Баланың бас ұстазы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 00:19, доклад

Краткое описание

Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі рөлі туралы айтып, баланың өмірдегі орнын табуы үшін қандай көмек беру керектігі туралы баяндау.
Адам баласы дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеуді керек етеді. «Жас бала-жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»-дейді халқымыз. Жерге отырызылған жас көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді екен. Адам да дәл сол сияқты. Олай болса ұстамды, көргенді, парасатты, адамға қараудың өзі жақсы екендігі ақиқат.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ.docx

— 16.97 Кб (Скачать документ)

БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ –  АТА-АНА

 

Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі рөлі туралы айтып, баланың  өмірдегі орнын табуы үшін қандай көмек беру керектігі туралы баяндау.

 

Адам баласы дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеуді керек  етеді. «Жас бала-жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»-дейді халқымыз. Жерге отырызылған жас көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді екен. Адам да дәл сол сияқты. Олай болса ұстамды, көргенді, парасатты, адамға қараудың өзі жақсы екендігі ақиқат.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ яғни бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ.Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, әдепті болуын армандайды.

Кез-келген балаға оның әкесі мен шешесінің жеке үлгісі зор әсерін тигізеді.Бірге өмір сүргендіктен, үнемі олармен араласып, әңгімелерін тындағандықтан, әр түрлі жағдайдағы олардың өзін-өзі ұстауының куәсі болғандықтан жасөспірімдер саналы түрде ата-аналарының дүниеге көзқарасын, әдет-ғұрыптарын, қимыл-әрекеттерін қабылдап, бойларына сіңіреді, соларға ұқсауға тырысады.Себебі, келешек білікті азаматтар сонда тәрбиеленеді, адамның жеке басының бастапқы басқышы пайда болады, мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады.Демек, баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі, ондағы қарым-қатынасқа байланысты.Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.

Тәрбие адам тағдырын шешеді. Тәрбиенің басы – отбасында, одан кейін мектепте.Мектеп тәрбие көзі. Жас баланың алғаш әліппені қолына алған сәтте жүрек лүпілі, қуаныш сезімі, білімге деген құштарлығы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап білінеді.Ал, 5-6 сыныптарға барғанда баланың өзгеруі неде? Әлде,әр түрлі пәндердің қосылуы, әр түрлі пән мұғалімдерінің сабақ беруі әсер ете ме? Бірақ көбінесе, ойланатын мәселе оқушылардың өз ойларын ашық айта алмауы, тіптен сөйлеу қабілеттерінің төмендігі.Сонымен қатар ауыл тіршілігі, түстен кейін қосымша сабақтарға келудің орнына үй тірлігіне ден қойып кетуі білім сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады.Әрбір балаға ата-ананың жаны ашымасы, өз баласының болашағы ойландырмаса, онда болашақ қайда барады?

Кейбір ата-аналардың тәлім-тәрбиеге сыңаржақ қарайтыны алаңдатады.Жиналастырға, бас қосуға, тек жақсы оқитын балалардың ата-анасы келеді.Ал сабақта үлгірімі төмен, тәртібі нашар балалардың ата-аналары мектепке жоламайды. Ата-ана тарапынан «балам менің қандай?» «неге нашар?» деген сауалдарды естімейсің. Бірен-саран ата-ана ғана, онда да бастауыш сыныптар. Сонда жоғары сыныптың баласының болашағы не болмақ?

Демек, бала байлығымыз, ал ең асылымыз – оның тәрбиесі екен. Білім мен тәрбие егіз. Кейбір оқушылардың адаммен амандасуын, сөйлескендегі кейбір олқылықтарды көргенде ойланасың. Мектеп көрген, ата-ана тәрбиесінде болған балаға не болған деген сұрақ ойға оралады.

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы ошақ қасында көрген тәрбиесі де көп әсерін тигізеді.Қазір жас балғын бала – ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы.Ал мектеп кезінде көрген білгені жоқ бала ертеңгі күні қандай азамат болып шықпақ?

Кейбір ата-аналар баланың дұрыс емес қылықтарын, «балалығы ғой, ертен өскесін қояды» деп жатады, рас, баланың балалығы болуы мүмкін, бірақ барлық қиқарлық «іс-әрекеттерді баланың балалығы десек, оның арты жақсылыққа апармайды ғой.

Оқушыларымыз парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын одан әрі дамытамыз десек, онда құрметті ата – аналар бірлесіп жұмыс жасайық.


Информация о работе Баланың бас ұстазы