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге бармау керек, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекелге салмау керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғни берілген тәуекел бойынша, мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп, содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен, содан кейін салыстыру керек, содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражаттарының көлемімен салыстыру керек. Сонда ғана, бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады. Басқаша айтқанда бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. 2 Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі

   Кәсіпорынның қаржылық тәуекелі - бұл иеленушілер мен менеджерлерінің қабылдаған альтернативті қаржылық шешімнің нәтижесі. Бұл шешім іске асыру шарттарының анықталмағандықтан экономикалық зиян шегуі мүкіндігінде қалаған қаржылық қызметінің нәтижесіне жетуге бағытталған.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдері келесі жіктеме бойынша бөлінеді

       Кесте 1. Қаржы тәуекелдерінің белгілер бойынша бөлінуі

Рет

саны

1.Тәуекелдің  белгілері

2.Нысандары

1.

Түрлері бойынша

Кәсіпорынның  қаржылық тәуекелді төмендету тәуекелі

Кәсіпорынның  төлей алмау тәуекелі

Инфляция тәуекелі

Пайыздық  тәуекел

Несиелік  тәуекел 

2.

Объект бойынша

Қаржылық  операцияның жеке тәуекелі

Әр түрлі  қаржылық қызметінің тәуекелі

Кәсіпорынның  қаржылық қызметінің жалпы тәуекелі

3.

Жалпы қарастыратын

құрал бойынша

Жеке қаржылық тәуекел

Портфельді  қаржылық тәуекел

4.

Құрамы бойынша

Жай қаржылық тәуекел

Күрделі қаржылық тәуекел

5.

Пайда болу көздері  бойынша

Сыртқы немесе жүйелік тәуекел

Ішкі немесе жүйелік емес тәуекел

6.

Қаржылық  нәтижелер бойынша

Тек қана экономикалық зияндар әкелетін тәуекел

Жіберген  пайданы әкелетін тәуекел

Экономикалық  зияндармен қоса қосымша табыс әкелетін тәуекел

7.

Уақыт аралығы  бойынша

Тұрақты қаржылық тәуекел

Уақытша қаржылық тәуекел

8.

 

 

 

9.

Зиян деңгейі  бойынша

 

 

Іске асыру  мүмкін деңгейі бойынша

Бола алатын қаржылық тәуекел

Кризистік қаржылық тәуекел

Апаттық қаржылық тәуекел

 

Іске асыру  мүмкін деңгейі төмен қаржылық тәуекел

Іске асыру  мүмкін деңгейі орташа қаржылық тәуекел

Іске асыру  мүмкін деңгейі жоғары қаржылық тәуекел

Іске асыру  деңгейі анықтау мүмкін емес қаржылық тәуекел

10

Алдын-ала  көру мүмкіндігі бойынша

Болжамдаған қаржылық тәуекел

Болжамданбаған  қаржылық тәуекел

11

Сақтандыру  мүмкіндігі бойынша

Сақтандырылатын қаржылық тәуекел

Сақтандырылмайтын қаржылық тәуекел

Информация о работе Қаржылық және коммерциялық тәуекел