Стандарттау ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 18:24, реферат

Краткое описание

Сертификаттау – бұл өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің нормативтік құжатта белгіленген белгілі бір талаптарға, стандарттарға сай екендігін білдіретін жазбаша құжат болып табылады.
Стандарттау басқарудың нормативтік әдістерімен сипатталады. Ол объектілерге белгілі бір нормалар мен ережелер арқылы әсер етеді және нормативтік құжат түрінде жазылып, заңдық күшке ие құжат болып табылады.
Стандарт – бұл өнім сапасына негізгі талаптарды бекітетін нормативтік-техникалық құжат болып табылады.
Мемлекеттік стандартау – басқару деңгейінің барлық сатыларында таралып, қоғам мен өнім мен қызметті негізгі тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау ретінде қолданылады.
ИСО 9000 сериялы стандарттары — өнімнің жасалу процесіндегі өнім сапасына әсер ететін заңдық базаларын, тұтынушылардың рөлін, талаптарының сақталуына кепілдік береді.

Содержание

1. Стандарттау ұғымы.
2. Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар.
3. Стандарттаудың қысқаша даму тарихы.
4. Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері мен функциялары.
5. Сертификаттау негіздері.
6. Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны. Негізгі түсініктемелер және терминдер.
7. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері.
8. Сертификаттаудың мақсаттары.
9. Сертификаттаудың негізгі ережелері.
10. Стандарттау мен сертификаттау туралы заңдары және Заңның қолданылу аясы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

стандарттау сертификаттау реферат.docx

— 63.22 Кб (Скачать документ)

 

Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері  

 

 

    «Сертификаттау туралы» заң  Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (процестерді),  жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды peттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттеpi мен жауапкершілігін белгілейді. 

 

 

 Сертификаттаудың мақсаттары 

 

 

   Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

адамдардың өмірi мен денсаулығын, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

өнімдер мен қызмет көрсетудің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар рыногындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық сауда қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау. 

 

 

 Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару 

 

 

     Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттің органы жүзеге асырады.     

Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады. 

 

12.2. Мемлекеттік сертификаттау  жүйесі     

Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды: стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган; өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар; тіркелген сынақ лабораториялары (орталықтары).      

Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ лабораторияларына (орталықтарына) қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің, рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін, сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді. 

 

Ұйымдық және әдістемелік принциптері 

 

§  сертификаттау объектісі туралы анық ақпаратын қамтамасыз ету;

§  объективтілік және әзірлеуші мен тұтынушыдан тәуелсіз болуы;

§  профессионалдық сынау;

§   шет ел мәлімдеушілеріне дискриминация жасамау;

§  сертификаттау органы мен сынау лабораториясын таңдаудағы мәлімдеушінің құқығы;

§  сертификаттау қатысушыларының жауаптылығы;

§  сертификаттау нәтижелері немесе сәйкестік сертификаттың (белгінің) мезгіл тоқтауы (жоюға) туралы ақпарат ашықтығы;

§  стандарттау объектісінің, оның  шығару және пайдалану ерекшеліктерін есепке алатын сынау әдістерінің көптілігі;

§  ИСО/МЭК, аймақтық ұйымдардың кепілдемелерін және ережелерін, халықаралық стандарттардың және басқа халықаралық құжаттардың қағидаларын сертификаттау қызметінде қолдану;

§  Қазақстан қатысатын көптарапты және екітарапты келісімдердің негізіндегі шетелдік сертификаттау органдардың және сынау лабораториялардың аккредиттеуін, сертификаттардың және сәйкестік белгілерін ҚР-мен мойындауы;

§  сауда құпияны құратын ақпарат жасырын сақтауы;

§  Қажетті кезде сертификаттау жұмыстарға тұтынушылардың қоғамдарын тарту. 

 

Сертификаттаудың негізгі ережелері  

 

Сертификаттау органы немесе сынау лабораториялары ретінде кез-келген әр түрлі жеке меншікті мекемелер болуы мүмкін, егер олар әзірлеуші (сатушы) немесе тұтынушы (сатып алушы) болмаса және орнатылған тәртіп бойынша акредиттеуден өтіп сертификаттау жұмыстарын атқаруға рұқсаты (лицензиясы) болса.

Сертификаттау органдарының және сынау лабораторияларының аккредиттеу жұмыстарын ҚР Мемлекеттік стандарт комитеті немесе атқарушы өкіметтің органдары өткізеді. Аккредиттеудің нәтижесі бойынша аккредиттеу аттестаты беріледі. 

Отандық және импорттық өнімдердің сертификаттау жұмыстары бір ережелермен жүргізіледі.

Егер сертификаттау жүйесінде бір өнімнің бірнеше сертификаттау органдары болса, онда мәлімдеушінің қайсыбір органды таңдауға құқығы бар.

Мемлекеттік Реестрде тіркеу уақыттан бастап міндетті серти-фикаттау жүйесіндегі сертификаттардың және аккредиттеу аттестаттардың әрекет күштері кіреді.

Барлық құжаттар (мәлімдеме, хаттамалар, актілер, аттестаттар, сертификаттар және т.б.) қазақ немесе орыс тілдерінде жазылады.

Келіспейтін жағдайлар туатын болса, онда сертификаттау орындарына, ҚР мемлекеттік стандарттау комитетіне және сертифи-каттау жұмыстарымен айналысатын басқа да мекемелерге апелляция беруге құқық бар.

Біркелкі өнімнің немесе қызмет топтарының сертификаттау жүйесімен орнатылған сұлбасы бойынша сертификаттау жұмыстары жүргізіледі.

Сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі

Негізгі кезеңдері:

сертификаттауды жүргізу үшін мәлімдеме беру;

мәлімдемені қарастырып шешім қабылдау;

үлгілерді таңдап және идентификация жасап сынауды жүргізу;

өндірісті тексеру (егер сұлба бойынша тексеру қажет болса);

сынау нәтижелерін талдау, сертификат беру туралы шешім қабылдау;

сертификатты және сәйкестік белгіні пайдалануға рұқсат (лицензия) беру;

сертификаттау сұлбасы бойынша сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау.   

 

Сертификаттау органдары     

 

 

  Өнім,процесс, жұмыс, қызметті сертификаттау жөніндегі орган-мемлекеттік сертификаттау жүйесімен белгіленген тәртіпте, белгілі қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға тіркелген заңды тұлға.

Аккредиттеуден өткен ұйымға (сертификаттау органға) қойылатын талаптар:

үшінші тарапты (әкімшілікті, экономикалық және заңгерлік тәуелсіз) болу;

мәлімделген сертификаттау аймағында техникалық компетентті болу;

құжатталған процедуралар мен қажетті жабдықтарға ие болу;

арнайы оқытылған маман қызметкерлерімен қамтамасыз етілген;

керекті стандарттардың өзекті қорымен және басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;

сертификаттау және сынауды өткізу ғана емес, сонымен қатар сертификатталған өнімді инспекциялық түрде бақылау жүргізу.  

 

Сертификаттау органының негізгі міндеттері:

аккредиттеу шегіндегі және ереже бойынша өнімнің сертификаттау жұмысын жүргізу;

сәйкестік белгіні қолдануға болатын рұқсат қағазын (лицензия) беру;

аккредиттеу аттестатының әрекет күші жойылған кезде қызметін тоқтату немесе уақытша тоқтату;

қызметтің     инспекциялық    бақылауына жағдай мүмкіндігін жасау;

өз қызметі және өзгерістері туралы ақпараттарды аккредиттеу органға тапсыру;

өтінушінің коммерциялық құпиясына қатысты деректердің жасырындығын сақтау.

 
                           I ТАРАУ  
                       ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР  
 
             1-бап. Стандарттау мен сертификаттау туралы заңдар  
                    және Заңның қолданылу аясы  
      1. Стандарттау мен сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнен тұрады.  
      2. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан басқару органдары, заңды ұйымдар мен жеке адамдар арасындағы, сондай-ақ олар мен басқа мемлекеттердiң заңды ұйымдары мен және адамдары арасындағы стандарттау мен сертификаттау саласындағы қатынастар:  
      Қазақстан Республикасы аумағында өнiм жасау, өндiру мен өткiзу, пайдалану, жұмыстар атқару және қызмет көрсету кезiнде, сондай-ақ оның аумағына өнiм жеткiзу кезiнде;  
      басқа мемлекеттерге өнiм беру, солардың аумағында жұмыстар атқару және қызмет көрсету кезiнде реттеледi.  
      3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.  
 
             2-бап. Стандарттау мен сертификаттаудың мақсаттары  
      Стандарттау мен сертификаттаудың негiзгi мақсаттары:  
      өнiмдердi, процестер мен қызметтердi нормативтiк-техникалық қамтамасыз ету;  
      өнiмдер, процестер мен қызметтер сапасының мәселелерiнде тұтынушылардың мүдделерiн қорғау;  
      адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн өнiмдердiң қауiпсiздiгiн, айналадағы ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;  
      саудадағы техникалық кедергiлердi жою, әлемдiк нарықта өнiмдердiң бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету;  
      өнiмдердiң үйлесiмдiлiгi мен өзара алмастырылуын қамтамасыз ету;  
      ресурстарды үнемдеу;  
      өнiм сапасын арттыру, ғылымның, техниканың дамуына, халықтың және халық шаруашылығының сұранымына сәйкес өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жандандыру және үйлестiру.  
 
             3-бап. Стандарттау мен сертификаттау объектiлерi  
      Стандарттау мен сертификаттау объектiлерi мыналар:  
      көп мәрте қайталап өндiрiлу және (немесе) пайдаланылу келешегi бар өнiм, қызметтер және процестер (бұдан былай - өнiм).  
 
             4-бап. Стандарттау мен сертификаттау жөнiндегi  
                    жұмыстарды басқару  
      1. Қазақстан Республикасында стандарттау мен сертификаттау жөнiнде бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органға жүктеледi.  
      2. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiн құрады, стандарттау мен сертификаттау саласындағы қызметтi ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады, стандарттау мен сертификаттау мәселелерi жөнiндегi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк өтедi.  
 
                         II ТАРАУ  
                    СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ  
 
             5-бап. Стандарттаудың мемлекеттiк жүйесi  
      Стандарттаудың мемлекеттiк жүйесi стандарттау саласында

 бiрыңғай ғылыми-техникалық  саясат жүргiзiлуiн қамтамасыз  етедi және нормативтiк құжаттардың  әр алуан категорияларының жасалуын, қолданылуын, олардың әзiрлену, келiсiлу, бекiтiлу тәртiбiн, мемлекеттiк тiркелуiн, стандарттар талаптары мен техникалық шарттардың сақталуын мемлекеттiк қадағалауды көздейдi.  6-бап. Нормативтiк құжаттардың категориялары Стандарттаудың мемлекеттiк жүйесi нормативтiк құжаттардың мынадай категорияларының жасалуын және қолданылуын көздейдi: мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ); Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары (ҚРСТ); техникалық шарттар.  7-бап. Мемлекетаралық стандарттарды жасау, бекiту және тiркеу Мемлекетаралық стандартты Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық кеңес қабылдайды. Мемлекетаралық стандарттарды (ГОСТ) жасау, бекiту және тiркеу үкiметаралық келiсiмдерде белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады.  8-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шарттарын жасау 

 
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын отандық, шетелдiк ғылым мен техника жетiстiктерi, озық тәжiрибе негiзiнде өнiмдердiң бекiтiлген номенклатурасы (қызмет аясы) бойынша техникалық комитеттер және (немесе) басқару органдары әзiрлейдi.  
      Өнiмдердiң бекiтiлген номенклатурасы (қызмет аясы) бойынша техникалық комитеттер мен басқару органдарын стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтедi.  
      Техникалық комитеттердiң құрамына өнiм әзiрлеушiлердiң, дайындаушылардың, тұтынушылардың (тапсырыс берушiлердiң), тұтынушылар қоғамдарының, ғылыми-техникалық және инженерлiк қоғамдардың өкiлдерi, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган мен оның ұйымдарының мамандары енуге тиiс.  
      Техникалық комитеттердiң жұмысына Қазақстан Республикасының жетекшi ғалымдары мен мамандары тартылуға тиiс.  
      2. Мемлекеттiк стандарттар бiртектес өнiм топтарына және қажет болған реттерде нақты бiр өнiмге, өнiмдi әзiрлеу, өндiру, пайдалану, қолдану кезiнде техникалық бiрыңғайлылықты қамтамасыз ететiн ережелерге және басқа да жалпы техникалық ережелер мен нормаларға талаптар белгiлейдi.  
      3. Мемлекеттiк стандарттарда мiндеттi және ұсыныс ретiндегi талаптар белгiленедi.  
      Мiндеттi талаптарға:  
      адамдардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн;  
      айналадағы ортаны қорғауды;  
      үйлесiмдiлiк пен өзара алмастырушылықты;  
      қаптау, таңбалау ережелерiн және мiндеттi талаптарға сәйкестiктi бақылау әдiстерiн қамтамасыз ететiн талаптар жатады.  
      Ұсыныс ретiндегi талаптарға өнiм сапасының тұтынымдық сипаттамаларын қамтамасыз ететiн талаптар жатады.  
      Тапсырыс берушiнiң қалауы бойынша оның мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ететiн мiндеттi талаптардың номенклатурасы кеңейтiлуi мүмкiн.  
      4. Техникалық шарттарды кәсiпорындар, ұйымдар жасайды да нақты өнiмге (үлгiлерге, маркаларға) талаптар белгiлейдi, бұл орайда техникалық шарттардың талаптары мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сай келуге тиiс.  
      5. Мемлекеттiк стандарттардың талаптары мен техникалық шарттар өнiмдi (бұйымды) жасаушы, дайындаушы берушi (өткiзушi), сақтаушы, тасымалдаушы, пайдаланушы (қолданушы), жөндеушi және қызмет орындаушы барлық заңды ұйымдар мен жеке адамдар үшiн мiндеттi.  
 
             9-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  
                    стандарттары мен техникалық шарттарын  
                    бекiту және тiркеу  
      1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган өз қаулысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын бекiтедi.  
      Техникалық шарттарды бекiтудi басқару органдары, өнiмдi дайындаушы және тұтынушы Заңды ұйымдар мен жеке адамдар жүзеге асырады.  
      2. Стандарттар, техникалық шарттар мен оларға өзгерiстер, сондай-ақ оларды жою жөнiндегi шешiмдер стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органға мiндеттi түрде тiркеуге жатады.  
      Мемлекеттiк тiркеуден өтпеген стандарттар мен техникалық шарттар және оларға енген өзгерiстер жарамсыз болып табылады.  
 
             10-бап. Қазақстан Республикасының стандарттары мен  
                     техникалық шарттарын қолдану  
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шарттары олар күшiне енген кезден бастап қолданылады.  
      2. Өнiм дайындаушыларға, егер олардың талаптары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген стандарттарына қайшы келмесе және тұтынушылардың мүдделерiне сай келсе, шет елдердiң халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарын тiкелей қолдану құқы берiледi.  
      3. Тiркелген стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарын бұзып өнiм (бұйым) жасауға, дайындауға, беруге (өткiзуге), сақтауға, тасымалдауға, пайдалануға (қолдануға) және жөндеуге, сондай-ақ адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, айналадағы ортаны қорғауға әсер ететiн өнiмдердi тиiстi нормативтiк құжаттарсыз шығаруға тыйым салынады.  
 
             11-бап. Стандарттарды басып шығару және қайта басып  
                     шығару  
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын, сондай-ақ шет елдердiң мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық стандарттарын, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсыныстарын, ұлттық стандарттарын басып шығару және қайта басып шығару құқы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органға берiледi.  
 
             12-бап. Нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк қоры  
      Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган нормативтiк құжаттар қорын қалыптастырады және мыналарды жүзеге асырады:  
      мемлекеттiк тiркеуден өткен стандарттарды, техникалық шарттарды мемлекеттiк сақтау;  
      шет елдердiң халықаралық және аймақтық стандарттарын, стандарттау, сертификаттау және метрология жөнiндегi ережелерi мен ұсыныстарын, ұлттық стандарттарын алу және сақтау;  
      ақпаратпен қамтамасыз ету.  
 
             13-бап. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды орындау  
      1. Стандарттау жөнiндегi жұмыс тәртiбi осы Заңмен,

 стандарттау, метрология  және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган қабылдайтын мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң стандарттар кешенiмен, сондай-ақ басқа да нормативтiк актiлермен белгiленедi. 2. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды мыналар жүзеге асырады: стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган; басқару органдары; стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер; заңды ұйымдар.  14-бап. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау 1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган республикадағы стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлауға ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады. 2. Мемлекетаралық стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлаудың тәртiбi мен түрлерi үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.  15-бап. Стандарттар мен техникалық шарттар талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау 1. Өнiм сапасы мәселелерiнде тұтынушылардың мүдделерi мен құқыларын қорғау мақсатында стандарттар мен техникалық шарттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн Ережеге сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.  16-бап. Мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырушы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органның құқықтары 

 
      Стандарттау, метрология  және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органның өнiмдi жасау, өндiру, жөндеу, тасымалдау, сақтау және пайдалану кезiнде стандарттардың талаптары мен техникалық шарттарының бұзылғаны үшiн;

 бұзушылықтарды жою  туралы нұсқау беруге; өнiмдi өткiзу  мен қолдануға (пайдалануға), жұмыстар  мен қызметтердi орындауға тыйым  салуға; өнiм өндiру мен қызмет  көрсетудi тоқтата тұруға; сәйкестiлiк сертификатының күшiн және сәйкестiк Белгiсiн қолдану құқын тоқтата тұруға немесе жоюға; айыппұл салуға құқығы бар.  III ТАРАУ  СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ   17-бап. Сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесi 

 
      Сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесi сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi және сертификаттаудың негiзгi қағидалары мен ережелерiн, жүйенiң принциптерi мен құрылымын, сертификаттау жөнiндегi органдарға, лабораторияларға (орталықтарға) талаптарды және оларды аккредиттеу тәртiбiн, сертификатталатын өнiм өндiрiсiн аттестаттау әдiстемесiн, сертификатталған өнiмге және сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген органдардың,

 лабораториялардың (орталықтардың) қызметiне инспекциялық бақылауды, сертификаттау мақсаттарын жүзеге асыруға қажеттi басқа да ережелер мен талаптарды белгiлейдi.  18-бап. Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң ұйымдық құрылымы Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң ұйымдық құрылымын мыналар құрайды: стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган; бiртектес өнiмдi сертификаттау жөнiндегi органдар; сынақ лабораториялары (орталықтары).  19-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органның сертификаттау саласындағы құқықтары Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органның мынадай құқықтары бар: 

Информация о работе Стандарттау ұғымы