Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 17:46, реферат

Краткое описание

Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.

Содержание

Кіріспе………………………………………………….................................. 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………....………………………….................. 4
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10
2. Экологиялық туризм және тұрақты даму….....………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38
Қорытынды………………………………………………………………...... 40
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулнур курсовой.doc

— 289.00 Кб (Скачать документ)

1987 жылы қоршаған орта  және оның дамуы бойынша Халықаралық  Комиссиясы «Біздің ортақ болашағымыз»  атты баяндамасында өркениеттің  жаңа моделі қажеттілігі туралы  мәселесін көтерді. Осы баяндамада бірінші рет «тұрақты даму» ұғымы пайда болды және тұрақты даму концепциясын жасау жұмыстары басталды. Аз уақыт ішінде өркениет болашағын талқылаған уақытта бұл ұғым ең көп қолданысқа ие болды.

Бірегей жағдайда - тұрақты  даму – бұл қоғамның табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануы негізінде дамуы, ал ол өз кезегінде ұрпақтан-ұрпаққа адамдардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етеді (адам денсаулығы, жағымды қошаған орта, экологиялық қауіпсіздік, және т.б.).

Тұрақты даму адамзаттың ХХ ғасыр соңы – ХХІ ғасыр басындағы басты қарастыратын мәселесі болып саналды.

Қоршаған орта және оның дамуы бойынша Халықаралық Комиссияның  тұрақты даму концепциясы өзіне  мынадай басты мәселелерді қосады:

1. Адамзат болашақ ұрпақтарды өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігінен айырмай, қазіргі кезде тұрып жатқан адамдардың қажеттіліктеріне сай келетін даму процессіне тұрақтылық және көп уақыттылық мінездемесін бере алады. Ол үшін мынадай талаптар қойылады:

    • Экологиялық қауіпсіздік және жағымды ортада тұру жөніндегі адам құқықтарын іске асырудағы әділдік.
    • Ауыстыруға келмейтін табиғат ресурстарын эксплуатациялауды уақытша тоқтату
    • қоршаған ортаның  қажетті сапалығын сақтау және экологиялық регенерация мүмкіндігі
    • қоршаған орта және адамзат генофондының азаюын тоқтату

 

2. Тұрақты даму негізінде  өзімізде бар табиғи ресурстар  мен ғаламшардың экологиялық  потенциалы жатыр. 

 

3. Тұрақты ғаламды  даму үшін жеткілікті құралдары  барлар өздерінің күнделікті өмірлерін Жердің экологиялық мүмкіншіліктерімен бірлестіру керек, мысалы, энергияны тұтыну

 

4. Тұрақты даму –  ол гармонияның өзгерген түрі  емес, ол қазіргі және болашақ  қажеттіліктермен сәйкестенетін  техникалық дамуға бағытталған  өзгеру процессі. Нәтижесінде тұрақты  даму негізінде саяси ынта  болу керек.

 

1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода Қоршаған орта және оның дамуы бойынша БҰҰ Конференциясы өтті. Онда тұрақты даму жөнінде халықаралық келісімшарттар жасалды, маңызды құжаттар қабылданды:

    • адамдардың өмір сүру жағдайының жақсаруы мен дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын қоршаған орта және оның дамуы туралы декларация
    • ХХІ ғаыр күн тәртібі – экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуға ауысу бағдарламасы
    • климаты өзгерулер туралы БҰҰ конвенциясы
    • әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен технологиялардың қайта құрылуын іске асыруды қажет ететін биологиялық көптүрлілік БҰҰ конвенциясы

 

Соған байланысты соңғы  уақытта тұрақты дамуға ауысудың теоретикалық базасы құрылды. Ауысудың негізгі талабы «табиғат – қоғам» жүйесі функциясын гармонизациялау болып табылады. Ол өз кезегінде функциясы мен компоненттерін бұзбайтындай, әлеуметтік-экономикалық жүйешенің функциясы мен компоненттерін өзгертеді. Табиғи жүйешенің құрылымын сақтау, адамның өмір сүру ортасының комфорттылығын сақтау және өміріндегі материалдық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өте маңызды.

