Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы көкейтесті мәселелер және өндірісті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 20:11, научная работа

Краткое описание

Жүргізген зерттеу жұмысымның нәтижесінде Атырау облысында жеңіл өнеркәсіптің жүн мен тері шикізаттарын алғашқы өңдеу, қаракөл қой терісін өңдеу орталықтарын, тоқыма және трикотаж, тігін, аяқ киім және былғары өндірістерін тиімді орналастыруға, сондай-ақ мұнай мен газ өндірісімен байланысты өңірде синтетикалық талшықтар өндіретін фабрика салу арқылы капрон шұлықтар шығару және ұйық (носки) өндірістерін, синтетикалық маталар өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бар екендігіне көз жеткіздім, олардың орталықтарын қай жерлерде орналастыруға болатынын анықтадым.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….. 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:………………………………………………………… 4-20

1.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ 1.1.Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайына талдау…………….4-7
1.2. Жеңіл өнеркәсіп салаларының орналасуы және басты орталықтары…7-9
1.3. Отандық жеңіл өнеркәсіптің артта қалу себептері және мәселені шешу жолдары………………………………………………………………………..9-12

2. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДАҒЫ КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Атырау облысының экономикасындағы жеңіл өнеркәсіп саласының үлесі…………………………………………………………………………12-13
2.2. Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға кедергі келтіретін факторлар ………13-14
2.3. Атырау облысының жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуға қажетті шикізат-ресурстық әлеуеті………………………………………………...14-16
2.4.Облыс бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын
кәсіпорындар……………………………………………………………….16-17
2.5.Атырау облысы бойынша жеңіл өнеркәсіпті дамыту мүмкіндігі бар аудандар және өнеркәсіпті тиімді орналастыру туралы ұсыныстар…..17-20

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..21-22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………..23

Прикрепленные файлы: 1 файл

жоба.docx

— 96.14 Кб (Скачать документ)

 

Міне осы орайда, мемлекетіміз Қазақстандағы Жеңіл өнеркәсіпті  дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын  қабылдады.

Бадарлама бойынша алға қойылған мақсаттар:

1. 2008 жылмен салыстырғанда  2014 жылға  индикаторлар қарай   жалпы қосылған құнды 50 %-ға  ұлғайту;

2. 2014 жылға қарай ішкі  нарықтың жеңіл өнеркәсіп өніміне  қажеттілігін 30 %  деңгейіне дейін  қанағаттандыру;

3. Еңбек өнімділігін 2008 жылмен салыстырғанда бір жарым  есеге ұлғайту;

4. Мемлекеттік мекемелердің  және ұйымдардың, ұлттық басқарушы  холдингтің, ұлттық  холдингтер мен  компанияның сатып алуында                          Қазақстандық қамтудың үлесі  2,5 %-ға дейін жеткізу;

5. 2008 жылмен салыстырғанда  тікелей  инвестициялар 70 %-ға  дейін ұлғайту;

6. 2008 жылмен салыстырғанда  қосылған құны жоғары өнімді  экспорттау көлемін 2014 жылы  30 %-ға жеткізу. /3/

 

Бұл бағдарлама бойынша қол  жеткізуге болатын мүмкіндіктер:

- ЕурАзЭқ кеден одағына  ену есебінен нарықты кеңейту

- шикізат (мақта, жүн,  былғары) өңдейтін өндірісті дамыту

- толлингті, алыс-беріс  шикізат өндірісін дамыту

- технологиялық көшбасшылардың  тәжірибесін пайдалана отырып, өндірісті  ұйымдастыру жолымен технологиялар  трансферті

 

Тәуекелдер:

- отандық өнім өндірісінің  деңгейі экономикалық қауіпсіздіктің  шекті деңгейінен төмен

- салаға инвестицияны  жеткіліксіз тарту

- контрабандалық және  контрафактілік өнімдер экспансиясының  күшеюі

- әлемдік көшбасшылар  тарапынан бәсекенің жоғарылығы /3/

 «Егер бұл бағдарлама  өз нәтижесін беретін болса,  қазақстандық тігін өнеркәсіптері  ішкі нарықты жаулап алған  импорттық тауарларға бәсекелестік  таныта алады» дейді мамандар.

 

2. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ  ДАМЫТУДАҒЫ КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

 

2.1. Атырау облысының  экономикасындағы жеңіл өнеркәсіп  саласының үлесі.

Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан. Облыс аумағы 118,6 мың шаршы шақырымға тең (Қазақстан аумағы жалпы алаңының 4,35%-ы), тұрғындары 510,4 адам. 2009 жыл ішінде өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 1969 млрд. теңгені құрады. Атырау облысы республикада ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) көлемі бойынша   ІІ орынды және жан басына шаққанда ЖӨӨ көрсеткіші бойынша І орынды тұрақты иеленуде.

Атырау облысы өнеркәсібінің  салалық құрылымы төмендегідей белгілермен  сипатталады: шикізат және отынды өндіру және өңдеу саласының басым болуы;  халықтың қажеттілігіне бағытталған  сала үлесінің төмендігі. Атырау облысының  экономикасының даму басым бағыттары  болып мұнай газ өндіру өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, өңдеу, агроөнеркәсіп және балық саласы табылады. Өнеркәсіптік өндіріс құрылымының  үлес салмағының көбін шикі мұнай  және ілеспе газ өндірісі, мұнай  айдау, электр энергияны өндіру және тарату алады.

Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері  нашар дамыған.

Атырау облысы ҚР бойынша  жеңіл өнекәсіп кәсіпорындарының үлесі  бойынша  ОҚО, Алматы қаласы, Алматы облысы, Астана қаласы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Ақмола облысынан кейінгі 7 орында (3%) Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарымен бірге тұр. /5/

 

  1. сурет. Облыстар бойынша жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары  /9/

 

Облыстағы жеңіл өнеркәсіп  саласының дамуының беталысы жалпы облыстық өнеркәсіп көлеміндегі үлесінің төмендеуі, жұмыс орындарының қысқартылуымен, отандық тауар өндірушілердің шетелдік өндірушілермен ішкі нарықтан ығыстырылып шығаруымен сипатталады, бұл апатты сипат алуда.

  1. кесте. Атырау облысы бойынша жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша өндірілген өнім көлемі   /9/

 

Қазіргі күні облыстың жеңіл  өнеркәсібінде кәсіпорындардың 90 %-дан  астамы шағын және орта бизнес субектілері, сонымен бірге сала кәсіпорындарының 90%-ына жуығы жұмыс қуаты 20-30 %-ды құрайтын ескірген жабдықтармен қамтылған.  /5/

9 кесте .Атырау облысы бойынша жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны  /8/

 

Негізгі өндірілетін жеңіл  өнеркәсіп өнімдеріне матрацтар, мақта  және синтепон одеялолар, мақта және синте-мамық көпшіктер, көрпелер, жаймалар мен корпе-көпшік тыстары, маман  киімдері, қапшықтар, орамалдар, халаттар, маман халаттары, пижамалар, габардин костюмдер, иленген тері, мех, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотажды сырт киімдер, ұлттық костюмдер, бас киімдер мен қалпақтар, аяқ киімдер жатады.

 

10 кесте.  ҚР  бойынша тоқыма бұйымдарын және киім өндіру  /8/

Алайда статистикалық деректерге сүйенер болсақ, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін  өндіру көлемі бойынша Атырау облысы Республикалық көрсеткіште облыс және қала арасында төмендегідей орындарды иеленді (2011 жылдың 1қаңтарына):

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж сырт киімдер- 6 орын;

Төсек жаймалары- 7 орын;

Аяқ киім шығарудан - 6 орын;

Ұлттық костюмдер- 13 орын;

Бас киім- 14 орын;

 

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА  АРНАЛҒАН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫН  ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ  бойынша Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағытында алға қойылған міндеттер: 

  1. Жеңіл өнеркәсіпте жалпы қосылған құнды 2014 жылға 2008 жылмен салыстырғанда   250%-ға арттыру
  2. Жеңіл өнеркәсіптің еңбек өнімділігін бір жарым есеге арттыру
  3. Ішкі нарықтың жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне қажеттілігін қанағаттандыру  /5/

5 кесте.

2.2. Жеңіл өнеркәсіпті  дамытуға кедергі келтіретін  факторлар .

 

Біздің облысымызда жеңіл өнеркәсіп саласының дамуының кенжелеп қалуының бірқатар шешімін таппаған проблемалары бар, олар:

    • Сала мемлекет тарапынан инвестициялық қолдауға зәру. Қаржы қазіргі таңда экономиканың өндіруші салалары: мұнай және ілеспе газ өндірісі, мұнай өңдеу, электр энергияcын өндіру және тарату сияқты маңызды салаларға жұмсалуда;
  • Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындардың технологиялық жабдықтарының жоғары дәрежеде тозуы.Жаңа құрал жабдықтар өте қымбат;
  • Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға мамандар тапшы;
  • Кәсіпорындарды басқаратын білікті маман басшылардың жетіспеуі;
  • Өндірістік технологиялардың жетекші елдермен салыстырғанда көп  артта қалуы   салдарынан өндірілген өнімдердің сапасы халықтың талап деңгейінен шықпауы;
  • Тұрғындар шығарған  өнімнің артығын олардан сатып алу жүйесінің болмауы;
  • Тапсырыстардың аз болуы және шығарылған өнімдердің өтпеуі;
  • Ұлттық киімдерге сұраныс аз.Көбіне тек сахналық қойылымдар мен тойға қалыңдық киімдеріне ғана тапсырыстар беріледі. Халықты ұлттық нақышта киінуді жарнамалау керек;
  • Ғимараттардың көбі ескірген, қыста салқын.

 

2.3. Атырау облысының жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуға қажетті шикізат-ресурстық әлеуеті.

Жеңіл өнеркәсіп- ауыл шаруашылығы  өнімдерін өңдейтін сала екені баршамызға белгілі. Олай болса жеңіл өнеркәсіптің тері былғары, аяқ киім, жүн, тоқыма салаларын дамыту үшін шикізат көзі де осы ауыл шаруашылық өнімдері боп  табылады.

Біздің облысымыздың бұл  саладағы шикізат ресурстық әлеуеті  қандай?

Ауыл шаруашылығы Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені өңір экономикасының маңызды секторларының  бірі болып табылады, өйткені облыс  тұрғындары жалпы санының 50 %-ынан астамы ауылдық елді мекендерде тұрады.

Атырау облысының аумағы табиғи-ауыл шаруашылығы белдемдеуіне сәйкес V шөл аймағына жатады. Кеңес  одағы кезеңінде  өндірістік мамандануы жағынан қаракөл тұқымды қой  өсіру шаруашылығы дамыған мал  өсіру шөл аймағына жатқызылды.

Қорытынды деректер бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына облыстың барлық шаруашылық санаттарында ірі мүйізді  мал басы санының 178,2 мыңды құрады, соның ішінде сиыр  78,9 мың басты  құрады, қой мен ешкі 600,1 мың бас, жылқы 44,3 мың бас, түйе 35,0 мың бас, құс 2,6% 56,5 мың.

2008 жылы облыстың асыл  тұқымды мал базасы 17 асыл тұқымды  мал шаруашығымен танылды, оның  ішінде Жылыой ауданында қой  және түйе өсіру бойынша 1 шаруашылық, Индер ауданында қой өсіру  бойынша 3 шаруашылық, Исатай ауданында  2, оның ішінде 1-еуі қой мен  жылқы өсіру бойынша, 1-еуі тек жылқы өсіруі бойынша шаруашылық, Қызылқоға ауданында қой өсіру бойынша 4 шаруашылық, Құрманғазы ауданында 6, оның ішінде 4-еуі қой өсіру бойынша, 1 қой мен түйе өсіру бойынша және 1 жылқы өсіруі бойынша шаруашылық, Махамбет ауданында сиыр мен түйе өсіру бойынша 1шаруашылық. 2009 жылы жоғарыда аталған асыл тұқымды мал шаруашығына 2-еуі қосылып, Қызылқоға ауданында орналасқан асыл тұқымды жылқы малын өсірумен айналысатын «Шадияр» ШҚ және асыл тұқымды қой өсіру бойынша «Достан-Ата» ШҚ асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесін алып              19-ды құрады, жалпы алғанда 19 асыл тұқымды мал шаруашығының, соның ішінде 6 асыл тұқымды мал зауыты және 13 асыл тұқымды мал шаруашығы бойынша:

Ауыл шаруашылығы құрамаларындағы  асыл тұқымды мал саны қазіргі  таңда: ірі қара -1027 бас, қой - 95030 бас, жылқы - 1389 бас, түйе – 1950 басты құрады.

 

6 кесте. Атырау облысы  бойынша  мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері  /2/

Өңір түйе малын өсіруге өте қолайлы болып табылады. Облыс түйе малын өсіру бойынша Республикада Маңғыстау облысынан кейінгі                2- орынды алып отыр, мұнда 35,5 мың бастан артық түйе малы шоғырланған, бұл жалпы мал бас санының 1/3-ін құрайды. Көп бөлігі жеке аулаларда ұсталады, бұл 32 мыңнан астам бас немесе 92,4%, ал қалған бөлігі ауыл шаруашылығы құрамаларында, мұнда 3,5 мың бас немесе 7,6%, оның ішінде 1950 асыл тұқымды мал басы.

Облыстың асыл тұқымды  түйе малын өсіретін шаруашылықтары Махамбет ауданы «Первомайский» ЖШС, Құрманғазы ауданы «Құрманғазы» ӨК және Жылыой ауданы «Жаңа Таң» ЖШС.

Түйелер тұқымының құрамында  бактериандар (қос өркешті) түрі басым.      

              Соңғы жылдары Республикада еділбай, қылшық жүнді қазақи қой басын көбейту беталысы бар, оның ішінде асыл тұқымды қолда бар қойдың                 55%-ы еділбай және олардың будан қойлар үлесінде немесе 53,4 мың қой басы, Атырау облысы бойынша барлық қой малы бас санының 7%-ын құрайды, осының арқасында өңір Республика бойынша алғашқы орындаға ие болып отыр.

Аталған қой тұқымын өсіру  бойынша ірі ауыл шаруашылығы  құрамалары «Құрманғазы», «Ақжонас», «Мақаш», «Сүйіндік» асыл тұқымды мал зауыттары  және «Нурет» асыл тұқымды мал  шаруашылығы болып табылады.  

Қазіргі таңда 7 асыл тұқымды  мал шаруашылығы («Сағыз», «Есбол»  ЖШС, «Жарсуат», «Жаңатаң», «Жасқайрат», «Жігер», «Тасшағыл» асыл тұқымды мал  шаруашылықтары) жаңа типтер мен желілерді  жасау және одан әрі жетілдіру  бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Саны бойынша каракөл  қойларының үлесі облыстың асыл тұқымды  қой басының 30%-ы немесе 29,8 мың бас, бұл облыстың барлық қой басының 4%-ын құрайды.

7 кесте. Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру  /2/

Жоғарыдағы деректерге көз  жүгіртсек, облыстың шикізат қоры жеңіл  өнеркәсіпті дамытуға жеткілікті деп  есептеуге болады. Бірақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы дамымаған. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың болмауы қойдың, соның ішінде қаракөл қойының жүні мен терісін дайындау мен өткізуде қиындық туғызып отыр, бұл сәйкесіше оған сұраныс пен сатып алушылық өтемділігін төмендетеді.

Бүгінгі күні облыста 40 қайта  өңдеу цехы жұмыс жасайды, оның ішінде тері шикізаты мен жүнді сатып  алу бойынша тек қана 6 пункт  бар.Теріні илеу және оны өңдеу саласында тек бір ған шағын цех жұмыс істейді.

 Сондықтан, амалдың  жоқтығы  шикізатты өңделмеген  түрде сыртқа сатуға мәжбүрлейді.

Облыста «Серпер» ЖШС базасында  «Атырау» ӘКК арқылы Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосында жүн мен  тері шикізатын дайындау және алғашқы  өңдеу  бойынша СДО-ын(сервистік дайындау орталықтары) құру жоспарлануда. /4/

Қазақстанның басты мұнайлы  өлкесі ретінде Атырау облысында мұнайды өңдеу негізінде алынатын жасанды талшықтар өндірісін де дамытуға да мүмкіндік мол.

 

 2.4.Облыс бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын кәсіпорындар.

Бүгінгі күні облыста жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс жасайтын 42 кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде: 2-уі  орта кәсіпорындар ( 51 - 100  адам) болса, 40-ы шағын кәсіпорындар ( 5 - 50  адам).

Мамандану салалары бойынша:

Киімнен басқа тоқыма бұйымдарын өндіру-7, 

Арнайы киім өндіру -7 ,

Сырт киімдерді өндіру-1,

Аяқ киім өндіру-1, 

Теріні илеу және өңдеу-4,

Матрас жасау-1,  

Киімнен басқа дайын тоқыма бұйымдарын өндіру-1, 

Басқа киімдерді және керек  жарақтарды өндіру-1.

Ателье-13,

Тігін шеберханасы-2,

Сән орталығы-2.

8 кесте . Атырау облысы бойынша статистикалық бизнес- регистр бойынша тіркелген жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс  жасайтын кәсіпорындар   /10/

Жалпы жоғарыдағы деректерге сүйенсек, біздің облысымызда шағын  кәсіпорындардың басым екенін көреміз. Оның ішінде  тігін өндірістері  мен  киімнен басқа тоқыма бұйымдарын шығару және арнайы маман киімдерін  өндіру кең таралған. Бұл салада "Қазақ соқырлар қоғамының "Атырау оқу-өндірістік кәсіпорыны" ЖШС, "Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорыны" сияқты 50-100 адам жұмыс жасайтын орта кәсіпорындар мен «Эртри» ЖШС, "Сымбат" ЖШС, "Казспецодежда-логотипы-палатки" ЖШС, "Эсем Фейшнз Атырау" ЖШС, "Гүлмаржан сән үйі" ЖШС, "Баг-Нур компани" ЖШС, "Ботагөз" ЖШС сияқты 11-50 адамға дейін жұмыс жасайтын шағын кәсіпорындар бар.

Информация о работе Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы көкейтесті мәселелер және өндірісті ұйымдастыру