Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.
Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері

6

1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны,рөлі және мәні
6

1.2 Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

14

1.3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры
22
2
2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру

28

2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

28

2.2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау

53

2.3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты турларды жоспарлау және ұйымдастыру

58
3
3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары
67

3.1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
67

3.2 Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар
76

ҚОРЫТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

искерлик диплом руся.doc

— 3.16 Мб (Скачать документ)

Облыстағы 686,9 мың адам үшін жыл бойы жұмыс істейтін осындай орны бар емдеу-сауықтыру кешендері анық жетпейді. Тұрғындар тұрмыс жағдайының оң өзгерістері мереке, демалыс күндері және демалыс мерзімінде толық демалыс пен туризмді ұйымдастыруға сұранысты көбейтіп отыр.

Ақтөбе, Сазды су қоймалары жағасындағы жағажай, демалыс орындары жабдықталды, ведомстволық қонақ үйлер салынды. Қарғалы су қоймасы жағасынан демалыс аймағын жасау жөніндегі дайындық жұмыстары басталды.

Облыстың барлық аудандарында клубтар, 8 аудандық тарих және мәдениет мұражайлары, Ақтөбе қаласында – 3 мұражай мен 4 Мәдениет үйі, филармония, облыстық драма театры, қуыршақ театры, кинотеатр және басқа да мәдени және көңіл көтеру орталықтары бар.

Тарихи және табиғи туристік объектілер шоғырланған ауылдық жерлерде шағын турорталық – бір ғимаратта мұражай, қонақ үй, кафе, кітапхана, спортзал, кинозал және сувенир дүңгіршектерін орналастыру тәжірибесі бар. Осындай ауылдық орталықта туристерге қысқа мерзімге демалысқа тоқтау және танымдық-экскурсиялық маршруттар жасау қолайлы. Облыс аудандарында демалыс және туризм объектілерін – қонақ үйлер, кемпингтер, маусымдық турбазалар ашу жоспары әзірленді, дегенмен, туризм саласында инвестициялардың, кадрлардың, сауатты маркетингтердің және менеджменттердің жоқтығы бар әлеуетті пайдалануды тоқтатып тұр. Облыс аудандарындағы туризм жай қарқынмен дамуда және ұйымдастырылмаған сипатта, бұл туристік ресурстарға орны толмас шығын әкелуде.

Басқа елдерден іскерлік сапармен келген туристерді қабылдайтын ведомстволар туристік фирмалар қызметіне сүйенбей-ақ өздері орналастыратынын және қызмет жасайтынын талдау көрсетіп отыр. Мұндай туристердің туристік қызметтің толық кешенін алуға мүмкіндігі жоқ.

Іскерлік келу туризмінің турмаршруттарын жасау кезінде қатысушылардың өзара әрекеттестігі ғана бизнес-турларға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және облыстың туристік имиджін нығайтады

Қызмет көрсету бағдарламасын жасау кезінде Орталық Азия елдерін тану мақсатында саяхат жасайтын туристер үшін біздің облыс транзиттік екенін, олардың біздің өңірде қысқа мерзімге келетінін ескеру керек.

Туристердің негізгі ағыны – бұл жергілікті туристер және Қазақстанның басқа облыстарынан келген қонақтар. Туризмнің жасалынатын инфрақұрылымы осыны ескере отырып құрылуы және оқушылар, жастар мен жергілікті тұрғындар үшін қол жететіндей болуы тиіс.

Көрші облыстарға қарағанда Ақтөбе облысының климаттық жағдайы жыл уақыттарын анық көрсетеді, тек жергілікті ғана емес, сонымен бірге көрші өңірлер тұрғындары да демала алатындай жыл бойғы туристік кешен құруға мүмкіндігі бар [36].

Батыс Қазақстанның көлік тораптары шоғырланған облыстың географиялық жағынан қолайлы орналасуы облысты өңірлік туристік орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді.

