Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 17:46, реферат

Краткое описание

Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.

Содержание

Кіріспе………………………………………………….................................. 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………....………………………….................. 4
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10
2. Экологиялық туризм және тұрақты даму….....………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38
Қорытынды………………………………………………………………...... 40
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулнур курсовой.doc

— 289.00 Кб (Скачать документ)

Ресейде ЕҚТТ-ны басқаратын арнайы қызметтер, экотуризмнің Академиясы құрылған. Барлық осы ұйымдар экотуризмді дамыту мәселелерін шешу үшін күш жұмсайды. Дегенмен, оған қарамастан Ресейдің көптеген ұлттық саябақтарында туризм табиғатты қорғаудан тыс өркендеуде. Жеке компаниялар негізінен өздеріне табыс әкелетін адамдар үшін элитарлық экотуризмді дамытумен айналысады.

Соңғы уақытта жергілікті билік туристік саланың тұрақты  дамуымен байланысты экологиялық туризм және территорияның тұрақты даму мәселесімен айналысады. Экологиялық  туризм Қиыр Шығыста маңызды роль атқарады. Бұл ауданның ортақ туристік-рекреациондық потенциалы экотуристерді әр түрлі қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Мұнда экологиялық туризм ұйымының сауалдарымен Қиыр Шығыстың жабайы табиғат қорының бөлігі айналысады. Экологиялық туризм бойынша болып тұратын тұрақты семинарлар, конференциялар, форумдар туризмнің осы түрімен айналысатындар үшін, әлемдік экологиялық туризмнің тәжірибиесін үйренем деушілер үшін, сондай-ақ осы ортада өз тәжірбесімен алмасамын деушілер үшін жақсы мүмкіндік.

Экологиялық туризм ұйымының тәжірибиесі Қиыр Шығыстың барлық ЕҚТТ-ларында бар: «Морской», «Уссурийский», «Лазовский» қорықтарында; «Сисунайский», «Монерон аралы» ұлттық саябақтарында. ЕҚТТ-да экологиялық туризм экожолдармен экскурсиялау, жергілікті музейлерге бару және табиғаттағы жануарларды бақылаумен біріктіріледі. «Удегейская легенда» деп аталатын ұйымдасқан ұлттық саябақ Сихтэ-Алинскілік метеорит түскен орынды тамашалауды және тау көлдері мен еріген «қар адамын» көруді ұсынады. Камчаткадағы ең белгілі экологиялық туризмнің объектісі ретінде Кроноцкілік мемлекеттік биосфералық қорық қарастырылады. Оның территориясында атақты “гейзерлер жазығы”, вулкандар мен түбектердегі көлдер  сияқты табиғи объктілер кездеседі.

        Қазақстан Республикасының тұрақты  даму концепциясында экологиялық туризм сияқты табиғатты сақтаушы туризм түрлерінің дамуы көрсетіледі.

        Қазақстанда экологиялық туризмнің  дамуы үшін қажет ресурстар  жеткілікті. Дегенмен әлеуметтік-экономикалық қиындықтар,материалдық-техникалық құралдардың жетіспеушілігінен ЕҚТТ-да экологиялық туризмнің дамуы үшін мүмкіндік жоқ, ал қолданылатын экомаршруттарға лайық қондырғылар жоқ және ақпаратпен қамтамасыз етілмейді.

Экологиялық туризмнің  әлсіз дамуының негізгі себебіне экотуризм дамуы бойынша мемлекеттік  бағдарламалардың болмауы және туризмнің бұл түріне мемлекеттен ешқандай қолдаудың көрсетілмеуі. Дәл осы экотуризм туризмнің экологиялық қауіпсіз түрі болғандықтан келешекте біздің республикамызда жергілікті билік пен оған сай құрылымдар экологиялық туризмге назар аударады деген үміттеміз. Сонымен бірге бұл ұйым дұрыс құрылып, және ол мемлекетпен қатаң қадағаланып отырса, табиғи ландшафтты қорғау тиімділігі артады.

 

 

2.5 Биологиялық көптүрлілікті  сақтаудағы экологиялық туризмнің  ролі

 

Туризмді дамыту және туристік мақсаттар үшін табиғи ортаны пайдалану әрқашанда өзекті мәселелер болған. Алайда, ХХІ ғасырдың басында олардың өзектілігі одан әрі маңызды болды. Бұл табиағаты тартымды аудандарға бағытталған туристік қозғалыстың өзгеруімен байланысты. Ал бұл табиғаттың деградация процесінің күшеюіне әкеп соқтырды.

Туризмнің бақылаусыз дамуы, осы салада сауатты басқарудың болмауы  биологиялық сиреуіне көптеген бірегейлі табиғи комплекстердің бұзылуына, ландшафттардың өз эстетикалық тартымдылығының жоғалуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан туристік қызметтің табиғатқа әсерін азайту үшін осы территорияның туризмге жарамдылығын зерттеп, қоршаған табиғи ортаның жағдайын бағалау қажет. Осы мақсатпен бағалаудың келесі әдістерін пайдаланады:

  • геофизикалық әдіс. Осы әдістің көмегімен табиғи орта компоненттерінің арасындағы су және жылу алмасуын және олардың экожүйенің өнімділігіне әсерін зерттеуге, өзгерген және бұзылған территориялардың баланс құрылымын салыстыруға болады;
  • геохимиялық әдіс. Табиғи жолмен және адамның шаруашылық әрекетінен пайда болатын химиялық элементтердің миграциясын талдауға мүмкіншілік береді. Бұл әдіс қоршаған ортаның химиялық құрамынның өзгеру заңдылығын экожүйенің өздігінен тазаруға, ластану масштабын анықтау қабілетін анықтауға мүмкіндік береді;
  • индикациялық әдіс. Табиғи ортаның жағдайын бағалауға бірегейлі. Табиғи ортаның ең әлсіз элементі бұл өсімдік жамылғысы екені бәріне мәлім. Индикациялық әдіс көмегімен морфологиялық, фитоценотикалық, флористикалық белгілері бойынша өзгерістерді анықтауға болады. Бұл көрсеткіштердің сандарының азаюына байланысты немесе сапасының нашарлауы өсімдік жамылғысының деградацияға ұшырағанын көрсетеді.

 

Қоршаған ортаны бағалау  оның жағдайын анықталған нормативтермен салыстыру жатады. Нормативтер орнына табиғи комплексерінің бұзылмаған күйіндегі көрсеткіштері болады.

Туристік қызметті ұйымдастыру  табиғатты тиімді пайдалану қағидаларына бағынуы қажет. Ландшафттардың және территориялардың рекреациялық мүмкіншілітер тұрақтылығын ескеру керек. Экологиялық туризм табиғи қорғау және экологиялық мәселелерді шешуші, экожүйелердің сапасын және алғашқы күйінде сақталуын қамтамасыз ету, биологиялық көптүрлілікті сақтау, жергілікті халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру, жергілікті халықтың өмірінің жақсаруының шешуші құралы ретінде қолданылуы керек.

Қазақстан Республикасының  табиғи жағдайларының әртүрлілігі себебі, бұл өсімдік және жануар әлемінің байлығы. Көптеген жануарлар және өсімдіктер түрлері өздерінің құндылығына, сирек кездесетіндігіне, эндемиктігіне байланысты ҚР Қызыл Кітабына енген. Осылайша сүтқоректілердің – 22,5% , құстардың – 11,4%, бауырымен жорғалаушылардың – 20,4%, балықтардың – 15,4% енгізілген.

Кейбір авторлар (Воо, Кusler) экологиялық туризмді биологиялық  ресурстарды сақтап қалуды қамтамасыз ететін құрал ретінде қарауға  шақырады. 

Экологиялық туризм табиғатты сақтаудан пайда түсірудің маңызды көзі болып табылады. Бұл:

    • табиғатты пайдаланғаны үшін ақы төлеу, көлікті пайдаланғаны, аңшылық трофейлер үшін ақы төлеу
    • тамақтану, уақытша тоқтау, көлік, гид қызметтері үшін арендалық ақы алу
    • берілген территорияға келетін туристерге тауарларды өткізуден түскен табыс пайыздары
    • тауарларға, қызметтерге салық салу

 

Шетелдік  табиғи парктер  тәжірибесі көрсеткендей, парктерге  кіру ақысы салыстырмалы төмен болады. Бұл табиғи парктерді адамдардың барлық категориясына ашық екендігін көрсетеді. Мысалы, Голапогостық аралдар шетелдік туристерден Эквадор тұрғындарына қарағанда көп ақы алады, ал жергілікті тұрғындардан тіпті алмайды. Біздің елімізде де қаржылық проблемаларға байланысты шетел және жергілікті туристер үшін дифференцияланған кіру ақысы енгізілуі қарастырылады.

