Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 17:46, реферат

Краткое описание

Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.

Содержание

Кіріспе………………………………………………….................................. 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………....………………………….................. 4
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10
2. Экологиялық туризм және тұрақты даму….....………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38
Қорытынды………………………………………………………………...... 40
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулнур курсовой.doc

— 289.00 Кб (Скачать документ)

Осылайша, экономикалық және табиғатты қорғау әрекеті ретінде экологиялық туризмнің үлкен потенциалы тек сәйкес мемлекеттік басқару және реттелу болатын кезде ғана орындалады. Экотуризмнің жабайы табиғатты қорғауға қаржылай және ұйымдастырушылық пайдасы тиюі үшін туризмге көрсетілетін қызметтердің және табиғи объектілерді пайдалану бағасы реттелетін сәйкес баға құрылу саясаты жұмыс істеуі қажет.

Барлық жағдайда экологиялық  туризмнің дамуы биотүрлілікті  сақтап қалу мақсатында болып, пайда  түсіруге міндетті. Бұл мынандай жағдайларға байланысты болады:

    • Туристер келетін территорияларда келушілерді қызықтыратын табиғаттын қызықты, бірегей компоненттері болуы қажетті
    • Қорғалатын территориялардың басшылығының ЕҚТТ да тұрақты туризмді енгізуге және жетілдіруге заңды құқығы болу керек
    • Адамдардың қаржы төлеу мүмкіндіктерін, баж салығын ескеретін икемді баға құру саясаты жасалуы қажет.

 

Нәтижесінде барлық түскен қаражат елдегі биотүрлілікті сақтап қалуды және қорғалатын территорияларға  бөлінуі қажет.

Тұрақты дамуға ауысу  кезінде экологиялық туризмнің көпшілік туризм альтернативасы болуының екі негізгі себебі бар:

  1. Табиғи экожүйелерге көпшілік туризмге қарағанда, экологиялық туризмнің жағымсыз әсері әлдеқайда аз болып келеді.
  2. Экологиялық туризм адамдардан аз игерілетін жердерді экотуризм қызметі үшін алып, табиғи құндылықтар сақталуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

3. Экологиялық туризмнің  Қазақстандағы дамуының алғышарттары  мен перспективалары

 

3.1 Қазақстандағы экологиялық  туризм дамуының жағдайы  мен оның талғануы

 

Мыңдаған жылдардан  бері Қазақстанда халықтың аз орналасуына және көшпелі өмірдің басым болуына байланысты экожүйе адам қолы тимеген күйінде болды. Бірақ ХХ ғасыр республика үшін табиғи ресурстарды шексіз қолдануға әкеліп соққанымен қатар табиғатты қорғау талабы қойылмады, ол жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің өмір сүру деңгейін күрт төмендетті. Қазақстанда аз ғана уақыттың ішінде Прежевальск жылқысы, құлан, тұран-барсы мүлдем құрып кетті. Осы уақытта жоғалу қауіпі үстінде қар барысы, гепард, тұр. Браконьерлік аңшылық ақбокендердің санын айтарлықтай төмендетіп жіберді. Ұя салатын аймақтардың тарылуын алып бүркіттер мен қырандар сияқты жыртқыш құстардың жойылу қауіпіне әкеп соқты.

Республиканың барлық аумағында  дерлік тұрғындарың экологиялық  сауаты жетіспегендіктен қршаған орта туралы толық ақпарат жетпегендіктен экологиялық тұрақтылық бұзылған. Дәл осы уақытта табиғи орта кез-келген әсерге сезімтал.

Қазақстанның қазіргі  заманда табиғи ортасы үлкен алаңдаушылықты тудырады және табиғатты қолдану  қағидаларын өзгертуді талап  етеді. Республикадағы табиғат экожүйесін қалпына келтіру мен экологиялық  апаттың алдын алу үшін елде табиғатты қорғау мен мемлекеттің экономикалық мұқтаждың арасында бірқалыптылық болу қажет.

Қазақстан Республикасында экологиялық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің дамуы үшін басты бағыттар ішкі және сыртқы саясат.

Қазақстан Республикасында экологиялық саясат жүргізу үшін табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі жағынан арнай жүйелейтін құрылым - Қазақстан  Республикасының Экологиялық тұрақты даму Орталығы ашылды, ол Қазақстан  Республикасы Үкіметінің жоспарымен жұмыс істейді. Орталықтың міндеттеріне проблемамаларды анализдеу, әлеуметтік маңызды экологиялық жобаларды жүзеге асыру жатады.

Конституцияға ҚР заңдарына, Деклорация шарттарына, БҰҰ қоршаған ортаны қорғау және оны дамыту конференциясында (Рио-де-Жанейро, 1992) Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа деген «Қазақстан – 2030» жолдауында қоршаған ортаны қорғау және дамуды тұрақтандырудың Көпуақытылық Экологиялық Бағдарламасы (КЭБ) «Экология және табиғи ресурстар – 2030» атты ұлттық деңгейдегі жоспар жүзеге асырылды.

КЭБнің негізгі мақсаттары - қоршаған орта мен қоғам арасындағы тығыз байланыс, сонымен қатар  экологиялық жағымды орта құру.

2030 жылға дейін қойылған  мақсатқа жетудің 4 негізгі басты бағыты бар:

    • Қауіпсіз экологиялық орта құру;
    • Табиғат ресурстарын рационалды қолдану;
    • Өсімдік және жануар әлемәнің көптүрлілігін сақтау;
    • Тұрғындардың экологиялық ақпараттану деңгейі

 

Қазіргі заманғы қоршаған ортаның бағасы әлде қайда маңызды проблемаларда. Қоршаған орта жағдайы туралы арнайы мекемелердің қорытындысы бойынша ең бірінші кезекте:

    • Су ресурстарының жетіспеуі;
    • Игерілетін жерлердің деградациясы;
    • Урбандалған территориялардың атмосферасының ластануы;
    • Су объектілерінің су ағыстрымен ластануы;
    • Қоршаған ортаның қатты және тұрмыстық қалдықтармен ластануы;
    • Ормандар мен ерекше қорғалатын орындардың жетіспеушілігі.

 

Ланшафтты және биологиялық  көптүрлілікті сақтаудың бір  жолы әр түрлі деңгейдей ЕҚТТ жүйесін  құру орынды.

Алғашқы экологиялық  проблемалардың қатарына туризмдегі проблемаларды шешу маңыздылығы сәйкес келеді. Ең бірінші орында тұратын даму үшін қоршаған ортаның жақсаруы, ал туристік сферада туризмнің табиғатқа қатысы бар түріне ерекше көңіл бөлуіміз шарт. Ұзақ уақыттық 2030 «Эклогия және табиғи ресурстар» бағдарламасына байқаусыздан экотуризмнің дамуы кірген жоқ.

Мүмкін, қазіргі заман  қоғамынығ тенденциясы экологиялық  туризм тенденциясына әсер етер.

Біріншіден, қоғамдық өндіріс  болашақта дами түседі. Ол адам жүйке  психологиясына жүк түсіреді, ол бос уақытты кішкене болсын табиғи, шынайы жабдықталған орында өткізгісі келеді.  

Екіншіден, табиғат ресурстарын  өндіріске енгізілуі табиғи ортаны деградациялайды. Осы мақсатта экотуризм  мағынасы күшейе түсе отырып, өндірістік және ауыл шаруашылығының қолданылуынан табиғи экожүйе бөлініп шығады.

Үшіншіден, қазіргі заман  адамының өмірі ғылыми-техникалық жетістіктермен күрделенген. Сондықтан, өмірді оңайлату салтымен қоғамдық құндылықтарды, сонымен  қатар демалу және туризм сферасын дамыту керек.

Бұл процесстер бүкіл әлем мемлекеттері үшін әр түрлі деңгейде бағаланады. Біріақ Қазақстанда экотуризмнің дамуына әсер етуді азайту үшін әр түрлі жергілікті және мемлекеттік деңгейде экотуристік қызметті күшейту қажет.

