Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы көкейтесті мәселелер және өндірісті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 20:11, научная работа

Краткое описание

Жүргізген зерттеу жұмысымның нәтижесінде Атырау облысында жеңіл өнеркәсіптің жүн мен тері шикізаттарын алғашқы өңдеу, қаракөл қой терісін өңдеу орталықтарын, тоқыма және трикотаж, тігін, аяқ киім және былғары өндірістерін тиімді орналастыруға, сондай-ақ мұнай мен газ өндірісімен байланысты өңірде синтетикалық талшықтар өндіретін фабрика салу арқылы капрон шұлықтар шығару және ұйық (носки) өндірістерін, синтетикалық маталар өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бар екендігіне көз жеткіздім, олардың орталықтарын қай жерлерде орналастыруға болатынын анықтадым.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….. 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:………………………………………………………… 4-20

1.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ 1.1.Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайына талдау…………….4-7
1.2. Жеңіл өнеркәсіп салаларының орналасуы және басты орталықтары…7-9
1.3. Отандық жеңіл өнеркәсіптің артта қалу себептері және мәселені шешу жолдары………………………………………………………………………..9-12

2. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДАҒЫ КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Атырау облысының экономикасындағы жеңіл өнеркәсіп саласының үлесі…………………………………………………………………………12-13
2.2. Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға кедергі келтіретін факторлар ………13-14
2.3. Атырау облысының жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуға қажетті шикізат-ресурстық әлеуеті………………………………………………...14-16
2.4.Облыс бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын
кәсіпорындар……………………………………………………………….16-17
2.5.Атырау облысы бойынша жеңіл өнеркәсіпті дамыту мүмкіндігі бар аудандар және өнеркәсіпті тиімді орналастыру туралы ұсыныстар…..17-20

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..21-22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………..23

Прикрепленные файлы: 1 файл

жоба.docx

— 96.14 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Атырау облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған интернаттық

мекемесі  бар гимназия

 

 

 

 

 

Тоқтаров Әсет Даулетұлы                                        11 сынып шәкірті

 

 

 

 

 

 

«АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ  ДАМЫТУДАҒЫ КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ»   

 

 

 

 

Бағыты:              Қазақстанның табиғи ескерткіштері мен

                                                            болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

 

 

 

Секциясы:     Өлкетану

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:           Аққайнанова Нұргүл Өтегенқызы

    Облыстық ұлттық дарынды балаларға

         арналған интернаттық  мекемесі  бар

                 гимназияның жоғары санатты география

                              пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

Алматы, 2013

 

АННОТАЦИЯ

1.Зерттеу мақсаты: Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жай-күйіне талдау жасау және  Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастыру. Облыстағы жеңіл өнеркәсіптің шикізат-ресурстық әлеуетіне зерттеу жасай отырып, салалық өндірісті тиімді орналастыру жобаларын ұсыну.

2.Зерттеудің міндеттері:

- Қазақстан Республикасындағы  жеңіл өнеркәсіптің қазіргі жағдайына  талдау жасау.Отандық жеңіл өнеркәсіптің  артта қалу  себептері мен мәселені  шешу жолдарын анықтау, жеңіл  өнеркәсіп салаларының орналасуы  және басты орталықтарына тоқталу;

- Атырау облысының жеңіл  өнеркәсібінің жай-күйіне зерттеу  жасау;

Облыстың жеңіл өнеркәсіп  салаларын дамытуға қажетті шикізат-ресурстық  әлеуетіне талдау жасау;

- Жеңіл өнеркәсіпті дамыту  мүмкіндігі бар аудандар және  өнеркәсіпті тиімді орналастыру  туралы ұсыныстар келтіру;

- Атырау облысы бойынша  жеңіл өнеркәсіп салаларын дамыту  әлеуетінің матрицасын құрастыру.

          3.Гипотеза: Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы көкейтесті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну. Саланың тартымдылығын және өндірістік әлеуетін анықтау. Өндірісті тиімді орналастыру бағытында ұсыныстар беру.

4.Кезеңдері, зерттеу  рәсімі: Ғылыми еңбектерді, мерзімді баспасөз материалдарын, статистика агенттігінің жинақтарында берілген мәліметтерді және басқа да әдебиеттерді жинақтау,  талдау,  жүйелеу, ой қорыту. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына барып, зерттеулер жүргізу.

5.Тәжірибе әдістемесі: Зерттеу, жинақтау,  жүйелеу, әдеби-ғылыми  талдау , ой қорыту әдістері басшылыққа алынған.

6.Зерттеудің жаңалығы. Атырау облысының жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуға қажетті шикізат-ресурстық әлеуетіне талдау жасадым және жеңіл өнеркәсіпті дамыту мүмкіндігі бар аудандар және өнеркәсіпті тиімді орналастыру туралы ұсыныстар келтірдім. Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша жеңіл өнеркәсіп салаларын дамыту әлеуетінің матрицасын құрастырдым.

7.Зерттеу нәтижесі, қорытындысы:

Жүргізген зерттеу жұмысымның нәтижесінде Атырау облысында жеңіл  өнеркәсіптің жүн мен тері шикізаттарын алғашқы өңдеу,  қаракөл қой  терісін өңдеу орталықтарын, тоқыма және трикотаж, тігін, аяқ киім және былғары өндірістерін тиімді орналастыруға, сондай-ақ мұнай мен газ өндірісімен байланысты  өңірде синтетикалық талшықтар өндіретін фабрика салу арқылы   капрон шұлықтар  шығару және ұйық (носки) өндірістерін, синтетикалық маталар өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бар екендігіне көз жеткіздім, олардың орталықтарын қай жерлерде орналастыруға болатынын анықтадым.

 

 

МАЗМҰНЫ:

 

 

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….. 3

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:………………………………………………………… 4-20

 

1.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ  ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ 1.1.Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайына талдау…………….4-7

1.2. Жеңіл өнеркәсіп салаларының  орналасуы және басты орталықтары…7-9

1.3. Отандық жеңіл өнеркәсіптің  артта қалу  себептері және  мәселені шешу жолдары………………………………………………………………………..9-12

 

2. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДАҒЫ КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1. Атырау облысының экономикасындағы  жеңіл өнеркәсіп саласының үлесі…………………………………………………………………………12-13

2.2. Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға кедергі келтіретін факторлар ………13-14

2.3. Атырау облысының   жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуға қажетті шикізат-ресурстық әлеуеті………………………………………………...14-16

2.4.Облыс бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын

кәсіпорындар……………………………………………………………….16-17

2.5.Атырау облысы бойынша жеңіл өнеркәсіпті дамыту мүмкіндігі бар аудандар және өнеркәсіпті тиімді орналастыру туралы ұсыныстар…..17-20

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..21-22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………..23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы  тиімді — жоғары сапалы киіммен  және аяқ киіммен камтамасыз ету.

Жеңіл өнеркәсіп негізінен  халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын  өнім түрлерін шығарады.

Кез келген елдің жеңіл  өнеркәсібі - бұл экономиканың аса  маңызды көп бейінді және инновациялық тартымды секторы.

       Тұтыну  деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіп  азық-түлік тауарларынан кейін  екінші орында тұр, бұл оның  маңыздылығын білдіреді. Жеңіл  өнеркәсіптің экономикалық және  стратегиялық қауіпсіздікті, еңбекке  қабілетті халықты жұмыспен қамтуды  және оның өмір сүру деңгейін  жаңа геосаяси жағдайларға көтеруді  қамтамасыз етудегі маңызды ролін  ескере отырып, әлемнің ірі елдері  саланы дамытуға айрықша назар  аударады және оған айтарлықтай  инвестициялық қолдау көрсетеді.

      Жеңіл өнеркәсіптің таралу географиясының ауқымы өте үлкен, өйткені ол шикізатты өндіретін аудандар мен  тұтынушыға, сонымен қатар еңбек ресурстарына бағдарланатын сала.   

Жеңіл өнеркәсіптің салаларын  орналасу ерекшеліктеріне қарай 3 топқа  бөлуге болады. Шикізатқа бағдарланатын  салаларға-  тері мен жүнді алғашқы  өңдеу салалары, тұтынушыға бағдаланған  салаларға- аяқ киім және тігін, еңбек  ресурстарына бағдарланған салаларға- тоқыма, трикотаж, былғары- тері салалары жатады. Ал синтетикалық талшықтар  мен материалдар өндірісі мұнай  өнімдері мен электр энергиясы, суға бағдарланып орналастырылады.

Шығарылатын өнім мен еңбек  ететіндер саны жағынан негізгі  сала-тоқыма өнеркәсібі.

Менің зерттеу жұмысымның мақсаты: Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жай-күйіне талдау жасау және Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастыру. Облыстағы жеңіл өнеркәсіптің шикізат-ресурстық әлеуетіне зерттеу жасай отырып, салалық өндірісті тиімді орналастыру жобаларын ұсыну.

Жұмысымның бірінші бөлімінде  Қазақстан Республикасындағы жеңіл  өнеркәсіптің қазіргі жағдайына  талдау жасадым.Отандық жеңіл өнеркәсіптің  артта қалу  себептері мен мәселені шешу жолдары, жеңіл өнеркәсіп салаларының  орналасуы және басты орталықтарына  тоқталдым.

Жұмыстың екінші бөлімінде  Атырау облысының жеңіл өнеркәсібіне зерттеу жүргізе отырып,  облыстың жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуға қажетті шикізат ресурстық әлеуетіне  талдау жасадым және жеңіл өнеркәсіпті  дамыту мүмкіндігі бар аудандар және өнеркәсіпті тиімді орналастыру туралы ұсыныстар келтірдім. Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша жеңіл өнеркәсіп салаларын дамыту әлеуетінің матрицасын құрастырдым.

Жалпы зерттеу жұмысым мерзімді баспасөз материалдарына, статистика агенттігінің жинақтарында берілген мәліметтерге, арнайы әдебиеттер мен ғылыми –зерттеу институттарының статистикалық ақпараттарының көмегіне негізделіп жазылды. 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ. 1.1.Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайына талдау.

Экономикалық қызмет түрлерінің мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсібінде экономикалық қызметтің үш түрі - тоқыма бұйымдары өндірісі, киім өндірісі, былғары өндірісі және оған жататын өнімдер мен 14 кіші түрі дамыған.

       Мата, киім, аяқ киім, трикотаж, шұлық-ұйық және  тері бұйымдары, бас киімдер  өндірісімен қатар шығарылатын  өнімдер құрылымында мақта талшығы  өндірісінің, әлеуметтік ведомстволарға арналған заттай мүліктің үлестік салмағы жоғары. Сала сонымен қатар халықтың медициналық мақсаттағы бұйымдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арнайы, жұмыс киімдері мен аяқ киімдерге, жеке қорғау құралдарына қажеттілігін қамтамасыз етеді. Саланың ерекшеліктерінің арасынан салынған қаражаттың тез және барынша тиімді қайтарымын, әйел еңбегін дәстүрлі пайдалануды, жоғары әлеуметтік маңызын атап айтуға болады.

Бүгінде Қазақстанның жеңіл  өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың 80%-ы  шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады, бұл ретте шамамен  сала кәсіпорындарының шамамен 80%-ы  жүктемелігі 30 - 40 %-ды құрайтын ескірген жабдықтармен жарақталған.

       Саланы  дамытудың жалпы үрдісі ел  өнеркәсібі көлеміндегі оның  үлесінің төмендеуімен сипатталады,  бұл жұмыс орындарының қысқаруына, ішкі нарықтан отандық тауар  өндірушілерді шетелдік өндірушілердің  тықсыруына әкеледі, бұл апатты  сипат алды.

       Халықты  жұмыспен қамту мәселесі жіті  орында тұр. Егер 2005 жылы жеңіл  өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің  саны 20,0 мың адам болса, 2010 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша ол 13,7 мың адамға дейін азайды, бұл  әлеуметтік шиеленістің өсуімен  шарттасады.