Астана қаласының туристік инфрақұрылымының жағдайы.

Жайлы жатын-орынсыз не береке болмақ? Басты талаптың бірі осыған тіреледі. Қазақстанда қонақ үйдің қандай қиындығы болуы мүмкін деушілер табылар. Істеп тұрғандары бар, салынып жатқандары бар. Орын тапшылығы болмайтындай күйде бәрі. Бірақ бұл сезім шынайы шындық пердесін аша алмайтыны анық. Жедел өсіп жатқан қалаларда қонақ үйлер жүйесі де шапшаң қарқынмен дамуы қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай олқылықтардан қонақтардың кей ретте өз мүмкіндігіне сайма-сай орналаса алмау фактілері де кездеседі. Бүгіндері қонақ үй нөмірлерінің жалпы саны 1529 болса, оларға бір кезектегі сыйымдылық деңгейі 2530 адам екен. Ал ірі халықаралық жиындардың кезінде қалаға 4 мыңға жуық адам келетінін ескерсек, осынау салыстырмалы саннан біраз проблеманың басы қылтиятыны сезіледі. Сондай қысылтаяң шақтарда бір қонақ үйлік кереует-орынға 2 мейманнан қисаятынын болжауға болады. Бұл енді өз атымен атасақ, үлкен кемшілік. Және де Астана имиджіне көлеңке түсіретін олқылық.

Турист назарынан мейрамханалар мен кафелердің жұмысы да қағаберіс қалмасы анық. Бүгінде Астанада олардың саны 572 бірлікті құрайды. Үстіміздегі жылдың тоғыз айында бұл сала бизнесі 60 пайызға жуық өскен. Тиісінше баға индексі 23,8 пайыз артыпты. Өкінішке қарай, бұдан көрсетілетін қызметтің сапасы жақсарды деуге болмайды. Осы жағын ескерген әкімдік қаладағы 1,5 мыңдай қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметкерлері арасында тақырыптық конкурстар мен семинарлар өткізуді жоспарлап отыр. Шыңдала бергеннен береке кірері анық қой.

Астана былайғы көзге барлық ішкі-сыртқы сипатын әп дегеннен жарқырата ұсынбай, мөлдірсіздіктен адаланып, тұйықтала түссе, оған ешкімнің зауқы соқпайтыны аян. Егер ірі-ірі базарларда Батыс пен Шығыста көзіқарақты болған әлемдік брэндтер алдан шығып жатса, әрине, имидждік тұрғыдан шетелдік қонақтарды зор әсерге бөлер еді. Осындайда жұртшылықтың қаладағы көптеген ғимараттар атауының өзге тілде “былдырлауына” деген наразылығына түсіністікпен қарай отырып, оларды жаппай өзгерткен жағдайда туристер түсінігі мен қызығушылығына солғындық сызатын салмай ма деген пікірлер де айтылып жүргенін жасыруға болмайды. Ал дейік, “Мак-Дональдс”, “Пицца-Хат”, “Суши-бар” деп аталатын брэндтік жазуларды өзгерткен екенбіз, одан ең алдымен шаһарымыздың инвестициялық тартымдылығына нұқсан келетінін де ойлағанымыз абзал. Қала жетекшілерінің пайымынша, мысалы, бүкіләлемдік белгі құлаққа сіңімді атау “Рамсторды”, айталық, шартты түрдегі “Аламанға” қазіргі латын әрпінен кириллицалық нұсқасымен жазар болсақ, бұл бір жағынан тауар маркасына деген авторлық құқықты өрескел бұзушылық ретінде қарастырылатынын ұмытпағанымыз жөн-ау. Сондықтан кейбір мәселенің байыбын жете түсінбей, әсіре байбаламға салыну да опық жегізетінін ескере жүрейікші. Қазақы атау – қанымызды қыздырады, ұлттық намысымызды ширатады, отансүйгіштігімізді еселей түседі. Дұрыс-ақ. Әйтсе де елорда имиджін әлемдік деңгейге көтеру жөнінде ыстық ықыласымыз болса, оның жолына қолдан кедергі жасаудың не жөні бар? Қазақылығымызды сыртқы жарнама-жарқылдақ жазуларсыз-ақ ішкі рухани әлділігімізбен; жаппай қазақша сөйлеуге көндігуімізбен; мемлекеттік тілді қасиеттеп қолданып, қызғыштай қорғауымызбен нығайтып жатсақ, әне өркениет көшіне батыл ілесіп, жаппай жаһандану жорығында жағамызды тіктей алатын дәрежеге көтерілер едік-ау.

Такси мәселесіне тағы соқпай кете алмаймыз. Онсыз туристік кластер Турист назарынан мейрамханалар мен кафелердің жұмысы да қағаберіс қалмасы анық. Бүгінде Астанада олардың саны 572 бірлікті құрайды. Үстіміздегі жылдың тоғыз айында бұл сала бизнесі 60 пайызға жуық өскен. Тиісінше баға индексі 23,8 пайыз артыпты. Өкінішке қарай, бұдан көрсетілетін қызметтің сапасы жақсарды деуге болмайды. Осы жағын ескерген әкімдік қаладағы 1,5 мыңдай қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметкерлері арасында тақырыптық конкурстар мен семинарлар өткізуді жоспарлап отыр. Шыңдала бергеннен береке кірері анық қой.

Егер ірі-ірі базарларда Батыс пен Шығыста көзіқарақты болған әлемдік брэндтер алдан шығып жатса, әрине, имидждік тұрғыдан шетелдік қонақтарды зор әсерге бөлер еді. Осындайда жұртшылықтың қаладағы көптеген ғимараттар атауының өзге тілде “былдырлауына” деген наразылығына түсіністікпен қарай отырып, оларды жаппай өзгерткен жағдайда туристер түсінігі мен қызығушылығына солғындық сызатын салмай ма деген пікірлер де айтылып жүргенін жасыруға болмайды.

Туристік инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Туропреатордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 наурыздағы №333 Қаулысымен Қазақстандағы туризмді дамыту Тұжырымдамасы, сондай-ақ туристік қызметті реттейтін бірқатар басқа да нормативтік-құқықтық актілер бекітілді.

Туризм экономиканың басым салаларының бірі ретінде белгіленген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерге байланысты қазіргі уақытта туризмді дамытуға ерекше маңыз беріледі.

Ақтөбе облысының Қазақстан туризмінің ерекше қорғалынатын объектілерінің Тізбесіне енген бірегей объектілері бар, географиялық жағынан тиімді орналасқан, айтарлықтай туристік әлеуетке ие. Бұлар – Жаманшың метеорит кратері, Айдарлы аша бірегей геологиялық қимасы, Торғай зоологиялық табиғи қорығы және басқалары. «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасына енгізілген 14-15 ғасырлар ескерткіші Абат Байтақ кесенесі қалпына келтірілуде. Облыста тарихи-мәдени, табиғи ескерткіштерді сауатты пайдалануға және демалыс пен туризм инфрақұрылымы объектілерін құруға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Бағдарлама экономиканың басым секторы ретінде саланы тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің негізгі аспектілерін қамтиды. 2006-2008 жылдарға арналған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарлама аясында туристік саланың қызметін реттеу, туризмді дамыту мақсатында мемлекеттік басқару мен қолдауды қамтамасыз ету қарастырылған. Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Қазақстанда ІЖӨ жалпы көлеміндегі туризм үлесі 1,5% құрайды.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.

Өңірдегі туризмнің дамуын талдау көрсеткендей, Қазақстанда соңғы үш жылда Ақтөбе облысының белгілі бір туристік имиджі қалыптасты, ол туралы туроператорлар – Алматыдағы және Астанадағы Халықаралық туристік көрмелерге қатысушылардың облыстың туристік әлеуетіне танытқан қызығушылықтары, сондай-ақ жыл сайын туристік бизнес субъектілерінің санын көптеп тартып отырған дәстүрге айналған облыстық туристік жәрмеңке куә болады.

Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерінің, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлері мен шетел туроператорларының тұрақты қызығушылығы байқалады. Үш жыл ішінде ұйымдастырылған туристер саны 2 еседен астам, ішкі туризм бойынша – 3,5 есе, туристік фирмалар қызметінен түскен салықтық аударылымдар 3 есе көбейді.

Қазіргі уақытта шетелдерге демалысқа, емделуге, іскерлік сапарға, шоп-турға кеткен туристер саны басымдық алып отыр. Қазақстанның ішінде емделу мен демалыс үшін ұйымдастырылған жолдамаларға сұраныс бар болғаны 25%-ға қанағаттандырылады. Сонымен бірге, облысқа ТМД елдерінен келген ұйымдастырылмаған туристерге туристік қызметтің толық кешені көрсетілмейді.

Нашар дамыған инфрақұрылым, облыстағы туробъектілердің материалдық-техникалық базасы, кәсіптік кадрлардың, туристік қызмет рыногына қатысушылар арасында тығыз өзара байланыстың болмауы, халықаралық деңгейде имидждік компанияның жеткіліксіз жүргізілуі – бұның бәрі өңірде туристік саланың қалыптасуына кедергі болады.

Туризмді одан әрі дамытуды қамтамасыз ету үшін маңызды мәселе саланы қаржыландыру болып табылады. 2007-2011 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 6,1 млн. теңге бөлінді, сала алдында тұрған міндеттерді ескерсек бұл анық жеткіліксіз. Біздің облыс «WTM» Бүкіләлемдік туристік биржасы (Лондон), «FITUR» Халықаралық туристік жәрмеңкесі (Мадрид), «ITB» Халықаралық туристік биржасы (Берлин),

«МІТТ – саяхат және туризм» Москва халықаралық биржасы сияқты белгілі халықаралық туристік іс-шараларға қатыспады, тек 2009 жылдан бастап қана Алматыдағы «КІТF» халықаралық туристік жәрмеңкесіне және 2010 жылдан бастап Астанадағы халықаралық туристік жәрмеңкеге ұсынылды.

Туристік жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу – бұл тек ақпаратты тарату ғана емес, сонымен бірге әлеуетті клиенттер сауалын зерттеу, нақты тұтынушыға бағдарланған туристік өнім жасау, туристік бизнеске қатысушылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігі, келешегі бар байланыстарды жолға қою.

2010 жылдың наурыздың 27-сі күні. ҚазАқпарат баспасында - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында Астана қаласын іскерлік туризм орталығына айналдыру міндетін қойды, ал Батыс Қазақстан облысы туризм бойынша табыс түсіретін салаға айнала алады. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Миржан Сатқанов ҚазАқпарат тілшісіне мәлімдегеніндей, Қазақстанның қай өңірінде де туризмді дамытуға толық жағдай бар. Солардың арасында Ақ Жайықта да көркімен тартымды, тарихымен тағылымды орындар баршылық. Қазақстандағы соңғы хандықтардың бірі болып есептелетін Бөкей ордасының  өзі неге тұрады. Мұнда Жәңгір хан тұңғыш рет отырықшылық ғұмырға көшіп, қала салды.

Кезінде Ордада ұйымдастырылған жәрмеңкелерге көптеген елдер көпестері үздіксіз келіп-кетіп жатты. Хан ордасындағы тарихи орындар кейінгі кезде қайта жаңғыру үстінде. Сол сияқты табиғаты ерекше, суы шипалы, жаз кезінде Ресейдің көршілес облыстарынан да адамдар ағылып келіп жататын Шалқар көлі жағасы да ұсынысты қолдауды күтеді. Облыста туризмді жандандырудың бастапқы қадамдары жасалды деуге болады. Батыс Қазақстан облысында туристік саланы дамытудың 2010-2011 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына сәйкес 2010 жылы 6 млн. теңге жұмсалса, өткен жылы 2,5 млн. теңге бөлінді. Жоспар бойынша 2010 жылы 19 шара (бір халықаралық, екі республикалық, 16 облысаралық) ұйымдастырылса, 2011 жылы ішкі халықаралық, жеті республикалық шара өткізілді.

Мамандар туристік нысандарды құжаттау және түгелдеу жұмыстарын жүргізіп, Орал өңірі республика көлемін айтпағанда, Бүкіләлемдік ITB Берлин туристік биржасында, Лондон қаласында өткен WTM халықаралық туристік көрмесінде көрінді. Қазіргі кезде облыста 19 туристік фирма қалыпты жұмыс жасауда. «Правдухиннің ізімен» мәдени-экологиялық экспедициясы Орынбор мен Орал арасында дәнекер қызметін атқарса, облыстық дәрежеде өтіп келген «Еуропа-Азия» фестивалін енді биылдан бастап республикалық деңгейде ұйымдастыру ойластырылып отыр. Облыс әкімінің «Батыс Қазақстан облысында туризмді дамыту туралы» шешіміне сәйкес, аймақта тау шаңғысы базасын салу, жаңа туристік бағыттарды ашу да көзделуде.

Балалар мен жасөспірімдер ат спорты мектебінің директоры, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, жылқы маманы Алтай Зинуллин Орал-Шалқар, Орал-Бөкей ордасы, Орал-Орынбор бағыттарында экологиялық салт атпен саяхаттау жорықтарын ұйымдастыруға қолдау керектігін айтса, облыстық балалар мен жаөспірімдер туризмі жғне экология орталығының директоры, педагогика ғылымының кандидаты Виктор Фоминнің ойынша, Оралдан Январцев ауылына дейін Кирсанов қорығы арқылы жас жеткіншектер атпен барып, Жайық өзенімен қайықпен кері қайтса, бұл тіпті қызықты да мазмұнды бола түсер еді. Туристік саланы дамытудың  2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасына орай облыстық бюджеттен 2009 жылы  10 млн. теңге, 2010 жылы  11,7 млн. теңге, 2011 жылы 13 млн. теңге бөлінбек. Батыс Қазақстан облысы бойынша туристік ресурстар кадастрын, Ақ Жайық өңірінің туристік нысандары жөнінде жарнамалық бүктемелер дайындау, аймақта аңшылық және балық аулау орындарын ашу, туризм туралы фотоальбом шығару, басқа да жобалар қолға алынбақ. Миржан Сатқановтың пікірінше, әлемдік туризмнің даму тәжірибесі көрсеткеніндей, барлық мемлекеттер де сыртқы және ішкі туризмге қатар мән береді, біріншісі ел қазынасына валюталық түсімдердің түсуін қамтамасыз етсе, екіншісі республика ішіндегі қаржыларды «тірілтіп», туризм инфрақұрылымының дамуына ықпал етеді. БҚО да осындай барлық деңгейдегі шараларға атсалысуға мүдделі. Сөз жоқ, елдің  туристік беделін көтеру жұмыстарын жандандыру Қазақстанға деген қызығушылықты өсіреді. Туризмді экономикадағы табысты салаға айналдыру мақсатында ҚР Индустрия және сауда министрлігінің 2005 жылы неміс мамандарына Қазақстандағы туризмді зерттеп,дамыту мәселесі тектен-тек емес. Бұл жоба алдағы сәуір айында аяқталуы тиіс. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары түйіндегеніндей, барлық жерде бірдей тұрақты көңіл бөлініп, қолдау көрсетілсе, туризм болашақта Қазақстанда, оның ішінде Батыс Қазақстан облысына мол қаржы әкелетін салаға айналатын болады (15 сурет).

Информация о работе Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары