Экскурсия (excursio)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 05:25, реферат

Краткое описание

Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б. Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды атқарған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экскурсия.docx

— 46.25 Кб (Скачать документ)

 

 

Барлық тур фирмаларды басқарылуына осылар белгілі;

-         ақппараттың тым артып кетіп, оның ішінде қажеттілердің жоқ болуы;

-         ақппараттың келіспей қалмағаны, яғни әр бөлімшелердің ұсынған мәліметтері;

-         стратегиялық жоспарлаудың пайдасыздығы мен жоқтығы;

-         қаржы ағымы бақылауға көнуі өте қиын, әсіресе жоспарлауы;

-         баға белдгілеідің ойланбаған және серпімді саясаты, нарықты және бәсеке ортасын өз уақытында өзгерту.

Осыған байланысты қажет  тиімді менеджмент бизнес- үрдісін оң ұйымдастыруда. Басқару сапасын арттыру үшін туристік фирманы тиімді ұйымдастыру және туристік фирманың қаржылық құрылымын құру қажет. Жоспарлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, ақша қозғалысын бақылап, талдау керек.

Жоғарыда айтылған барлық мәселелерді ескере отырып, Ж.Ш.С. “Kami travel”  тур фирмасында тиімді басқару жүйесі тұрақты негізде жүріп отырады.

Ж.Ш.С. “Kami travel” туристік фирмасының атқаратын қызметтері;

-         туристік операторлық қызмет. Бұл қызметтің түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаның туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну және өткізу жөніндегі қызмет;

-         тур агенттік қызмет. Қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өкізу (халыққа сату қызметі);

-         тур. Туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені;

-         экскурсиялық қызмет.

-         Гид аудармалы қызметі- кәсіби мамандандырылған жеке тұлғаның туристерді белгілі бір елде уақытша болуына байланысты туристік ресурстармен таныстыру қызметі.

“Kami travel” тур фирмасының негізгі жұмысының бірі болып виза ашу процессімен, авиа билеттерді брондау болып табылады.

Виза ашу процессі –  бұл әр мемлекетте, әр ұлтқа әр түрлі құжаттар мен әр түрлі құрылымдар болады. Қазақстан Республикасында туристер бір ай болатын болса, онда виза ашу міндетті емес, ал одан көп уақытқа болатын болса онда міндетті түрде виза ашу керек. Виза үш айға, алты айға, тоғыз айға одан да ұзағырақ берілуі мүмкін. Ол туристің қалауы бойынша. Визаны ашу үшін біз туристің құратын және өтінішін шетелдік істер министірлігіне (МИД) тапсырамыз, ол жерде сол турист жайлы, не мақсатпен келетіні туралы, қанша уақытқа келетіні туралы, Қазақстан Республикасына заңына сәйкес барлығы қарастырылып, соңында шешім қабылданады.

Авиа билеттерді брондау  — “Kami travel” туристік фирмасы Air Astana компаниясы мен жұмыс істейді. Егер тур фирмаға билетті брондау керек болса, ол телефон шалып брондай алады және Air Astana осы жұмыс үшін “Kami travel” тур фирмасына 15% комиссионный береді. Сонымен қатар туристерді қабылдау, орналастыру, почта арқылы ұсыныс жіберу, ұсыныс қабылдау қызметтерін атқарады.         

 Туритерге  қызмет көрсету бағдарламасы.

Қызмет көрсету бағдарламасы – бұл негізгі және қосымша қызметтердің уақытылы (мерзім, сағат, күн) көрсетілу жоспары. Бұл туритердің қызығушылығынан және саяхат мақсатынан туындайды.

Егер, тур операторлар  танымдылық турларды ұсынатын болса, онда бағдарлама әртүрлі мерзімде болуы  керек және мәдени, табиғи, ғылыми жағынан жақсы, тиімді ұйымдастырылуы керек.

Жоғарыдағы диаграммада 2006 жылғы Алматы қаласындағы туристердің  болу ұзақтығы, жалпы алғанда –  резидент еместердің  саны 164471,ТМД-дан тыс 114452, ТМД 50019, және резиденттер 292660 көрсетілген.

Мысалы, Алматы қаласындағы 10 күндік (10 түндік) туристерді қабылдау бағдарламасы әдетте төмендегідей болады:

1 – ші күн

15.00 – туристердің келуі,  кездесуі, орналасуы, демалуы.

18.00 – 20.00 мейрамханадағы  кешкі ас (туристермен танысу  кеші) 

 

2 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – Оңтүстік Астанамен экскурсия

13.00 – 14.00 – түскі ас

14.00 – Қазақ Ұлттық аспаптар  музейіне экскурсия

18.00 – 19.00 – кешкі ас

20.00 – ойын –сауық саябақтарында болу 

 

3 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – табиғи және архитектуралық  экскусия

13.00 – 14.00 – түскі ас

14.00 – 17.00 – «Атакент»  орталығына экскурсия

18.00 – 21.00 – «Түнгі Алматы»  экскурсиясы немесе кешкі қаладағы  қыдырыс 

 

4 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – 14.00 – тарихи –  этнографиялық экскурсия «Бет  – Ашар»

13.00 – 14.00 қымызханада немесе  қазақтың ұлттық мейрамханасындағы  түскі ас

16.30 – 17.30 – (немесе 21.00 – 22.00) – кешкі ас

18.00 – Абай атындағы  мемлекеттік опера және балет театрында болу 

 

5 – ші күн

8.00 – 9.00 – таңғы ас

9.00 – бір күндік тауға шығу немесе жаздың күні Қапшағай аквапаркіне бару

17.00 – 17.30 – кешкі ас

18.00 драма тетрында болу  

 

6 – шы күн

8.00 – 9.00 – таңғы ас

9.00 – «Тамгалы тас»  тарихи экскурсия

13.00 – 14.00 – жеңіл түскі ас

17.00 – 18.00 Мемлекеттік орталық  тарихи мемлекеттік маржаймен  экскурсияның аяқталуы

18.00 – кешкі ас

19.00 – концертте немесе  би кешіне бару 

 

7 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – 13.00 – қаланың  ұлттық мәдени орталықтарында  болу

13.00 – 14.00 – ұйғыр мейрамханасындағы  түскі ас

14.30 – 17.00 – Қастеев  атындағы өнер мұражайында болу

18.00 – 21.00 –словян мейрамханасындағы  кешкі ас 

 

8 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – саябақтарда қыдыру

13.00 – 14.00 –түскі ас

14.00 – 18.00 – бос уақыт

18.00 – 22.00 – корей мейрамханасындағы  кешкі ас

9 –шы күн

7.00 – 19.00 – Бішкекке  бір күндік экскурсия

19.00 – 20.00 – кешкі ас

20.00 – 21.00 – емдік –  сауықтыру комплексі «Арасан»

10 – шы күн

8.00 – 8.30 – таңғы ас

8.30 – 19.30 – табиғи экскурсия  «Түрген сарқырамасы»

13.00 – 14.00 – түскі ас

20.00 – 22.00 – қоштасу  кешкі асы

23.00 – туристердің кетуі

Бұл бағдарлама әртүрлі экскурсиялаларды қалайтын адамдарға арналған. Туристердің кетуіне бір тәулік қалғанда туристік фирма топтың қызмет көтсетілген сомма актін жазады. Әдетте, бұл бухгалтердің жұмысы. Бұл үшін келесілер қажет болады:

-         жатақханада немесе қонақүйде тұрған бағасының квитанциясы,

-          тамақтану пунктінің квитанциясы;

-         Тағы басқа да жиналған квитанциялар.

4-Кесте. Қызмет  көрсетілген туристер

Жылдар

барлығы

Соның ішінде

ТМД

Қалған әлем мемлекеттері

Резиденттер емес

2000

20759

1653

19106

2001

1153*

375

778

2002

27392

531

26861

2003

41705

1627

40078

2004

24281

2504

21777

2005

28746

4181

24565

Резиденттер

2000

40977

5525

35452

2001

8955*

2868

6087

2002

37464

6568

30896

2003

42240

5000

37240

2004

53826

11748

42078

2005

95251

16994

78257





* әдіснама есебін өзгерту  арқасында азаю

Шетелдерге шығатын Қазақсатн  Республикасының азаматтары үшін еске сақтау:

Қазақстан Республликасының ШІМ (МИД) консулдық қызмет департаменті Қазақстан азаматтарына – шетелге шығу кезінде құжаттарды рәсімдеу мен шетелде келесі ережелерді ұстануға ұсынады:

1. Төлқұжатты алу кезінде  аты – жөні, туған жылы мен  жері, балалар жайлы мәліметтер (егер  де олар сізбен жүрсе), төлқұжаттың  жарамдылық мерзімінің (латын транскрициясын  қоса) дұрыс жазылғандығына көз  жеткізу.

2.  Егер шет мемлекет территориясына кіруге визалар қажет болатын болса, оны дипломатиялық өкілеттіліктен немесе Қазақстан Республикасындағы сәйкес келетін мемлекеттің консулдық мекемесінен жеке не болмаса өзін жақсы ұсынған туристік агенттік арқылы визаны алуға болады.

3.  Шетел мемлекетінің визасын алғаннан кейін, бұндағы мәліметтердің дұрыс жазылғандығын тексеріңіз: төлқұжатыныздың нөмірін, аты – жөнінізді, туған күнінізді, виза категориясын, шетел мемлекетіне не мақсатпен баратынызды, визаның жарамдылық мерзімін.

Визадағы жіберілген қателіктер, сіздің кінәніз болмаса да, бұл қателер шетелге кіру және сол жерде болған мерзімде жағымсыз әсерін тигізеді.

4.  Сапар кезінде төлқұжаттың, визаның және де шақыру қағазының (егер де оның берілуіне себеп болса) көшірмесін өзімен бірге алып жүргенініз дұрыс.

5.  Кейбір мемлекеттердің заңдылығында (Шенген келісімдей мемлекеттер, Израиль, Финляндия, Эстония) сол мемлекеттерге кіру үшін медициналық сақтандыру полисін көрсеті міндетті талаптары енгізілген.

Сонымен қатар сол территорияға кіру үшін, егулер жасалғаны туралы сертификатты керек ететін елдер тобы бар. Сіз барғыныз келетін мемлекеттің эпидемиялық жағдайымен ертерек танысуыңыз керек.

6.  Шетел мемлекетінің шекарасына өткеннен бастап, сол елдің заңына бағынуыныз және қатаң назар аударуынызды, жергілікті жердің әсіресе, Азия және Африка мемлекеттерінде, салт – дәстірін құрметтеу қажет екеніне назар аударуынызды жөн көреміз.

7.  Сізді қандай да себептерге байланыссыз ұстап қалса, не болмаса тұтқынға алған жағдайда, Сіздің сол мемлекеттегі Қазақстан Республикасының консулдық мәселесінің қызметкермен кездесуіңіз үшін құқыңыз бар екндігін есте сақтаңыз.

Қазақстан Республикасының  дипломатиялық өкілдері немесе консулдық  мекемелері жоқ елдерде, Сіз Ресей  федерациясының консулдық мекемелерінен  көмек сұрауыңызға болады.

8.  Шетелде білім алу, жұмыс істеу немесе сол жерде тұрақты қоныстану мақсатымен келген азаматтар тұрақты жеріңізге жақын Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдері немесе консулдық мекемелерінде тіркелу қажет.

9.  Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы екендігін куәландыратын төлқұжат, төл құжаттың берілген күнінен бастап, жарамдалық мерзімі 5 жыл екенін есінізгі саламыз.

Қазақстан Республикасының  дипломатиялық өкілдерінде немесе консулдық мекемелерінде жаңа төлқұжатты 1 айдан аз емес мерзімде рәсімдеу жүргізіледі.

10.  Шетелге жұмыс істеуге бара жатқан азаматтар үшін, жұмысқа шақырып отырған шетел компаниялар мен делдалдық фирмалардың сенімді екеніне көз жеткізуіңізді сұраймыз. Қазақстан азаматтарының жұмыс істеу мақсатымен шетелге шығуын рәсімдеумен айналысатын, Қазақстан республикасының барлық компанияларының арнай сәйкес рұқсат қағазлары болуы тиіс.

11.  Халықаралық эксперт мәліметтері бойынша, әр жыл сайын Орта және Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттерінің мыңдаған азаматтры, әртүрлі мақсаттарымен шетелге шығу нәтижесінде алданып, не болмаса жезөкшелікпен айналысуға, немесе басқа да формадағы қолданысқа күштеп жұмысқа салады.

Қазақстандағы туризімнің тарихи ағылшарттары біздің эрамызға дейінгі  ІІІ мыңжылдыта қалыптаа бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Кеңес Одағының тұсында Қазақстандағы  туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықта қатаң бақыланып, тәріптеліп отырды. Бір қатар сәулет,архиологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнікті жерлерінің тарихи мәнініе іс-жүзінде жарнама жасалынбады және сұраны болмады. Туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесінің элеметтерінің бірі болып саналады және оның басым рольіне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылады.

Қазақстан 1991 жылы желтоқсанның 16 – да өз тәуелсіздігін алып, Ресейдің бодандық құрсауынан шыққаннан кейін  елімізде туристік қызметті реттеу мен халқымыздың тарихи және мәдени мұраларын қайта өркендету үшін негіз қаланды.

Бүгіні күні біздің мемлекетімізде туризімді дамыту “Туризм туралы”  Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі №1508-ХІІ Заңмен, Қазақстан Республикасы Презитентінің “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру туралы, Ұлы Жібек Жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфроқұрылымы дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның жобасы туралы” 1997 жылғы 30 сәуірдегі №3476 және “Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфроқұрылым жасау” Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы 1998жылғы 27 ақпандағы №3859 жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.

Бұл заң қаулы-жырлықтар Тәуелсіздіктің алғашық жылдарында қабылданғандықтан негізіне оларда алдымен Қазақстандағы ішкі туризімді дамыту мәселелері, сырттан туристердің өзіне еліктіретін еліміздің тарихи-мәдени мұраларын жаңғыртып, қалпына келтіру жолдары, Ұлы Жбек жолының Қазақстан территориясындағы бөлігін қайта жандандыру мәселелері қарастырылған.

Олардан кейінгі нақты  іс шаралар белгіленген құжат  Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 29- делтоқсандағы “Туристік  саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы” №1947 Қаулысы (оған 2001 жылғы 24 мамырдағы №708, 2001 жылғы 26 қарашадағы №15-14 қаулылары мен өзгертулер және толықтырулы енгізілген). Осы қаулыны толықырақ қарастыралық.

Ел экономикасының басым  секторы ретінде туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шараларын қамтамасыз ету, туриз саласындағы шағын кәсіпкерлік мақсатында қазақстан Республикасы үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Респуликасының  сыртқы істер министірлігі:

Қазақстан Республикасының  Қаржы министірлігімен, Ішкі істер  министірлігімен,Мемлекеттік кіріс министірлігімен, Туризм және спорт жөніндегі агенттігімен, ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, экономикалық және саяси жағынан тұрақты елдерден келетін туристерге виза ресімдерін оңайландыру,  оның ішінде туристік визаларды ресімдеу мерзімдерін қысқарту жөніндегі және кедендк рәсімдерді оңайлату жөніндегі шаралар қабылдасын, Қазақстан Республикасын Қаржы министірілігімен бірлесіп, 2001 жылғы 1 наурызына дейін Қазақстан Респубикасының туристік визасының құнын төмендету туралы ұсыныстар енгізссін, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат әне қоғамдық келісім министірлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агентігінің ұсынысы бойынша мерей тойларды, тарихи атаулы күндерді дайындау мен өткізу жөніндегі іс-шараларға халықаралық туристік ұйымдардың, елдің туристік жұртшылығының және ткризм жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органдардың қатысуын көздесін.

Информация о работе Экскурсия (excursio)