Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы көкейтесті мәселелер және өндірісті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 20:11, научная работа

Краткое описание

Жүргізген зерттеу жұмысымның нәтижесінде Атырау облысында жеңіл өнеркәсіптің жүн мен тері шикізаттарын алғашқы өңдеу, қаракөл қой терісін өңдеу орталықтарын, тоқыма және трикотаж, тігін, аяқ киім және былғары өндірістерін тиімді орналастыруға, сондай-ақ мұнай мен газ өндірісімен байланысты өңірде синтетикалық талшықтар өндіретін фабрика салу арқылы капрон шұлықтар шығару және ұйық (носки) өндірістерін, синтетикалық маталар өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бар екендігіне көз жеткіздім, олардың орталықтарын қай жерлерде орналастыруға болатынын анықтадым.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….. 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:………………………………………………………… 4-20

1.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ 1.1.Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайына талдау…………….4-7
1.2. Жеңіл өнеркәсіп салаларының орналасуы және басты орталықтары…7-9
1.3. Отандық жеңіл өнеркәсіптің артта қалу себептері және мәселені шешу жолдары………………………………………………………………………..9-12

2. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДАҒЫ КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Атырау облысының экономикасындағы жеңіл өнеркәсіп саласының үлесі…………………………………………………………………………12-13
2.2. Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға кедергі келтіретін факторлар ………13-14
2.3. Атырау облысының жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуға қажетті шикізат-ресурстық әлеуеті………………………………………………...14-16
2.4.Облыс бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын
кәсіпорындар……………………………………………………………….16-17
2.5.Атырау облысы бойынша жеңіл өнеркәсіпті дамыту мүмкіндігі бар аудандар және өнеркәсіпті тиімді орналастыру туралы ұсыныстар…..17-20

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..21-22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………..23

Прикрепленные файлы: 1 файл

жоба.docx

— 96.14 Кб (Скачать документ)

Негізінен ұлттық нақыштағы  киімдер шығаратын ,"ГҮЛМАРЖАН СӘН ҮЙІ" ЖШС 1992 жылы ашылып , жұмыс жасап келе жатқан облыс бойынша бірегей  ұлттық сән үйі. Ұлттық киімдерден: шапан, камзол, кәжекей, қалыңдық киімі, бас киімдер, театрларға арналған сахналар, артистер киімдерін тігеді. 1998 жылдан бері кәсіпорын құлдыраған. Жылына 60-70 киім өндіреді.

Облыс бойынша 50-100 адам жұмыс  жасайтын орта кәсіпорындар: "Қазақ соқырлар қоғамының "Атырау оқу-өндірістік кәсіпорыны" ЖШС, "Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорыны"  жеңіл өнеркәсіп саласындағы ең ірілері болып табылады. Айына 5-6 млн.теңгенің өнімдерін өндіреді. Жылдық өндірілетін өнім мөлшері орташа есеппен 60-70 млн теңге шамасында.

Олардың шығаратын өнімдері: мақта матрацтар, мақта және синтепон одеялолар, мақта және синте-мамық көпшіктер, көрпелер, жаймалар мен корпе-көпшік тыстары, жұмысшы қолғаптары мен маман киімдері, қапшықтар, орамалдар, халаттар, маман халаттары, пижамалар, габардин костюмдер, т.б.шығарады. Оның сыртында мебель цехында шкаф, стеллаж, парталар жасап шығарумен айналысады.

Аталған кәсіпорындардан  басқа, үлбірлерден бас киімдер тігу, табаны мен үсті резеңкеден немесе полимерлі материалдан жасалған су өткізбейтін аяқ киімдер шығару, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж киімдер шығаруға маманданаған кәсіпорындар және тігін ательелері мен сән орталықтары да бар.

 

2.5.Атырау облысы бойынша жеңіл өнеркәсіпті дамыту мүмкіндігі бар аудандар және өнеркәсіпті тиімді орналастыру туралы ұсыныстар.

 

Тұтыну секторы тауарларының өндірісінде еңбекті нақты бөлу қолданылады. Олардың бірі шикізатты  сатады, екіншісі қайта өңдейді, үшіншісі түпкі өнімді өндіреді, төртіншісі сатады. Осыны ескере отырып, бұл  үдерістегі басымдықтарды айқындау қажет, осының негізінде нарықтық перспективасы  бар жобаларға салынуы тиіс тиімді даму матрицасы пайда болады.

