Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 17:46, реферат

Краткое описание

Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.

Содержание

Кіріспе………………………………………………….................................. 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………....………………………….................. 4
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10
2. Экологиялық туризм және тұрақты даму….....………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38
Қорытынды………………………………………………………………...... 40
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулнур курсовой.doc

— 289.00 Кб (Скачать документ)

ДТҰ экологиялық туризмді туризмнің тұрақты дамуының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Туризм тұрақтылығының иаңызды қағидаларына мыналар жатады: саланың тұрақты дамуы үшін құқық базасы мен экономикалық тұрақты жағдайды жасау; туристік қызметті жоспарлау мен жерді пайдалануды реттеу; халық арасында ағартушылық-агитациялық жұмыстардың жүргізілуі;шешім қабылдау процесіне жергілікті халықты кеңес беру арқылы тарту; туристік өкімді реализациялау; көлік жүйесін экологиялық тұрақтылықпен қамтамасыз ету; табиғи кешендердің туристік-рекреациялық жүктемелеріне тұрақтылық деңгейде баға беруі.

Әлемде экотуризмнің әйгілілігі тек қана қоршаған орта жағдайының нашарлауынан ғана емес, сонымен  қатар адамның өмір сүру ортасының  күрт өзгеруімен, яғни жүйке психологиялық  ауырлықтың өсуіне де байланысты.

Экологиялық туризмнің  жалпы туризмнен айырмашылығы неде?

Біріншіден, экотуризм  – территориясы жақсы сақталған  табиғи ортаға сапар шегу. Бұндай территорияларға  қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар, қорықшалар және басқа қорғалатын териториялар жатады.

Екіншіден, экотуризм  – ең экологиялық табиғатты пайдаланушы  болып саналады. Экотуристердің табиғатты  эксплуатациялау технологиясы визуальды  түрде өтеді, яғни көрікті жерлерді қарау, пейзажды тамашалау, өсімдік және жануарлар әлемін бақылау және тыңдау түрінде (құстардың ән айтуы, су сылдыры, жапырақтың сыбдыры), иіс сезімі (ормандар мен шалғындардың жұпар иісі) және сезіну арқылы (өзен суының мөлдірлігі). Дәл осы мақсатпен экологиялық туризм әлемдегі ерекше қорғалатын табиғи территориялар шегінде табиғи ресурстарды қолданудың бірден-бір жолы болып табылады.

Үшіншіден, экотуризм  туристердің ЕҚТТ-да жүріс-тұрысын  қадағалайды, соның ішінде қатаң  тәртіп белгілеу арқылы (турист гид-жолаушыға  еріп жүргенде арнайы жолды пайдалануы керек, өсімдіктерді жұлмау, шуламау, т.б.).  Бұл ережелерді сақтау экологиялық туризм дамуының ұстанымды шарты болып табылады.

Төртіншіден, экотуризм  жергілікті тұрғынның ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді, ұлттық-дәстүр мен әдет-ғұрыптың жаңғыруына әсер ететін дәстүрлі ұлттық өнер түрлерін дамыту жолымен. Бұның барлығы халыққа белгілі пайда келтіреді және әлеуметтік экономикалық дамуына әсер етеді.

Өзіндік ерекшелігі бар  экотуризмнің  бұқаралық  туризмнен  айырмпшылығындай, экотуристердің де жаппай туристерден айырмашылығы бар. Бұқаралық туристер ұйымдасқан және жеке түрде  белгілі  жерлердің  шегінде  үнемі  саяхаттайды, көп жағдайда  өз  елінде. Оларға  қарағанда, экотуристер  адамдар аз өзгерткен  табиғи  территорияларда сапар шегеді, және олар саяхаттың шектелген жағдайлары мен ыңғайсыз шарттарына шыдамды болады.

Авторлар  қатары экотуристерді олардың қызығушылық  деңгейіне  қарай бөледі. Мысалы, Lindberg экотуристердің төрт тобын бөліп көрсетеді.

