Электр қауіпсіздігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 11:19, реферат

Краткое описание

1. Электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс бөлмелерін классификациялау
2. Электр жарақаты
3. Электр қондырғылары
4. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Прикрепленные файлы: 1 файл

elektr_kauipsizdigi.docx

— 38.94 Кб (Скачать документ)

Батыс Қазақстан Тілдер және Менеджмент Институты

Еуразия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Электр қауіпсіздігі

 

                              

 

Орындаған: Халбаев Н.Қ.

                                                                            Тексерген:Құмарова Ұ.Қ.

 

 

 

 

 

 

2014 ж.

Жоспар:

1. Электр қауіпсіздігіне  байланысты өндіріс бөлмелерін  классификациялау

2. Электр жарақаты

3. Электр қондырғылары

4. Электр қауіпсіздігін  қамтамасыз ету

 

 

Жалпы электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс 3 топқа бөлінеді:

1.     электр  қауіпсіздігі жоқ бөлмелер;

2.     қауіпсіздігі  жоғары бөлмелер;

3.     қауіпсіздігі  өте жоғары бөлмелер.

Солардың ішінде:

1- ші топқа жататын  бөлмелер – 150С-тан 200С-қа дейін, едендері  тоқ өткізбейтін, және тоқ өткізетін  темір бұйымдары жоқ бөлмелер, бұған жататындар - әкімшілік бөлімшелері, жылы үйлер, тұрмыстық үйлер.

2- ші топқа жататын  бөлмелер – құрғақ, салқын, шаң  тозаңы көп бөлмелер. Бұл бөлмелерге жататындар, бұған жататындар - насосты станциялар, танспортты станциялар, элект станциялары.

3- ші топқа жататын бөлмелер – бөлмелерінің ішіш ылғалды, қабырғаларына, есік –терезелеріне шаң-тозаң көп тұратын бөлмелер.  Бұған жататын бөлмелер – просеивательный отделение, бесторный хранение муки, бродильный, помещение пивзавода.

 

Өндірістегі электр қауіпсізідігін болдырмау шаралары мыналар:

1)    изоляция;

2)    тоқ  жүретін тетіктерді қоршау;

3)    тоқты  жерге енгізу;

4)    токты нолге жалғау;

5)    тізбекті ажырату;

Токты жерге енгізудің 2 түрі бар:

1)    жабдықты  контурлы жерге енгізу;

2)    жерге енгізуді сыртқа ұйымдастыру (выносное заземление).

 

Қорғаныс бұйымдары

Электр қауіпсіздіктерінде қорғаныс бұйымдары 2 түрге бөлінеді:

1.     жалпы қорғаныс бұйымдары  (коллективное вещество);

2.     жеке қорғаныс бұйымдары (индивидуальное вещество).

1)    жалпы қорғаныс  бұйымдарына жататындар: қорғаныс штанглері; электр тогын, кернеуін өлшейтін приборлар, қолғаптар, төсеніштер және қоршау бұйымдары;

2)    жеке қорғаныс бұйымдарына жататындар: очки, каска, противогаз, белбеу.

 

Жарақат алған адамға жедел жәрдем көрсету жолдары – тоқтан жарақат алған адамды ажырату.

Оқшауланған қорғаныс құралдары адамды кернеу астындағы электр қондырғыларынан және жерден оқшаулайды.

Барлық оқшауланған қорғаныс құралдары негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі оқшауланған құралдарын қолданып адам кернеуге қосылған тоқ өткізгіш бөліктерді ұстауға болады. Сондықтан, бұл заттардың оқшаулағышы электр құралдарының жұмыс кернеуін сенімді ұстауы керек.

Қосымша қорғаныс құралдары негізгі қорғаныс құралдарымен бірге қолданылады, сонымен қатар қадам кернеуінен қорғану шараларына жатады.

1000 В қа дейінгі және жоғары кернеулерге арналған қондырғыларда әр түрлі қорғаныс құралдары қолданылады.

         Кернеуі 1000 В электр құрылғыларды оқшаулайтын негізгі оқшаулағыштарға оқшаулағыш штангілер, оқшаулағыш және тоқ өлшегіш қысқыштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулағыш құрылғылар және жөндеу жұмыстарына арналған құралдар (оқшаулағыш сатылар, аудандар, габариттер және т.б.) жатады.

         Қосымша оқшаулағыш құралдарға  диэлектрлік қолғаптар, диэлектрлік резеңке кілемшелері және қосалқы қойғыштар жатады.

         Диэлектрлік қолғаптар, галоштар және кілемшелерді (7.1-сурет)  арнайы маркалы резеңкелерден жасайды, олардың электрлік беріктігі жоғары болу керек.

         Диэлектрлік қолғаптарды екі түрде (1000 В – қа дейінгі және 1000 В – тан жоғары құрылғыларға) жасап шығарады және олар бірнеше өлшемдерде болады. Жұмыс алдында қолғаптарды тексереді (тесіктердің жоқтығына және т.б.).

 2. Электр тоғының немесе найзағайдың- атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.

Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.

Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.

Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін  жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.

Электр жарақаты кезіндегі жүйкі  жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.

Жүйке клеткаларының   зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйде бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы,  жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы.

Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы ” тоқ ілгегі” деп аталады.Ол төменгі, жоғары толық ілгек болып бөлінеді:

  • Төменгі ілгек-аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).
  • Жоғарғы ілгек – қолдан-қолға (қауіптірек).

Толық ілгек- өте қауіпті.Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.

Электр жарақаты  төрт дәрежеге бөлінеді:

  • I-дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;
  • II-дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;
  • III-дәрежеде зардап шегушіде есінен айырылумен қатар   жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;
  • IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.

Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек


Алғашқы  көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті,  қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған  өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін  оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.

Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқуға болған жерде жедел және үздіксі көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға-ауыз” және “мұрынға-ауыз” әдісімен жасанды демалдыру мен  жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.

Электр жарқатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай  сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды  тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.

Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек  жасанды тыныс алдыруы мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта  жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.

Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25пайыз ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі ) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі ) берумен орайластыру қажет.

Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады.

Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады.Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тиым салынады! Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды туғызады: тыныс алуды нашарлатады,зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады,ең бастысы пәрменді көмек көрсету уақытын созады.Жылыту,жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау-зардап шегушіні құтқарудың бірден-бір ықтимал нұсқасы болып табылады.

 

3. Электр қондырғылардың  бірнеше түрі мен жүмыс істеген  кезде ереже бүзып, немесе ток  жүретін қондырғының ашық жеріне  тиіп, кеткен жағдайда адаммын  өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Адам ағзасына ток тиген кезде, есінен танып қалуы, демалу органдары жүмыс істемеуі жэне жүйке жүйелерінің бүлінуі мүмкін.

Бүдан басқа электр тогы адам денесінің ашық жерлерін күйдіруі мүмкін жэне күюдің ауырлық жағдайы токтың шамасына байланысты болады.

Адам ағзасының өтіп жатқан тоққа кедергісі бірнеше факторларға байланысты, түрақты токпа жоқ ауыспалы ток па? Адам шаршаған болса, қанша көлемде ток тартқан ауыспалы токтың соғуына теріс байланысты. Адам ағзасынан ток қанша көлемде өтсе, ток тарту сонша көлемде өтеді. Адамды ток тартқан кезде, 30 секундта денесі 25% төтеп береді, ал 90 секундта — 70% күйіп қалады. Адам ағзасы үшін түрақты ток та ауыспалы ток та қауіпті, бірақ түрақты токтың қауіпсіздігі 3-5 рет аз, ауыспалы тоқтан. Түрақты ток 50МА-ге дейін, ал ауыспалы ток ІОМА-ге дейін қауіпті.

Ток күші 0,05А болса, адамға қауіпті, ал 0,1 А — адам өмірін қияды. Ток өткізудің екі түрі бар:

1)      электрлік соғулар — олар адамның ішкі ағзасын жарақаттайды, жүйке жүйелерін, көкірек клеткаларын жарақаттайды.

2)  электрлік жарақаттар — олар адамның сыртқы терілерін жарақаттайды.

Электр кауіпсіздігінің техникалъщ үйымдастыру шаралары жүмыс

орнын ұйымдастыру. Электр қауіпсіздігінің техникалық үйымдастыру шаралары 3-ке бөлінеді. Бүларды орындайтын жүмысшылар электр қондырғыларын іске қосқанда өте білімді жауапты маман болуы тиіс.

1)    оперативтік персонал — кезекші электротехникалық персонал — бүкіл қарамасындағы электр қондырғыларын қосып жэне соған жауап береді. 

 

2)   жөндейтін персонал— бүлар электр   қондырғыларын жөндеу, 
реттеу, монтаждау сияқты жүмыстарға жауап береді.

3) оперативтік жөндеу персоналы — бүлар эрі жөндеу, реттеу, монтаждау 
мен қоса бүкіл, Электр қондырғыларын іске қосып, эрі жауап береді.

Электр қондырғыларын жөндейтін, эрі іске қосатын жүмысшылар, денсаулықтары мықты, ешқандай науқас емес жәые білікті, білімді болуы керек, эрбір жүмысшы электрлік жүмысқа барар кезде электр қауіпсіздігі туралы емтихан тапсырып, білімін тексереді. Электр қауіпсіздігі жөнінде курстық сабақтар өтіп, жүмыс орнында квалификациялық комиссиялар жүмысшыларды тексереді.

Комиссия жүмысшылардың біліміне қарай оқу дэрежесін жоғарылатады, сөйтіп білімін жэне дэрежесін көрсететін куэлік беріледі.

Жүмыс орнын үйымдастыру электротехникалық жабдықтарды қолданарда техникалық қауіпсіздікті сақтау екі түрге бөлінеді:

1)   оперативтік электр қондырғыларды іске қосып тексеру,   жеңіл 
жүмыстар істеу, қорғаныс жабдықтарын ереже   бойынша қарап шығу, 
қауіпсіздігін қарау, еңбекті қорғау;

2)  электр қондырғыларында өндірістік жүмыс істеу    дегеніміз — жөндеу, 
монтаждау, қүрылыс жүмыстарын жэне т.б. жүмыстарды орындау   — 
электр қондырғыларында.

Пайдалынылатын электр қондырғыларын еңбек қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз ету.

Электр қондырғыларының еңбек қауіпсіздігі шаралары немесе электр тоғынан қорғану шаралары:

1)      ток өткізгіш бөліктерді қауіпсіз жерге орналастыру;

2)      изоляцияны бақылау (ашық қалған жерлері болмау);

3)  қорғаныстық жерге қосқыш;

4)  қорғаныстық нөлдік сым;

5)      автоматтық ажыратқыш;

Қорғаныстық жерге қосқыштың 2 түрі бар: кэдімгі жэне жасанды.

Кәдімгідей қорғаныстық жерге қосқышқа кез-келген металл қүрылмалы ғимараттар жер астындағы металл труба еткізгіштер, кран жолдары жатады.

Ал, жасанды қорғаныстық жерге қосқышқа металл стержендер немесе трубалар 25-50мм, үзындығы 2-Зм, бүрыштық болат 50х50х5мм жэне металл ленталар 40х4мм өлшемдегі.

Автоматтық ажыратқыш — аппаратын ішіне орналасқан, ол электр күбырлардың немесе электр қондырғылардың (1000 В-қ) ішіне орналастырады қауіпті жағдайда ол өздері токтан ажыратады.

Пайдаланушылар үшін еңбекті цоргаудын және техникалыц цауіпсіздігін, цоргану цүралдары.

Қорғану қүралдары 2 түрге бөлінеді:

1) Негізгі қүралдар: изоляцияланған өлшем штанглері, ток өлшейтін қысқыштар, кернеу көрсеткіштері изоляцияланған күрылғылар, сатылар монтерлық қүрал-жабдықтар изоляцияланған үстатқыштары бар траптар, алаңдар.

2) Қосымша қорғаныс қүралдарына 1000 В кернеулік электр қүрылғыларда: диэлектрикалық қолғаптар, дорожкалар жэне де изоляцияланған подставкалар, резина фартуктар.

Информация о работе Электр қауіпсіздігі