Төменде Атырау облысы бойынша  жеңіл өнеркәсіп салаларын дамыту әлеуетінің матрицасын құрастырдым.

Облыс аумағында неғұрлым жоғары тартымдылығы бар өнімдер  шығаруға маманданған салаларды  тиімді орналастыру үшін 2 өлшем  бойынша: саланың тартымдылығы мен  өнеркәсіптік әлеуеті бойынша талдамалы баға бердім.

 4 сурет. «Саланың  тартымдылығы мен өнеркәсіптік  әлеуеті» матрицасы

5 балдық шкала бойынша  бағаланатын матрицаның орталық  нүктесі  3 балл, ал ең төмен  шегі 1балл. Мұндағы  1-ден 3-ке дейін   тартымдылығы жоқ зона,  3-тен  5-ке дейін тартымдылығы бар  зона.

Диаметрі үлкен шарлар- мүмкіндігі жоғары, экспортқа бағдарланған салалар;

Диаметрі орташа шарлар- мүмкіндігі орташа, ішінара экспортқа бағдарланған  салалар;

Диаметрі кішкентай шарлар- импорттық шикізатқа бағдарланған мүмкіндігі төмен салалар.

Қызыл шеңбердің ішіндегі салалар- табиғи шикізатқа  бағдарланған және тартымдылығы жоғары боп келетін, қысқа мерзімде іске асыруға болатын  және аз қаржы жұмсалатын салалар.

Қызыл төртбұрыштың  ішіндегілер- ұзақ мерзімдік және көп қаржыны  қажет ететін тартымдылығы жоғары салалар.

Матрицадан көріп отырғандай, неғұрлым жоғары тартымдылық пен  жоғары өнеркәсіптік әлеуетке ие болып  отырған салалар:

  • Теріні илеу
  • Жүнді алғашқы өңдеу
  • Аяқ киім
  • Түйе жүнінен тоқылған трикотаж

Ал перхлорвинил, полиамид  талшықтар өндіру, матаны бояу және өңдеу, эластомер әйел шұлықтары,техникалық мата,синтетикалық мата (арнайы  және жұмысшы киімдеріне арналған), жоғары техникалық тоқыма материалдарына негізделген маман киімдерін шығару салалары тартымдылығы жоғары, бірақ өнеркәсіптік әлеуеті төмен салалар. Бұл салаларды дамыту өте көп қаражатты қажет етеді.


   Шұға мата тоқу саласы- тартымдылығы орта деңгейдегі және әлсіз өнеркәсіптік әлеуеті бар  сала болып табылады.

Сырт киімдер және іш киім шығару саласы  тартымдылығы орта деңгейдегі және онымен салыстырғанда өнеркәсіптік әлеуеті жоғары сала боп келеді.

Облыста жеңіл өнеркәсіптің тоқыма, жүн, былғары-тері, аяқ-киім, тігін  салаларын дамытуға шикізат- ресурстық  мүмкіндіктер мол.

 

Атап айтатын болсам:

Р/с

 Жеңіл өнеркәсіп  шикізаты 

Мүмкіндігі бар  аудандар

Қаракөл қой терісі

Қызылқоға, Құрманғазы

Қой терісі

Қызылқоға, Құрманғазы, Жылой, Исатай, Индер

Сиыр терісі

Қызылқоға, Махамбет,

Қой ешкі жүні

Қызылқоға, Құрманғазы

Түйе жүні

Жылой, Махамбет, Құрманғазы


Теріні  дайындау, илеу орталықтарын Қызылқоға, Құрманғазы, Жылой, Исатай аудандарында орналастырған тиімді болар еді. Себебі, жеңіл өнеркәсіптің аталған  саласы шикізатқа бағдарланып орналастырылады.

Соңғы уақыттарда қаракөл  қой терісін өндіру 2010 жылдан бері тоқтатылды. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың болмауы қаракөл қойының жүні мен терісін дайындау мен өткізуде қиындық туғызып отыр, бұл сәйкесіше оған сұраныс пен сатып алушылық өтемділігін төмендетеді.

Тиісінше қаракөл қой терісін алғашқы өңдеу орталықтары шикізат өндірілетін Қызылқоға мен Құрманғазы аудандарында орналастырылса, теріден тон, бас киімдер тігуді тұтынушысы көп, әрі өндірілген өнімдерді Республика көлемінде тасымалдау үшін қолайлы болып келетін Атырау қаласында орналастырған тиімді.

Жеңіл өнеркәсіптің тұтынушыға бағдарланған салалары- аяқ киім және тігін өндірістерін Атырау қаласында және барлық аудан орталықтарында орналастыруға болады.

Тоқыма өнеркәсібі- киім-кешек  өндірісіне қажетті маталар тоқумен  айналысатын жеңіл өнеркәсіп  саласы. Біздің облысымызда тоқыма өнеркәсібіне қажетті табиғи жүн талшықтарын өндіруге мүмкіндік бар екенін жоғарыда айтып өттім.

Түйе және қой жүнінен  жіп иіру және шұға маталар тоқу өндірістерін Құлсары қаласында, Ганюшкин және Миялы селоларында орналастыруға  мүмкіндік бар.

 Сонымен қатар, ХХІ  ғасыр-Химия ғасыры екенін ескерсек, тоқыма өндірісінде жасанды талшықтардың  да маңызы күннен күнге артып  келеді. Біздің облысымызда жасанды  полимер талшықтарын, синтетикалық мата, техникалық мата өндірістерін дамыту мүмкіндігі мол.

Полимер талшықтарын шығаратын  тоқыма фабрикасын  Атырау қаласында  салғанған тиімді. Себебі, бұл фабрика мұнай өңдеу зауытымен байланысты жұмыс жасайды. Мұнымен қатар, полимерлер өндірісі су мен энергияны көп қажет ететін сала.

  3 сурет. Талшықтардың түрлері

 

Шұлық-ұйық өндірістерін дамыту мүмкіндігі: жасанды талшықтар түрлерінен капрон шұлықтар шығару және ұйық (носки) өндірістерін Атырау қаласында дамытуға болады.

Атырау қаласында синтетикалық талшықтар өндірісін дамытқан күнде  еліміз  тоқыма өнеркәсібіне қажетті  жасанды талшықтар шығару жөнінен  көптеген танымал елдермен бәсекелес  бола алары сөзсіз. Себебі, бұл саладағы басты шикізат- мұнай мен газ  қоры біздің басты байлығымыз.

Тігін өнеркәсіптері кез  келген тұтынушысы бар жерлерге орналастыра  беруге болатын сала болғандықтан, облыстың барлық аудандарында дамытуға болатын сала.

Бұдан бұрын да айтып өткенімдей, бізде ұлттық киімдерге сұраныс  аз.Көбіне тек сахналық қойылымдар мен тойға қалыңдық киімдеріне ғана тапсырыстар беріледі.

Егер зер салып қарасақ, әр ел киім-кешектерін тіккенде өздерінің  ұлттық сән үлгілерін, нақыштарын пайдалануға  баса мән береді екен. Неге бұлай? Өйткені, қандай ұлт, қандай ел болсын, өздерінің  киім үлгілерін киюге бейім болмақ. Сондықтан да ішкі нарықта мұндай киімдер өтімді болатынын ұғыну  қиын емес. Қайсы ел болсын ішкі нарықтан артылғандарын экспортқа шығарады емес пе? Ал бізде осы мәселеге көңіл  бөлу былай тұрсын, қазақтың ұлттық құндылықтарынан безіну үрдісі барған сайын күшейе түскені жасырын  емес.

Демек, жеңіл өнеркәсіпті  дамытамыз десек, ең бірінші кезекте  қазақтың ұлттық киім үлгілері мен  нақыштарын барынша пайдалануға  және неғұрлым арзан болуына күш  салар болсақ, олардың өтімділігі де күрт күшейер еді. Міне, бұл ертегі де емес, қиял да емес, инвестиция тартпай-ақ жекелеген адамдарға киім тігуге және оны өткізуге қамқорлық жасау арқылы-ақ жүзеге асыруға болатын іс қой.

Демек, ұлттық киімнің жоғары сән үлгісі емес, қымбат емес, арзан  да қонымды түрлеріне байқау жариялауға болады ғой. Басқаша айтқанда, бүкіл  халық сатып алып киіп жүретіндей киім үлгілерін жасап сауда-саттыққа шығаратын болсақ, олар сөз жоқ  шетел тауарларын ығыстыратыны анық.

Жұмысымды қорытындылай келе, халықты арзан әрі сапалы киім кешекпен қаматамасыз ету үшін ең алдымен, өзіміздің отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуымыз қажет деп айтар едім. Ал ол үшін жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануды өндірістік тұрғыдан ұтымды орналастыру және неғұрлым тиімді салаларын дамыту қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Халықты мата, киім, аяқ киім және басқа да тұтыну тауарларымен қамтамасыз ете отырып, жеңіл өнеркәсіп ауыл шаруашылығымен, әсіресе оның бірінші сатысы- шикізатты алғашқы өңдеу саласымен тығыз байланысты дамитын сала.

