Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы көкейтесті мәселелер және өндірісті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 20:11, научная работа

Краткое описание

Жүргізген зерттеу жұмысымның нәтижесінде Атырау облысында жеңіл өнеркәсіптің жүн мен тері шикізаттарын алғашқы өңдеу, қаракөл қой терісін өңдеу орталықтарын, тоқыма және трикотаж, тігін, аяқ киім және былғары өндірістерін тиімді орналастыруға, сондай-ақ мұнай мен газ өндірісімен байланысты өңірде синтетикалық талшықтар өндіретін фабрика салу арқылы капрон шұлықтар шығару және ұйық (носки) өндірістерін, синтетикалық маталар өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бар екендігіне көз жеткіздім, олардың орталықтарын қай жерлерде орналастыруға болатынын анықтадым.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….. 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:………………………………………………………… 4-20

1.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ 1.1.Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайына талдау…………….4-7
1.2. Жеңіл өнеркәсіп салаларының орналасуы және басты орталықтары…7-9
1.3. Отандық жеңіл өнеркәсіптің артта қалу себептері және мәселені шешу жолдары………………………………………………………………………..9-12

2. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДАҒЫ КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Атырау облысының экономикасындағы жеңіл өнеркәсіп саласының үлесі…………………………………………………………………………12-13
2.2. Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға кедергі келтіретін факторлар ………13-14
2.3. Атырау облысының жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуға қажетті шикізат-ресурстық әлеуеті………………………………………………...14-16
2.4.Облыс бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын
кәсіпорындар……………………………………………………………….16-17
2.5.Атырау облысы бойынша жеңіл өнеркәсіпті дамыту мүмкіндігі бар аудандар және өнеркәсіпті тиімді орналастыру туралы ұсыныстар…..17-20

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..21-22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………..23

Прикрепленные файлы: 1 файл

жоба.docx

— 96.14 Кб (Скачать документ)

        

 1 кесте . Қазақстан Республикасындағы тоқыма өнімдерін өндіру көлемі /3/

 

Тігін өнеркәсібі арнайы киімдерді, сырт киімдерді, іш киімдерді, киімдердің өзге де түрлері мен керек-жарақтарын, тері бұйымдарын, трикотаж бұйымдарды тігуді, сондай-ақ шұлық-ұйық бұйымдарын қамтиды.

       2010 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша тігін  өнеркәсібінде 952 кәсіпорын тіркелген,  олардың 329-ы белсенді жұмыс  істейді, оның ішінде 4 ірі, 29 орташа  және 296 шағын, оларда 5600 адам жұмыс  істейді.

       Мемлекеттік  қолдау шеңберінде 2005 жылы Оңтүстік  Қазақстан облысында жалпы аумағы 200 гектарға жуық «Оңтүстік» арнайы  экономикалық аймағы (бұдан әрі  - АЭА) құрылды, оның негізгі  мақсаты тоқыма және тігін  өнеркәсібін дамыту үшін жағдай  жасау, сондай-ақ қосылған құны  жоғары бәсекеге қабілетті тауарлар  өндіруге өту үшін алғышарттар  болып табылады.

 

2 кесте. Қазақстан Республикасындағы тігін өнімін өндіру көлемі /3/

 

      Былғары,  былғарыдан жасалған бұйымдар  және аяқ киім өндірісі 

тауарлық былғары, ішік-үлбір  бұйымдар мен аяқ киім өндірісін  қамтиды.

      2010 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша былғары,  былғарыдан жасалған бұйымдар  және аяқ киім өндірісінде  142 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде  белсенді жұмыс істеп тұрғаны  42 кәсіпорын, соның ішінде 1 ірі, 7 орташа және 34 шағын кәсіпорындарда 900 адам жұмыс істейді.

 

3 кесте. Қазақстан Республикасында былғары, былғарыдан жасалған

бұйымдар және аяқ киім өндірісінің көлемі /3/

        

