Ірі қара төлін өсірудің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 07:21, курсовая работа

Краткое описание

Мал төлден өседі. Сондықтан мал шарушылығының тажірбиелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті ірі қара мал шарушылықтарында керісінше, жемді көбірек береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организімде зат алмасу күшейіп, әрі ас қорту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның барлығы суттің көп болуына әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жас төлдердi өcipy технологиясы.doc

— 390.00 Кб (Скачать документ)

              Карантин кезінде ауру мал тұрған қора тазартылып, қиын бір жерге үйіп, биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады.  Қоралардың еденін күдіргіш натырдың 3 проценттік формальдегидтің 10 проценттік ертіндісімен дезенфекциялайды. Соңғы мал ауырып жазылғаннан кейін, 21 күн өткен соң шаруашылықтан каран тин ашылады.

              Ауруды болдырмау мақсатымен  елімізде ондаған вакциналар  дайндалып, олармен жыл сайын  мал егіліп отырылады. Ал Қазақстанда  соңғы  5 жыл ішінде Шымкент,  Жамбыл, Қызылорда, Алматы  және  Жезқазған облыстарының ғана малы, әсіресе ірі қарасы аусылға қарсы үш валентті вакцинамен егіледі.

 

Вирустік диарея

 

Вирустік диарея ірі қараның ішек-қарнының, ішкі органдарының кілегей қабықтарын қабындыратын және ішін өткізіп, өте тез арықтататын  вирустік жұқпалы ауру. 

Бұл ауруға табындағы малдың тез арада жартысынан көбі шалдығады және ауырған малдың 20 пайызы, егер күтімі нашар болса 80-90 пайызы өледі.

 

Қоздырғышы. Көлемі өте кішкентай, арнаулы жасалған сүзгіден өтетін вирус. Бұл вирусты арнаулы электрондық микроскоппен қарағанда дөңгелек болып көрінеді. Бирусты бірінші рет 1946 жылы АҚШ ғалымы П.Олофсон ашқан.

Вирус төменгі  температураға өте төзімді келеді, мысалы 40-60 0С аязда сақтала береді. Ол керісінше ыстыққа төзімсіз, соған орай тез уытын жояды. Сондай-ақ вирус эфир мен хлороформда тез өледі.

Эпизоотологиясы. Вирустың диареямен табиғи жағдайда көбінесе бұзаулар тайыншалар жиі ауырады. Ауру бір табынан шығатын болса ол, тез арада шаруашылықтың басқа табындарына тарап, кейде бүкіл аудан шаруашылықтарына түгелдей жайылып эпизоэтияға айналады. Бұл індет-маусымды ауру.

Ауру вирустық диареяға шалдыққан малдан жұғады. Кейбір жағдайда ауру жасырын түрде, іш тастау арқылы да өршуі мүмкін. Ондай  малды вирус   тасымалдаушылар  деп атайды. Ауру мал смыртқы ортаға қиы, зәрі, сілекейі және көз жасы арқылы да тарайды.

Аурудың өршуі және оның белгілері. Ауру негізінен алғанда ас қорыту жолдарының және тыныс алу жүйесінің кілегей қабықтарын зақымдап, вирус еңген соң 1-4 күн аралығында өршіп бүкіл организмге тарайды. Барлық ішкі органдар мен тканьдерді зақымдайды. Бұл кезеңде малдың дене қызуы көтеріледі. Ас қорыту мүшелеріның зақымдануы салдарынан азық сіңіру қызметі бұзылады, іші өтеді. Егер вирус буаз малдың   жатыры арқылы енетін болса, онда іштегі төлін өлтіреді. Аурудың жасырын өршитін кезені  2 күннен 14 күнге дейін созылады. Ауру жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын түрінде өтеді. Вирусті диареяның жіті түрінде мал денесінің қызуы бірден 40,5-42,4 0С-қа дейін көтеріледі, күйі күрт төмендейді және жемшөпке селсоқ қарайды.  Осы мезгілде тыныс жолдарының кілегей қабығы қанталап, танауынан маңқа ағады.  Ауыз қуысының кілегей қабығы қызарады, олар ұсақ жараға айналады.  Малдың аузынан қою сілекей ағады.

Малдың іші  өткенде қиынан сасық иіс шығады, газ көпіршіктері мен қан аралас сұйықтық байқалады. Терісі мен жүнінің түсі өзгеріп ұйпалақтанады. Жара пайда болган жерінде терісі жиырылып қабыршықтанады, кейде мал жөтеліп, көзі жасаурайды. Кейбір кезде ауруға шалдыққан мал ақсап, орнынан әрен тұрады, қозғалуы қиындайды, алдыңғы аяқтарын алшақ қойып тұрады.

Ауру жітілеу  түрде  өткенде аз уақытқа малдың ыстығы көтеріліп (40 0С), жалпы күйі төмендейді әлсірейді. Көзген оңай шалдығатын  кілегей қабықтары қызарады, аузынан сілекей, танауынан маңқа ағып, жөтел пайда болады, қарны әлсін-әлсін жиырмай қалады, яғни ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады. Сиырдың сүті қашады.

Ару мал өлексесінің  патоанатомиялық өзгерістерінен қатты  арып, етінің құрғағаның байқауға болады. Ас қорыту жүйелерінің кілегей қабықтары  әр түрлі көлемде өліеттенеді. Бұл  өзгерістер ауыздан, тістің қызыл етінен де кездеседі.

Аруды анықтау. Вирустық диарея ауруын клиникалық белгілерін эпизоотологиялық деректері мен ішкі органдардағы патоанатомиялық өзгерістерді ескере отырып және лабораториялық зеттеулердің нәтижесіне сүйеніп анықтайды.

 Вирусті  бөліп  алу үшін оларды клеткада өсіру әдіі, ал түрлерін анықтау үшін бейтараптау реакциясы (РН) диффузиялық преципиттеу реакциясы (РДП) және иммуннофлуоресценциялық реакция (РИФ) тәсілдері қолданылады.

Емі. Бұл арудың арнайы емдеу әдісі әзірге жоқ. Егер ауыз қуысы эрозияға ұшыраса және жара болатын болса, онда оны 0,1-0,2 пайыз перманганат калий ерітіндісімен жуған жөн. Ал ауруды өзге бактериялармен асқындырмау үшін антибиотиктер және сульфамиламит дәрілерін қолданады.

Аурудан сақтандыру шаралары. Әр уақытта мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді бұжытпай орындаса малды вирусты деария ауруынан аман сақтауға болады.

Малды тек вирусты  аурулардан таза шаруашылықтардан ғана әкелу керек. Әкелінген малға  карантин қойылады, қораны, көлікті  және құрал-саймандарды ардайым  дезенфекциялап зарасыздандырып отырады.

Ал малдан вирустік деарияның белгілері байқалатын болса оларды лабораториялық зеттеулерден өткізіп, ауруды толық анықтайды. Ауру белгілері бар малды оқшаулап, бөлек күтеді, мал топтастыруды дереу  тоқтатады.

 

Қарасан

 

Қарасан ірі қараның жіті түрде өтетін жұқпалы ауруы. Малдың бұлшық еттері ісінеді оны қолмен басқан кезде сықырлайды.

Қоздырғышы. – Клостридиум Шово деп аталатын түзу немесе иіліп келген жылжымалы, оттегісіз ортада өсетін таяқша тәріздес бактериялар. Аурудың қоздырғышы Грамм әдісі мен боялады. Өлекседе және сыртқы ортада спора түзеді, ол қоздырғыштан енділеу келеді.

Ауру қоздырғышы табиғаттан кен таралған. Оларды топырақтан көңнен, балшықтан судан ірі қара, қой, жылқы ішегінен де бөліп алуға  болады. Ауру қоздырғышы Китт – Тароцци, Хоттингер қоректік заттарында бауырдың, мидың кішкене бөліктерін және қан қосса өте жақсы өседі.

Дезенфекциялық  дәрілердің ішінде ең жақсы әсер ететіні-формальдегиттің 4 пайыздық ертіндісі.

 

 

  

   Эпизоотологиясы. Қарасанмен көпшілік жағдайда 3 айлық бұзаудан 4 жасқа дейінгі ірі қара ауырады. Бұл ауруға қой, ешкі, буйвол (енеке) және бұғы да шалдығады. Енекелер көбінесе 2-1 жас аралығында ауырады.

Қарасан негізінен  алғанда малда сирек кездеседі, бірақ ірі қара бордақылайтын комплекстерде бұл ауру кіші-гірім эпизоотиялық түрінде кездесіп , бір-екі аптаның ішінде ондаған малды ауруға шалдықтырады. Ауырған малдың ішінен 80 пайызға дейінгісі шығынға ұшырайды.

Аурудың өршуі және оның белгілері. Қоздырғыш спорасы табиғи жағдайда мал организміне ас қоыту жолдары, кілегей қабықтың жарақаттары тері арқылы енді. Қоздырғыш спорасы қанға түскен сон мал денесіндегі қалың бұлшық етті желеріне жетіп споралар вегетативті өскелен түрге айналады. Қарасан қоздырғышы көбейген сон әр түрлі уытты заттар бөліп шығара бастайды. Қоздырғыш енген ткань қабынады. Осы қоздырғыштан бөлінетін уытты заттар қан тамырларын зақымдап, тканьдерді ыдыратады, қанды су жиналып, газ көпіршіктері пайда болады.  Сондықтан бұл ауруда сықырлайтан ісік пайда болып, ол ұлғайады.

Ауру жіті түрде  өткен жағдайда мал денесінің  қызуы 41-42 градусқа дейін көтеріледі. Малдың жанбасында, санында, алқымында кейде аузында және тамағында 8-10 сағаттың ішінде үлкейіп, ісіп шыға келетін түйіндер пайда болады. Олар алғашқы кезде қатты, ыстық келеді. Саусақпен басып қарағанда сықырлап тұрады.

Малдың жалпы  күйі аурудың өршуіне тығыз байланысты. Ауру малдың күйі төмендеп, шөп, суға қарамайды, күйіс қайтармай демігеді. Жүрек  қан айналу жүйесінің қызметі  нашарлап, тамыр соғуы жиілейді. Мал өлер алдында оның денесінен қызуы әдеттегіден біршама төмендейді. Ондай мал 1-2 тәуліктен сон кейде 3-10 күннің ішінде өледі.

Ауруды  анықтау. Бұл мақсатта эпизоотологиялық мәліметтері мен клиникалық белгілеріне қарай анықтап, сондай-ақ қосымша лабораториялық зерттеулермен толықтырған жөн.

Лабораторияға ісініп, зақымданған тұстан алынған  сұйық, жүректен алынған қан, бауырдың, талақтың кесінділерін жіберу керек.  Бұл материалдарды лабораторияға  мал өлген соң 2-3 сағаттан кешіктірмей  жіберген жөн. Керек жағдайда материалдарды банкаға глицериннің 30-40 пайыздық ерітіндісін құйып, соған салып жібереді.

Емі. Қарасан жіті түрде өткен жағдайда ауру малды емдегеннен пайда бола бермейді. Ауру малды емдеу үшін пенициллин, биомицин және дибиомицин сияқты антибиотиктер қолданылады. Пенициллинді малдың тірілей салмағының әрбір килограмына 5-9 мың ЕД мөлшерінде новокаинның 0,5 пайыздық ерітіндісімен араластырып егеді. Дибиомицинді глицириннің 40 пайыздық ерітіндісіне араластырып егетін болса нәтижесі өте жақсы болады. Бұл препаратты малдың тірілей салмағының әрбір килограмына 40 мың ЕД мөлшерінде бұлшық етке жіберетін болса, оның емдік концентрациясы мал органимзмінде 9 күндей сақталады.

Аурудан сақтандыру шаралары.  Аурудын алдын алу үшін малды ағынсыз шалшық сулардан  суармау керек.Оларды  сулы, батпақты жерлерге жаймайды. Шөп, пішен, топырақпен былғанған болса оларды малға беруді тоқтатады. Мал қорасы төңірегінің, жайылымның санитарлық  жағдайын үнемі бақылап, қадағалап отыру керек. Малды жарақаттанудан сақтау қажет.

Шаруашылықта (фермада) қарасан ауруы шығатын болса  оған карантин жариялайды. Шаруашылықтан  сыртқа мал шығаруға болмайды. Бұл  жағдайда шаруашылықтың өзіндегі 3 айдан 4-жасқа дейінгі басқа малды  топтауға тиым салынады және арнай  вакцина егіледі. Ауру малды союға және оның сүтін пайдалануға рұқсат етілмейді.

Оқаушауланған мал тұратын қора күн сайын  дезенфекцияланады. Дезенфекция жсау үшін формальдегидтің 4 пайыздық, күйдіргіш  натрийдің және 1 хлорлы йодтың 10 пайыздық ерітінділерін, хлорлы әктің 5 пайыздық ерітіндісі пайдаланылады.

 

Кампилобактериоз

 

Кампилобактериоз-сиыр мен қойлардың жыныс жолдарын зақымдап, ұрықтану қабілетін төмендедетін, буаз малды іш тастататын, шала төл тудыруға әкеп соқтыратын жұқпалы ауру. Бұл ауру бұрын вибриоз деп аталатын.

Қоздырғышы-вибрио фетус. Оны алғаш рет 1909 жылы Англияда Мак-Фадиен және Штокман деген ғалымдар іш тастаған қойдан анықтаған.

Казақстанда  кампилобактериоз ірі қара мен қой шаруашылығына күні бүгінге дейін елеулі экономикалық  зиян келтіріп отыр.

Індет қоздырғышы «кампилобактер» деп аталады. Бұл терминнің грек тілінен аударғандағы мағынасы: «кампило»-иілген; «бактерия»-таяқша деген екі сөзден тұрады.

Микроскоппен  қарағанда иілген екі таяқша тәрізді  немесе ұшып бара жатқан шағала секілді  микроорганизм көрінеді. Оның ұзындығы 0,5-0 мкм, ені-0,2-0,8 мкм.

Кампилобактер 0,15 пайыздық жартылай сұйық қоректік ортада 36-48 сағаттан соң пробирка бетінде  ақ сұр түсті сақина тәрізді болып  өседі.

Ыстыққа өте  төзімсіз келеді, мәселен 100 градуста бірден өледі.

Мал қораларында  ауру қоздырғышын жою үшін күйдіргіш  натрийдің 

2 пайыздық ерітіндісін  қолданып зарарсыздандырады. 

Эпизоотологиясы.  Кампилобактериоз ауруы ірі қарады жылдың

кез-келген маусымында кездеседі. Індет сиырға жыныс қатынасы арқылы жұғады.

Осы індеттен сақтандыру үшін сиырды қолдан  ұрықтандырудың маңызы зор. Айта кететін тағы бір  жайт ұрықты бактериологиялық әдіспен  зерттегенде мал дәрігерлік заңдылықта көрсетілген ережелердіқатаң сақтау, ескеру қажет.

Ауру белгілері. Сиырдың ауру белгілері екі түрде байқалады. Біріншісінде-сиырдың 3-6 айға дейін күйіті келмейді, ал екіншісінде буаз сиыр іш тастайды. Іш тастау сиыр буаздығының екінші жартысында басталады.

Ауру сиыр 5-7 ретке дейін күйлейді. Жыныс циклінің реттілігі бұзылып, ұрық жетілмей қалады. Кампилобактериоз кездесетін шаруашылықтарда табындағы сиырлардың 5-12 пайызы қысыр қалады. Іш тастаған сиырлар мен қашарлардың шуы кеш түсіп, жатыры қабынады.

Ауруды  анықтау. Кампилобактериозды анықтау үшін эпизоотологиялық деректеріне, аурудың белгілеріне және бактериологиялық зеттеулер нәтижесіне сүйенеді. Ауру малдың қабынған жатырының сұйықтығы тұтас, түсік бұзылмаған күйінде лабораторияға бактериологиялық зерттеуге жіберілуі қажет.

Ауруды анықтағанда  биохимиялық,  серологиялық әдіске сүйенген орынды.

Емі. Ауру сиырдың бұлшық етіне тірілей салмағының әрбір килограмына есептеп , 4 мың ЕД мөлшерінде пеницилин мен стрептомициннің новакаинге ерітілген ерітіндісін бір апта бойы егеді. Сонымен қатар жатыр қуысына тәулігіне бір рет 1000000 өлшемде окситетракциклиннің 10-12 мл қайнаған суда еріген ерітіндісін 40-50мл балық майына қосып құйған орынды. Ірі қараның жатырын фурацилиннің 1 пайыздық, марганец- қышқыл калийдің әлсіз ерітінділерімен жуып шайған дұрыс.

Аурудан сақтандыру шаралары. Кампилобактериоз індетін бұқалар тарататын болғандықтан тұқыммал станцияларында олардың ұрығында үш ай сайын бактериологиялық зерттеуден өткізіп отырған дұрыс.

Шаруашылықтардан  тұқымдық бұқалар мен қашарлар сатып  алғанда оларды бір  ай карантинде ұстап, міндетті түрде бактериологиялық зерттеуден өткізу қажет.    

       

      

 

 

 

 

     2.7. Мал шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға

                                                           арналаған

ветеринариялық-санитариялық шаралар және антропоозондардың

алдын алу.

       Техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитариялық шаралар жиынтығы малшыларды зоонтропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарлатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз ету керек.

Информация о работе Ірі қара төлін өсірудің маңызы