Ірі қара төлін өсірудің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 07:21, курсовая работа

Краткое описание

Мал төлден өседі. Сондықтан мал шарушылығының тажірбиелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті ірі қара мал шарушылықтарында керісінше, жемді көбірек береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организімде зат алмасу күшейіп, әрі ас қорту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның барлығы суттің көп болуына әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жас төлдердi өcipy технологиясы.doc

— 390.00 Кб (Скачать документ)

1. Кіріспе

 

Ірі қара төлін өсірудің маңызы  

                                                                                                                                                                                                                        

           Мал тұқымын асылдандыру, олардың онімділігін жылдан-жылға арттыру және малдың конституциялық – экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған бұзауларға, ата-тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде бар азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық камтамасыз етілсе, олордың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындыла алады.                                                                                    Мал төлден өседі. Сондықтан мал шарушылығының тажірбиелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті ірі қара мал шарушылықтарында керісінше, жемді көбірек береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организімде зат алмасу күшейіп, әрі ас қорту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның барлығы суттің көп болуына әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады .

   Сүтті мал шаруашылықтарында  бұзауларға қолдан сүт беру  тәсілін қолданып, бірнеше бұзауды  бір ірі қараға бекітіп, сол  ірі қараның сүтін емізіп өсіреді.  Етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды 6-8 айға дейін енелерімен бірге, әрі қосымша азық беріп өсіреді. Мұның өзі екі бағыттағы шаруашылықтардың  бұзау өсіру тәсілдерінің әр түрлі екендігін көрсетеді.

                                   

Төл өсірудің теориялық негізі

 

    Ірі қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері қалыптасып даму үшін, олрға қолайлы орта жағдай болуы керек. Оның бастысы – малды дұрыс азықтандыру және дұрыс пайдалану.

    Малдың организімі  мен сыртқы ортада тығыз байланыс  бар, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жас организім де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыс болады, әсіресе жас малдың өсіп-дамуына және өнімділігінің қалыптасуына тұқым қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру көп әсер етеді. Мал дұрыс азықтандырылмаса немесе мал азығы жетіспесе, оның тұқым қуалаушылық қасиеті жузеге аспай қалуы сөзсіз. Азықтандырудың бірінші тәсілін қолданып, оның өнімдік қасиетін де өзгертуге болды. Сондықтан төл өсіру ірі қара табынынан өнімді көп алудың негізгі бір жолы.

     Малдың  өнімдік және тұқымдық қасиетінің қалыптасуы дұрыс азықтандырумен қатар олардың эмбрионалдық (бұзаулағанға дейін) және постэмбрионалдық (бұзаулағаннан кейінгі) өсіп даму заңдылығына байланысты. Төлдің эмбрионалдық даму уақытын үш кезеңге: ұрықтық, эмбрионға дейінгі және эмбриондық деп бөледі. Ұрықтық кезеңі 34 күнге созылады, мұнда тканьдар дамып, дене мүшелері түзіле бастайды. Ұрықтық даму кезеңінде ұрық тез дамиды, онвң салмағы 600 есе өседі. Эмбрионға дейнгі кезеңде тканьдар мен дене мүшелері одон әрі дамып өсе бастайды, бұл кезеңнің аяқталуы эмбрионның пайда болуымен бітеді. Эмбрион өзінің анатомиялық құрылысы бойынша жаңа туған бұзауларға ұқсас. Эмбрионның даму кезеңінде оның салмағы 8-15г болады, ал даму уақыты (эмбрионға деінгі) 26 күнге созылады. Жалпы төлдің эмбриондық кезеңінің уақыты 61 күннен бұзау туғанға дейін созылады. Бұл уақыт ішінде организм қалыптасып өсе бастайды, әрі дененің абсолюттік салмағы да өседі. Эмбриондық кезеңінің аяғында, оның салмағы 25-40 кг-ға дейін жетеді. Әсіпесе, бұзау тууға екі ай қалғанда эмбрион өте күшті, әрі тәулігіне 300-400г салмақ қосады. Эмбрионның салмағы 5 айлығында 2-4кг, ал 7 айлығында 12-16кг және туардан бұрын 9,5 айлығында 25-40кг-ға жетеді. Әрине, эмбрионның салмағы ірі қараның тұқымына байланысты. Сонымен бұзаудың тууына 2-2,5 ай қалғанда эмбрионның салмағы 12кг-нан 26кг-ға дейін өседі.

      Малды  азықтандыру мөлшері және оның  жоспарлы түрде салмақ қосуы  оның тұқымына, жынысына және  өсіру бағытына байланысты. Сүтті  тұқымға жататын тайыншаларды  өсіргенде тәуліктік салмақ қосуы өте аз немесе керісінше өте көп болғаны жөн. Ал, жас бұқаларды өсіргенде барлық өсу-даму кезеңінде тәуліктік салмақ қосу көп болғаны жөн. Сондықтан тана бұқаларды малдарды ұрықтандыру үшін ерте бастан пайдаланады.

       Егер  төл етке арналған болса, олардың барлық өсіп-даму кезеңінде үнемі молынан азықтандыру керек, сонда ғана олардың денесіне ет және май ерте бітеді.                                   

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Негізгі бөлім

2.1.Мал қораларын жобалаудың нормативтік базасы

 

Мал шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигиеналық норма  мен ветеринариялық-санитариялық ьалаптарға сай жобалауға, малуға және пайдалануға  бақылау жасап отыру қажет.

 Ауылшаруашылық өндірісінің технологиясы. Ауылшаруашылық кәсіпорынның негізін белгілі бір өнім өндірідің технологиясы құрайды. Оның маңызды элеметтері: малды ұстау жағдайы, толық сапалы азықтандыру және суару режимі, малдың тұқымын жақсарту үшін белгілі бағыттағы селекциялық жұмыстар жүргізу, микроклиматпен ( желдетужылу жүйелері, қи шығару және т.б.) қамтамасыз ету, зоотехникалық талаптары орындау, ветеринариялық жұмыс жүргізу жүйесі және т.б.

 Технология табиғи  – климаттық және экономикалық  жағдайларға сай, сондай-ақ шаруашылықтың  бағытына қарай жасалады. Әрине,  оның бәрі басты мақсат – белгілі бір өнім алуға бағытталады: мал бордақылау шаруашылықтарында арзан ет, сауын фермаларында – сүт, құс шаруашылығында – арзан жұмыртқа алу. Алайда, осы шарушылықтың тиімділігін арттыру үшін малға жоғары өнім беретіндей ыңғайлы әрі тиімді технология қажет.

 Мал шаруашылығын  жүргізу технологиясы алдын ала  жасалған жобаға, әсірісе, оның  жануалар органдарының биологиялық  талаптарын қанағаттандыра алатындай  түрлеріне бейімделу тиіс.

 

 

 Мал шаруашылығы объектілерін салуды ұйымдастыру.

 Қазіргі уақытта әр жеке шаруашылықтар малға арналған құрылыстарын өз қаржыларымен жүргізеді. Мал қораны салу ең алдымен тапсырыс берушінің ұсынысымен жоба жасауға арналған тапсырмасын жасаудан басталады. Жобалауға тапсырма жасау – ол жұмыстың алғашқы кезеңі. Онда негізгі технологиялық міндеттер мен санитариялық – гигиеналық талаптар атап көрсетеледі. Олардың бәрі болашақ кәсіпорынның техникалық дәрежесін айқындайтын жобалық металық құжаттар жасау үшін негіз боп табылады. Жобаға ұсыныстар мен тапсырмаларды жасауға жеке шаруашылықтың немесе өндіріс кооперавтивтердің басшылары мен мамандары қатысады. Жобалық тапсырманы малдың жасы, жынысы, тобына қарай ұстаудың зоогигиеналық талаптарын қатаң, сақтау, олардың ауруға шалдығуын азайтады.

 Жобалық ұсыныстар  мен тапсырмаларды жасауға мал мамандары белсенді араласуы қажет. Сонымен қатар олар технологиялық процестерді жаксы меңгерген, малға керекті ережелерді сақтауға қатаң болуы керек.

 Мал қораларының  құрылыстары оларды жобалаудан  басталады. Құрылыс салу және  қалпына келтіру (реконструкция) үшін жобалау және зерттеу жұмыстарын қол қойылған келісімін негізінде жобалау мен зерттеу ұйымдары жүргізеді. Келісім шартта жобалау және зерттеу жұмыстарын орындау мерзімі мен құны, оған қоса келісімде көрсетілген жұмыстар сметасы, заказ берушінің осы жұмыстарды қаржыландыруы туралы аңықтамасы және оларды жобалау үшін бастапқы деректерді беретін график көрсетілуге тиіс.

 Құрылысты бастамас  бұрын нысанды жобалау үшін  бөлінген қаржы есебінен құрылыс  салу үшін жобалау-зерттеу жұмыстарының  алғашқы тізімі жасалады.

  Кәсіпорынның, ғимараттың  және басқа құрылыстардың жобасы  техникалық құжаттар жиынтығын  болып есептеледі. Оған: түсіктеме жазбалар, кескіндер мен схемалар, экономикалық және техникалық есеп-қисаптар, сметалар мен нысанды салып және іске қосуға қажетті басқа да құжаттар жатады.

       Жобалау – құрылыс салудың алғашқы да маңызды кезеңі. Сондықтан да жобалауды ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін, сондай-ақ құрылыс басталар кезде ол іске қосылар кезде технологиялық және өндірісті ұйымдастыру жағынан, механикаландыру, жарықтандыру, сол сияқты архитектуралық- жоспарлау шешімінің дәрежесі, құрылыс конструкциясы жағынан артта қалып қоймастай етіп олардың даму келешегін ескере отырып жасаған жөн. Мал шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттары мен басқа құрылыстарын жобалауды жобалау мекемелері жүзеге асырады. Ал тапсырма беруші – сол құрылысты салғызуға құқығы бар ұйым.

 Келтірілген цифрлар  малдың түрі мен олар бекітелген  жылдарды көрсетеді. Ауылшаруашылық  кәсіпорындарын, мал қораларын және  басқа да құрылыстарды жобалау нормаларында мына жағдайлар анықталу керек: мал мен құстарды ұстау жүйелері, табынның мөлшері мен құрылымы, үй-жайлар мен қора-қопсырлардың арнайы тізімдері және құрамы мен оларға қойылатын технологиялық талап, үй, қоражайлар мен басқа да құрылыстардың алаңы мен көлем мөлшелері, қажетті су мен оған қойлатын талап нормалары, мал мен құс көндерін шығару жүйелеріне қойылатын талаптар нормативі, мал мен құстардан бөлінетін жылу, газ мен бу нормалары, өндірістік процестерді технологиялық жабдықтау және механикаландыру.

 Жоба түрлері: Көрсетілген жобалық тапсырмаға сәйкес жобалар: дербес, экспериментальдық қайта қолданылатын және типтік болып бөлінеді.

 Дербес жоба айырықша сирек оъектілер үшін жасалады. Дербес жоба көбінесе экспериментельдық болып келеді. Оны ғимаратты, не кешенді құрылыстарды тек бір-ақ рет салу үшін қолданады. Жобалау жер бетінің жағдайына, орнына,климатына, геологиялық, гидро логиялық және т.б. нақты жағдайларға қарай жүргізеді.

 Экспериментальдық жоба тікелей өндірістік жағадайларда жаңа техникалық шешімдерді мұқият тексеру қажет болған жағдайда жасалады. Оның зерттеу негіздеріне: жануаларды күтіп-бағудың жаңа технологиясы, өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандырудың айырықша жүйесі, құрылыстық жаңа шешімдер және т.б.

 Қайта қолданылатын  жобалар барынша сәтті жасалған  дербес жобаларды қайтадан қолдану  керек болған кезде пайданылады.

  Типтік жоба біртекті объектілерді жаппай салуға және қолдануға арналған. Олар өзінің орны мен негізгі параметрлері жағыннан көп қолдануға болатын  жобалық шешім. Титік жоба құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын төмендету есебінен құрылыс салу құнын күрт қысқартуға мүмкіндік береді.

 Жұмысшы жобаны  типтік жоба бойынша салынатын  кәсіпорын нысандарына жасайды.  Оған мыналар қажет: жалпы түсінітемелік жазба, құрылысты ұйымдастыру, сметалық құжат, жұмыс жобасының паспорты, жұмысшы құжаттар.   

 

 

 

2.3.Буаз сиырларды азықтандыру

 

Мүйізді ірі қара мал  қарыны көп бөлімді күйіс қайтаратын малға жатады. Олар, негізінен, өсімдіктектес  көк шөп және басқада аумақты жемшөппен қоректенеді. Мүйізді ірі қара мал азықтандыруын  алынатын өнімі бойынша сүтті және етті болып келетін сала бағытына байланыстырады. Сүт өндіруге сүтті бағыттағы қара – ала, аулие – ата, қырдың қызыл, симментал, бурыл латыш және де сүтті – етті бағыттағы алатау секілді мүйізді ірі қара мал тұқымдары өсіріледі. Олардан өндірілетін сүт биохимиялық тұрғыдан құрамы өтте күрделі, ал қоректілік тұрғысынан төлге жұғымды сиыр желінінде  пайда болатын құнды биологиялық сұйық.

Сүт құрамында төл тіршілігіне қажетті баолық дерлік, минералды және биологиялық әсерлі заттар жеңіл қортылып, жылдам сіңірілетін түрде жиналады. Желінде түзілген сүттің құрамы желінген азықттың да тамырдағы  қанның да құрамынан ерекшеленеді. Сүттегі қант мөлшері қандікінен – 90 есе, май мөлшері – 18 – 20 есе асып, кальций мен фосфор элементтері де қандағы деңгейінен анағұрлым жоғары шоғырланады. Сүт құрамында азық пен қанда кездеспейтін кезеин, сүт альбумині, сүт қанты және сүт майы түзіледі. Лактоза деп аталатын сүт қанты қан плазмасындағы глюкозадан, сүт мйы, ондағы липидтерден, фосфотидтер мен басым бөлігі сіркеқышқылы болып келетін ұшпалы май қышқылдарынан, ал сүт белогы – сіңірілген амин қышқылдарынан түзіледі. Сонымен қатар сүт майының түзілуіне месқарындағы микробиологиялық метоболизмде пайда болып, тікелей қанға енетін ұшпалы май қышқылдары да тікелей қатысады.қандағы витаминдар мен минералды заттар сүт құрамына өзгеріссіз енеді.

Сиыр етін өндіру үшін етті бағыттағы мүйізді ірі қара мал тұқымдарынан елімізде қазақтың ақ бас, қалмақ, галловей, санта – гертруда т.б. тұқымдары өсіріледі. Бұлардың төлін жеделдетіп өсіріп, бордақылып, етке сояды. Сондықтанда төлден сүтті сиыр өсірілгенде, оларды аумақты жемшөпті мейлінше мол жеп, ас қорыту жолының сиымдылығын ұлғайту көзделетін  болса, етті бағытттағы малды құнарлы азықтандыру арқылы қысқа мерзімді тірілей салмағы мен қоңдылығын жоғарлату көзделеді.

 

                Сауылған буаз сиырды азықтандыру

 

11 -12 айлық өндірістік  айналымда сиыр басының бұзау  алу үшін сиырды бұзаулағаннан кейінгі, яғни сауымның 3 – ші айында ұрықтандырады. Нәтижелі ұрықтанған сиырдың буазудағы 9 айға созылады. Сиыр буазудағы сүт қоректі жануар ұрғашыларының буазудағының даму заңдылығына сәйкес дамиды, яғни буаздықтың алғашқы ²/³ кезеңінде ұрпақ сапа жағынан дамып, көлемі мен салмағы онша өспейді де, тек тауар алдындағы буаздықтың соңғы ¹/³ кезеңінде ұлғайып, өседі. Оны буаздықтың 1 – 3 – ші айындағы алғашқы ¹/³ кезеңінде ұрпақтың салмағы небәрі – 20 – 30г тартып, сиырдың энергетикалық мұқтаждығын тек 5% - ға өсіретінін, 4 – 6 – шы айындағы екінші ¹/³ кезеңінде ұрпақтың салмағы 5 – 7 кг, яғни туылғандағы салмағының 15 – 20 % көлемінде тартып, сыиырдың энергетикалық мұқтаждығын 15% - ға өсіретінін, 7 – 9 – шы айындағы үшінші ¹/³ кезеңінде ол туылғандағы салмағын 75% көлемінде ұлғаятынын келтірсек болады.

Информация о работе Ірі қара төлін өсірудің маңызы