Электр қауіпсіздігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 11:19, реферат

Краткое описание

1. Электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс бөлмелерін классификациялау
2. Электр жарақаты
3. Электр қондырғылары
4. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Прикрепленные файлы: 1 файл

elektr_kauipsizdigi.docx

— 38.94 Кб (Скачать документ)

Қоршаулы қорғаныстарға: щиттар уақытына қорғаныстық жерге қосқыш, уақытша алып жүретін жерге қосқыштар, сосын қорғаныс плакаттары.

Қорғаныс қүралдары жүмысшыларға қорғаныс көзілдірігі арнайы қолғаптар жанбайтын матадан жасалған қорғайтын монтерлық белдіктер, қорғаныс халаттары жэне т.б.

Жоғарыдан түсу үшін монтерлық белдіктер, тырнақшалар, ременьмен телескоптық қондырғылар, сатылар.

Белдіктер 225кг салмақты, ал тырнақшалар — 135кг салмақты 5 минуттай үстап түра алады. Қорғаныс плакаттары 4-ке бөлінеді:

1)      қорғану плакаттары: «тиіспе қауіпті», «жоғары кернеу», «өміріңе қауіпті» жэне т.б.

2)  өткізбейтін: «адамдар жүмыс істеп жатыр — қосуға болмайды», «желілерде жүмыс жүріп жатыр — қосуға болмайды».

3)  рүқсат беру: «осы арада жүмыс істеу», «осы араға міну», «жүмыс істеуге нүсқау».

4)   ескерту;   қолданылған   шаралар   туралы   ескерту.   Резеңке 
колғаптар, қорғаныс қүралдары жабық шкафтарда және жэшіктерде қүрал- 
саймандардан бөлек, майдан, бензиннен, жэне басқа заттардан аулақ, ал 
қолдану алдында қағып, тазалап алу керек.

 

4. Электр қондырғылар электр  энергиясын өндіру, жеткізу, тарату  және энергияның басқа түріне  түрлендіруге арналған машиналар, аппараттар, желілер және көмекші  жабдықтардың жиынтығы. Электр тогымен  зақымдану қауіптілігін ескеретін  қорғаныс шараларына мыналар  жатады:

1) төмен кернеуді қолдану

2) электр жабдықтарды қоршаған  орта жағдайларына сәйкес таңдау  және орналастыру

3) электр жабдықтардың  ток өткізуші бөліктерін қоршау

4) кернеу астында болуы  мүмкін барлық металл конструкцияларды  жерге қосу немесе нолмен теңестіру  құрылғысын сонымен бірге қорғаныс  ажырату құрылысын қолдану

5) электр қондырғыларына  қызмет көрсету кезінде қорғаныс  құралдарын қолдану

6) жұмыс жүргізудің қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін ұйымдастырылған  шаралар.

 Барлық электр қондырғылардың  сенімді әрі ақаусыз оқшауламасы  болуы тиіс. Оқшауламаның дұрыс  куйі және оны бақылау электр  жабдықтарын қауіпсіз пайдаланудың  ең маңызды талаптарының бірі.

 

Қолданылған әдебиет тізімі:

  1. Макевкина А.С. Понятие охраны труда по российскому трудовому праву: заң ғылым. канд… дисс.: 12.00.05. -Барнаул, 2005,  — 12 б. // Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының Тараз қаласындағы филиалы арқылы алынған.
  2. Паэглэ В.Э. Охрана труда как социально-правовая система и управление ею. — Рига: Зинатне, 1985, — 8 б.
  3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: 15 мамыр 2007 жыл //  «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі// 
  1. Ахметов А., Ахметова Г. Трудовое право: Оқулық. -Алматы: Юридическая литература, 2005, -14, 15 бб.
  1. Котелова Ю.В. Очерки по психологии труда: Оқу құралы. -М.: Мәскеу университетінің баспасы, 1986. -24 б.

 

 

 


Информация о работе Электр қауіпсіздігі