Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 22:22, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Салықтар туралы түсінік және олардың экономикалық мәні.
2. Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру.
3. Салықтың түрлеріне сипаттама.
Қорытынды
Пайдаланылған әдғбиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

салықтар.doc

— 82.50 Кб (Скачать документ)

         Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

 

                            «Экономика және құқық»факультеті

 

 

 

                                                                     «Қаржы және есеп»кафедрасы

 

   Реферат

                           Пәні:Қаржы  

                

                   Тақырыбы: «Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру»

 

 

 

 

 

 Орындаған: Экономика мамандығының   

                         206-топ студенті Мажитова Б.Р.

                                                      Тексерген:«Қаржы және есеп»кафедра-

                                                                            сының аға оқытушысы,                           

                                                                  экономика магистрі Қанатова А.Ж.             

 

 

 

 

 

 

 

                                            Атырау-2012 жыл

 

         Жоспар:

          Кіріспе

          Негізгі бөлім

          1. Салықтар туралы түсінік және олардың экономикалық мәні.

          2. Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру.

          3. Салықтың түрлеріне сипаттама.

Қорытынды

Пайдаланылған әдғбиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Кіріспе

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың  негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.

Бюджеттің қаржысы экономиканы  дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын  және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің  табыс бөлігіне қосымша келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді:

• Корпоративтік табыс  салығы;

• Жеке табыс салығы;

• Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;

• Әлеуметтік салық;

• Жер салығы;

• Көлік құралдарына  салынатын салық;

• Мүліктерге салынатын  салық;

• ҚҚС;

• Акциздер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Салықтар  туралы түсінік және олардың  экономикалық мәні.

Ұйымдық-құқықтық жағынан  салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен  заң жүзінде белгіленген, белгілі  бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз  сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

      Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

      Салықтар барлық елдерде  олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, деп жазылған.

      Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидасы қалыптасқан:

- пайда (алынған игіліктер) қағидасы

- “қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидасы

Бұл дегеніміз алынған  игіліктерге және төлем қабілеттілігіне  салық салудың қағидаларын пайдалану  салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне  қарай олардың  өзгеруіне әкеп соғады.

      Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидасын бұрын А.Смит ұсынған еді. Олар мыналар:

- салық салу төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс. Бұл деген әділеттік қағидаты болып табылады.

- Салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек. Бұл анықтылық қағидасы.

- әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым  қолайлы уақытта және әдіспен алынуға тиіс. Бұл да қолайлылық қағидасын білдіреді.

- Салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс. Бұл үнемділік қағидасы.

Бұл қағидаларды пайдалану  салық салуда зорлық зомбылықты жоқ  етті, бұл процеске реттемелеуді  енгізеді және А.Смитке “салықтар- оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны” деп қорытынды жасауға мүмкіндік  берді.

    Салық салудың  қазіргі қағидасы мынадай:

1)Салық салудағы әділдік қағидасы

2)Қарапайым қағидасы

3)Салықтардың анықтығы

4)Жеңілдіктердің ең аз саны

5)Салық салудың экономикалық бейтараптығы

6)Салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.

Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып  табылады. Қазақстанның салық жүйесі  оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірынғай болып келеді.Салық салу мәселелерін  реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде  жариялануға жатады.

    Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлуші болып үшке бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

    Фискалдық функциясы- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін салыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

    Реттеуші функциясы- мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға  сәйкес ықпал етеді. Бұл салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады.

    Қайта бөлу функциясы- бұл арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қармағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардан алатын үлесі арқылы анықталады.

    Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

 

2.Қазақстан  Республикасының салық жүйесін  ұйымдастыру.

     “Салық” ұғымымен “салық жүйесі” ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызмет органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесі деп атайды. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. 1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұнғыш салық жүйесі  жұмыс істей бастады. Ол “Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы” заңға негізделді.  Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаларын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат болатын. Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

    Салықтардың оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

    Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әртүрлі қағидалар бойынша жіктеледі.

- салық салу обьектілері бойынша

- салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасатын органға қарай

-  пайдалану тәртібіне бойынша

- обьектінің экономикалық белгісі бойынша

     Салықтарды салу обьектісі бойынша тура және жанама болып бөлінеді.

Тура салықтар- салық  төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар.  Ал жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде  белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтар қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

    Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті болып бөледі.

    Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және  мақсатты(арнаулы) болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті денгейлердің бюджеттеріне шоғырландырылады  және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланады.  Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы: зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланатын әлеуметтік салық) сияқты.

    Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар  және тұтынуға салынатын салықтар  болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар дегеніміз- төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар дегеніміз- кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

   Мағлұмдама деген  салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктері, шегерімдерін  көрсетеді және салық сомасын  есептеп, төлейді. Олар салықтардың  түрлері бойынша салық мағлұмдамасын  есепті салық кезеңіне сәйкес  тапсырып отырады. Мәселен мынадай салықтарды кейінгі жылдың  31-наурызына деін кешіктірмеу керек: корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын төлеушілер( арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда).

Патент – арнаулы  салық режимін қолдану құқығын  куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.

   Салықтық есептің екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдістері.

   Кассалық әдісі – табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынатын ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады. Ал есептеу әдісі- табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.

Қазақстан Республикасының  салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық қызмет органдарын  кіріктіреді.

 

     3.Салықтың  түрлеріне сипаттама.

  Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды кіріктіреді.

I.Салықтар

Корпарациялық табыс салығы.

 Жеке табыс салығы

 Қосылған құнға салынатын  салық

 Акциздер

 Жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен арнаулы төлемдері.

 Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.

 Әлеуметтік салық

 Жер салығы.

 Көлік құралдарына салынатын салық

 Мүлікке салынатын салық

 Қазақстан Республикасының  жасалған келісім шарттары бойынша  өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

II. Алымдар

  1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

     3. Жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

     4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

     5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

Информация о работе Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру