Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 17:46, реферат

Краткое описание

Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.

Содержание

Кіріспе………………………………………………….................................. 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………....………………………….................. 4
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10
2. Экологиялық туризм және тұрақты даму….....………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38
Қорытынды………………………………………………………………...... 40
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулнур курсовой.doc

— 289.00 Кб (Скачать документ)

Экотуризм тұрақты дамуға көшу кезінде басқа туризм түрлерімен салыстырғанда экономикалық және экологиялық  тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қабілетті. Экономикалық даму деңгейі мен қоршаған орта макро аудандарының жағдайы бірдей еместігіне байланысты және дамушы елдер үшін тұрақты дамуға өту ерекшеліктеріне тән.

Дамушы елдерде тұрақтылықтың  алғашқы шарты экономикалық даму болып табылады. Дамыған елдермен салыстырғанда мұнда табиға территориялардың біраз бөлігі сақталған немесе аздаған антропогендік әрекетке ұшыраған.

Көп жағдайларда үлкен  өзгерістерге аз әсерлі ауыл шарушылығы территориялары ұшырайды. Бұл шаруашылық қарқынды өсіп келе жатқан халық үшін жалғыз өмір сүру көзі болып табылады. Тек осы мемлекеттердің экономикалық дамуы қоршаған ортаға антропогендік ауырлықтардың түсуін бәсеңдетіп, табиғи территорияларды сақтауға көмектеседі. Бұл территориялар планетаның экологиялық тепе-теңдігін және әлемдік мұра болып саналатын дәстүрлі мәдениеттерді қолдау үшін өте маңызды болып табылады.

Экологиялық даму адамдық  және әлеуметтік капиталдың өсуісіз  мүмкін емес. Бұлардың өсуі – дамушы елдердің экологиялық тәуелділіктен  босатылудың шарттарының бірі болып табылады.

Дамыған елдер табиғи ортаның өзгерунің арқасындағы  нәтижеде өзінің экономикалық күшінің дамуына, сонымен қоса адамдардың дамуның жоғарғы сатысына қол жеткізді. Бұл елдерде өзгеріске аз ұшыраған территориялардың тек аз ғана бөлігі сақталған. Табиғаттың өзгергіштігі, ең алдымен өмір деңгейінің сапасына әсер етеді, бірақ экономикалық дамудың артықшылықтарымен бұл мәселелер жабылып кетеді. Сондықтан ландшафттарды қайта қалпына келтіру және мүмкіндігінше осы бақылау маңыздылығы артады, ол ауылды жердің дамуына тікелей байланысты болып келеді.

Сонымен, дамушы елдер  табиғи капитал артықшылықтарына ие, бірақ оның ауқатын арттыру мақсатында пайдалану әсері аз. Дамыған елдер  болса, адамдық және әлеуметтік капиталдың үлкен бөлігіне ие, ал табиғи ортадағы жетіспеушілікті дамушы елдердегі белсенді экотуристік әрекетпен толықтырылады. Дамыған елдерде табиғи орта дамушы елдердегіге қарағанда тұрақсыз болып келеді. Ал әлеуметтік жағы керісінше тұрақты болады.

Орталық және Шығыс Европаның  сонымен қатар ТМД елдері жататын өзгермелі экономикасы бар елдердің барлығы бір уақытта дамыған және дамушы елдерге тән мәселелерді бастан кешіреді. Осылайша өзгермелі экономикасы бар Европалық елдерде өзгеріске ұшыраған табиғи орта әлеуметтік сипаттағы мәселелер ұштасады. ТМД елдерінде, әсіресе Ресейде, Қазақстанда, антропогендік өзгерістерге аз ұшыраған табиғи территориялардың үлкен аудандары сақталған, ал әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақсыздығы табиғатқа тым көп ауыртпалықтар түсірумен анықталады. өкінішке орай бұл мемлекеттер басшылығы өздерінің негізгі күштерін әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа жету үшін табиғаттың тұрақтылығының есебінен бағытталған. Бұл жағынан ауыспалы экономикасы бар елдер дамушы елдерге ұқсас.

Дамудың тұрақтылығы  жөніндегі айырмашылықтар тұрақтылыққа жету жолындағы экологиялық туризм ролінің географиялық спецификасын анықтайды.

Экотуризм саласындағы  сұраныс пен ұсыныс арасындағы географиялық айырмашылықтар оны ұйымдастыруды  және сипаттамасы арасында айырмашылықтар тудырады. Сұраныс көп жағдайда әлеуметтік-экономикалық факторларға тәуелді (халық табысының өсуі, бос уақыттың көбеюі, табиғатта демалудың қажеттілігі), олардың біраз бөлігі дамыған елдерде шоғырланған. Ұсыныс, әлеуметтік- экономикалық факторлармен және табиғи факторлармен де анықталады, және де дамыған елдрмен қатар дамушы елдерде де шоғырланған. Осылайша ішкі және халықаралық экотуризмді айыруға болады. Ішкі және халықаралық экотуристердің мақсаттары әр түрлі болады. Дамыған және дамушы елдердің экологиялық туризмді дамыту мақсаттары түрлі болады. Осының негізінде экотуризмді ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша мемлекеттердің төрт тобын айыруғ болады:

Бірінші топқа барлық дамушы елдер немесе үшінші әлем елдері – Кения, Эквадор, Коста-Рика, Непал, Белиз және т.б. жатады. Дамушы елдерде табиғаттың түрлілігі және ауқымы жағынан салмақты артықшылықтарға ие. Олар тропикалық орандардан шалғынды саванналарға дейін созылып жатыр. Бұған қоса бұл мемлекеттер таза түріндегі бірегей флораның және фаунаның түрлілігін ұсынады.

Экологиялық туризмде парасатты менеджмент болса, қоршаған ортаның  өмірге лайықты альтернативалық қолданылуын қамтамассыз ете алады. Үшінші  әлем елдері үшін  экотуризмді дамыту, классикалық түкпірден шығарудың оңай жолы екендігі  таң қаларлық жағдай емес. Сонымен қатар  жергілікті жабайы табиғаттың есебінен валюта табудың үлкен перспективасы ашылады. Осының салдарынан туристерге көрсету үшін осы табиғатты сақтаудағы жергілікті басқару орындарының және халықтың үлкен қызығушылығы пайда болды.

Осылайша каптиал жетіспеушілігі бар үшінші әлем елдерінің көпшілігі үшін экотуризмді дамыту ең ыңғайлы перспектива болып табылады. Туристердің көп бөлігі бұл елдерге шетелден келушілер. Олардың негізгі мақсаттары – территорияның экзотикалық табиғатымен, жергілікті халықтың мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысу болып келеді.

Көп жағдайда бұл елде экотуризм тек туризмнің саласы болып қана қоймай экономиканың маңызды  саласы болып табылады. Экотуризмді  дамыту бұл елдер үшін біріншіден – экономикалық даму құралы және тек екіншіден – табиғатты қорғау болып саналады. Мұнда қызыметтерді ұсынудың үлкен бөлігі шетел капиталдарында шоғырланған. Сол себептен түскен қаржыныңкөп бөлігі сыртқа кетеді. Қалған бөлігі мемлекет бюджетіне және де азғантай бөлігі табиғатты қорғауға жұмсалады. Бірақ  
экотуризм табиғатты қорғаудағы жалғыз қорғаушы күш бола отырып бағаланбас рол ойнайды.

Екінші топқа шетелдік экотуристерді тартатын экзотикалық  табиғаты мен жергілікті тұрғындар  мәдениеті бар дамыған елдер  кіреді. Бұл топқа Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР жатады. Мұнда алда айтылған елдерден айырмашылығы қызмет көрсетудің едәуір бөлігі жергілікті компаниялар иелігінде, ал экологиялық туризм экономикалық даму және табиғатты қорғау құралы ретінде қарастырылады.

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экотуризмді ұйымдастырудан ерекшеленетін мемлекеттер тобы

 

Үшінші топтың елдері үшін ішкі және халықаралық экотуризмді  ұштастыру тән. АҚШ-та сұраныстың көлеміне байланысты ішкі экотуризм ауқымды  дамуда, ал Канадада, Скандинавияда  және Жерорта теңізі аймақтарында – халықаралық экотуризмнің дамуы басымырақ болып келеді. Бұл топ мемлекеттерінде шетелдік және ішкі экотуристерді өзіне тартатын бірегей табиғи объектілер орналасқан. Ішкі экотуризмнің дамуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табиғатта және белсенді рекреацияда демалуға сұраныстың артуы болып саналады. Мемлекеттердің бұл топтары үшін экотуризм салаларының көптүрлілігі тән – жабайы территорияларға саяхаттаудан ауылды жерлерде және тарихи мәдени территорияларда демалуға дейін. Экотуризм осы уақытқа дейін сақталған табиғи территорияларды қорғаудың және ауылды жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқалыптылығын қамтамасыз ету құралы болып саналады.

Төртінші топтың мемлекеттерінде  қызмет көрсетудің басым бөлігі жергілікті ұйымдардың қолында. Экотуризмді ұйымдастырудан кейбір функциялар мемлекетке жүктелген. Оларды жергілікті басқармалар және қоғамдық ұйымдар орындайды. Бұл топқа Европаның қалған дамыған мемлекеттері – Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания және т.б. кіреді. Бұл мемлекеттерде үлкен сұранысқа ие ішкі туризм дамуда. Осы елдерде экологиялық туризм табиғи ортаны және аудандарды экономикалық маңыздылығының қайта қалпына келуіне әсер етеді. Әсіресе, әлсіз ауылшаруашылық және ескі өндірістік аудандарға.

Экономикасы өзгермелі  кезеңдегі елдерді қазіргі заманда  аталған топтардың біреуіне жатқызу  қиын. Ол экотуризмнің әлемдік нарығына жатпайтындығына және өтпелі жағдайына  байланысты болған. Бұлардың арасына  экологиялық туризмнің дамытуының барынша болашағы барлары – Ресей және Қазақстан. Егер алға қойылған өзгерістерді және өмір сүру деңгейінің жоғарылату мақсаттары орындалса, Ресей және Қазақстан үшінші топқа, Орталық және Шығыс Европа елдерін – төртінші топқа жатқызуға болады. 

 

 

2.4 Әлемнің кейбір елдеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі

 

Экологиялық туризм жиынтығында  табиғатты қорғау және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жаңа жұмыс орнын  құру арқылы шешеді. Бұл үшін гид-жолаушылар, транспорт құралдары, экотуристер  үшін азық-түлік қоры мен тұрғылықты орын, халықтық қолөнер бұйымдарының жасалуы мен сатылуы, сондай-ақ осы секілді көптеген заттар қажет. Яғни, кез-келген елде экологиялық туризмнің дамуына мүмкіндік бар. Дегенмен, туризм пайдалы болу үшін оның алдын-ала жоспарланған ұйымы болу керек.

Жылдам өсуші туристік өндірістік секторы сияқты экологиялық  туризм инвестициялар үшін қызығарлықтай  ұсыныс болып табылады және үлкен  бизнестің бір түрі бола алады.

Канаданың жабайы табиғатты  қорғау қызметінің зерттеуі бойынша  экологиялық туризмнің әлемдік нарықтағы құны – 200 млрд. АҚШ долларына тең.

Экологиялық туризм үшінші әлемнің көптеген аймақтарында туристік нарықтың ең негізгі сегменті болып  табылады. Дүниежүзілік табиғатты қорғау қорына 1988 жылы осы елдердегі туризмге түскен 55 млрд. доллардың 12 млрд. доллары экотуризмнен.

Әрі қарай экологиялық  туризмнің кейбір елдердегі дамуы  мен ұйымдарына мысал келтіреміз.

Экологиялық туризмнің  экономиканың маңызды бір саласы ретінде дамуына Кения мысал  бола алады. Бұл мемлекеттің басшылығы  экологиялық туризмді дамыту ортасында белсенді саясат жүргізуде. 1977 жылдан бастап толығымен аңға шығуға шектеу салу заңы әрекет етуде. Экотуризмнің дамуындағы жетістік жақсы реттелген ЕҚТТ жүйесіне негізделеді. Бұрын экологиялық туризмнен түскен қаржының біраз бөлігі ЕҚТТ және жергілікті қоғам арқылы мемлекеттік бюджетке түсіп отырды. Қазіргі уақытта Кенияда ЕҚТТ-ны өкілетті басқаратын және және барлық ақшалай қаражатты рационаьды үлестіріп отыратын Жабайы табиғат қызметі құрылған. Нәтижесінде түскен пайданың негізгі бөлігі жергілікті жерде қалдырылуы ұлттық саябақтардың қаржылай мәселелерін жеңілдетті.

Сонымен, экологиялық  туризмнің дамуы табиғи капиталды  қолдану есебінен жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін табиғи орта күрделі антропогендік өзгеріске  ұшыраған жоқ. Бұл осы елде экотуризм толығымен дами алады дегенді білдіреді. Экологиялық туризм ОАР-да қарқынды дамыды. 1994 жылы республика ДТҰ-ға мүше болды. Бұл жыл туризм ортасында түбегейлі өлшемдерді қабылдау жылы болды. ОАР туристік кеңесі елдің табиғи шарттарының әртүрлілігіне байланысты арнайы туристік гидтерді даярлайды.

Экологиялық туризмнің  түрлері әр түрлі – бұлар жорықтар, ботаникалық экскурсиялар. Елдің  табиғаты антропогендік жүктемелерге ұшырамаған, сондықтан экологиялық  туризмнің ұйымдары үшін қажетті шынайы ландшафттың едәуір бөлігі сақталған. АҚШ – бұл ішкі және халықаралық туризм қатар дамыған ел. Экологиялық туризм бұл елде көбірек танымал. Мұнда экотуризмнің өркендеуі үшін арнайы ұлттық саябақтар жүйесі қызмет етеді. Ол тек табиғатты қорғау құралы емес, сондай-ақ экомаршруттар өтетін жақын елді-мекендердің инфрақұрылымының жақсаруына әсер етеді.

Елде экотуризммен байланысты ұйымдар саны көп. АҚШ-та экотуризмнің жаңа түрлерінің бірі – отбасылық  фермадағы туризм. Экономикалық қиындықтарға тап болған фермерлер пайданың жаңа көзін іздеуге мәжбүр. Отбасылық фермадағы туризм  дамуы үшін қаржыны қажет етпейді, сонымен туризмнің фермаларда дамуы олардың негізгі қызметіне қолайлы толықтыру болып табылады.

АҚШ-та және басқа дамыған  елдерде экологиялық туризмнің ролі жергілікті деңгейде үнемі өсіп отырады.

Ұлыбританияда ішкі экотуризм  дамуда. Елге бағытталған дүниежүзілік туристік сапарлардың көп бөлігі іскерлік, ғылыми және мәдени экотуризммен байланысты.

Экологиялық туризмнің  дамуы негізінен Англияның ауылдық жерлер жөніндегі комиссиясымен ретке келтіріліп отыратын жергілікті әкімшіліктің қарамағында.

Ауылдық жерлер жөніндегі  комиссия ландшафтты қайта қалпына  келтіретін фермерлерді ынталандыратын бағдарлама шығарады, соның ішінде агротуризм маңызды роль атқарады. Ұлыбританияда экотуризм жергілікті халықтың экономикасының дамуы мен жерді қалпына келтірудің маңызды көзі болып табылады.

Емдік туризм жүйесі жақсы  дамыған Чехия елінде экологиялық  туризмнің дамуына көп көңіл  бөлінеді. Чехиядағы ең көрікті орын «Чех Швейцариясы» деп аталатын қорық. Мқнда экологиялық туризмнің қарқынды дамуы үшін қажет мүмкіндіктер бар. Олар: ертегідегідей қалың орман, суретті жазықтар, терең шатқалдар, өзінің әдемілігімен және айбындылығымен керемет романтикалық жартастар мен ескерткіштер.

Экологиялық туризм Бразилияда тез қарқынмен дамып келеді. 1996 жылы Бразилия экологиялық туризм үшін Доминик республикасы, Эквадор, Перу, Чили және Аргентина сияқты елдерге  қарағанда 3 млрд. АҚШ долларын салды. Дегенмен, қоршаған ортаны жоспарлау мен басқару жөніндегі ассосацияның мәліметтері бойынша бұл елде инвестицияның деңгейі жоғарылауда: 1988 жылы ол 8 млрд.-ты, ал 1999 жылы 12 млрд.-ты құрады.

1997 жылы Бразилияда  әр түрлі елден 2000 делегат келіп  қатысқан «World Ecotour 87» конференциясы болып өтті. Рәсімнің ашылу салтанатында ДТҰ-ның бас хатшысы Франческо Франджелли экологиялық туризмнің барлық дамушы жолдарын атап көрсетті. «1997 жылдағы дүниежүзілік туристік сапардан түскен пайда 620 млн. долларды құрайды » -дейді Франджелли мырза. Экотуризм осы түскен қаржының 20%-ін құрайды. Мамандардың болжамы бойынша экотуризм әрі қарай өсуге деген беталысты сақтап келеді.

Экологиялық туризмнің  дамуы мен ұйымдардың сауалына ТМД  елдерінің басқасына қарағанда  Ресей көп көңіл бөледі. Бұл елде экотуризмнің дамуы үшін маңызды потенциалдар жеткілікті, мысалы: территориясының 45%-ы антропогендік өзгеріске ұшыраған, ал АҚШ-та бұл сандар 4%, Батыс Европада 2-3%-ды құрайды.

Информация о работе Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары