Стандарттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 09:33, реферат

Краткое описание

Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
-өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
-өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету

Прикрепленные файлы: 1 файл

Стандарт Срсп.docx

— 14.99 Кб (Скачать документ)

 

             

 Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттаудың  негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

-өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;

-өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету

-өнімнің техникалық және ақпараттық  сиымдылығын,өзара алмасымдылығын  қамтамасыз ету;

-өнімнің  процес-ң қызмет  көрсету-ң сапасын ғылыми-тех-қ  даму деңгейі мен сәйкестендіру  және сапа мәселелерінде тұтынушы-ң  мүдделерін қорғау;

-өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану

Стандарттау объектісі- өнім, қызмет, көп қолданбалы шығарылым болып табылады.Стандартта өлшеу, тексеру, сынақтан өнімді өткізу қаралады.

Стандарттау объектілеріне  көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту.

Стандарттау объектілерін реттеу – қызмет, үрдістер және өнімдерді стандарттау облысындағы әмбебап тәсілі. Реттеу жұмысының қорытындысы ретінде, мысалы, қосалқы бөлшектерге қойылатын шектеулер. Реттеуді әмбебап тәсілі деп айтсақ, ол бөлек тәсілдерден тұрады: жүйелеу, селекциялау, симплификациялау, типтеу және оптимизациялау.

Стандарттау объектісін селекциялау қоғамдық өндірісте қолданылатын және керекті деп мойындалған нақты объектілерді  реттеу.

Симплификаттау – қоғамдық өндірісте қолданылатын және керекті емес деп мойындатылған объектілерді реттеу. Селекциялау және симплификациялау үрдісі қатарлас жүргізіледі.

Стандарттау объектілерін типтеу –типтік (нұсқа) объектілерді жасау қызметі.

Стандарттау объектілерін тиімділеу –тиімді бастапқы параметрлерді табу сонымен қатар сапа және үнемділік көрсеткіштерінің мағынасын табу.


Информация о работе Стандарттау