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, еліміз бойынша жеңіл өнеркәсіпте 1500 кәсіпорын тіркелген екен. Алайда, бүгінде соның 14 %-ы ғана нақты жұмыс жасайды. Мамандардың айтуынша, олардың ішінде сапалы өнім өндіруге қабілетті кәсіпорындар бар, бірақ олар аяғынан тұра алмай жатыр. Өйткені, ел нарығын емін-еркін жайлап алған қытайлық, түркиялық, қырғызстандық тауарлармен тең дәрежеде бәсекеге түсу мүмкін болмай қалды. Соның салдарынан ел ішіне сапасы өте төмен, төмен болғанда адам ағзасына қауіпті тауарлар көлеңкелі жолмен келіп, нарықты түгел жаулап алған. Мұндай тауарларды дайындауға бұрын киім өндірісіне қолдануға мүлдем тиым салынған арзан синтетикалық материалдар мен химикаттар қолданылады екен. Көлеңкелі жолмен келген соң, Қазақстан нарығында бұл тауарлардың бекітілген стандарттарға сәйкестігін ешкім тексермейді, мұны және Қытай, Түркия сияқты елдердегі өндірушілер біліп болған. Сондықтан киім-кешек өндірісіне кез келген синтетикадан материалдарды, химикаттарды емін-еркін пайдаланып, еліміздің нарығына қалағанынша тоғытып жатыр. Өздерінің осындай өнімдері ол елдерде тұтынылмайды, тұтынылуына да мүмкіндік жоқ. Себебі, арнайы қадағалаушы органдар сәйкесті стандартқа сай келмейтін, адам ағзасына қауіпті өнімдерді анықтаған бойда әлгіндей кәсіпорынның жұмысын бірден тоқтатады.

Еуропа елдері біздің сапалы өнімдерімізге бірден назар аударды.Біздің өнімдеріміз ол жақта сұранысқа ие екеніне көзіміз жетті. Сапалы, табиғи өнімді білім-білігі жоғары еуропалықтар жазбай таниды екен. Мемлекеттік деңгейде қолдау болса, Қазақстандық өнімдер Еуропада еркін таралатын болады. Шыны керек, сол жаққа бір шығып келгенде түскен тапсырыстарды орындауға шағын кәсіпорындардың шамасы жетпей жатыр. /7/

 

1.2. Жеңіл өнеркәсіп салаларының орналасуы және басты орталықтары.

 

Жеңіл өнеркәсіп құрамына кіретін салалар орналасу принциптеріне  байланысты ел аумағында әркелкі  таралған.

Жеңіл өнеркәсіптің орналасу принциптері

Шикізат өндірісі

Жартылай дайын өнімдер

Дайын өнімдер

Мақта

Шитті мақта

Мал терісі

Жіп иіру

Тоқыма 

Былғары

Тері

Тігін

Тоқылған бұйымдар

Кілем

аяқкиім


 

Жеңіл өнеркәсіптің маңызды  салаларының бірі – тоқыма өнеркәсібі. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

Бірінші сатысы - металлургиядағы  кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді  өңдеу болып табылады. Ол мақта  тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. 1 т жуылған  жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан бастапқы өңдеу кәсіпорындары  шикізат көздеріне жақын орналастырылады.

Әрбір келесі сатыны жекелеген  жіп иіру, тоқыма немесе әрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік  шығынын көбейтіп, дайын өнімнің  бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын  бір комбинатта жинақтау тиімдірек  болады. /1/

Мақта-мата өнеркәсіптері  Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта  тазалау зауыттары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Бүгінгі күні тоқыма өнеркәсібінің  ең ірі кәсіпорындарына жылына 18,8 мың тонна мақта талшығын өңдейтін «Textiles.kz» корпорациясы («Ютекс» акционерлік  қоғамы ,«Меланж» АҚ), «South Textiline.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ОҚО) сияқтылар  жатады.

Жүн өнеркәсібі мардымсыз  дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары  Оңтүстікте (Таразда және т.б.) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.

Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркөсіптері бір-бірімен  тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен  электр қуатына жақын орналасады.

 Былғары, былғарыдан  жасалған бұйымдар және аяқ  киім шығаратын ең ірі кәсіпорындарға: «Семей былғары-тері комбинаты»  ЖШС, «Тыныс-V» ЖШС (Шығыс Қазақстан  облысы), «Рудный былғары зауыты»  ЖШС (Қостанай облысы), «Петропавл  былғары зауыты» ЖШС (Солтүстік  Қазақстан облысы), «Тараз былғары  аяқ киім» ЖШС (Жамбыл облысы), «Гекко» ЖШС (Алматы қаласы.) жатады. Қостанайда, Алматыда, Ақтауда аяқ  киім фабрикалары жұмыс істейді.   /3/  

Жеңіл өнеркәсіптін, «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін  өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін  шағын тігін шеберханалары шығарады.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, бүгінде елімізде 1500-ден  астам жеңіл өнеркәсіп мекемесі тіркелген екен. Алайда, бүгінде  соның 14 пайызы ғана нақты жұмыс  жасайды. Оның 500-ге жуығы — тоқыма, 400-ге жуығы — тігін, 42-сі аяқкиім  өнеркәсібі болып табылады.