  • Бірінші топқа білім беру кеңселерінің  мүшелері  алғашқы табиғатты зерттеумен  айналысатын ғылыми зерттеушілер;
  • Екінше топқа жергілікті жердің тарихын  білу  мақсатымен  қорғалатын  табиғи территорияларға баратын адамдар;
  • Үшінші топқа  табиғаттың қашық  бұрыштарына – ерекше саяхат  үшін  баратын адамдар;
  • Төртінші топқа табиғатқа шығу  өте үлкен саяхаттың ажырамайтын  бөлігі деп  есептейтін  адамдар жатады.

 

Экологиялық туризмді тұрақты  туризм деп қарастыруға болады, яғни бұл – жергілікті жердің шынайы түрде сақталуының тек табиғи, мәдени-тарихи көрікті жерлерімен танысу үшін ғана емес, өскелең жіне келешек жас ұрпақ үшін шынай ортаның алғашқы қалпында әрі қарай сақтау мақсатында сапар шегу. Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен негізгі айырмашылығы осыдан тұрады. Экологиялық туризм үнемі бұқаралық туризмнің баламасы ретінде қарастырылады.

Экологиялық туризм жиі  көпшілік туризмнің альтернативасы ретінде қарастырылады, және қазіргі  уақытта ол туристік қызметтің ең перспективалы және динамикалық  түрде дамып келе жатқан формасы  болып табылады.

 

 

    1. Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы

 

Экологиялық туризмнің  Қазақстанда тұрақты дамуы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешеді, жергілікті және аймақтық деңгейде тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Экотуризмнің әлеуметтік салада дамуына келсек, халықаралық  қатынастардың нығаюына себепкер бола тұра мәдениеттің өрлеуіне өз үлесін қосады, бастысы – тұрғындардың экологиялық сауатын аша отырып, әлеуметтік байланысты кеңейтуде маңызды фактор болып саналады.

Экологиялық туризмге экономикалық көзқараспен қарасақ, экологиялық бағыттарға жақын елді-мекендердің инфрақұрылымын жақсартады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар экологиялық туризмнен күн көретіндей пацда табуы мүмкін, жекелеген туристер мен туристік топтарды күзету арқылы, туристерді қажетті азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы, сонымен бірге үйлерді жалға беру арқылы өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуына мүмкіндіктері бар. Экологиялық туризмді экономиканың бір саласы деп қарастыруға болады, шетелдік туристерді, шетелдік ақшаның белгілі бір мөлшерін елге кіргізу арқылы мемлекетке үлкен кіріс кіргізуге болады.

Қорытындылай келсек, экологиялық туризм адамдардың санасы мен әдеттерін өзгертуге мүмкіндік  бере отырып, табиғи ортаны табиғи қалпында сақтау арқылы оларды табиғатқа үнемділікпен қарауға тәрбиелейді. Сонымен бірге, экологиялық туризм табиғи ортаны қорғауда нақтылы әсер ету үшін жергілікті тұрғындар мен жергілікті басқарма табиғи ресурстардың аумағын экологиялық туризмнің объектісі ретінде пайда көрумен бірге табиғи аумақтың сақталуымен тығыз байланысты болуы шарт. Сонымен қатар ынталы түрде табиғатты қорғау үшін бұл пайда белгілі мөлшерде бөлініп және пайдаланып отыруы тиіс. Егер табыс шағын ортада дұрыс бөлінбесе, тұрғылықты тұрғындарда қорғалатын аумақтың ресурсын рациональды түрде қолдану ынтасы болмайды. Сол себепті экологиялық уризмнің мүмкіншілігі толық табиғи ортаның жағдайына байланысты.

Көптеген мемлекеттерде  туристерді қызықтыратын ерекше табиғи аумақтар ауылшаруашылық қажеттіліктер үшін қолданылуда. Әр жыл сайын өсіп бара жатқан жер өңдеу, ағаш дайындау, сонымен бірге халықтың күн санап өсуі, көші-қон және орналасу бұл аумақардың тек қана жерінің сапасын ғана емес, экожүйенің тұтастығын да бұзады. Осы мақсатта экологиялық туризм бұл аумақтар үшін неғұрлым күштірек экономикалық негіз бола отырып, неге басқаша жолмен ауылшаруашылығын және өнеркәсіпті дамытуға болмайды.