Жеңіл өнеркәсіптің таралу географиясының ауқымы өте үлкен, өйткені ол шикізатты өндіретін аудандар мен  тұтынушыға, сонымен қатар еңбек ресурстарына бағдарланатын сала.  

Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерінің шикізат қоры жеткілікті. Бізде нағыз мақта, жүн, тері материалдары, синтетикалық талшықтар дайындауға қажетті ресурстар мол. Оған қоса көлік және энергетикалық инфрақұрылымның болуы, ірі нарықтарға жақындық (Ресей, Қытай, Түркия) та саланы дамытуға тиімді факторлар болып табылады.

Қазақстандағы және біздің облысымыздағы жеңіл өнеркәсіптің даму деңгейі төмен. Өнеркәсіп өнімдерінің құрылымындағы жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы жыл өткен сайын төмендеп барады. Бұл ең алдымен инвестицияның  ауыр өнеркәсіп салаларына жұмсалуына, салаға күрделі қаржы жұмсалымының жоқтығы, сондай-ақ, ескірген құрал-жабдықтар мен білікті маман кадрлардың жетіспеуіне, жұмыс орындарының қысқартылуымен, отандық тауар өндірушілердің шетелдік өндірушілермен ішкі нарықтан ығыстырылып шығаруымен, өндірілген өнімдердің импорттық тауарлармен бәсекелесе алмауымен сипатталады және апатты сипат алуда.

Облыста жеңіл өнеркәсіптің тоқыма, жүн, былғары-тері, аяқ-киім, тігін  салаларын дамытуға шикізат-ресурстық  мүмкіндіктер мол. Соған қарамастан, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының басым бөлігі ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуден гөрі көбіне дайын тоқыма бұйымдарын шығаруға, киімнен басқа тоқыма бұйымдарын өндіруге, арнайы маман киімдерін өндіруге және тігін өнеркәсіптеріне ғана маманданған.

Жыл артқан сайын үлесі  кеміп бара жатқан Атырау облысының  жеңіл өнеркәсіп саласын қалайша  көтеруге болады?

Осы орайда менің ұсыныстарым:

 Ең алдымен жеңіл өнеркәсіп саласына  мемлекет тарапынан көбірек көңіл бөлінуі қажет. Шағын кәсіпорындар мен жекелеген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау жүргізу керек.

Ескірген техникаларды толығымен  ауыстыру үшін шетелдік қымбат техникаларды сатып алуға тура келеді. Сондықтан жаңа жабдықпен технология алушыларға мемлекет тарапынан лизинг немесе банк несиелерінің пайызын төмендету керек.

Саладағы кәсіпорындарға қосымша құн салығын азайтып, табысқа салынатын салықты азайту. Тек сонда ғана қосымша жұмыс  орындары ашылып, жергілікті кәсіпорындар шикізат және жоғары қосымша құны бар дайын өнім шығара бастайды.

Кәсіпорындарға шикізатты  тасу үшін жеңілдікпен несие беруді енгізу. Шикізат таситын кәсіпкерлерге  кеден төлемдерін өсірмеу керек.

Мал шаруашылығының бағыттарына  мамандануына қарай облыс аумағында  жүн мен тері шикізаттарын алғашқы  өңдеу,  қаракөл қой терісін  алғашқы өңдеу орталықтарын, тоқыма және трикотаж, тігін, аяқ киім және былғары өндірістерін тиімді орналастыруға  мүмкіндік бар. Алайда, амалдың жоқтығы шикізатты өңделмеген түрде сыртқа сатуға мәжбүрлейді.

Атырау облысы мұнай мен  газ өндірісі дамыған аймақ болғандықтан  осы өңірде синтетикалық талшықтар  өндіретін фабрика салу арқылы   капрон шұлықтар  шығару және ұйық (носки) өндірістерін, синтетикалық маталар  өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік  бар. капрон шұлықтар  шығару және ұйық (носки) өндірістерін , жасанды талшықтарды  табиғи жүн және мақта ташықтарымен араластыра отырып, трикотаж өндірістерін дамытуға мүмкіндік бар.

Информация о работе Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы көкейтесті мәселелер және өндірісті ұйымдастыру