Қазақстандағы өзекті мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Июня 2014 в 11:47, сочинение

Краткое описание

Қазіргі таңда Қазақстандағы басты өзекті мәселелердің біріне девальвация айналып отыр. Ақшаның құнсыздануы елімізде көптеген өзгерістерге әкелді. Бұл тек біздің елімізге емес, бүкіл елге елеулі әсерін тигізді.
Жемқорлық қазіргі заманда жиі кездесетін мәселе. Бұл әрекеттер тек жеке адамға, жеке мемлекетке ғана емес, халықаралық деңгейде қауіпті. Қазіргі кезде жемқорлықпен күресу үшін көптеген мәселелер талқыланып жатыр. Қазақстан - сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту шаралары жүргізілуде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы өзекті мәселелер.docx

— 16.24 Кб (Скачать документ)

Қазақстандағы өзекті мәселелер

Қазіргі таңда Қазақстандағы  басты өзекті мәселелердің біріне девальвация айналып отыр. Ақшаның құнсыздануы елімізде көптеген өзгерістерге әкелді. Бұл тек біздің елімізге емес, бүкіл елге елеулі әсерін тигізді.

Жемқорлық қазіргі заманда жиі кездесетін мәселе. Бұл әрекеттер тек жеке адамға, жеке мемлекетке ғана емес, халықаралық деңгейде қауіпті. Қазіргі кезде жемқорлықпен күресу үшін көптеген мәселелер талқыланып жатыр. Қазақстан - сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту шаралары жүргізілуде.

Келесі маңызды мәселелердің бірі – экологиялық проблемалар. Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды. Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық қауіпсіздік мәселелері оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Себебі, өндірістік қоғамның табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды.

Инновациялық жобалар мәселелесіне көп көңіл бөлінуде. Мысалы, Қазақстан-Америка технологиялар трансфертінің орталығын құру, жоғары технологиялық каучук өндірісін жолға қою жобалары бар. Жалпы, Астана экономикалық форумы аясында өткізілген Инновациялық конгресте 3 жылда құны 100 миллион доллар болатын 40 меморандумға қол қойылыпты.

Ауру түрлері де елімізде көбейіп бара жатыр. Бұрын байқалмаған аурулардың саны артып бара жатыр. Бірақ, мемлекетімізде осыған байланысты көптеген шаралар жүргізілуде. Дағдарыс кезінде денсаулық сақтау саласын тиімді пайдалану, жаңа технологияларды енгізу, жұмыс берушінің, әр азаматтың өзінің денсаулық сақтау саласына жауапкершілігін арттыру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр.

Одан басқа, Қазақстанда көбінесе жастар арасында ішімдікке, нашақорлыққа құштарлық бар. Жастар еліміздің болашағы, сондықтан бұл мәселеге, менің ойымша, ерекше мән берілуі керек. Осы қоғамдық дерттің алдын алу, оның шырмауына жастардың түсіп қалмауы үшін қазіргі күні түрлі алдын алу шаралары кеңінен қолға алынуда.

Мүгедектер арасында жұмыссыздық кең орын алады. Олардың бір жерлері кем болса да, бұл адамдар еңбекке қабілетті. Бірақ, оларды жұмыспен қамтамасыз етпейді. Меніңше, егер оларға жұмыс жасау мүмкіндігін берсе, онда олар өз күндерін өздері көре алатын жағдайға жетеді.

Бұрыннан келе жатқан мәселелердің бірі - бала-бакша тапшылығы. Елімізде туылым деңгейі өсіп жатыр, алайда бала-бакшалардың саны әлі де жеткіліксіз.

Жыл сайын заңсыз мигранттардың саны артып келеді. Тұтастай алғанда бақылаусыз көші-қон болашақта қабылдап алушы тұрғындардың жекелеп және жалпылай алғанда қауіпсіздігіне қатер төндіреді, бұл - жергілікті еңбек нарығында және тұрғын үй мәселесіндегі, мигранттар монополиялап алған белсенді бірқатар экономикалық салалардағы бәсекелестік.

Салық органдарының төлемдер бойынша жұмысы Үкімет тарапынан салықтар мен дереу шешуді талап ететін салықтық әкімшілік ету саласындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Салықтық бақылау бойынша, салық төлеуден жалтарған салық төлеушілердің кесірінен келген бюджет шығыны 2010 жылы 246,1 миллиард теңгені құрады. Салық жүйесін жетілдіру, салық төлеуден жалтарушылар легін азайтуы тиіс. Біздің мемлекетіміз осыған орай жаңа Салық кодексін қолданысқа енгізді.


Информация о работе Қазақстандағы өзекті мәселелер