Ірі қара малдарының ассоциативті инвазиялары, емі және алдын алу шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 11:24, автореферат

Краткое описание

Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер төмендегідей:
1. Ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясының Қазақстанның шығыс аймағында таралуын зерттеу;
2. Инвазия қоздырғыштарының түрлерін және олардың морфологиялық ерекшеліктерін анықтау;
3. Аралас ассоциативті инвазияның ірі қара малдарының жас арасына және жыл маусымдылығына байланысты зақымдалуын анықтау;
4. Аурудың өту барысы кезінде ірі қара малдарының қанның морфологиялық, биохимиялық, көрсеткіштерін зерттеу;
5. Ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясын емдеу, алдын алу шараларын зерттеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

автореферат.docx

— 343.65 Кб (Скачать документ)

 

ӘОЖ: 619:616.99:636.32/38                                             Қолжазба құқығында

 

 

 

ЖАКИЯНОВА МЕЙРАМГҮЛ  САЙЛАУБАЙҚЫЗЫ

 

 

 

Ірі қара малдарының ассоциативті инвазиялары,

емі және алдын алу шаралары

 

 

 

6М120100 – «Ветеринариялық медицина»

 

 

Автореферат

Малдәрігерлік ғылымдарының магистрі академиялық 

дәрежесін алу үшін жазылған диссертация

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Семей, 2013

Диссертация Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік  университеті, Аграрлық факультеттің «Ветеринариялық медицина» кафедрасында жасалды.

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:                      

          

           

 

           Ветеринария ғылымының                                        

           докторы, профессор Ысқаков М.М.

 

Ресми оппонент

           

           Ветеринария ғылымының                                        

            кандидаты   Нуржуманова Ж.М.


 

 

 

 

 

 

Диссертациялық жұмысты  қорғау  «___»__________ 20__ ж. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің №5 корпусында өтеді. «Ветеринариялық медицина» кафедрасы, тел 53-19-20 Факс +7(7222)359465

Е-mail: kancel@semgu.kz.

 

 

Диссертациялық жұмыспен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік  университетінің кітапханасынан танысуға болады.

 

 

 

   Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта малдәрігерлік паразитологияның ең өзекті негізгі мақсаттарының бірі – ауылшаруашылық малдардың ассоциативтік инвазиялық ауруларын анықтау болып отыр. Бұл ауруларды тегі әртүрлі, бірнеше қоздырғыштар тудырады. Мал денесінде қарапайымдылар, бактериялар, вирустар бір сәтте, бірігіп тоғышарлық етуі мүмкін. Осы тоғышарлардың біріккен жиынтығы паразитоценоз деп атайды.

 Гельминтоздарды және  гельминтоценоздарды зерттеудің  ғылыми және парктикалық маңызы  өте зор. Өйткені бұл құбылыстардың  ауылшаруашылығы малдарының арасында  кездесуі жиі ұшырасуда. Егерде  мал моноинвазиясымен зақымданғанында  күйі төмендеп, созылмалы ауру  түрінде сипатталса, гельминтоценоз  құбылыснда мал тез  мал  тез арада арықтап, аурудың  айқын белгілері байқалып, өлім-жітімге  ұшырауы жиі байқалады. Жүйеленген  ветеринариялық санитариялық тұрғыдан  қарастырылған аурулардың алдын  алу шараларының бұзылып және  олардың  дер кезінде іске  асырылмауына байланысты Семей  өңірі малдарының арасында гельминтоздардың  жеке түрі (моноинвазия) және топтасқан  түрі (гельминтоценоз) де кеңінен  етек алуда.

Гельминтоздардың таралуы  шаруашылықты ұйымдастырып жүргізу  әдістеріне және ауа райының өзгеруіне  тікелей байланысты болады. Гельминтоценоздардың таралып-жайылып кетуіне, өзгеріске  ұшырауына әртүрлі аймақ өңірдің  өзіндік үлесі болады. Бұл өзгерістерді үнемі бақылап өзгеру үрдістерін, түсіну үшін тоғышар құрттар фаунасын, олардың азайып-көбеюін, тудыратын  ауру деңгейін үнемі зерттеп отыруы қажет.

 Мал организмінде паразитоценоз құрамындағы паразиттер бір-бірімен және иесімен белсенді қарым-қатынаста болып зардабын ауырлатады. Бұл паразитоценоз  тудыратын аурулардың жеке бір ғана паразит түрі қоздыратын аурудан өзгешелігі барын, сондықтан олармен күрес шаралары да осы ерекшеліктерді ескере отырып әзірлеу қажет екендігін көрсетеді. Паразитоценоздың әрбір мүшелері бірігіп, мал организмінде өте ауыр өтетеін ассоциативті ауруларды туғызады. Бірақ мал дәрігерлері, мал мамандары кез кез келеген ауруларды анықтағанда, емдік және сақтық шараларын жүргізгенде паразитоценозға нақтылы көңіл бөлмейді. Алғаш рет паразитоценозға зерттеу жүргізген Скрябин К.И. [1937]; Павловский Е.Н. [1955]; болса, одан кейін жалғастырған ғалымдар Маркевич А.П. [1985]; Панасюк Д.И.[1986] екені мәлім. Қазақстанда әртүрлі малдардың ассоциативті инвазиялары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді (Бондарева В.И. 1945; Дзержинский В.А. 1987; Беркимбаев О. 1988; Зиборов Н.А. 1992; Ысқақов М.М. 1997; Серикова А.Т. [2003]. Ірі қара малдарының ассоциативті инвазиясы Қазақстанның Шығысында зерттелмеген. Ірі қара малдарының эймериозын, моноинвазия ретінде алғаш рет Қашағанов Х.Е. [1967] зерттеген. Кейіннен Құсайынова Н.Т. [2002] зерттеулер жүргізіп нақтылы жаңа ғылыми нәтижелер ұсынған. Алыс жақын шет елдері бойынша  алғаш рет мониезиоз инвазиясына Krull W.N.[1939]; Потемкина В.А. [1946]; Шалдыбин Е.С. [1952]; Кузнецов М.И. [1955] зерттеулер жүргізген.  Қазақстанның шығысында ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясына зерттеу жұмыстары толық жүргізілмеген. Сол себепті ірі қара малдарының  аралс ассоциативті инвазиясының эпизоотологиялық жағдайын зерттеп, анықтау оларды емдеу, алдын алудың  ең тиімді жаңа әдістерін тауып, өндіріске енгізу, ветеринариялық паразитоценологияның ең өзекті мәселелері болып отыр.

 

Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері

Шығыс Қазақстан өңірінде ірі қара малдарының аралас ассоциатвті инвазиясының эпизоотологиясын, ауруды емдеу және алдын алудың ең тиімді жаңа әдістерін анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер төмендегідей:

  1. Ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясының Қазақстанның шығыс аймағында таралуын зерттеу;
  2. Инвазия қоздырғыштарының түрлерін және олардың морфологиялық ерекшеліктерін анықтау;
  3. Аралас ассоциативті инвазияның ірі қара малдарының жас арасына және  жыл маусымдылығына байланысты зақымдалуын анықтау;
  4. Аурудың өту барысы кезінде ірі қара малдарының  қанның морфологиялық, биохимиялық,  көрсеткіштерін зерттеу;
  5. Ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясын емдеу, алдын алу шараларын зерттеу.

 

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары. Шығыс Қазақстан аймағы бойынша ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясының эпизоотологиялық жағдайы анықталды. Осы ретте ірі қара малдардың жас шамасы, жыл маусымына байланысты ассоциативті инвазиясымен залалдануы зерттелінді.

Ірі қара малының эймериозды-гельминтозды инвазиясын емдеу және алдын алудың жаңа тиімді әдістері анықталды, бұл  әдістер бойынша Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығының №2013/0318.1 номерімен тіркелген 1 Алдын ала патенті алынды.

 

Диссертациялық  жұмыс бойынша 3 мақала басылымнан өтті

 

  1. Қазақстанның шығысында кездесетін эймериоздар және стронгилятоздар. «Жаршы» журналы. №1 (53) Семей-2011 жыл. 176-179 беттер
  2. Шығыс Қазақстан шаруашылықтарында тіркелетін инвазиялар және олардың залалдану динамикасы. «Ветеринария» журналы. №3. Алматы-2012 жыл. 45-48 беттер
  3. Қазақстанның шығысы шаруашылықтарында кездесетін қой паразитоздары және олардың маусымдық динамикасы. «Ізденістер мен нәтижелер» ғылыми журналы. №2 (054) Алматы-2012 ж. 24-28 беттер

 

 

 

Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:

 

  1. Ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясының қоздырғыштары;
  2. Аралас ассоциативті инвазияның таралуы;Ірі қара малдарының жас шамасына және маусымына байланысты аралас ассоциативті инвазиямен залалдану;
  3. Ірі қара малдарының ассоциативті инвазиясының өршіп-өрбуі және клиникалық белгілері;
  4. Ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясының алдын алу жолдары.

 

 

Диссертацияның  көлемі мен құрлымы

 

Диссертация компьютермен  85 бетке терілген. Ол мөлшерлік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, өзіндік зерттеулер, зерттеу нәтижелері, зерттеу нәтижелерін талдау, қортындылар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Жұмыс 14 кестеден, 9 суретпен безендірілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 200, оның ішінде 25% шет ел ғалымдары, 50 % отандық ғалымдардың еңбектері кіреді. 

 

 

І   ӘДЕБИЕТКЕ  ШОЛУ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша  ірі қара малдарының ассоциативті инвазиясының сипаттамасы, қоздырушыларының дамуы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері, ауруды анықтау, емі және алдын алу шаралары, паразит бірлестіктерінің аралық иесімен дамуы қамтылған.  

 

ІІ ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР

 

2.1. Материалдар және зерттеу әдістері

Зерттеу жұмыстары 2011-2013 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің, ветеринариялық медицина кафедрасында және Шығыс Қазақстан облысының  жеке меншік шаруашылықтары Үржар, Мақаншы, аудандарында және Семей  қалалық ауылшаруашылық округтарында жүргізілді («Лада» шаруашылығы). Ірі қара малының аралас ассоциативті инвазиясын анықтауға арналған зерттеу жұмыстары 696 ірі қара малдарына соның ішінде 500 сиыр, 196-сы 6-8 айлық бұзауларға жүргізілді.

Ооцист түрлері, пішіні, мөлшері, түсі, қабықтарының құрлымы, макропилесі, полярлы бөртпелері және ооцисталарының спорлануы уақыты, қалдық денелердің түрлері анықталды.

Окулярмикрометр көмегімен  ооцисталарының көлемі анықталды.

Гельминтологиялық жарып  тексерудің әдістемесін академик К.И.Скрябин  жасаған, гельминтологиялық толық  және жартылай жарып көру әдісімен атқарылды.

Ооцисталар эймерийлермен  залалданған малдардан нәжіс  Дарлинг әдісі Якимов В.Л. жетілдіру  әдісімен анықталды. Спорлану 2 % калий  бихроматында термостатта (+26-280С) температурада 4-5 күн өсірілді. Дарлинг әдісімен нәжістен ооциста, жұмыртқалар бөліп алынды. Зертханалық әдістерге малдарың нәжістерін, көбінесе Дарлинг, Фюллиборн әдістері арқылы зерттеулер жүргізілді. Нәжістер әрбір малдан жеке-жеке 5-10 граммнан тік ішіектен алынды. Нәжістерді бактериологиялық пробиркаларға, немес целофан қағаздардан жасалған кішкене қапшықтарға салынады.

Эймерийлердің түрлерін анықтағанда  Е.М.Хейсиннің анықтағыш кестелері  мониезия жұмыртқаларын анықтағанда  гельминтологияда қолданатын белгілі  әдістер пайдаланылады. Сұйықтықтың беткі қабатынан 30-40 тамшы әрбір центрифугалық пробиркадан алынады. Алынған ооцисталарды, жұмыртқаларды 20 еселі сумен араластырады және қайтадан 3500 жылдамдықта 5-10 минут центрифугада айландырамыз.

 

Қазақстанның Шығысында  ірі қара малының сегіз түрі анықталған. Оның ішінде біздің зерттеуімізде бес түрі табылды. Олар:

  1. Eimeria zuerni. Ооцисталары домалақ, кейде элипс тәрізді, қабығытегіс, түссіз, микропиле жоқ. Ооцисталардың мөлшері 13,5-27 х 13,5-27 мк орташа 20,2 х 18,2 мк. Спорлану мерзімі 2-3 күн. Индекс формасы 1,10.
  2. Eimeria bovis. Ооцисталары сопақша, микропилесі сүйірленген жағында көрініп тұрады. Түсі ақшыл қоңыр немесе сарғыш. Ооцисталардың мөлшері 20,5 х 17,2 мк. Спорлану мерзімі 2-3 күн. Индекс формасы 1,19.
  3. Eimeria cylindrica. Ооцисталары цилиндр тәрізді, түссіз, микропиле жоқ. Ооцисталардың мөлшері 18,9-29,7 х 13,5-18,9 мк орташа 24,3 х 16,2 мк. Спорлану мерзімі 2 күн. Индекс формасы 1,15.
  4. Eimeria bukidnonensis. Ооцисталары алмұрт тәрізді, немес сопақша келген, бір жағы доғаланып сопақша келген жағында микропилесі бар. Қабығы қызғылт қоңыр түсті. Ооцисталардың мөлшері 35,1-41,8 х 21,6-32,4 мк, орташа 39,1 х 27 мк. Спорлану мерзімі 11 күн. Индекс формасы 1,44
  5. Eimeria alabamensis. Ооцисталары алмұрт тәрізді, микропилесі жоқ. Ооцисталардың мөлшері 13,5-34 х 10,8-21,6 мк, орташа 21,6 х 15,4 мк. Спорлану мерзімі 4-5 күн. Индекс формасы 4

 

 

 

2.2. Ірі қара малдарының мониезий түрлері

 

Мониезиоз ауруын тоғышардың бірнеше түрі тудырады. Олар: Moniesia benedeni, Moniesia expansa, Moniesia autumnalia.

Залалданған малдар нәжістерімен сыртқы ортаға мониезия жұмыртқаларын  бөліп шығарады. Жұмыртқалардың ішінде (ұрық) онкосферасы алмұрт тәрізді  қабықшамен қапталған. Мониезия жұмыртқалары көп қырлы үш, төрт, бес бұрышты, сұрғылт түсті болып келеді.

 

     

 

 

 

2.3. Ірі қара малдарының стронгиляттар  түрлері

 

Ірі қара малының асқазан-ішегінде нематода тобына, Strongylata тек тармағына  жататын құрттардың көптеген түрлері  паразиттік жолмен тіршілік етеді. Олар төрт тұқымдастардан тұрады: Trichostrongylidae, Ancylostomatidae, Strongylidae және Trichonematidae. Бұлардың барлығы асқорту жүйесін мекендейтіндіктен, көпшілігінің өсіп-өнуінің ұқсастығына байланысты, олар тудыратын аурулардың эпизоотологиясы, өрбуі (патогенезі) клиникалық көрністері, сонымен қатар оларға қарсы қолданылатын дауа негізінен бірдей.

Ас қорту ағзаларында  өмір сүретін стронгиляталар, геогельминттер қатарына жатады, яғни олар тікелей  аралық иесіз дамиды. Нематоданың  ұрықтанған ұрғашылары көптеген жұмыртқалар  салады, олар нәжіспен бірге сыртқы ортаға тарайды. Қоршаған ортаның қолайлы  жағдайында бірнеше сағат (12-17) аралығында жұмыртқа ішінде балаңқұрт дамиды. Олар жұмыртқа қабыршығынан шығып, екі  дүркін түлейді, денесі сыртынан қосымша  екі құндаққа оралып, 4-8 тәулік аралығында  инвазиялық немесе залалдағыш жұқпалы  сатысына дейін өсіп жетіледі. Ауа-райы салықан болса, даму жылдамдығы бірнеше  күнге немес бірнеше аптаға тежеледі. Балаңқұрттар белсенді түрде қи-тезектен босап, жан-жаққа тарай бастайды. Олар дымқыл топырақта, шөпте ширақ қозғалып, өсімдік сабағына, жапырағына өрмелейді. Балаңқұрттардың кезбелігі (миграция) сыртқа ортаның ылғалдылығы көтерілген сайын күшейе түседі. Яғни таңертен, іңірде, түнде, жауын-шашыннан кейін олар белсенділік танытады. Нематодалар суық ызғарда да төтеп бере алады, өздерінің тіршілік ету қабілетін 3-4 ай немесе одан көп уақыт сақтайтындығы анықталған. Кейбір нематодалардың өсіп-өнуі сәл басқаша өтеді. Олардың балаңқұрттары бастапқыда жұмыртқадан шықпайды, онда олар екі рет түлеп жұқпалы сатысына жетіп сонан соң ғана жұмыртқа қабықшасын жарып сыртқа шығады. Даму мерзімі аталған гельминттерден сәл созылыңқы (10-15 тәулік).

Малдар стронгиляттарды  көбінесе өрісте жұқтырады. Яғни балаңқұрттар мал денесіне шөппен, сумен (шалшық сулар) жұғады.

Стронгилята балңқұрттары ұлтабар, ащы және тоқ ішекке орналасқан соң, екі дүркін түлейді, 20-30 күннен кейін  жынысы жетілген құртқа айналады. Олар мал денесінде бір жылдан немес  оданда артық мезгіл күнелтеді. Хабертия мен эзофагостом құрттарының  тоқ ішекте өсіп жетілуі, ересек сатысына ауысу мерзімі 50-60 күн, ал организмде олардың сақталуы 1 жылдан аспайды. Ал, буностом балаңқұрттары мадың  денесіне тері арқылы тесіп өтіп, қантамырлар  арқылы қан ағымымен өкпеге жетеді. Онда бірнеше күндей мекендеп, өсіп түлеп, жылжуын әрі қарай жалғастырады. Кеңірдекке одан ары жұтқыншаққа  түседі, сілекеймен бірге жұтынып, ащы  ішекке жетіп 40-70 күн аралығында ересек нематодаға айналады.

Информация о работе Ірі қара малдарының ассоциативті инвазиялары, емі және алдын алу шаралары