Жеңіл өнеркәсіптегі ахуалды  сипаттайтын созылмалы дағдарыс өндірісі көлемінің құлдырауымен жалғасады. Тек 2005 - 2009 жылдар кезеңінде республика өнеркәсібінің құрылымындағы сала үлесі 2,2 %-дан 0,8 %-ға төмендеді, бұл ретте  ішкі жалпы өнімдегі өнеркәсіп үлесі 2005 жылғы 0,62 %-дан, 2008 жылғы 0,27 %-ға дейін  төмендеді. /3/

 2011 жылы бұл көрсеткіш 0,1 пайызға бір-ақ құлаған. Жыл өткен сайын бұл сала бізде «өшіп» бара жатыр. Осы жылдар аралығында нарықты Қытайдан, Түркиядан, Қырғызстаннан келетін тауарларға босатып бергенбіз. /7/

2010 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша елдің жеңіл  өнеркәсібінде 1591 кәсіпорын тіркелген,  олардың 526-ы белсенді жұмыс  істейді, оның ішінде 449-ы шағын, 60-ы орта және 17-сі ірі кәсіпорын.

  Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы саны ішінде 54%-ы киім өндірісі кәсіпорындары, 31%-ы тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындары (киімнен басқа, тоқыма және тігін бұйымдарын өндіретін) болса, былғары және аяқ киім өндірісі кәсіпорындары 9%-ды, былғары мен теріден жасалған киім өндірісі - 6%-ды құрайды

  1. сурет . Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қызмет түрлері бойынша құрылымы /3/

 

Тоқыма өнеркәсібі иіру, тоқу және өңдеу өндірістеріне бөлінеді.

       2010 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың  тоқыма өнеркәсібінде 497 кәсіпорын  тіркелген, олардың белсенді жұмыс  істеп тұрғаны 155 кәсіпорын, оның  ішінде 12-сі ірі, 24-і орта және 119-ы шағын кәсіпорын. Оларда 7200 адам жұмыс істейді.

Дәстүрлі мақта өсіру  Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылады, осыған байланысты мақта  өңдейтін кәсіпорындар нақ осы жерге  шоғырланған, бұдан басқа табиғи тоқыма талшықтары ішінде мақта талшығы  елдегі өндіріс көлемі бойынша ең үлкен топты құрайды.

Қазіргі уақытта республикада, оның ішінде негізгі мақта өндіруші аймақ ретінде Оңтүстік Қазақстан  облысында мақтаның ішкі нарығындағы  жағдайын жақсартудың негізі бола алатын мақта-тоқыма кластерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оны қалыптастырудың басты мақсаты шитті мақта экспорттаудан иірілген жіп және дайын тауарлар шығаруға көшу болып белгіленген. 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба 1– Оңтүстік Қазақстан  облысы мақта кластерінің үлгісі

Республикадағы мақта-матаның  ең ірі өндірушісі «Тоқыма Кәсіпорыны»  ААҚ-ы болып табылады. Кәсіпорында  өндірілген өнімнің жартысынан көбі Италия, Югославия, Ұлыбритания, Испания, Чехия, Польша, Грекия, Оңтүстік Корея, АҚШ және Канадаға экспортқа шығарылады. Тоқыма өндірісінде трикотаж түріндегі  мақтадан жасалатын иірілген жіптің жалғыз өндірушісі және тоқыма-галантереялық, шұлық және қолғап өнеркәсібіндегі  онан әрі өңдеу үшін шикізат ретінде  оның өнімі пайдаланылатын «Ақ жіп» ААҚ атты Алматы мақта-мата фабрикасы  болып табылады. Бүгін бұл кәсіпорынның шикізатын трикотаж кәсіпорындардың  көпшілігі, оның ішінде «Гел» ЖШС-і (Қарағанды қ.), «Алматы кілем» АҚ-ы (Алматы қ.), Көкшетау галантерея фабрикасы, Қарғалы шұға комбинаты және т.б. пайдаланады.        

Компанияларда отандық шикізатты  пайдалана отырып, 100% мақта-мата иірімжібі, қатқыл және дайын мақта-матадан  тұратын бәсекеге қабілетті өнім шығаратын «Rieter», «Benninger», «LTG Air Engineering» (Швейцария); «Dornier», «Thies Monforts» (Германия), «Savio» (Италия) сияқты белгілі фирмалардың  жаңа жабдығы пайдаланылады.

Информация о работе Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы көкейтесті мәселелер және өндірісті ұйымдастыру