Қазақстан тәуелсіздігін  алғаннан кейін, өзін әлемге ТМД аумағындағы  саяси тұрақты даму көшбасшысы ретінде  танытты - әлем тарихында бірінші  рет ядерлік палигонды жауып, ядерлік полигоннан бас тартты. ТМД елдері арасында интеграциялық процестердің талапкері болды.

Қазақстан Рио-де-Жанейрода  өткен Конференцияның қорытынды  құжаттарына қосылды, онда ол өте  маңызды конвенциялырға – биологиялық  көптүрлілікті сақтау, климат өзгерулері, шөлденуге қарсы күреске қол қойды. Тұрақты даму мәселесін талқылауда БҰҰ шешімдерін қолдады.

Республиканың тұрақты  әлеуметтік-экономикалық дамуға бағыты, қоршаған ортаны қрғау үшін жасалатын  іс шаралар жоспары мен ХХІ  ғасыр Күн тәртібі экологиялық қауіпсіздік Концепциясында бекітілген. Бұнда Қазақстанға экология жағынан әлсіз ел ретінде анықтама беріледі, себебі болып елдегі ғаламды түрдегі проблемалардың шоғарлануы айтылады (Арал, Каспий, Семей өңірі және т.б.).

ТАСИС жобасының «Халақты қоршаған орта проблемалары туралы ақпараттандыру» әлеуметтік зерттеулерінің мәліметтері бойынша тұрғындардың 89% қоршаған орта жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Кез келген елдің тұрақты  даму концепциясы экологиялық тұрақты  болашақтың құрылыуын талап етеді. Мөлшерімен тұрақтылыққа 2030 жылы жету керек. Арнай зерттеулердің мәліметтері бойынша табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жақсаруы болмаса, әлемде табиғи ресурстардың азғыруы мен экономикалық төмендеуі байқалады.

Әлем жағдайын бақылау  Институтының ғалымдары Р. Лестер мен К. Флэвин зерттеулері бойынша 2030 жылы әлем экономикасы жанар-жағармай ретінде көмір, мұнай және табиғи газды қолданбайды. Қолдану негізіне күн және ядерлік энергия ие болады. Әрине, бұлардан басқа жаңа технологиялар жасалынады.

Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Казахстан – 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев» кітабында Қазақстан  болашағының барлық басты мәселелері қарастырылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда  тұрақты дамуға ауысу үшін әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайлар қалыптасты. Соңғы уақытта ел Президенті, саяси және ғылыми ағартушылар өздерінің еңбектерінде тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды сақтау мәселелеріне көп көңіл бөле бастады.

Қарым-қатынас және бірлесу процесі, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму Ғаламдық конференциясында басталды. Ұлттық деңгейде Орталық және Шығыс Европа және ТМД елдері қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының   Ұлттық жоспарын жаай бастады.

1992 жылы ТМД елдері  Мемлекетаралық Экологиялық Бірлестік  (МЭБ)  құрды. 1997 жылы желтоқсан  айында Алматы қаласында І  Қазақстанның Ұлттық табиғат  ұйымдарының (ҰТҰ) форумы өтті, бұл форум  Қазақстанның экологиялық жүйесі және оның тұрақты даму жағдайындағы перспективалары туралы құнды ақпараттардың жиналуына зор үлесін тигізді.

Қазақстанның халықаралық  форумдары мен жоғары деңгейдегі кездесулерге белсенді қатысуы республиканың  әлем экономикасының саяси кеңістігіне  енуіне зор ықпалын тигізеді.

Тұрақты даму концепциясы экономикалық даму экологиялық шаралар процесстерін біріктіру мүмкіншілігін бере алады: нарық механизмдері экологиялық таза және экономикалық жағынан тиімді өндірістің шығаруына мүмкіншіліктер береді.

Қысқа уақыт ішінде тұрақты  даму ұғымы халық санасына республиканың экономикалық және саяси өміріне енді.

Бүгінгі таңда Қазақстан  болашақ ұрпақ қажеттіліктерінің  қауіпсіздігін сақтай отырып қазіргі  өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын  жаңа тұрақты қоғам құру жолында.

Бізге, адамзаттың Жер  ғаламшарының потенциалды экожүйе шекарасында ғана өмір сүру крек екенін мойындау керек. Оған нақты альтернатива жоқ. Сондықтан егер біз ғаламшарымыздың табиғи ресурстарын дұрыс әрі рационалды пайдаланбасақ адамзат өз болашағынан айырылады. Бүгін біз болашақ ұрпақтар өмірі үшін жауаптымыз. Ол туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев былай деген: «Біз, қазіргі период мәселелерінен басқа болашақ ұрпақтар алдында мойнымызда үлкен жауапкершілік жатқанын әр күні есте сақтауымыз керек».

 

 

2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде

 

Туризмнің даму концепциясы  әлемнің көптеген елдерінің назарын  өзіне аударды. Туризмдегі тұрақтылық қағидалары ДТҰ және Дүниежүзілік саяхаттар  және туризм бойынша бірлестікпен құрастырылған. Олар экологиялық, экономикалық, мәдени тұрақтылыққа және жергілікті халыққа арналған тұрақтылыққа әкеледі. Туризмдегі тұрақтылық мыналарды білдіреді: табиғат және мәдениет потенциалының сарқылмас қолданылуы; жергілікті халықты экотуризмді дамыту жобаларына тарту; туриз ұйымдарының ресурстарды сақтаушы технологияларына аусыуы, өндіріс қалдықтарының азаюы; қоғамдық және жеке секторлардың бірлесе жұмыс істеуі; туризмнің елдердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жоғарылауына өз үлесін тигізу.

Қазіргі кезде туризм негізінен экологиялық түрлеріне бағытталған. Себебі олар табиғи кешендердің бірқалыптылығын сақтайды.

Экологиялық туризм қоршаған ортаға ең жақын туризм секторы болып  табылады. Экотуризмнің даму табиғатты  пайдалану модельдерінің аусуына, мәдени және табиғи байлығымызды қорғауға, әлеуметтік және экономикалық дамуға зор ықпалын тигізеді. Осы элементтер жүйені құрайды және бір біріне әсер етеді.

Айта кету керек, тұрақтылыққа тек көп салалы экономикалық салаларының  арасында тығыз байланыстар нығайғанда ғана жетеді. Экотуризмге келетін болсақ, ол тек қана өзінің даму нәтижелерімен ғана пайдалануымен шектелмей, сонымен қатар басқа да әлеуметтік-экономикалық  сфера секторларына өз әсерін тигізеді.

Экологиялық туризм және тұрақты даму байланысы жолдарының ең маңыздыларын қарастырайық.

Экотуризмнің дамуы  пайдалануды рационализациялайды. Көптеген территорияларды туристік мақсатта пайдалану, сол территорияларды ауыл шаруашылығы өндіріс салалары мақсаттарында пайдаланудан әлдеқайда көп табыс әкеледі. Мысалы, Кениядағы зерттеулер мынадай мәліметтер көрсетті, жердің жануарларды ұстау территориясынан туризм үшін қорғау территориясына ауысуы (айналуы), сол жердің өз бағасы құнының 50 есе өскенін көрсетті, 1 га – 40 АҚШ долларына жеткен.

Тұрақты дамудың маңызды  проблемаларының бірі биологиялық ресурстарды пайдалану болып табылады. Экотуризмнің әсері тіпті барлық жағдайда олардың физикалық жойылуына әкеп соқтырмайды. Негізінен ол ағаш дайындау альтернативасы болады. Жыл сайын тропиктерде 17 млн га жуық орман шабылды. Экотуризмнің дамуы Бразилия, Кения, Коста-Рика және т.б. елдердің ормансыздану процесінің тоқтатылуына өз үлесін тигізеді. Жыл сайын осы табиғат «шығындарын» өтегісі келетін экотуристер саны көбейіп келеді. Мысалы, Кения ұлттық парктеріне жылына 650 мың адам келеді, ал олардан түсетін түсім шамамен 350 млн АҚШ долларын құрайды.

Кей жануарларды экотуризм  объектілері ретінде пайдалануы, оларды утилитті түрде пайдаланудан әлдеқайда әсерлі әрі тиімді. Olindo (1998) есептеулері бойынша Кениядағы Амбоссели ұлттық паркіндегі бір піл жылына 14 мың доллардан астам немесе бүкіл өмірінде 900 мың доллар табыс әкеледі. Бұл олардың тұмсық сүйектері мен терлерінен түсетін пайдасынан әлдеқайда жоғары болып қана қоймай, осы жануарларды қрғау мен олардың популяциясының жандандыруына кететін шығындарды да ақтайды.

Экотуризмнің табиғатқа минимальді әсерін тигізуі, әсіресе құрылыста, яғни үлкен турбазалардың болмаумен ерекшеленеді. Экотуризмде күнделікті өмір сүру жағдайы табиғатқа ең жақын (басқа туризм салаларына қарағанда) болып келеді, мысалы, жұлдызды отельдер орнында дәстүрлі тұрғын үйлер, жасанды әрі қымбат өнімдер орнына табиғи ауылшаруашылығы өнімдерін пайдалану.

Экотуризм жоғалу қарсаңындағы өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қорғауымен өте тығыз байланысты, ал олар негізінен экзотикалық болғандықтан өз кезегінде экотуризм объектілеріне айналады.

ЕҚТТ (Ерекше қорғалатын табиғи территориялар) ғаламшардың  экологиялық бірқалыптылығын сақтаудағы басты ролді ойнайтығын барлығына  мәлім. Экотуризм ЕҚТТ қорғап әрі  қолдай отырып табиғатты қорғауға өз үлесін тигізеді.

Кей жерлерде туризмнің  дамуы жергілікті халықпен конфронтанцияға  әкеліп соқтырады. Ал экотуристер өз кезегінде жергілікті мәдениет және қоршаған ортамен әлдеқайда тығыз  қарым-қатынаста болады.

Туристік дамудың көрсеткіші адамның физикалық және психикалық денсаулылығы болып табылады. Экотуризм  жағынан қарастырсақ адамның физикалық және психикалық күшінің қайта қалпына келуі белсенді демалыс, табиғатпен тілдесу арқылы болады. Ол өз кезегінде адамның өмір- және жұмыс істеу қабілетін әлдеқайда жоғарылатады.

Экологиялық білім беру деңгейінің өсуі – адам капиталының өсуіне қажетті түсім – тұрақты дамудың ғана емес, сонымен қатар экономика жоғарылауының талаптарының бірі болып саналады.

Экотуризмнің дұрыс  әрі әсерлі дамуы әлеуметтік құрылымдар мен институттарсыз мүмкін емес. Ол сәйкесінше туризм министрліктері, табиғатты қорғау ұйымдары, департаменттер, жергілікті комитеттер,қоғамдық және ғылыми ұйымдар. Осы ұйымдар тұрақты дамуды қадағалап және бағыттап отыруға шақырылады.

Экотуризмнің дамуы, туристерді қабылдаушы елдің қазынасының толтырылуына әсерін тигізеді. Табиғатты қорғау Дүниежүзілік қорының (WWF) зерттеулерінің көрсеткіштері бойынша 90 жылдардың басындағы дамушы елдердің туризмнен түскен 55 млрд АҚШ долларының 12 млрд доллары экотуризм үлесіне тиген. Мысалы, Коста-Риканың жалпы туристерінің 40% экотуристер құрайды. 1990 жылы Эквадордағы экотуристерді қабылдау мемлекетке 193 млн АҚШ доллары көлемінде табыс әкелді.

Тұрақты дамуға ауысу кезінде экологиялық туризм көпшілік туризм альтернативасы ретінде қарастырылады.

 

 

 

2.3 Тұрақты дамудағы  экологиялық туризмнің ролінің  географиялық аспектілері

 

Сонымен экологиялық  туризм қоршаған орта туризмінң секторына  жақын болып табылады, онда шынайы әлемді көру кезінде пайда болған деп сенімді түрде айтуға болады. Осындай типтегі туристік азық-түліктер топтастырылған, негізінен үлкен биологиялық түрлілігі және бұзылмаған қоршаған ортасы бар Оңтүстік жартышар елдерінде кездеседі. Бұл Оңтүстік Америка және Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. елдері. Солтүстік жартышар елдерінде экотуристерге арналған базарлар бар. Оларға Солтүстік Америка және Европа елдері жатады.

Информация о работе Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары