Газ өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 06:11, реферат

Краткое описание

Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Газ өнеркәсібі.docx

— 58.88 Кб (Скачать документ)

Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т.б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды. Ресей мен Қазақстанда 20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін табиғи газ өндірілген жоқ, тек мұнай кәсіпшіліктерінен аздаған газ алынып тұрды.

 

Газ - калориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңайткыштарын алуда қолданылады.  Газ өндіру (1920 жылында) жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабын игер- ген кезде пайда болды. Оның серпіліп, кең көлемде өндірілуі Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды.

 

Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.

 

 

Республикада табиғи газ 1960 жылы «Өзен» (Маңғыстау облысы) кен орнында өндірілді. Қазақстанның газ өнеркәсібі мұнай өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты. «Маңғышлақмұнай», «Қазақгаз» кәсіпорындарын өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану 1966 жылдан басталды.

1973 жылы табиғи және ілеспе газ өңдеумен, газ конденсатын сұйылтатын және құрғақ газ, газ бензинін алумен айналысатын Қазақ газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қ.) іске қосылды.

 

Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді Олар:

Қазақ газ өңдеу зауыты

Теңіз газ өңдеу зауыты

Жаңажол газ өңдеу зауыты

Қарашығанақ өңдеу кешені.

 

Қазақстан газ өнеркәсібіне республикалқы аумағы арқылы өтетін Бұхара – Орал – Орта Азия – Мәскеу, Бұхара – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы магистральды газ құбырлары, сонымен бірге газ пайдалану бірлестігін реттеп отыратын Бозой, Полторацкий және Ақыртөбе жер асты газ сақтау қоймасы кіреді. Сондай-ақ республикада жекеленген газ құбырларымен газ тасымдалдап, жеткізу жұмыстарын «Қазтрансгаз», «Қазтрансойл», т.б. компанияларының бөлімшелері атқаруда (2006). Қазақстан uаз өнеркәсібінің дамуы 1991 жылдан жаңа деңгейге көтерілді. Сол жылы «Қазақгазөнеркәсіп» мемлекеттік газ концерні құрылды, кейін ол «Қазресгаз» ұлттық газ компаниясы деп аталды. Қазақстан жері газға бай. Каспий, Мойынқұм, Шу – Сарысу ойпаттарында, Қарашығанақ пен Теңізде газдың мол қоры бар. Барланған табиғи газ қоры 4,0 трлн. м3 болса, жасанды газ қоры 1,2 млрд. м3. Қазақстандық Каспий т. секторы мен құрлықтағы газдың жобалық ресурстары табиғи газ бойынша 6 трлн. м3, ал жасанды газ қоры 2,2 млрд. м3.

1972   Құрылыстың алғашқы кезеңі. Қазақстанда Манғышлақтағы алғашқы газ өндейтін заутты салуына бүкіл Совет Одағы көмек көрсетті. Бетер 100 елдің кәсіпорындарындан жабдықтаулар жіберілді, он шақты жобалы институттар техникалық құжаттамаларды дайындады, улкен елдің барлық аймақтарынан мамандар келді. Қазақ газ өндейтін зауттың жіберуі үшін Грозныйның МӨЗ-нан, Миннибайдың ГӨЗ-нан, Вознесенскийдің ГӨЗ-нан. Невинномысскийдің химкомбинатынан газ қайтаөңдеуі және газ мотокомпрессорларының пайдалануы бойынша мамандар келді.

1973 жыл – маусым   №1 компрессорлы қ цехті ң, газды қ айта өң дейтін цехті ң бірінші блогыны ң, с ұ йылтыл ғ ан газды ң қ аймасыны ң есебінде , ж ә не қ осал қ ы объектерді ң қ атарында 0,5 млрд . м 3/ жылына қ уатымен Қ азГ Ө З - ні ң бірінші реті пайдалану ғ а берілді .

1974 жыл – 21 қаңтар  ҚазГӨЗ тұтынушыларға өзінің өнімінің алғашқыө темін тиеді – техникалық пропан - бутанмен 15 теміржолдық цистерналар Гурьевтің химия зауытына және Салаватты ң мұнай - химия комбинатына (Башқұртстан). Сол күннен халық шаруашылығының мұқтаждығы үшін сұйытылған көмірсутектің жүйелі жеткізуі басталды .

1974 жыл – қыркүйек  

Газды қайта өңдеу цехінің екінші блогы ашылды . Газды алу қуаты 1,5 млрд. м3 газ жылына дейін өсті, ал қайта өңдеуі - 1 млрд. м3/жылына дейін. Зауыттың екінші ретінің құрылысы басталды.

1975 жыл – 2 шілде  

Зауыттың жүргізу кунінен 1 миллиард кубометр жолай-мұнай алынды.

1976 жыл – қыркүйек  қыркүйек – Зауыттың екінші ретінде 1,7 млрд.м3/жылына қуатымен газлифтке газды жеткізуі үшін газды даярлау цехінің есебінде жүргізу минимумы жасалған.

 

1977 жыл – наурыз  

1,7 млрд.м3/жыл қуатымен газлифттің тығыздандыру компрессорлық станциясының жүргізуліу болды.

1977 год – желтоқсан    импорт (француз) жабдықтауында газды қайта өңдеу цехінің үшінші блогы мен №2 тоңазатқыш бөлімі пайдалануға алынды.

1979 жыл – сәуір   Кұбырдардың және зауыттағы жабдықтардың күкіртті сутек және көмір қышқылды коррозиясын төмендетуге көмектескен, 3,2 млрд.м3/жыл қуатымен күкіртті тазалау құруы пайдалануға берілді.

1979 жыл – шілде  

Ақтау қаласындағы пластмасс  зауытына 95%-ды этан фракциясының 160 мың тн/жыл өнімділігімен этан құруы пайдалануға берілді.

1981  

компрессордық цехтің техникалық қайта қаруландыруы аяқталды – шикізатты газдың алуына тағайындалған, 10 ГКН түрлі 16 газ мотокомпрессорлары технологиялық тәртіпті тұрақтандыруға мүмкіндік берген, К-890 үш жоғары өнімділікті центрден тепкіш компрессорларымен ауыстырылды.

1982  Газлифтке газды дайындауынның цехінің реконструкциясы аяқталды. 80 атмосферлі қысымымен 1 млрд м3/жыл газдың ортақ өнімділігімен француз өндірісінің 5 центрден тепкіш компрессорлар пайдалануға алынды.

1996  Ремонтқа жабдықтар дайындауының қауыпсіздігін едәуір көтерген, азот-оттек станциясы пайдалануға жүргізді.

 

 

 

 

 

 

 

Біріншіден, жаңа зауыт Орынбор қаласындағы қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорынның келешегіне әсер етпейді ме, өйткені 2007 жылы қол қойылған Ресей арасындағы келісімнің басты шарты бұл көршілес елге қарашығанақ газын жеткізудің ұзақ мерзімділігі, нақтырақ айтатын болсақ оның мерзімі 15 жыл. Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың пікірінше, осы және басқа мәселелердің жауабы Қарашығанақ кен орнын дамыту үшінші жобасын іске асыру мерзімімен байланысты.

 

Қарашығанақта газ өңдеу  зауытын салу туралы ойдың жаңашыл еместігін естеріңізге саламыз. Мемлекет басшысы 2007 жылы осында газды өңдеу бойынша кішігірім зауытты салу туралы өкім берген болатын. Қазақстанның бірқатар сыртқы және ішкі факторлардан өсіп бара жатқан тәуелділігі осындай шешім қабылдауға түрткі болды.

 

Біріншіден, республикадағы ірі Қарашығанақ кен орнында шикі газды өнеркәсіпті өндіру басталғаннан кейін оны өңдеу мәселесі туындады. Сол кездері елімізде өзіміздің газ өңдеу қуаттары өкінішке орай болмады. Сол себепті, 2006 жылы Ресей мен Қазақстан Қарашығанақ газын өңдеу үшін Орынбор газ өңдеу зауытының (ОГӨЗ) негізінде БК-ды құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.

 

Осындай ынтымақтастықтың басты шарты бұл жылына 15 миллиард текше метрден кем болмайтын көлемде қазақстандық газды Орынбор қаласына жеткізудің ұзақ мерзімділігі. 2002 жылы Орынбор қаласындағы кәсіпорын үшін қарашығанақ газын сатып алуды жүзеге асырған «КазРосГаз» бірлескен кәсіпорны құрылды. «КазРосГаз» компаниясына ТМД елдеріне экспорттау үшін қазақстандық газды Ресей аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыру жүктелді.

 

Осы кестенің ыңғайлығына  қарамастан, ол Қарашығанақ кен орны орналасқан Батыс-Қазақстан облысының ресейлік компаниясынан тәуелділігіне әкелді.

 

Екіншіден, осы өңір экономикасының жыл сайын дамуына қарай, газды тұтынудың ішкі көлемдері ұлғая бастады (500-600 миллион текше метр). Кейін Ресейден, сондай-ақ газ үшін дүниежүзілік бағалардан тәуелді болмау үшін төрт жыл бұрын Қарашығанақта газ өңдеу зауытының құрылысы туралы шешім қабылданған болатын.

Бұл жылына 5 миллиард текше метр қуаты бар зауыт болады. Төрт жыл бұрын осындай жобаның болжанған құны 1,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Жобаның қазіргі құны барлық есептер аяқталғаннан кейін белгілі болады.


Информация о работе Газ өнеркәсібі