Жұмыс істеп  тұрған кәсіпорындар:

2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай  бойынша, тоқыма  өндірісімен  айналысатын – 39, киім өндірумен-32, тері өндіру және оған қатысты  өнімдерді өндірумен  – 5 ірі  және орташа кәсіпорындар мен  өндірістер тіркелді.

ҚР Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі №1605 Жарлығына сәйкес «Оңтүстік» деп аталатын экономикалық белдеу құрылған болатын. Жобаның мақсаты: еліміздегі мақта-мата шикізатын дайын  өнімге дейін жасап шығаратын  мақта-тоқыма кластерін құру . «Оңтүстік» аймағында 15 тоқыма кәсіпорындарын ашу  жұмыстары қолға алынған.Жұмыс  істеу мерзімі  2030 жылдың 1 шілдесіне  дейін. Оның құрамына: «Oxy Textile» ЖШС, «Мақтаөнеркәсiбi -Целлюлоза» ЖШС, А  «Ютекс-KZ» АҚ, Т «Есенжол-Назар» ЖШС  қатысады.Жалпы инфрақұрылымға 8,1 млрд.теңге  бөлінді.

Жеңіл өнеркәсіптегі «нишалық»  жобалар анықталды:

1) Тері-аяқ киім өндірісін  жаңалау және қайта құру –  Жамбыл облысы;

2) Алгинді тері зауытындағы  тері өнімдерін өндіру және  теріні өңдеуді ұйымдастыру- Ақтөбе  облысы;

3) Құрылыс құрылымдарын  күшейтуге арналған геотоқыма  өндірісі – Алматы облысы;

4) Жіпті иіру өндірісіне  арналған фабрика – Алматы  облысы;

5) Қалың кiлемдер мен  кiлем бұйымдар өндірісіне арналған  фабрика – Алматы қ.;

6) Шұға тоқымасы өндірісіне  арналған фабрика - Алматы қ.;

7) Трикотаж бұйымдары  және машинамен иірілген жіп  өндірісіне арналған фабрика  – Қостанай облысы.

         Ұсынылған өндірістік аймақтар: 

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары  құрылған өндірістік-технологиялық  базаға, шикізат және еңбек ресурстарының  болуына, сондай-ақ ұсынылатын және перспективалы ішкі және әлемдік сұранысқа байланысты Алматы, Шымкент, Семей қалаларында орналастырылатын болады. /3/

 

 1.3. Отандық жеңіл өнеркәсіптің  артта қалу  себептері және мәселені шешу жолдары.

      Жеңіл өнеркәсіпті  дамыту үшін Қазақстан жеткілікті  әлеуетке ие, республикада қолайлы  факторлар мен алғышарттар бар.

 Бұл ретте саланың  жай-күйін талдау оның күшті және әлсіз жақтарын айқындауға мүмкіндік берді.

 

Күшті жақтары:

Әлсіз жақтары:

- шикізат ресурстарының  болуы

- ірі нарықтарға жақындық (Ресей, Қытай, Үндістан)

- ішкі және әлемдік  нарықтардағы өскелең сұраныс

- көлік және энергетикалық  инфрақұрылымның болуы

- өндірістік әлеуеттің  болуы

- салыстырмалы түрде арзан  жұмыс күші (елдің оңтүстігінде)

- жүн және былғары шикізатының  төмен сапасы

- өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің  төмен деңгейі

- салаға күрделі қаржы  жұмсалымының жоқтығы

- қосылған құны төмен  тауарлар экспортының жоғары  үлесі

- отандық брэндтердің  іс жүзінде толықтай болмауы

- білікті кадрлардың жеткіліксіздігі

- негізгі қорлардың едәуір  тозуы


/3/

Зерттеу мәліметтері бойынша, елімізде жеңіл өнеркәсіпке деген  сұраныстың жалпы көлемі 5-6 млрд. долларды құрап отыр. Бұл елдегі импорттың  үлесі 97 % деген сөз.

       Жеңіл  өнеркәсіп кәсіпорындарында негізгі  қорлардың айтарлықтай тозуы  (80% дейін) ең негізгі проблемалардың  бірі болып табылады. Салалық  кәсіпорындарда негізгі қорларды  жаңарту үшін жеткілікті қаражат  жоқ және ескірген жабдықтарда  бәсекеге қабілетті емес өнімдерді  шығарып, жұмысын жалғастыруда.

