Агроөнеркәсіп

Реферат, 26 Ноября 2012

Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.

Газ өнеркәсібі

Реферат, 01 Октября 2013

Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған.

Химия өнеркәсібі

Лекция, 07 Апреля 2014

Химия өнеркәсібі –өндірістің барлық салалары, ауыл шаруашылығы, тұтыну саласы үшін химялық өнімдердің әр түрін өндіруші халық шаруашылығының саласы. Химия өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда XIX ғасырдың аяғында дүниеге келді. XX ғасырдың 50-70 жылдарының басы химия өнеркәсібінің дәуірленген «алтын ғасыры» болды. Бұл кезеңде мұңай-газ шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланыстысты сала әлемде неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өндеуші өнеркәсібінде химияның үлесі XX ғасырдың екінші жартысында 8-9 %- дан 12-15 %-ға дейін өсті.

Өнеркәсіп әкология қалдықтары

Контрольная работа, 26 Ноября 2014

1. «Өнеркәсіп – қоршаған орта» жүйесіне түсінік
2. Өнеркәсіп қалдықтарымен ластану. Қалдықтардың классификациясы
3. Өндірстегі қалдықтар түзілісінің көлемі
4. Өндірістік қалдықтар проблемалары
5. Өндірістік қалдықтар проблемаларын шешу
6. Өндіріс қалдықтарын қолдануға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі

Реферат, 01 Декабря 2013

Аяқ-киім,тігін-галантерия бұйымдарын өндіретін салалармен мен кәсіпорындар жиынтығы жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары –мақта-мата,зығыр,жүн,жібек,кендір-кенеп,аяқ-киім,былғары және аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету. Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми – техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциялын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан – жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудың қарқынды жолына көшу негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанның металлургия өнеркәсібі

Реферат, 15 Октября 2014

Жалпы Қазақстан көмірсутегінің мол қоры бар мемлекеттердің қатарына кіреді. Республика территориясында көмірсутегінің 208 кен орын ашылған болса, оның жартысы- мұнай, үштен бірі-мұнай-газ, қалғандары газ және газконденсаттары. Осылардың ішінен қазіргі уақытта 70-тен астам кен орындары игерілуде. Жалпы Қазақстандағы көмірсутегінің қоры 13млрд. мұнай және конденсат және 7,1 трлн. метр куб табиғи газ. Атырау және Маңғыстау облыстарының территориясында мұнай қорының 70 % орналасқан

Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым

Доклад, 17 Октября 2013

Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Эконамиканы дамытудағы өнеркәсіптердің рөлі

Курсовая работа, 14 Декабря 2013

Қазақстанда шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы мынадай:
• шағын кәсіпорындардың және онда жұмыс істейтіндердің санының тұрақты өсуі;
• өнеркәсібі дамыған аудандардағы шағын кәсіпорындардың шоғырландыруы;
• шағын кәсіпкерліктің сауда мен қызмет көрсетудегі үлесінің көптігі;
• осы уақытқа дейін шағын кәсіпорындардың салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен арадағы мәселенің шешілмей келе жатқандығы шағын кәсіпорындардың маңыздылығын мемлекетіміз ғана емес нарықты экономикасы бар елдердің барлығы мойындап отыр. Оны экономикадағы үлес салмағынан көруге болады.

Агроөнеркәсіптік кешен және оның инфроқұрылымы

Курсовая работа, 13 Апреля 2015

Азық –түлік проблемасының шиеленісуінен ауыл шаруашылығын және онымен байланысты салаларды , аграрлық қатнастарды дамыту туындайды. Қазіргі уақытта эканомикалық - әлеуметтік саясатты бірінші кезекте аграртлық мәселелерді, әсіресе азық –түлік кешенінің маңыздылығын ескеру . дағдарыстан шығудың алғы шарттарын жасау, саладағы жаңа нарықтың құрлымдарға жан -жақты қолдау шараларын және ауыл шаруашылығының дамуындағы мемлекеттің ролін қарастыру актуалді мәселе болып отыр.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар тастауларының сейілуін есептеу

Курсовая работа, 19 Мая 2013

Өндірістің үзіліссіз өсу деңгейі әртүрлі шикізат пен отынның пайдалануын ұлғайтып, атмосфераға өндірістік газдар мен басқа да қалдықтары тастауларының көлемін өсіруге әкеліп соғады. Осындай және басқа да табиғи және антропогендік факторлардың нәтижесінде ауада шамадан тыс мөлшерде ластаушы заттардың жиналуының әртүрлі кері салдары бар. Бұлардың ішіндегі ең танымалдары смог, қышқылдық жауындар, парниктік әсер, озон қабатының жұқаруы, ортаның жалпы зияндылығының артуы болып келеді.
Тақырыптың өзектілігі. Атмосфералық ауа сапасының нашарлауы флора мен фаунаның биоалуантүрлілігіне кері әсерін тигізеді. Бұл үрдіс әрі қарай тереңдей берсе, кейбір түрлердің толығынан құрып кетуі мүмкін.

Дүниежүзілік өнеркәсіп. Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары

Реферат, 15 Июня 2014

Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары. Өнеркәсіптің қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды.Оған негіз болған қолөнер орта ғасырларда мануфактуралық өндіріске,ал ол өз кезегінде сан салалы өнеркәсіпке ұласты.Бұл өзгерістерге алдыңғы қатарлы елдерде өнеркәсіп өндірісін жолға қою үшін қажетті бастапқы күрделі қаржының жинақталуы және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуы түрткі болды.Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады.Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны,ғылымды,еңбекті,шикізатты,энергияны және суды қажет ету деңгейі әр түрлі.Өнеркәсіп өнімінің 10% -ы өндіруші салаға тиесілі болса,байырғы(тас көмір,қара металлургия,кеме жасау және тоқыма),жаңа(автомобиль жасау,алюминий өндіру,химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі)және ең жаңа салаларды(микроэлектроника,робот жасау,есептеуіш машиналар жасау,атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.)қамтиды.

Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010

Реферат, 19 Февраля 2013

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

Еңбек өнімділігі, мұнай және газ өнеркәсібінде оны арттыру жолдары

Курсовая работа, 18 Марта 2013

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр.

Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы туралы қазақша

Реферат, 21 Января 2014

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалықбағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық — әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.

Өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексін құру әдістемесі

Реферат, 27 Апреля 2013

Өнеркәсіп өнімі бағасының индексін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімі (көрсетілген қызметтерге) баға (тариф) деңгейіне жалпымемлекеттік статистикалық байқауды жүргізудің, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды іріктеу, салмақтау құрамаларын және түрлі агрегациялау деңгейлеріндегі баға индекстерін қалыптастырудың нақты әдістері мен негізгі аспектілерін анықтайды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру

Дипломная работа, 03 Апреля 2014

Жоғарыда келтірілген шарттар бір-бірімен тығыз байланысты және оны іске асыру заңдық және нормативтік шараларды қолдануды талап етеді, теориялық және әдістемлік жұмыстарды қоса алғанда.
Еңбекақының жұмыс күшінің бағасы ретіндегі жанама түсінігі оның объективті және дәлелденген өзгешелігін анықтауға жаңа нұсқау жасуды талап етеді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру

Дипломная работа, 10 Ноября 2013

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.

Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы

Курсовая работа, 23 Апреля 2013

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді. Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.

Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

Реферат, 24 Октября 2013

Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1. «Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы» (бұдан әрі - Талап) жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезінде анықтайтын өнеркәсіптік қауіпсіздіктің техникалық нормаларын қамтамасыз етеді.
2. Шахталарды жобалау, салу Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына, ҚНжЕ және техникалық регламенттерге сәйкес жүргізіледі.

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру

Реферат, 13 Ноября 2013

Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету

Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы көкейтесті мәселелер және өндірісті ұйымдастыру

Научная работа, 13 Декабря 2013

Жүргізген зерттеу жұмысымның нәтижесінде Атырау облысында жеңіл өнеркәсіптің жүн мен тері шикізаттарын алғашқы өңдеу, қаракөл қой терісін өңдеу орталықтарын, тоқыма және трикотаж, тігін, аяқ киім және былғары өндірістерін тиімді орналастыруға, сондай-ақ мұнай мен газ өндірісімен байланысты өңірде синтетикалық талшықтар өндіретін фабрика салу арқылы капрон шұлықтар шығару және ұйық (носки) өндірістерін, синтетикалық маталар өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бар екендігіне көз жеткіздім, олардың орталықтарын қай жерлерде орналастыруға болатынын анықтадым.

Қаржы - өнеркәсіптік топтар және олардың ҚР-да экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі орны

Реферат, 16 Февраля 2014

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Он бір жыл ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер болды. Осы жаңалықтардың негізі материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуы. Социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орынына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуы. Меншіктің жекешелендірілуі, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты.

Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы

Курсовая работа, 17 Октября 2013

Агроөнеркәсіптік кешенді басқару механизмін жетілдіру ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі түрлі факторлар агроөнеркәсіптік кешенді басқару қызметіне тікелей әсер етеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы жүйесін басқаруды қалыптастырғанда осы факторларды үнемі ескеру қажет. Бұл факторлар: ауыл шаруашылығы саласының табиғатпен тікелей байланыстылығы, өндірістің маусымдық сипатта болуы және ауыл шаруашылығының негізгі құралы- жер мен тірі ағзалардың болуы. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, отандық өнімдердің бәсекелестігін қалыптастыруда, ішкі және сыртқы нарықта ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесін ұлғайтуда, жалпы еліміздің аграрлық саясатын жүзеге асыруда ауыл шаруашылық өндірісін басқару және мемлекеттік реттеу қажет. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісінде қалыптасқан басқару жүйесі ғылыми зерттеу мен экономикалық талдауларды талап етеді. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік басқару жүйелері ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тікелей және жанама әсер ету арқылы тауар өндірушілердің қызметіне басшылық жасауға араласады.