Қазіргі кезде экотуризмді  республикада дамытудың тағы бір  түрі – экономикалық даму мен табиғатты  қорғау мақсаттарынан басқа адамның арқасынан физикалық және рухани жүкті түсіру. Белгілі болғандай, техникалық даму және урбандану адамның материалдық жағынан өмір сүруін жеңілдетті, екінші жағынан күйзелістер мен соққылар жүйкеге ауыр психологиялық салмақ күшейіп кетті. Американдық социологтардың зерттеуі бойынша зерттеуі бойынша ауқатты адамдар санының өсуімен экологиялық таза аумақтарға деген сұраныс, табиғат аясына шығу ғажайып пейзажды тамашалау мүмкіншілігі мен таза ауамен демалу бір-бірімен пропорционалды түрде.

Сонымен, экологилық туризмді дамыту бос уақытта қолдану мәселесіне жүйелік жақындаудың жолы салауатты өмір салтын жүргізу мүмкіншіліктерін тарату және құру.

 

 

    1. Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны

 

Туристік саяхат адамның  белгілі бір мөлшерде қажеттілігін қанағаттандырады. Бір нәрсені ескеруіміз қажет, адамның қоршаған ортаны зерттеуінің барлығы саяхатпен байланысты. Қозғалыс – туризмге тән ерекшелік. Тіпті бұрынғы уақытта сауда байланысын ұстау үшін адам көрмеген жаққа сапар шеге берген. Осындай саяхаттар тек қана сауданы дамытқан жоқ, терең түрде еңбекті, қоғамдық жағдайды бөлді және адамдардың қоршаған әлемді тануына кеңінен тануына мүмкіндік берді. Әлемдңік шаруашылықтың күшеюіне байланысты тұрғындардың қозғалысы аумақты масштабта ұлғайды және туризмнің дамуына себеп болды.

Миллиондаған адамдар  саяхатқа жаңа жерлерді көру үшін, табиғаттың әдемілігіне сүйсіну үшін, таудың немесе орманның таза ауасымен демалу үшін, қала халқымен қарым-қатынасқа  кенелу үшін, сонымен бірге көпғасырлық  өнер мен мәдениетті тамашалау үшін аттанады. Осы күнде әр түрлі деңгейде туризм жауламаған ел қалмаған. Жыл сайын бүкіл әлемде 4 млрд.-тан астам адам 5-6 күннен кем емес уақытын өзінің тұрып жатқан жерінен тыс өткізеді. Жартысының көбі демалу мақсатымен сапар шегеді, төрттен бір бөлігінің көбі іс-сапармен, 5-6%-ы халықаралық конгресстердің, симпозиумдардың, жиналыстардың қатысушылары, 10-15%-ы туған-туысқандарына бару үшін саяхатқа шығады.

Сонымен туризм қазіргі  заман адамының тұрмысына нық  орналасып алды. Туризмге деген қызығушылық күн санап өсіп келеді. ДТҰ болжамы бойынша 2010 жылға қарай халықаралық туристік сапар 1 млрд. АҚШ долларын, ал 2020 жылға қарай-1,6 млрд. АҚШ долларына тең.

Туризмнің халықаралық  даму динамикасының болжамы бойынша  болашақта туризм осыдан да танымал  болады. Қазіргі замандағы туризмнің жаңа динамикалық дамып келе жатқан бағыты – экологиялық туризм. Экотуризм, дәстүрлі туризмнің түрлеріне қарағанда мынадай белгілерімен сипатталады:

  • Экотуризмнің негізгі объектісі ретінде керемет табиғи көріктілігімен;
  • Туристік индустрияның жоспарлы түрде дамуында тасымалданбайтын табиғи және мәдени потенциалдар;
  • Салыстырмалы түрде төмен капиталды күш сиымдылығы;
  • Экотуризмнің негізгі мақсаты экологиялық білім беру ұйымдары және экологиялық ойды саралау;
  • Жекелеген аумақтар мен тұтас мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағынан көтерілуіне көмек беру.

Сонымен қатар қазіргі  заман туризмінің классификацияснан экологиялық туризмге орын тауып беру керек. Осы кезде туризм әр формада және байланыста өзін көрсетуде, сондықтан оның классификациясын құру шарт болды.

Қазіргі заманғы туризмді классификациялауда саяхатшының алға қойған мақсаты маңыздырау, ол өз кезегінде  туристердің материалдық мүмкіндігін  көрсетеді, оның денсаулық жағдайын, жасын, мамандығын, мәдениеттілік деңгейін  және т.б. көрсетеді. Туристер саяхаттай отырып алдына алдына тек қана бір мақсат қоймайды.туристің жекелеген қажеттілігіне қарамастан оның бірі негізгі орында болады.

Қазіргі заманғы туризмнің  классификациясында экотуризм экскурсиялық туризм ретінде қарастырылады. Экскурсиялық туризм бұл табиғаттың, мәдениет пен тарихтың көрнекі орындарында болу, яғни экологиялық туризмнің белгілеріне тән.

Жоғарыда көрсетілгендей, экологиялық туризм – бұл табиғи қалпында жақсы сақталған орындарға  саяхат, бірақ көптеген жағдайда саяхаттың жеке түрін, яғни тек жабайы табиғатты бөліп-жару мүмкін болмайды. Сондықтан көптеген авторлар үшін экотуризм табиғаты бағдарлау туризмі болып қарастырылады. Қызығушылығына қаржылық көмекті, мәдениетті, сәулетті және тұрғылықты тұрғындардың дәстүрін қосып алады. Қорытындысында экотуризмнің бірнеше түрін аңғаруға болады: табиғи, жасыл, агротуризм. Фототехника мен фототехнологияның динамикалық дамуының арқасында фототуристердің қажеттіліктері қанағаттандырылуда. Егер де біз барлық саяхаттарды экологиялық туризм ретінде қарастырсақ қателеспейтін шығармыз:

  • Алғашқы пайда болған табиғатты қарамағымызға алу және оған үнемділікпен қарау;
  • Туризмнен түсіп жатқан пайдадан міндетті түрде табиғи экожүйені бірқалыпты деңгейде сақтауға қаржы бөліп тұру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Экологиялық туризм және тұрақты даму

 

2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы

 

ХХІ ғасыр қарсаңында адамзат бірқатар проблемаларға  тап болды, бай мен кедей арасындағы теңсіздік, ашаршылық, әр түрлі аурулар, халық санасыздығы, бірақ ең бастысы – қоршаған орта проблемалары және экологиялық жүйе деградациясының күшеюі. Өркениет болашағы осы проблемаларға тәуелді болып келеді.

Бүкіл әлемде қоғам  қоршаған ортаны бүлдіре отырып, өз болашағын  жойып отырғанын түсіне бастады. Соған байланысты үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар, даму жөніндегі агенттіктер және жеке адамдар келе жатқан ғаламдық дағдарыс тудыратын жағдайдан шығу жолдарын іздей бастады. Олардың шаралары ақылдаспаушылық іс әрекеттерден тұрды, мысалы, бір жерде табиғатты  қорғау заңдарын шығару, келесі жерде экологиялық ұйымдар жұмысшыларының санын көбейту. Бірақ бұл шаралардың барлығында соңғы нәтиженің нақтылығы болмады. Қазіргі заман жағдайы әлем саясатының жаңа бағытын, яғни экономикалық және экологиялық тұрақтылық арқылы адамзат қауіпсіздігіне жетуді қажет етеді.

Әлем қоғамының қоршаған орта жағдайына алаңдаушылығы 1972 жылы БҰҰ Стокгольм конференциясында арнайы құрылым – қоршаған орта жағдайы бойынша БҰҰ Бағдарламасының  пайда болуына себеп болды.

1983 жылы - қоршаған орта және оның дамуы бойынша БҰҰ Халықаралық Комиссиясы құрылды, оның басшысы болып Норвегия премьер-минситрі Гру Харлем Брунтланд тағайындалды. Комиссия әлемнің әр аумағындағы экологиялық және әлеуметтік-экономикалық алаңдаушылықты тудыратын проблемаларды толық көлемде ашу және оларды шешу үшін шақырылған.

Информация о работе Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары