Ірі қара малдарының ассоциативті инвазиялары, емі және алдын алу шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 11:24, автореферат

Краткое описание

Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер төмендегідей:
1. Ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясының Қазақстанның шығыс аймағында таралуын зерттеу;
2. Инвазия қоздырғыштарының түрлерін және олардың морфологиялық ерекшеліктерін анықтау;
3. Аралас ассоциативті инвазияның ірі қара малдарының жас арасына және жыл маусымдылығына байланысты зақымдалуын анықтау;
4. Аурудың өту барысы кезінде ірі қара малдарының қанның морфологиялық, биохимиялық, көрсеткіштерін зерттеу;
5. Ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясын емдеу, алдын алу шараларын зерттеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

автореферат.docx

— 343.65 Кб (Скачать документ)

Препаратты беру мерзімі:  маусым айынан қазан айына дейін  ай сайын нәжістерді Дарлинг әдісімен тексереді. Эймериозды-гельминтозды аралас инвазиялар анықталған жағдайда препараттарды  береді.

 

      1. Ірі қара малдарының эймериозды-стронгилятозды аралас инвазиясына қарсы «Интракокс Памп» препаратын гельмицидпен біріктіріп қолдану

Эймериозды-стронгилятозды инвазияның алдын алу Интракокс  Памп препаратын малдың тірі салмағына 40 мл/кг күніне бір  рет 3 күн аралығында алғашқы күні гельмицид (175 мг оксиклозацид және 350 мг альбендазол) 1 таблетка берілді. Препараттарды бергеннен кейін 3 күн өткенде нәжістер Дарлинг  әдісімен тексеріледі.

Нәтижесінде эймерии ооцисталары, стронгиляттардың жұмыртқалары Интракокс  Памп препараты эймерийлерге қарсы  экстенсивтілігі 100 %, гельмицидтің стронгиляттарға  қарсы тиімділіктері жоғарыға сәйкес 100 % болды.

Препаратты беру мерзімі:  маусым айынан қазан айына дейін  ай сайын нәжістерді Дарлинг әдісімен тексереді. Эймериозды-гельминтозды аралас инвазиялар анықталған жағдайда препараттарды  береді.

 

IV Қортынды

Бірқатар жұмыр құрттардың жұмыртқасы мен балаңқұртары мал  нәжісімен сыртқа тарап,  қорада, аулада көп уақыт өз тіршіліктерін  сақтайды.  Бұндай гельминтоздар  малға тек қораларда ғана жұғады. Сондықтан, фермаларда малды уақытында  шығарып, төсеніштерді алмастырып тұру арқылы көптеген гельминтоздарды азайтуға болады. Мал қорасының неғұрлым құрғақ болған сайын, онда балаңқұрттардың  тіршілік ету мүмкіншілігі де соғұрлым азая береді.

Келесі бір қозғалатын мәселе бұл мал өлексесін кез  келген жерге тастау, іш қрт дертінің және патогенді микробтардың таралуына  жол ашады. Сондықтан малдың өлексесін  отқа жағу, көму немес өтелдеу зауыттарына  өткізу шаралары жүргізілуі толық орындалса  деп санаймын.

Әрбір мал шаруашылықтарында  өлген малды көметін, ит пен жыртқыштар жабайы аң мен құстар кіре алмайтын, төбесі жабық арнаулы терең шұңқырлар  болуы қажет. Немес, фермаларда өлексе өртейтін тасмалды пеш болуы керек.

Шаруашылыққа жаңадан  әкелінген мал, тәртіп бойынша карантинге қойылып, гельминтоздарға тексерілуі керек. Бұл үшін гельминтокапрологиялық зерттеулер ұйымдастырылады. Ал гельминтоздарға қарсы қолданылатын шаралардың ішіндегі ең мәндісі – дегельмитизация.

Қорыта келе ветеринариялық қызметкерлердің індетті және инвазиялық ауруларға қарсы атқарып жатқан қыруар жұмыстарына қарамастан, әлі  де болса гельминтоздар мен гельминтоценоздар  Семей аймағында кеңінен таралып, жайылуда.

Гельминтоздар мен гельминтоценоздардың етек алып дамуына, біздің ойымызша әліде болса, бұл ауруларға қарсы жоспарлы да жүйелі жұмыстардың жүргізілмеуі себеп болуда. Оған дәрі-дәрмектердің қымбаттауы, шаруашылық басшыларының бұл ауруларға мән бермеуі, халық арасында аурудың пайда болуы, таралу жолдары  және ол аурулардан келетін зияны жайлы үгіт насихат жұмытсарының жүргізілмеуі, ветеринариялық лицензияттары мен ветеринариялық инспекторларының өз міндеттеріне жауапсыздықпен қарауы және ветеринариялық санитариялық сараптау жұмыстарының нашар атқарылуы немесе мүлдем жүргізілмеуі инвазиялық ауруларға қарсы атқарылатын шаралардың іс жүзінде, дер кезінде іске асырылмауына демеу болып отыр.

Инвазиялық ауруларды  тоқтатамыз десек, ветеринраия саласында  жан-жақты кешенді де жұмыс жүргізіп ауру қоздырғыштарының дами алатын экологиялық  жүйелерін қатаң есепке алып, барлық сатысында дамуына жол бермей, түбегейлі жойып жіберуіміз керек. Сонда ғана ауылшаруашылығы малдарынан таза да, сапалы өнім алынады.

 

 

 


Информация о работе Ірі қара малдарының ассоциативті инвазиялары, емі және алдын алу шаралары