Туристік индустрияда қауіпсіздік шараларын сақтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 08:30, реферат

Краткое описание

Біздің Қазақстан – бұл Еуразия құрлығының жүрек тұсында орналасқан үлкен ел. Сондықтан мұнда ежелгі әлем мен қазіргі дүние, шығыс пен батыс көрші орналасқан деп айтуға болады. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2030» даму стратегиясында «Біз өзімізді әлемнің және бүкіл планетаның бір бөлшегі ретінде сезінеміз» деп атап көрсеткеніндей, осындай географиялық қолайлы орналасу нәтижесінде Қазақстанның халықаралық мәселелерге қатысуы мен ықпалы жыл өткен сайын артып келе жатқандығы анық байқалып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Туристік индустрияда қауіпсіздік шараларын сақтау.docx

— 41.31 Кб (Скачать документ)

Туристік индустрияда қауіпсіздік              шараларын    сақтау

Біздің Қазақстан –  бұл Еуразия құрлығының жүрек тұсында орналасқан үлкен ел. Сондықтан мұнда ежелгі әлем мен қазіргі дүние, шығыс пен батыс көрші орналасқан деп айтуға болады. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2030» даму стратегиясында «Біз өзімізді әлемнің және бүкіл планетаның бір бөлшегі ретінде сезінеміз» деп атап көрсеткеніндей, осындай географиялық қолайлы орналасу нәтижесінде Қазақстанның халықаралық мәселелерге қатысуы мен ықпалы жыл өткен сайын артып келе жатқандығы анық байқалып отыр.

«Сапа» туристік жобасына қатысушылар осы мәселеге мән  беріп, бірқатар әлеуметтік зерттеулер нәтижесін алға тартты. Осыған назар аударып көрейік.

* ТАРИХЫМЫЗ ТУРИЗМ АЯСЫНДА *

Қазіргі замандық туризм индустриясындағы ағымдардың бірі өнімнің өзіндік ерекшелігі мен қайталанбастығы болып табылады. Сондықтан да туристерді өзіне тартушы әрбір ел бірінші кезекте өз ерекшеліктерін жарқыратып алға шығарғысы келеді. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде әлемге туризм саласындағы брендтермен белгілі бола бастаған Қазақстанның да осы бағытта ұсынатын дүниелері баршылық.

Қазақстанның көп ғасырлық тарихы бар. Біздің еліміздің аумағында көшпенді мәдениет пен отырықшы өркениет біртұтас бірлікте көрініс береді. Еуразиялық континентте шығыс пен батыс арасында орналасқандықтан еліміздің транзиттік мүмкіндіктері де жыл өткен сайын арта түсуде.

Осы мәселеге байланысты, еліміздің Президенті 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында былай деп атап көрсеткен болатын: «Біздің бабаларымыз түркі халықтарының туысқандық бірлестігінде бұл маңызды стратегиялық факторды өздеріне тиімді жағдайда пайдалана білді: аты аңызға айналған Жібек жолының бойымен Еуропалық және Азиялық елдер арасында сауданың кең арнасын ұйымдастырды. Бүгінгі күні біз өңірдегі көрші елдермен бірлесе отырып және әлемдік қауымдастықтың қолдауымен осы жолды қайта қалыптастыру үстіндеміз. Болашақта Еуропа мен Азия арасында сауда жүйесі, қаржы ағыны және адамдардың қозғалысы арта беретіндігі анық». Елбасымыз атап көрсеткен осы мәселеден еліміз үлкен үміт күтуде және әртүрлі экономикалық арналардың басын қоса отырып, осы мақсатта үлкен істерді ұйымдастыруда. Соның бірі туризм саласы болып табылады.

* КӨПҚЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ӘРКЕЛКІЛІК *

Қазақстан өзіндік табиғи-географиялық ерекшеліктерге ие. Солтүстікте – ақ қайыңдар алабы қарағайлы ормандармен қатар қоныс тепкен. Орталықта шетсіз-шексіз кең дала шоқылар мен белдерге барып ұласады. Шығыс пен батыста ағынды таза өзендер, көлдер мен теңізге барып қосылады. Оңтүстікте ғасырлық шыршалар таулардың басына дейін өрмелеп шыққан.

Осының барлығы біздің елімізде туризмнің барлық түрлерін – танымдық, көңіл көтеру, этникалық, экологиялық, сауықтырушылық, балалар, спорттық, аңшылық, атпен серуендеу, қызықты оқиғалық түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні туристер үшін біздің республикамыз аумағында 700-ден астам маршруттар ұсынылады.

Осындай еліміздің табиғи ерекшеліктері мен географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуын ескере келе еліміздің Президенті мұны дамудың үлкен мүмкіндігі деп атады. Әлемдік жаһанданудың экономикалық және саяси үдерістері бұл факторды дамудың ең маңызды белгілері қатарында барған сайын алға жылжытуда.

Дархан жер, байтақ дала

Қазақстан өзінің шикізаттық ресурстарымен әлемдегі ең бай елдердің қатарында аталады. Мәселен, Менделеев кестесінде көрсетілген 105 элементтің 99-ы Қазақстан жерінде кездеседі.

Көмір қоры жөнінен Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы он елдің бірі. Көмір өндіру жөнінен ТМД-да Ресейден кейінгі екінші орында тұр.

Қазақстан мұнайдың барланған  қоры бойынша әлемде сегізінші орында тұр. Көмірсутегі қорларының болжамды көрсеткіштері 12-17 миллиард тонна деп бағаланады.

Республикамызда әлемдегі уран қорының мөлшермен алғанда бестен бір бөлігі шоғырланған және уранның барланған қоры бойынша әлемде Австралиядан кейін екінші орын алсақ, оны өндіру көлемі жөнінде бірінші орынға көтеріліп отырмыз.

Қазақстан астығы әлемнің 40-тан  астам еліне экспортталады. Осының арқасында еліміз әлемдегі астық  экспорты жөнінен көшбасшылар қатарынан  көрінуде.

* ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ОРНЫҚТЫЛЫҚ *

Қазақстан ішкі саяси жағдайының тұрақтылығы және халықаралық қатынастардағы орнықтылығымен ерекшеленеді. Статистикалық мәліметтер бойынша республика аумағында 130-ға жуық әртүрлі ұлт өкілдері өмір сүруде.

Еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жариялаған кезде Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың толеранттылығы мен татулығын атап көрсетті. Мұны қазір көптеген шетелдіктер қуаттап отыр.

Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанындағы жүргізілген әлеуметтік мониторинг қазақстандықтардың 90 пайызы елдегі этносаралық жағдайдың көңілге қонымды және тыныштықта екенін білдіргендігін айқындады. Соның ішінде сұрау салынғандардың 89,4 пайызы ұлтаралық қатынастың жақсара түскендігін мәлімдепті.

* ДАМУДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫЛЫҚ *

Бүкіләлемдік банктің  мәліметтері бойынша, Қазақстан инвестициялық тартымдылық жөнінен дүние жүзіндегі 20 елдің қатарына кіреді. Ал елге келген шетелдік тікелей инвестициялардың жан басына шаққандағы көлемі жөнінен ТМД бойынша бірінші орын алады. Халықтың әл-ауқатының жақсару және отандық экономиканың оң ағыммен дамуы еліміздегі туристік бизнестің жүйелі түрде дамуына сенімді алғышарттар қалыптастырылып отыр.

Қазақстан 1993 жылдан бастап Бүкіләлемдік туристік ұйымның толық мүшесі болып табылады. Көптеген елдердің үкіметтері біздің елімізді үлкен туристік әлеуеті бар сенімді әріптес ретінде бағалайды. Сондықтан туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі екіжақты және көпжақты келісімдер саны жылдан-жылға арта түсуде.

Еліміздің Туризм және спорт  министрлігінің мәліметтері бойынша, 2008 жылдан бастап Қазақстанда туризмнің барлық салалары жүйелі және орнықты түрде даму үстінде.

Туристік қызмет көрсетудің жалпы көлемі өткен жылы 11,1 пайызға артып, 73,1 миллиард теңгені құрады.

Бүгінгі күні Қазақстанда 1500-ден  астам туристік ұйымдар жұмыс істейді. Олардың әлемнің 80 елінде шетелдік әріптестері бар. Оның үстіне қазір Қазақстанның әлемнің барлық елдерімен әуеаралық байланысы жолға қойылған. Халықаралық ұшуларды отандық және халықаралық жетекші авиакомпаниялар жүзеге асырады.

* ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ *

Қазақстанда әртүрлі санаттағы 372 қонақ үй жұмыс істейді. Оларға бір мезетте 32 876 адамды сыйдыруға болады. Соның ішінде Алматыдағы 25 қонақ үйде 4950 орын бар.

Еліміздің жас астанасында 60-тан астам қонақ үй жұмыс  істесе, оларда бір мезетте 5000-нан астам адамды қабылдауға болады. Астанадағы қонақ үйлердің басым көпшілігі шағын және орта бизнестің қолында. Мұның өзі елорданың бизнес ахуалына жағымды ықпал етуде.

Статистикалық мәліметтер бойынша, шетелдік қонақтар негізінен сервистік қызметтің көптеген түрлерін көрсете алатын 5 жұлдызды қонақ үйлерде орналасуды қалайды. 2010 жылдан бастап оларда қызмет көрсетілген туристер саны елеулі түрде артып отыр.

Ал шетелдерге шыққан қазақстандықтар көбіне 3 жұлдызды қонақ үйлерге орналасады екен. Оның үстіне соңғы жылдары республика азаматтары Қазақстанның өз аумағын жиі аралайтын болып жүр. Мәселен, 2010 жылы туризмнің осы түріне қатысушылар саны 10,3 пайызға ұлғайыпты.

* БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІМ *

Әлемдік даму орталықтарының қиылысқан тұсында орналаса отырып, біз отандық өнімдерді өткізуде үлкен мүмкіндіктерге ие бола аламыз. Елбасының атап көрсеткеніндей, мұның өзі ел дамуына сенімді алғышарттарды қамтамасыз етеді.

Осы жағдай туризмнің дамуына  да оң ықпал етуде. Инвестициялық  туристік жобалар еліміздің әр өңірлерінде әзірлену және іске қосылу үстінде. Мәселен, Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауынан «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталығы салынып жатса, «Бурабай» курорттық аймағы, Жамбыл облысындағы Талас Алатауында орналасқан «Көксай» одан әрі дамытылуда. Астанада, Ақтау, Өскемен, Көкшетау қалаларында «Астана-Недвижимость» қонақ үйлер желісі өркен жаюда. «Балқаш-Нұрсая» халықаралық сауықтыру-туристік орталығының құрылысы жүргізілуде. Осындай туристік жобалар тізімін көптеп келтіре беруге болады.

Еліміздің туризмге ашықтығы 2010 жылы осы саладағы инвестицияны 58,3 пайызға дейін арттыру мүмкіндігін берді. Бір жылдың өзінде ғана салаға 194,6 миллиард теңге инвестиция келді.

Өткен жылы туристік индустрияның кірісі 56 пайызға артып, 122 миллиард теңгені құрады. Одан түсетін бюджеттік түсім 4,8 есе өсіп, 39,66 миллиард теңге болды.

Міне, осы цифрлардың өзі  Қазақстанда туризмнің жылдан-жылға  кеңінен қанат жайып келе жатқандығын көрсетеді.

 

Туристік фирмалар заңды тұлға ретінде сақтандыру компанияларының көптеген қызметтерімен қолданады. Туристік бизнесте сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің қосымша түрлері бар. Туризм жүйесінде сақтандыру келесі түрлерге жіктеледі:

1.      турист пен оның мүлкін сақтандыру; 

2.      туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыру;

3.      шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру;

4.      шетелдік туристерді сақтандыру;

5.      азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;

6.      автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

7.      қауіпті жағдайларда  туристерге медициналық шығындарын өтеп беретін сақтандыру.

Сақтандыру ерікті және міндетті болады. Әрекеттегі құжаттарға сәйкес  сақтандырудың міндетті түріне мыналар жатады:

1.      автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

2.      көліктік сапарларды сақтандыру.

Туристерді сақтандырудың басқа түрлері ерікті болып келеді. Турист мүлкін сақтандыру турситің мүлкіне зақым келуі немесе жоғалуы үшін жауапкершілікті алады. Бұндай сақтандыру келісім-шартының әрекеті сақтанушының тұрақты тұратын жерінен шыққан кезінен басталып, оның қайтадан тұрақты жеріне келгенінде аяқталады. Бұл келісім-шарты бойынша туристің өзімен алған жеке мүліктері мен туристік мүліктер сақтандырылады. Жүк деп туристердің тіркелген және тіркелмеген зат-мүліктерін айтамыз. Сонымен қатар, туристің киіміндегі және үстіндегі заттары мен саяхат кезінде алынған заттары да сақтандыруға жатады.

Сақтандыру жауапкершілігі түрлеріне апаттар, жарылыстар, табиғаттың апатты құбылыстары, тонау, ұрлықтар және басқа да алдын ала жоспарланған қаскүнемдік әрекеттер т.б. жатады.

Туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыруға қаржылық қауіптер, туристердің, олардың туыстарының, үшінші адамдардың іздеулері жатады. Қаржылық қауіптер қатарына кіретіндер:

1.      коммерциялық қауіптер (төлемді өтемеу немесе  кешіктіру, форс-мажорлық жағдайлармен шартты бұзуды мойындамау үшін контрагенттің айыптық санкциялары);

2.      фирманың банкрот болуы;

3.      кеден заңдарында, ақша реттеуде, төлқұжатты тексеру және кедендік құжаттамалардағы өзгерістер;

4.      форс-мажорлық жағдайлардың болуы;

5.      саяси қауіптер және т.б.

Шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру мыналарды қамтиды:

1.      кенеттен туристердің ауырып қалуы мен жағымсыз жағдайлар кезінде оларға жедел дәрігерлік көмек көрсету;

2.      туристі тиісті дәрігерлік бақылауға алатын, сапалы ем беретін жақын арадағы ауруханаға жеткізу;

3.      тиісті дәрігерлік бақылауға алып тұрақты тұратын жеріне жеткізу;

4.      ішкі дәрігерлік бақылау және туристің жанұясына хабарлау;

5.      дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

6.      дәрігер-маманның кеңестік қызметін қолдану (қажетті жағдайда);

7.      ауырған не қаза болған туристі тұрақты тұратын еліне жеткізу үшін көлік шығындарын төлеу;

8.      туристі репатриациялау;

9.      шетелде азаматтық және қылмыстық істерді тергеу кезінде туристерге заңды көмек көрсету.

Сақтандыру келісім-шарты жасалғанда сақтандыру сомасы баратын елге сәйкес таңдалады және төлемін қайтарудағы ең төменгі көрсеткішке байланысты жіктеледі. Қазіргі уақытта туристік сақтандыру қызметінің 2 формасы бар: компенсациялы және сервисті.

Бірінші түрінде туристің еліне қайтып келген соң оның барлық дәрігерлік шығындары төленеді. Бірақ, бұл туристер үшін өте қолайсыз, яғни турист өзімен бірге айтарлықтай ақша сомасын алып жүруі керек.

Сервисті туристік сақтандыру сақтандыру компаниясымен келісім-шарт жасай отырып, көрсетілген диспетчерлік қызмет көрсету орындарына хабарлап сақтандыру полисінің номері мен фамилияны айтып көмек ала алады.

Азаматтық жауапкершілікті сақтандырумен жеке автокөліктері, мотоциклдері және басқа көлік түрлерімен сапар жасайтын туристер қолданады. Бұл сақтандыру түрі, сонымен бірге, сақтандыру объектісі сақтанушының үшінші адам алдында жауапкершілігі болған кезде қолданылады.

Міндетті жеке сақтандыру келесі жолаушыларға таралмайды:

1.      халықаралық қатынастардағы барлық көлік түрлеріндегі;

2.      қала айналасы қатынастарындағы теміржол, теңіз, ішкі су және автомобиль көліктеріндегі;

3.      ішкі қала қатынастары мен өткелдердегі теңіз және ішкі су көліктеріндегі;

4.      қала маршруттарындағы автомобиль көліктеріндегі.

Шетелдегі туристі қауіпті жағдайлардан сақтандыру, әдетте, келісім-шартта келісілген сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асады, ал шығынын қайтарып алу төмендегідей:

1.      3 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 50%;

2.      2 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 75%;

3.      қаза болу – сақтандыру сомасының 100%.

Информация о работе Туристік индустрияда қауіпсіздік шараларын сақтау