Ең бірінші керегі:

    • Туризм сферасына жақындаудың жаңа жолын табу туризмнің қауіпсіз түрлерін құру, экотуризм сияқты, республикадағы экотуризмді дамыту бағдарламасын жоспарлау
    • Туристік мекемелердегі жұмысшылардың біліктілігін арттыру, экологиялық туризмде көрсетілетін бағдарламалық қызмет аясын кеңейту
    • Туристерге қызмет көрсетуде экологиялық білімді кадрлар дайындау, сонымен қатар байланыс саласындағы мамандар, компьютерлік техника, әлеуметтанушылар мен психлогтар және басқа мамандарды Қазақстандағы табиғи көрнекті объектілерді шетелдік туристерге көрсету үшін даярлайды.

 

Жекеленген Қазақстан  аумақтары табиғи, географиялық себептерге байланысты әр түрлі жағдайда экологиялық  туризм ресурстарымен жабдықталған. Тұрақты меңгерілетін экологиялық  туризм әр салада өзінің ерекшелігімен  көрінеді. Экологиялық туризммен аз қамту саласында өмір сүретін туристік объектілерді сақтау және тұрақтандыру деңгейін көтеру. Экологиялық туризмге жақсы ресурстарымен қамтылу саласындағы ішкі және халқаралық туризмнің рекреациондық және денсаулық сақтау қажеттілітерін қанағаттандыру. Мемлекеттік саясаткерлердің мақсаттары халықаралық байланыс саласында әр түрлі жоспарлы жұмыс, сонымен қатар:

    • экологиялық туризм саласында халықаралық туристік мекемелер мен компаниялар арасында қарым-қатынасты күшейту және кеңейту;
    • халықаралық конференцияларда, семинарларда, көрмелерде Қазақстандағы саяхаттың қауіпсіздігіне сенім арттыру жайында ұлттық ұйымдардың мемлекеттік деңгейде таныстыруы;
    • Дүниежүзілік экологиялық туризмнің нарығындағы Қазақстанның орнын анықтау үшін маркетингтік анализ жасау.

 

Қазіргі уақытта туристік қызмет республикадағы болып жатқан жағдай, яғни орталықтанған әкімшілік  жүйенің нарықтық механизмге көшіру, әр түрлі формадағы жекешелендіру  әсер етуде. Республикадағы экологиялық  туризмнің дамуымен айналысатын  «Экожоба» ЖШС мамандарының айтуы бойынша экологиялық туризм басқаруының ерекше түрін ұсынды. Осындай басқару құрылымы 3 деңгейден құрылуы керек: макроэкономикалық, мезоэкономикалық және микроэкономикалық.

Кешенді экологиялық  туризмде макроэкономикалық деңгей екі жақты басқарыумен шешілуі керек - Қазақстан Республикасының туризм және спорт Министрлігі, мәдениет Министрлігі және Қазақстан  Республикасының ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары Министрліктерінің сәйкесінше қатысуы.

Мезоэкономикалық деңгей орталық экономикалық жағдайда тұрады, экологиялық туризмнен қаражатты  бөлу арқылы көлемдік бірқалыптылықты  құрады. Туристік индустрияда мемлекеттің  қызығушылығын қадағалау мақсатында мынадай ұйымдар жұмыс істейді  – Орталық Банк, Мемлекеттік шекара комитеті және т.б.

Микроэкономикалық деңгейде экологиялық туризмнің қызмет көрсету  мекемелерін анықтайды. Ондай мекемелерге  жататындар:

  • Турлар, тур операторлар, барлық көрсету қызметтерімен айналысатын туристік фирмалар;
  • Турагенттер – қызмет көрсету пакеттерін құрушы туристік нарық қатысушылары, туристік фирмалар, делдалдар;
  • Орналасу орындары (қонақ үйлер, отельдер, кемпингтер, турбазалар, уақытша қабылдау орындары );
  • Сувенирлік бұйымдар дайындайтын кәсіпорындар;
  • Сауда мекемелер

Информация о работе Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары