Стандарттау ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 18:24, реферат

Краткое описание

Сертификаттау – бұл өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің нормативтік құжатта белгіленген белгілі бір талаптарға, стандарттарға сай екендігін білдіретін жазбаша құжат болып табылады.
Стандарттау басқарудың нормативтік әдістерімен сипатталады. Ол объектілерге белгілі бір нормалар мен ережелер арқылы әсер етеді және нормативтік құжат түрінде жазылып, заңдық күшке ие құжат болып табылады.
Стандарт – бұл өнім сапасына негізгі талаптарды бекітетін нормативтік-техникалық құжат болып табылады.
Мемлекеттік стандартау – басқару деңгейінің барлық сатыларында таралып, қоғам мен өнім мен қызметті негізгі тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау ретінде қолданылады.
ИСО 9000 сериялы стандарттары — өнімнің жасалу процесіндегі өнім сапасына әсер ететін заңдық базаларын, тұтынушылардың рөлін, талаптарының сақталуына кепілдік береді.

Содержание

1. Стандарттау ұғымы.
2. Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар.
3. Стандарттаудың қысқаша даму тарихы.
4. Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері мен функциялары.
5. Сертификаттау негіздері.
6. Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны. Негізгі түсініктемелер және терминдер.
7. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері.
8. Сертификаттаудың мақсаттары.
9. Сертификаттаудың негізгі ережелері.
10. Стандарттау мен сертификаттау туралы заңдары және Заңның қолданылу аясы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

стандарттау сертификаттау реферат.docx

— 63.22 Кб (Скачать документ)

 
      бiртектес өнiмдердi сертификаттау жүйесiнiң басты  органдарын тағайындайды және  оларға белгiлi бiр жұмыс түрлерiн  жүргiзу құқына рұқсат бередi;  
      сәйкестiк Белгiсiн қолдану құқына сәйкестiк сертификаттарын бередi;  
      аккредиттеудi және сертификаттау жөнiндегi органдардың, аккредиттелген сынақ лабораторияларының (орталықтарының) сертификация ережелерiн сақтауы жөнiндегi қызметiне инспекциялық бақылауды жүзеге асырады;  
      сертификаттау жөнiндегi органдар негiзсiз берген сәйкестiк сертификаттарының күшiн жояды немесе тоқтата тұрады;  
      сертификаттау жөнiндегi басқа да органдар басып шығарған құжаттар мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң талаптарына қайшы келсе, олардың күшiн жою жөнiнде нұсқау бередi.  
 
             20-бап. Бiртектес өнiмдердi сертификаттау жөнiндегi  
                     органдар  
      1. Басқару органдары, заңды ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органдардың аккредиттелуiне жататын бiртектес өнiмдер жөнiндегi органдар құруға құқылы.  
      2. Егер бiртектес өнiмдердi сертификаттау жүйесiнде бiрнеше орган аккредиттелген болса, онда олардың қызметiн үйлестiру үшiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган бас органды тағайындауы мүмкiн.  
      3. Бiртектес өнiмдердi сертификаттау жүйесiн құрған кезде:  
      сертификаттау объектiлерi, сондай-ақ осы жүйеде соның талаптарына сәйкес сертификаттау жүргiзiлетiн нормативтiк құжаттардың категориялары мен түрлерi айқындалуға;  
      осы жүйеде сертификаттау жүргiзу ережелерi мен рәсiмi белгiленуге;  
      белгiленген тәртiп бойынша сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк реестрде сертификаттау жүйесiнiң органдары, сондай-ақ сертификат түрi, сәйкестiк Белгiлерi және оларды қолдану ережелерi тiркелуге тиiс.  
 
             21-бап. Сынақ лабораториялары (орталықтары)  
      Сынақ лабораториялары (орталықтары) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге, заңды ұйым мәртебесiне ие болуға, өтiнiм иесiнен немесе басқа да мүдделi тараптардан тәуелсiз болуға тиiс.  
 
             22-бап. Өнiмдердi сертификаттау түрлерi және  
                     сәйкестiк Белгiлерi  
      1. Өнiмдердi сертификаттаудың екi түрi - мiндеттi және ерiктi түрлерi белгiленедi.  
      Мiндеттi сертификаттау - өнiмдердi стандарттың немесе оның адам өмiрiне, денсаулығына, азаматтардың мүлкiне және айналадағы ортаға қауiпсiздiгiн қамтамасыз өтетiн өзге де нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн сертификаттау.  
      Мiндеттi сертификатталуға тиiс өнiмдер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi. 
      Өнiмдi ерiктi сертификаттау оның стандартқа сәйкестiгiн немесе өтiнiш иесi мен сертификаттау жөнiндегi органның арасындағы келiсiм шарттарындағы тұтынушылық қасиеттерi ескерiлiп, өзге де нормативтiк құжатқа сәйкестiгiн анықтау үшiн дайындаушының (орындаушының), сатушының (берушiнiң) немесе тұтынушының инициативасы бойынша жүргiзiледi.  
      Мiндеттi және ерiктi сертификаттауды сертификаттау жөнiндегi органдар өз құзыретiне сәйкес жүргiзедi.  
      2. Өнiмдi мiндеттi және ерiктi сертификаттауды жүргiзу кезiнде, сертификаттау жөнiндегi орган он шешiм қабылдаған жағдайда, өтiнiш иесiне тиiстi сертификаттау жүйесi белгiлеген тәртiппен осы өнiмдi сәйкестiк Белгiсiмен таңбалауға құқық беретiн сәйкестiк сертификаты берiледi.  
      3. Сертификаттау жүйелерiнде пайдаланылатын сәйкестiк Белгiлерi сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк реестрде тiркеледi.  
 
             23-бап. Өнiмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн  
                     талаптар  
      1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды ұйымдар мен жеке адамдар шығаратын және мiндеттi сертификатталуға жататын өнiмдердi сәйкестiк сертификатынсыз өткiзуге тыйым салынады.  
      2. Мiндеттi сертификатталуға жататын өнiмдi импортқа өткiзуге жасалатын контрактылардағы (келiсiмдердегi) шарттардың бiрi - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган таныған сәйкестiк сертификатының болуы.  
 
                            IV ТАРАУ  
                 СТАНДАРТТАУ МЕН СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ  
                 ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНДЫҚ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК  
 
             24-бап. Кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын лауазымды  
                     және жеке адамдардың стандарттау мен  
                     сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшiн  
                     жауапкершiлiгi  
      Кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын лауазымды және жеке адамдар стандарттау мен сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшiн заңмен белгiленген тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады.  
 
             25-бап. Заңды ұйымдардың стандарттау мен сертификаттау  
                     туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi <*>  
      Стандарттау мен сертификаттау туралы заңдарды бұзушы заңды ұйымдардан стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органның ұйғарымы бойынша бюджет кiрiсiне мынадай мөлшерде ақша өндiрiледi: 
      1) стандартсыз өнiм өткiзуден, бiрақ әрi кеткенде 12 ай iшiнде алынған нақты пайда;  
      2) стандарттар талаптарына сай келмейтiн, пайдаланылуы мен сақтаулы азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нұқсан келтiретiн немесе нұқсан келтiруi мүмкiн өнiмдi өткiзу фактiсi анықталған жағдайда, өткiзiлген өнiмнiң құны;  
      3) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi

 мемлекеттiк органның тыйым салуына қарамастан өткiзiлген стандартсыз өнiм құнының 50 процентi; 4) өткiзуге арналған өнiм стандарттар талаптары мен сертификаттау ережелерiне сау келмеу фактiсi анықталған жағдайда, тексерiлген сол өнiмнiң құны. ЕСКЕРТУ. 25-бап екiншi бөлiкпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.05.22. N 2297 жарлығымен.  ЕСКЕРТУ. 25-баптан екiншi бөлiгi алынып тасталсын - ҚР  Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.  U952703_    V ТАРАУ  ДАУЛАРДЫ ШЕШУ   26-бап. Стандарттау мен сертификаттау саласындағы дауларды шешетiн органдар Стандарттау мен сертификаттау саласындағы дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қарайды.

 

    Осы Заң стандарттау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң құқықтық негiздерiн және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен қолдану арқылы өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызмет көрсетулердiң сапасы мәселелерiнде мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерiн қорғау шараларын белгiлейдi.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет.
  2. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.

 

 

 


Информация о работе Стандарттау ұғымы