       Экономикалық  дағдарыс жағдайында, оның ішінде  жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында  өтімділік мәселесі айтарлықтай  өткір болып тұр. Оның нәтижесінде  екінші деңгейдегі банктер мен  даму институттары ұзақ мерзімді  жеңілдікпен кредит беруді тоқтатты. Қалыптасқан жағдайда салалық  кәсіпорындар ағымдағы операциялық  қызмет мәселесін шешеді.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің  қазақстандық экспортының елеулі үлесін өңделмеген шикізат, не төмен бөліністегі  өнімдер құрайды, бұл саланың  жалпы дамуына қауіпті әсер етеді, өйткені қайта өңделген отандық  шикізат шетелден еліміздің ішкі нарығына дайын өнім түрінде қайтып келеді. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, еліміздегі мақтаның өнімі 400-450 тоннаға дейін жетіп отыр. 15-20 мың тонна жүн, 7 миллион данадай тері шикізаттары жиналады екен. Сонда осыншама шикізат қайда кетіп жатыр?

 Осы жағдай дағдарысты  ерекше көлемде туындатты, өйткені  қатердің жоғары деңгейі отандық  кәсіпорындарда меншікті шикізатты  қайта өңдеуге ұшыратпай, оны  өңделмеген түрде сатуға мәжбүрлейді.

        Отандық  жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің  бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі  және таяу және алыс шет  елдерден импортталатын өнімдер  санының көп болуы отандық  тауар өндірушілерді қауқарсыз  жағдайда қалдырып отыр. Негізінен  Оңтүстік-Шығыс Азия және Қытай  елдерінен импортталатын өнімдердің  бағасы мен сапасы бойынша  айтарлықтай төмен, бірақ бұл  ретте қазіргі заманғы сән  үрдістеріне жауап береді және  сондықтан бәсекеге қабілетті./7/

       Жеңіл  өнеркәсіп өнімдері өндірісін  болашақта өсуінің әлеуметті  проблемаларының бірі білікті  кадрлардың тапшылығы, сондай-ақ  тәжірибелі қызметкерлерге төлемнің  жоғарғы құнына қатысты болып  табылады.

       Бұл  еңбек шарттарының тартымсыздығынан  және жалақының жоғары еместігінен,  кадрлардың қайтуынан туындады, ескірудің табиғи үдерісінен - көптеген  қызметкерлер зейнеткерлік және  зейнеталды жасында, бұл ретте  салаға жастардың келуі еңбек  шарттарының тартымсыздығынан елеулі  емес болып қалады.

       Қазіргі  уақытта еліміздің жоғары оқу  орындарында елде инженерлік-техникалық  бағыт бойынша жоғары және  орта-мамандандырылған оқу орындарында  оқитын студенттердің саны аз, сонымен қатар кадрлар дайындығы  осал, бұл студенттерді оқыту  үдерісінде жабдықтардың техникалық  ескіргендігіне байланысты.

 

Жеңіл өнеркәсіптің артта қалу проблемасын  шешу жолдары:

  • Жергілікті шикізат базаларын дамытуды жолға қою.Қазақстанның бұл саладағы мүмкіндігі өте жоғары. Бізде нағыз мақта, жүн, синтетикалық талшықтар дайындауға қажетті ресурстар да мол. Ең бірінші осындай шикізаттарды өңдейтін зауыттар салуға күш салынса.
  • Жүн және мақта шығаратын зауыттарға салық деңгейін төмендету қажет. Оның ішінде жаңа жабдықпен технология алушыларға мемлекет тарапынан лизинг немесе банк несиелерінің пайызын төмендету керек.
  • Саладағы кәсіпорындарға қосымша құн салығын азайтып, табысқа салынатын салықты 5 жыл бойы мүлде алмау. Тек сонда ғана қосымша жұмыс орындары ашылып, отандық кәсіпорындар шикізат емес, жоғары қосымша құны бар дайын өнім шығара бастайды.
  • Кәсіпорындарға шикізатты тасу үшін жеңілдікпен несие беруді енгізу.
  • Шикізат таситын кәсіпкерлерге кеден төлемдерін өсірмеу керек.
  • Шағын кәсіпорындарды және жекелеген кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау.
  • Өндірісті жаңашылдандыру, тауарлардың жаңа түрлерін шығару.
  • Өндірістік кәсіпорындарда  маркетингтің нәтижелі жүйесін құру.
  • Халықтың әртүрлі топтарына арналған тауарлардың ассортиментін кеңейту (үйге, жұмысқа, демалыска арналған,т.б.) және оған ұлттық нақыштарды енгізу.
  • Шетелдік  фирмалардың қолайлы тәжірибелерін  біздің нарықта ұтымды пайдалана отырып, Қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру.

Информация о работе Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы көкейтесті мәселелер және өндірісті ұйымдастыру