ҚР экологиялық туризмді дамыту үшін барынша рекреациялық ресурстарға  ие. Мәселен, ерекше қорғалатын табиғи территориялары және объектілер туралы, анықтап айтқанда – қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар, табиғи ескерткіштері.

Бұған қоса республикада өзінің табиғи, рекреациялық потенциалы бойынша бірегей және экотуризмді  ұйымдастыру үшін жарамды, шаруашылық әрекет әсер етпеген территориялар  бар. Дегенімен, Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы бастапқы кезеңде ғана тұр. Бұның себептері басты түрде әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарда, материалдық-техникалық құралдардың жетіспеушілігінде және де біздің ЕҚТТ жүйесінің өзгешелігінде.

Экотуризмнің негізгі  міндеттері:

    • экологиялық білім, табиғатпен қарым-қатынас мәдениетін жоғарылату, табиғи ортада жүріс-тұрыс экологиялық нормалары, әр адамда табиғат тағдыры үшін жеке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
    • адамның рухани және физикалық күштерін қалпына келтіру, сапалы демалысты қамтамасыз ету.
    • табиғатты қорғау, табиғи ортаға зиян келтіруді барынша азайту
    • тұтас мемлекеттің және де бөлек аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу

 

Бұл мақсаттар дүниежүзіндегі әрбір ЕҚТТ жұмысының негізі болып  табылады. Қазақстандық ЕҚТТ болса  бұл міндеттер толық емес және әрдайым орындала бермейді. ЕҚТТ да экотуризмді ұйымдастыру әдістері жоқ, нақтылап айтқанда: жалпы пайдаланылатын экомаршруттардың сәйкес құралдары жоқ, ақпаратпен қамтамасыз етілмеген, келушілерді қабылдайтын және экологиялық ағартушылықпен айналысатын кадрлар жүйесі реттелмеген.

Республикада шетелдік туристерді күтіп, қызмет көрсетуге  ерекше көңіл бөлетін комерциялық  туристік фирмалар жасайды. Бұл тек  аз уақыт ішінде көп пайда табу ғана емес, кейбір мемлекетіміздің  туристерінің теріс әрекеттері (тамақта ашық отта даярлау, қоқыс тастау, тастарға және тарихи объектілерге жазу) басты себепші болды.

Ұлттық парктер аудандарында экскурсияларды жүргізу және экологиялық  ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру  қоршаған ортаны саұтауда маңызды роль атқарады. Ұлттық парктерге келетін туристерді парк функцияларымен, не қорғайтынын, не үшін құрылған, қандай шекаралары бар сонымен қатар оның территориясындағы қызметтер ережесімен танстыру қажет. Мұндай анық құрылған аұпараттық бағдарлама парк зонасындағы экологиялық туризмнің дамуның басты элементі болып табылады.

Бүгінгі күні табиғаттың туризммен жүктелуі адамзаттың өзекті мәселелеріне айналған. Осылайша туристердің 52% ландшафттың туризм әсерінен бұзылуы  жергілікті тұрғындар үшін қауіп  төндіреді деп санайды. Жергілікті тұрғындар туризмнің зиянды әсерінен пайда болатын факторлар ішінен бірінші орынға көлік пен ауаның ластануын және жердің дұрыс пайдаланбауын қояды.

Әдетте туризмнің  әр түрі қоршаған ортаға өзінің кері әсерін тигізеді. Экологиялық туризмде бұл әсер ету өте аз болады. Сондықтан туристік әрекет кезінде қоршаған ортаның деградациясын болдырмау үшін мынадай іс-шаралар қолдану қажет:

    • ЕҚТТ да экологиялық туризмді ұйымдастырғанда табиғатты сақтау режимдерін қатаң түрде қадағалау керек
    • Болашақта экологиялық объектілерді пайдалануда бағдарламалар құру мақсатымен олардың жағдайын периодты бақылап тұру
    • Табиғи ортаға түсетін экологиялық жүктемелерді ескере отырып әр маршрут үшін туристер топтарын құру
    • Экологиялық маршруттарды жасағанда, көлік қызметі кезінде, туристерге қызмет көрсету кезінде, экологиялық таза және ресурстарды үнемдейтін қазіргі заманғы құрал жабдықтарды пайдалану
    • Экологиялық туризмнің әрбір объекті үшін күнделікті, айлық, жылдық келушілер санын құру, объектіге келушілер үшін жабық болатын кезеңдерді анықтау
    • Объектіге ең ыңғайлы маршруттарды және жақындау тәсілдерін анықтау
    • Рекреациялық жүктемелері бар табиғи территорияларда демалушылар ағымының жіктелуін туристік қозғалыстың жоспарлы территориялық ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету
    • ЕҚТТ дан тыс жерлерде орналасқан экологиялық туризм объектілеріне ерекше көңіл бөлу. Өйткені олар аз мөлшерде қорғалады.
    • экологиялық туризм объектілердің экологиялық зиянды өндірістердің жайлап жойылуын қамтамасыз ету
    • пайдалануға алынатын табиғи территориялардың толық сақталуын және таз күйінде болуын қамтамасыз ететін туристік фирмаларға ғана лицензияларды беру

 

ЕҚТТ дың  экотуризмнің объектілері ретінде пайдалану  пайда түсіруі қажет, ал оның жартысы  міндетті түрде:

    • ЕҚТТны күту және қарауға
    • Экотуризмнің инфрақұрылымының, келу орталықтардың дамуына, маршрутты жолдардың жабдықталуына
    • Табиғи ескерткіштердің және табиғи ортаның қалпына келтірілуіне
    • Білім саласының, гидтарды дайындауға бөлінуі қажет.

 

Экологиялық туризмнің  биологиялық көптүрлілікті сақтаудағы ролі экотуристердің өздері барған территориялардың қорғаушыларына айналатынында да білінеді. Шет мемлекеттер тәжірибесі көрсеткендей әдетте экотуристер барған жерлер табиғатын қорғау үшін барлық күштерін және уақыттарын қиюға дайын болады. Көптеген туристік ұйымдар туристер келетін территориларды ақпарат көздері көмегімен, ғалымдар, экологтармен кездесу ұйымдастыру сонымен өатар қаражаткөздерін ұйымдастыру арқылы экологиялық тепе-теңдікте сақтайды.

Американың көптеген елдерінде сонымен қатар Африканың  кейбір мемлекеттерінде табиғатты сақтаудан жекеменшік әрекет жүргізілуде. Жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін сақтап қалу әлемде көптеген жекеменшік қорықтарының пайда болуына әсер етті. Мұндай қорықтар экологиялық тұрғыдан маңызы зор, өйткені табиғи ресурстарды сақтап қалу және кейбір табиғи түрлері санының өсуіне қосымша күш ретінде қабылданады. Мысалыға, Африканың көптеген елдерінде ранчо иегерлері жерлерінің жарты бөлігін ауыл шаруашылығына, ал қалған бөлігін жабайы табиғатты сақтауға және туристерге көрсетуге бөлетін кездер болады.

Қорғалатын территорияларды қадағалаудағы ең нәтижелі құрал бұл зоналау болып табылады.

Әдетте  зоналау процессі ЕҚТТ жұмысы істеу жобаларына енгізілген. Бұдан қорық немесе ұлттық парк басқармасы олардың жұмысын еркін қадағалау жұмысын жүргізе алады. Осы зоналау көмегемен жабайы табиғатқа басып кіруді немесе бұзылуды азайту үшін туризмді тиімді ұйымдастыруға болады. Мысалы, адамдардың басып кіруі кері әсер ететін жануарлардың немесе өсімдіктердің көбею зоналарында немесе төзімді табиғи орталары үшін туризм тіпті мүмкін емес.

Қолайлы және тұрақты  туризм ең бастысы зонаның биологиялық  қасиеттерінен, табиғи жүйелердің төзімділігіне  сонымен қатар қорғалатын территорияларды; табиғи парк және қызметтер кешеніне қажетті экономикалық және адам ресурстарына тәуелді болады. Сол уақытта туристер келетін территориялардың туризм ауыртпалықтарына төзімділігі міндетті түрде бағалануы қажет. Бұл туристер ағымын қадағалауға және келушілер статистикасын құруға мүмкіндік береді.

Информация о работе Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары