Қазақстандағы ішкі туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 19:43, дипломная работа

Краткое описание

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары..........................................................................................5
1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі.................5
1.2 Туризм индустриясының даму проблемалары .............................................7
1.3 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама....................12

2 ҚазақстандаҒы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктері............................................................................................25
2.1. Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері.....................25
2.2. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары..................................................39
2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар.................................................................48

Қорытынды............................................................................................................53

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................57

Қосымша...........................................................................................................58-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ-ІШКІ-ТУРИЗМ.doc

— 676.00 Кб (Скачать документ)

Конференц залы аудиовизуалды техникамен жабдықталған. Зал іскерлік кеңесуге арналған. Қонақ үйде хол және қысқы оранжерея бар. Осыған қоса 150 орынға арналған мейманхана, 36 орынға арналған кіші банкет залы кіреді. Бұл жерде ұлттық және халықаралық асхананы көруге болады. Жазда ашық ауада терассада отыруға болады. Демалуға арналған бассейн, сауна, бильярд ойнау залы бар. Кір жуатын жерлері   соңғы үлгідегі кіржуғыш машиналармен жабдықталған. "Бизнес-центр" – “3” жұлдызды қонақ үй. Швед фирмасы салған. Ол Кеңгір су қоймасының жағасында, қалалық демалыс орнында орналасқан. Бұңда желдеткіш, таза сумен қамтылған нөмірлер бар. Қонақ үй құрамына автокөлік тұрағы, 40 орындық мейманхана, 12 орындық конференц залы, емделу кешені кіреді. "Металлург" - қонақ үйі. Бұл қонақ үй 1969 жылы пайдалануға берілген. Жезқазған қаласының орталығында орналасқан. Қонақ үйде 10 адамға арналған 11 орын, 4 бар, жоғары категориядағы 2 нөмір бар. Қонақ үй құрамында 40 орындық кафе, 25 орындық жазғы кафе бар. Қонақ үйде іскерлік комплексінде 23 адам жұмыс атқарады. Бұл жерде ақылы қызметтер: сауна, бильярд, кір жуатын жер, мейманхана, кафе. Барлық қызметтер жоғары деңгейде орындалады. Сол сияқты өзінің қызметін медициналық орталық шетел қонақтарын қабылдайды. Бұл жерде 34 бір орындық нөмірлер бар. Нөмір желдеткіш, телевизор, телефон, тоңазытқьшшен жабдықталған.

Көлік коммуникациялық базалары. Қазақстанның көліктік жүйесі жақсы дамымаған деп айтуға болады. Қазақстан көлік жүйесі негізінен темір жол, автомобиль және әүе көлігінен тұрады. Туризм саласында көліктің маңызы өте зор болып табылады. Ол туристің қозғалуымен сипатталады. Қашықтық пен катысушылардың санын қысқартатын жаяу жорықтар мен экскурсияларды есептемегенде, көлік жоқ болса туризмде болмас еді.

Қазақстан автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 85 мың км-ге жуық, соның ішінде 55,7 мың км қатты жамылғылы 17,4 мың км жолдың республикалық маңызы зор, оның ішінде 11,8 мың км жол халықаралық маңызда. Қазақстан территориясынан өтетін жалпы темір жол ұзындығы 14,6 км. Кеме жүзетін ішкі су жолдары 4,0 км. Өкінішке орай автомобиль және темір жолдардың жағдайы нашар және әлемдік стандартқа сай келмейді. Әр жылы туристерді қабылдап отырған еліміздің беделіне әсерін тигізеді. 2002 жылдың аяғына жолаушыларға арналған жылжымалы паркінің саны былай болды: жалпы пайдаланудағы автобустар саны - 8659 дананы құрады, ал жолаушы және жүк пен жолаушы таситын өзен кемелерінің барлық саны - 10 дана болды. Қатынас        түрлері   бойынша жалпы       пайдаланудағы               көлікпен жолаушыларды тасымалдау (7-кесте).

Қонақ үйлік және мейрамханалық техника - бұл туризм саласындағы технологиялардың негізгі бөлігі болып, туризм индустриясының дамуына үлкен әсерін тигізеді. Соңғы он жылда Қазақстан қонақ үйлерімен мейрамханаларды жаңа қондырғылармен қамтамасыз етіп, қонақ үй және мейрамхана шаруашылығындағы жұмыскерлердің жұмысын жеңілдетті.

Коммуникациялық техника қазіргі кезеңде компьютерлік технологиялардың дамуымен байланысты. Көп көлемдегі ақпараттарды сақтай алатындықтан және де тез өңдейтіндіктен компьютерлерді қолдану ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың революциялық қайта құруға алып келді. Ақпараттық жүйелерді қолдану туристік рыноктаға жұмыстарды істеуге өз әсерін тигізіп жеңілдетті.

Көлік - коммуникациялық базалар:

    • көліктік - коммуникациялық жүйе (темір жолдар, автожолдар, әуебайланыстар, телефондық жүйе факс, интернет жүйесі және басқалары);
    • көліктер (локомотивтер, вагондар, автомобильдер, самолеттер және басқалары);
    • көліктік қозғалысты реттейтін ұйымдар;
    •   көлікпен     байланыстың     техникалық     базалары     (депо,    парктер,     базалар және басқалары).

Қазақстанның ішкі туризмдегі коммуникациялық техникаға келетін болсақ, төмен деңгейде дамып, әлі толығымен қамтамасыз етілмеген. Алғы шептегі техникамен Қазақстанның ірі қонақ үйлері ғана пайдаланып отыр. Атап кететін болсақ бес, төрт және үш жұлдызды қоңақ үйлер. Туристік рыноктың сұранысына және де әлемдік стандартқа сай болу мақсатында болашақта өз деңгейін табады деген ойдамыз.

7-кесте.

2001-2002 жылдардағы қатынас түрлері  бойынша көлікпен жолаушыларды  тасымалдау (млн. адам).

 

Көлік түрі

 

Халықаралық қатынас

Қалааралық қатынас

Қала         маңыңдағы қатынас

2001

2002

2001

2002

2001

2002

Темір жол

15,3

15,5

-

-

6,3

5,2

Автобус

3,0

2,6

10,0

8,2

26,7

34,0

Өзен

         

0,04

Әуе

0,3

0,4

0,5

0,6

-

-


 

 

Әуе көлігі саласында

Халықаралық туризмді дамытуға ықпал етуші негізгі факторлардың бірі жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазіргі уақытта республикаға алыс шетелдің алты авиакомпаниясы («KLM», «Lufthansa», «British Airlinees», «Asiana Air Arabia», «China South Airlines», «Turkish Airlines») тұрақты ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы  “Эйр Астана” Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндістан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткізе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.

Статистикалық деректерге сәйкес 2005 жылы әуе көлігі қызмет көрсетулерін 248578 турист (57,1 процент) пайдаланған.

Сапарлардың басым көпшілігінің әуе көлігін пайдалану арқылы жүргізілетінін ескерсек, авиапаркті жаңарту, жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау географиясын кеңейту, туристік ағынды көбейту мақсатында елеп-екшелген баға мен тариф саясатын айқындау, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет. 

 

 Темір жол көлігі саласында

Соңғы жылдары темір жол көлігі билет құнының қолжетімділігіне байланысты республика халқының негізгі жол жүру құралына айналды.

Статистика деректері бойынша, 2005 жылы темір жол көлігін 87615 турист  (10,27 процент) пайдаланған.       

Қазақстан аумағы бойынша өзімізде жасақталған 132 бағдар жолаушылар поезы жүріп өтеді. Оның ішінде қала маңындық қатынаста 69  бағдар бойынша; жергілікті қатынаста – 49, мемлекетаралық қатынаста – 11, халықаралық қатынаста – 3 поезд жүреді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ТМД елдерінде жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтеді. 

Жолаушыларға темір жол көлігінде сервистік қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар көзделген: Қазақстан Республикасы аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да жолаушылар поезында жолаушылар үшін ланч-бокстар құрудың технологиялық процесінің жобасы қарастырылуда, “ЖВ купе”, “РИЦ купе” санатындағы вагондардың жолаушылары үшін безендіріліп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару бағдарламасының жобасы әзірленді. 

Сонымен қатар “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамының поездарындағы қызмет көрсету деңгейі халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Вагон паркінің әбден тозуы және біршама бөлігінің ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттілігі жолаушылар тасымалының өзін-өзі ақтамайтындығымен, оларды субсидиялаудың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығымен түсіндіріледі. 

Автокөлік саласында  

         Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына сәйкес  республикалық маңызы бар жалпы  пайдаланудағы автомобиль жолдары  тізбесіне ірі туристік объектілерге  апаратын және туризмді одан әрі дамытуда барынша қызығушылық тудыратын  мынадай жолдар енгізілуіне байланысты соңғы жылдары туристік мақсатта автокөлік белсенді түрде пайдаланылып жүр:

  1. Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы - Қорғас;
  2. Шымкент–Қызылорда – Ақтөбе – Орал – Самара;
  3. Алматы – Қарағанды – Астана– Петропавл;
  4. Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шекарасы;
  5. Омбы–Павлодар–Семей–Майқапшағай;
  6. Астана – Қостанай – Челябі - Екатеринбург.

  Статистика деректері бойынша 2005 жылы қаларалық автобустардың қызмет көрсетулерін 87615 (20,1 процент) турист, басқа да құрлықтағы жол құралдарын 53765 (12,36 процент) турист пайдаланған.

2005 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша республикалық  маңыздағы жалпы пайдаланымдағы  автомобиль жолдары бойындағы  бөлінген жолақта мынадай объектілер  жұмыс істейді:  925 - АМС, 108-ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 - тамақтану және сауда орындары, 61 - автотұрақ.
Су көлігі саласында

Каспий теңізіндегі Ақтау порты Қазақстанды Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен   ішкі су жолдары бойынша қатынастар бар. 

  Шығыс Қазақстандық cу жолдары республикалық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорны жолаушылар  тасымалдауға лицензиясы бар  және туристік қызметке кіріктірілген  кемелер үшін Өскемен мен Бұқтырма шлюздері арқылы шлюздеу құнының 25 проценті мөлшерінде жеңілдетілген тариф белгіледі. Бұл ретте Өскемен және Бұқтырма шлюздері арқылы аз мөлшерлі флотты шлюздеу ұзындығы 10 м дейінгі кемені - шлюздеу құнының – 10%-імен және 10 метрден ұзын кемені - шлюздеу құнының 20%-імен жеңілдетілген тариф бойынша белгіленген кестемен жүргізіледі. Статдеректерге сәйкес 2005 жылы аталған кәсіпорын 276 туристке қызмет көрсеткен. 

Елдің басқа да су артериялары туристік мақсатта пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Еуропадан келген туристердің Каспий теңізі бассейіні аумағында үлкен қызығушылығы жағажай туризмінде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды. 

 

2.2. Ішкі туризмнің дамуының алғы  шарттары

 

Адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас қарама қарсы. Бір жағынан адам мен қоршаған орта арасындағы қиын комплексті қарым-қатынас, екінші жағынан ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен адам қызметінің табиғатты түрлендіруінен болатын қоршаған ортаның интенсивті өзгеруі.

Туризм адам мен қоршаған орта арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Алайда мемлекеттегі жаңа нарықтық жағдай ішкі туризмді дамытудың проблемаларын, әсіресе әлемдік туристік нарықтағы бәсекелестік жағдайын үлкейтті.

Мемлекеттегі қиын экономикалық және қаржылық жағдай туризмнің  әлеуметтік мәселелер аспектілерін қиындатты:

      • өмір сүру деңгейінің төмендеу;
      • тура табыстың қысқаруы;
      • қазақстан халқының табысының шуғұл дифференциясы;
      • тұрғындардың сатып алушылық қабілетінің төмендеуі;
      • өмір сүру минимумынан табысы төмен тұрғындардың үлкен бөлігі.

 

Табыстың негізгі диференциясы айлық көлемінің әр түрлілігін құрайды. Экономика инстититутының МОН РК мәліметтері бойынша мемлекет 1998 жылы әлеуметтік минимуммен қамтамасыздандырылған еңбекке жарамды әр адамның орташа айлық көлемі 80,7 пайыз құрды. Алайда экономика салалары бойынша  берілген индикатор анализі тек қана өндірісте, құрылыста транспорт және байланыста қаржылық қызметте жұмыс істейтіндер өзін әлеуметтік минимумымен қамтамасыз етеді, ал ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларында жұмыс істейтіндер өздерін тіпті өмір сүру минимумымен  қамтамасыз ете алмайды.

Тұрғындардың туристік мүмкіндіктері айлықтың көлемімен және жалпы ағымдағы кіріспен тікелей байланысты. Қазақстанда тұрғындардың ақшалай кірісі соңғы жылдарда өсті (11-кесте),  бірақ сонымен қатар ақшалай шығындар да өсті (12-кесте).

 

 

 

 

 

11-кесте. Тұрғындардың ақшалай кіріснің  өсу жылдамдығы және оның 

               құрылымы (1997-2000жж).

 

 

Бір адамға шаққандағы орташа ақшалай табыс, теңге

Өсу қарқыны, %

1997

1998

1999

2000

1998 ж.

1997 ж.

1999 ж.

1998 ж.

2000 ж.

1999 ж.

Барлық табыс

34187

36241

40896

47795

106,0

112,8

116,8

Сонымен бірге:

             

еңбек қызметі

25347

26622

29711

33958

105,0

111,6

114,3

әлеуметтік транспорт

3927

4515

4497

5434

115,0

99,6

120,8

сатудың барлық түрлері

2209

2236

3923

5295

101,2

175,4

135,0

Басқа ақшалай кірістер

2704

2868

2765

3108

106,1

96,4

112,4

Информация о работе Қазақстандағы ішкі туризм