Балық - омыртқалы жануар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 20:02, курсовая работа

Краткое описание

Балықтардың орталық жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады. Ми-бас сүйектегі ми сауытында орналасады. Сондықтан балықтар жануарлардың бассүйектілер тип тармағына жатады.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар негізінде үлкен топқа бөлінеді. Оған шеміршекті балықтар класы, шеміршек - сүйектілер, сүйекті балықтар класы, саусақ қанатты балықтар класына бөлінеді. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін аккула, албырт, көксерке тәрізді балықтардың денесі ұршық-сопты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан, тобан, тұқы, мөңке тәрізділердің екі бүйірі қызыңқы, жоны көтеріңкі болады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Эргазилез
Лернеоз
Синергазилез
Аргулез
Клиникалық белгілері
Ауру балықтардың санитариялық бағасы
Су қоймаларын санитариялық бағалау
Алдын алу шаралары


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баян курстық жұмыс.docx

— 124.05 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

    1. Эргазилез
    2. Лернеоз
    3. Синергазилез
    4. Аргулез
    5. Клиникалық белгілері
    6. Ауру балықтардың санитариялық бағасы
    7. Су қоймаларын санитариялық бағалау
    8. Алдын алу шаралары

 

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Балық - омыртқалы жануар.

Балықтардың орталық жүйке  жүйесі мидан және жұлыннан құралады. Ми-бас сүйектегі ми сауытында орналасады. Сондықтан балықтар жануарлардың бассүйектілер тип тармағына жатады.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.

Балықтар негізінде үлкен топқа бөлінеді. Оған шеміршекті балықтар класы, шеміршек - сүйектілер, сүйекті балықтар класы, саусақ қанатты балықтар класына бөлінеді.

 Балықтар тек суда  ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін аккула, албырт, көксерке тәрізді балықтардың денесі ұршық-сопты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан,  тобан, тұқы, мөңке тәрізділердің екі бүйірі  қызыңқы, жоны көтеріңкі болады. Ал су түбінде тіршілік ететін балықтардың құрсағы арқасына қарай қабысып, денесі талпайып кетеді.

 Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене және мүшелер жүйесінің құрлысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда біріне-бірі ұқсас. Сүйекті балықтардың 2000-ға тарта түрі белгілі.

Балықтар классының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепті болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрлысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің алғашқы сүйектенуін жамылғы немесе тері сүйектену деп атайды. Эмбриональдық дәуірде, сүйектердің бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек 0ана6 ол скелет шем3ршектер3не жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияты болады. Балықтар скелетінің құрамына жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіңдеп сүйектерінен пайда болады. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің жоғарыда көрсетілген жамылғы сүйектерден елеулі айырмашылығы болмайды.

 Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезек аралық перделері болмайды. Сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын қақпағы болады.

Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтың ішіндей газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкімдік алады.

 Ұрықтануы әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады. Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.

 Шеміршекті сүйектілерге бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті  балықтарға ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйектілер көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумның болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты  гетероңеркальды, жұп қанаттары қақпашолары және жүрегінің артерияларды конусы болады. Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезек қақпаларының болуы, желбезек сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстінге бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі  тері тектес көлденең тұрған пердемен екі( алдыңғы және артқы ) бөлімге бөлінеді. Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан. Балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады. Балықтар қос қанаттары арқылы  су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын  денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа және құсақ қанаттары активті қозғалыстарға  қатыспағанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.

 

Эргазилез

Эргазилез-Ergasilidae тұқымдасына  жататын тоғыштар шаянтәрізділер Ergasilus sicboldi.Қоздырушылары әртүрлі балықтарда инвазиялық аурулар тудырады.Шаянтәрізділер желбезек жапырақшалардың некрозын не болмаса қабуынуынмен тудырады.Ауру Батыс  Еуропада,Прибалтика,Беларуссия және т.б балық өсіретін шаруашылықтарда  кездеседі.

Қоздырушысы-Ergasilius sieboldi-ұзындығы  1.0-1.5мм.Дене пішіні алмұрт тәрізді.Бірінші  кеуде бөлімі бас жағымен тұтас  келеді,бес жұп жүзетін аяқтары  бар.Денесінің құрсақ тұсында томпақтың үстінде ауызы орнласады,бірінші жұп сезім мүшелерінің пішіні емін-еркін өмір сүретін шаянтәрізділерге ұқсас,екінші жұп аяғынан соңғы бунағы тырнақ тәріздес,ол балықтың желбезегіне жабысуына икемделген.Аналықтарында екі ұзын жұмыртқа қабығы болады.

Дамуы.Жетілген аналық құртының жұмыртқа қабында 100-110 жұмыртқасы болады.Судың температурасы 20 градус болғанда жұмытқалар 6  күндей,егер су  температурасы 25градус -3.5 тәулікте дамиды.Жұмыртқадан науплиус личикасы шығады,ол бос күйінде жүзеді,1-2 күннен кейін түлейді.Әр түлеу алдынан үш науплиальді және төрт копеподиттің төртінші сатысында жыныстарға бөлінуі және шағылысуы байқалады.Шағылысудан кейін аталық құрттар өледі де,аналықтары желбезек қуысына барып иесінің ұлпаларына жабысады.Аналықтар бір жылға дейін өмір сүреді.Жұмыртқа қабы сәуірден қыркүйекке дейін дамиды,судың температурасы  14 градус төмен болмауы қажет.Науплиустер сәуірдің аяғына пайда бола бастайды.Судың температурасы 10-15 градус шаянтәрізділер бес,алты апта,25-30градус  12 тәулік дамиды.Генерация температурамен тығыз байланысты болады,қолайлы жағдайда үш аптаның ішінде аналықтар екі личинка ұрпақ береді.

Эргазилюстер желбезек ұлпамен,кілегейлі  және иесінің қанымен қоректенеді.

Эпизоотологиялық мәліметтер.Шаянтәрізділер тұщы балықтардың елу астам түрінде тоғыштары:тұқы,албырт,шортан,зен бақтақ және т.б.Өте жиі табан,ақсақ,оңғақ және т.б бейім.

Балық тоғандарына шаянтәрізділер зақымданған балықтармен бірге  кіреді,личинкалары сумен тарайды.Аурудың  өршуі  көбінесе сирек күзде байқалады.

Клиникалық белгілері.Шаянтәрізділер сыртқы жағына желбезектің жапырақшалары  арасында бекінеді.Табан балықтарында олар басында,көз маңайында және қос жүзу жарғақтарының түбіне таман  орналасады.Шаянтәрізділер  респираторлық  қатпарларын жыртып желбезек ұлпаларын қабындырып көп кілегейлі бөлінуіне себептес,сонымен қатар тамырларды бітеп некрозға шалдықтырады.Зақымданған бөлімдер бозғылттанып олардың орнына зеңделген саңырауқұлақ жиналады.Инвазия интенсивтілігі бірнеше жүзге дейін жетеді,кейде шаянтәрізділердің мыңдаған саны кездеседі.Ауру балықтар нашар өсіп ариды,таза су тармағына жиналып кейде өледі.

Диагноз.Індеттанулық   деректеріне және клиникалық белгілерді ескере қойылады.Микроскоп арқылы желбезек пен жапырақшаларына кілегей  қырындыны алып шаянтәрізділерге зерттейді.

Алдына алу шаралары.Қоздырушыны  балық өсіретін тоғандарға түсірмеуге бағытталады.Балықтарды енгізгенде оларды шаянтәрізділерге зерттейді,су құйылып  түсетін жүйеге кәсіптік маңызы жоқ  балық тоғандарға түспеу үшіін балық  аулағыштарды орнатады.Зақымданған  балықтарды арнайы домдайды,немесе тоғандарға хлорофос ерітіндісін 100мг/л құяды,бұл  әдісте 2-3 сағаттан кейін  өледі.

Лернеоз

Лернеоз.Lerneidae тұқымдасына  жататын ұсақ шаян тәрізділер балықтарда ауру тудырады.Олар тұқы,сазан,табан,мөңке және т.б денесінде тоғышарлық етеді.Ақ амур балығында лернейдың басқа түрі –L ectenopoharyngodonis  тоғышарлық етеді,ол кезінде Қытайдан әкелінген өсімдіктермен қоректенетін балықтардан тараған.

Қоздырушысы аналығының денесі созылыңқы цилиндир тәріздес,төмен  жағына қарай сәл кеңейген,ұзындығы 9-22мм,бас жағында жұп ұзын екі  өсіндісі бар,солар арқылы балықтың  денесіне кіреді.Тоғыштардың алты жұп жүзетін аяқтары болады.Жұмыртқа қапшықтары жұп,әрқайсында 300-700 жұмыртқа болады.Капепойдты личинка сатысында аталықтары аналықтарына ұқсас болады.

Дамуы.Даму сатысында щаянтәрізділер үш наупоильді және бес капепойдтты  сатыдан өтеді.Жұмыртқадан емін еркін жүзетін үш жұп аяғы бар личинка дамиды.Екі рет түлеген соң  наплиус денесі бунақтарға бөлініп,жүзетін аяқтары жақсы көрінеді.Бұл сатысында наплиустар  тоғышарлық өмір сүреді,әрі қарай келесі  9-10 күн бойы шамалап,екі күн сайын келесі түлеу жүріп отырады.Копеподитті бесінші сатыдағы личинкаларда жыныстық айырмашылық біліне бастайды да,аталық пен аналықтары балықтардың ұлпаларына кіріп ересек сатыға жетеді.даму судың температурасымен тығыз байланыта болады.Жазда жылдам,күзде бәсеңдеу дамиды,ал қыста шаянтәрізділер дамымайды.Тұщы суларда ғана көбейеді.

Эпизоотологиялық мәліметтер.Лернеоз  тек қана тоған балық өсіретін шарушылықтарда ғана таралмай,сонымен  қатар көлдерде де кездеседі.Ауру жиі  ескі,лайлы тоғандарда антисанитарлық жағдайда байқалады.Жоғары деңгейде мөңке  балықтардың шабақтары мен осы  жазда туған тұқы,ақ және қара амур сирек аурады.Аурудың көзі  ауруды жұқтырған балықтар және емін еркін өмір сүретін лернейдің личинкалары Оңтүстік су аймақтарында сәуірдің аяқ кезінен,жаздың ортасынан Орталық аймақ суларында зақымданған балықтарды  кездестіруге болады.Инвазияланған балықтардың саны мамырдан тамызға дейін көбейе береді,ол торшалардың биологиясымен байланысты содан кейін содан кейін ауру біртіндеп төмендей бастайды.Лернеймен зақымданған балық келесі жылы инвазия таратады.Лернеоздан көбінесе биыл жазда туған тұқы және мөңке балықтар жиі өледі.

Клиникалық белгілері.Лернийлер  балықтың терісін  тесіп  бұлшық етіне дейін жетеді.Олар бекінген жерде жара пайда болады.Зақымданған  орнына жақын орналасқан ұлпалар  ісінеді.Қабыну процесі терінің  үстіңгі және бұлшық еттеріне жайылады.Кейіннен сол орныдарында паразитарлық түйіндер пайда болады.Балықтың денесі қатты зақымданса көптеген ашық қызыл түсті  кейде сұрғылт жаралар пайда болады,олар зақымданбаған сау ұлпалардан күрт ерекшеленді.Бұның бәрі қызамық жіті формасына ұқсас келеді.Бұл процесті іріңді микробтар мен саңырауқұлақтар асқындыруы мүмкін.Қанды экссудат сіңірген ұлпалар қабыршықтары  көтеріліп,деформацияға ұшыратып оларды ыдыратады.Ауру  балықтар ариды,бояу қозғалады,судың жиегіне жиналып тез ауланады.Балықтың денесінде көптеген жаралар болған себептен олар кәсіптік түрін жоғалтып,сатуға жарамсыз болады.

Диоагнозды ауру белгілеріне  және балықтардың денесінде лернейлерді  тауып қояды.

Алдын алу шаралары.Балық  өсіретін тоған суларда осы кезге  дейін лернеоздың эпизитотиясы байқалған  жоқ.Арнайы алдын алу шаралар  лернеозңа қарсы жоқ.Шет мемлекетте Израильде копепоидты личинкаларға қарсы хлорофос және деметил дихлорфенилфосфат қолданылады.Хлрофос ерітіндісі 100 мг/л 5-6 күн 22-26 градус судың температурасында жақсы белсенділік көрсетеді,3-4 рет тоғандарға кіргізіп қайталаса хлорофос балықтарды толық тоғышарлардан босатады.

Қытайда зақымданған балықтарды перманганат калии ерітіндісімен  домдайды.Егер судың температурасы 15-20 градус боса балықтарды 1:150000 1,5-2 сағат  ұстайды.Егер температура 21-30 градус болса,концнтрация 1:00000 экспозициясы 1,5-2 сағат 90-100 пайызда шаянтәрізділер өледі.

Синергазилез

Синергазилез-Ergasilidae тұқымдасына  Sinergasilus major  буынаяқтылар типіне жататын  шаянтәрізді тоғыштар қоздырушысы  тудырады.Олар балықтың желбезегінде орналасады.Ақ амурда Sinergalius major,ақ және шұбар дөңмайларда S.Lieni тоғышарлық етеді.

Қоздырушысы.Аналықтарының  денесі цилиндір пішіндес денесінің  ұзындығы 2,2-3мм,S.Lieni 1,85-2,7мм.Дене сегменттері  бір-бірімен қосылған бірақ шек  аралары анық көрінеді.Денесінің  төмен жағында жұп жұмыртқа қапшықтары орналасады,оларда 350-400 дейін жұмыртқа болады.

Зпизоотогиялық мәліметтер Синергазилез Түркменстан,Өзбекстан,Украина,Ұиыр Шығыста,Қазақстанның тоғандарымен табиғи суларында өсімдіктерімен қоректенетін балықтарда кездеседі.Осы жаздағы  балықтар және ересек 2-3 жастағы басқаларына  қарағанда бейім болады.

Ауру көбінесе жазда байқалады.Биыл жаздағы балықтарды 6-8,ал ересек 2-3 жастағы  балықтарда 20-30-дан 300-650 дейін шаянтәрізділер кездеседі.

Клиникалық белгілер.Синергазилюстар  көбінесе екінші және үшінші желбезек доғаларында мекендейді.Желбезектерді  тексергенде өлі еттенген ошақтар  көрінеді,олар зақымданбаған орындарға  қарағандда шығыңқы болады.Желбезек  ұлпалары ақ түсті болады.желбезек жапырақшасына бекінген тоғышарлар ұлпаларды қысып,жыртады,қан тамырларының бітелуіне себептес болады.Инвазия  интенсивтілігі жоғары болса,балықтар әлсізденіп,су жағалауына жиналып,жылдам өлімге шалдығады.

Диагнозды ауру белгілеріне  және балықтардың желбезегіне тоғышарларды тауып қояды.

Алдын алу шаралары.Инвазияны  таратпауға жол бермейтін шаралар  өткізеді.Басқа шарушылыұтан әкелінген  балықтарды шаянтәрізділердің бар  жоғын тексереді.Ересек балықтар инвазияны  алып жүрушы болған себептен,оларды жас  балықтардан бөлек ұстау қажет.Әр түрлі жақтан әкелінген балықтарды үнемі қадағалап түрлерін іріктеп  дұрыс суларға жіберсе инвазияның таралуын азайтуға болады.Емі ретінде  әр түрлі заттар қолданылады 5:2 қатынаста  мыс және темңһір купоросының  ерітіндісін қолдануға болады.Қоспаның 7 бөлігін 1 000 000 су бөлігіне ерітеді.Экспозициясы 6-7 күн жақсы оң нәтиже береді.

Информация о работе Балық - омыртқалы жануар