Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 22:08, реферат

Краткое описание

Атырау мұнай өңдеу зауыты - мұнай өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде, Гурьев (Атырау) қаласында 1945 жылы мұнайды отындық бағытта өңдеу мақсатында салынды. Зауыттың құрылысы екі жылға созылды, ол АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 20.48 Кб (Скачать документ)

Атырау мұнай өңдеу  зауыты - мұнай өнімдерін шығаратын  кәсіпорын. Қазақстандағы мұнай  өңдеу зауыттарының ең ежелгісі. Қазіргі  кезде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы»  акционерлік қоғамының еншілес  кәсіпорны болып табылады. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде, Гурьев (Атырау) қаласында 1945 жылы мұнайды отындық бағытта өңдеу мақсатында салынды. Зауыттың құрылысы екі жылға созылды, ол АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды. Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өңдейді. Зауыт өнімдерін шығару нарығы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.Мазмұны  Зауыт құрылысы 1943 ж. 14 сәуірде басталды. АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды.

1945 ж. алғашқы өнімін берді.

1969 ж. тамыз айында зауытта  жылдық жұмыс өнімділігі 3 млн.  тонналық атмосфералық түтікше-электрмен тұзсыздандыру қондырғысы пайдалануға берілді. Бұл бензин, дизель отыны мен қара май шығару мөлшерін ұлғайтты.

Зауыт 1965 жылдан бастап Маңғыстау  мұнайын өңдей бастады, қайталама  процесті дамыту қолға алынды.

1980 ж. баяу кокстеу қондырғысы  іске қосылып, қазақстандық тұңғыш  кокс алынды.

1989 ж. бері зауытта мұнай  коксын қыздыра шынықтыратын  қуатты қондырғы жұмыс істейді.

1987 ж. бұрынғы “Гудри”  қондырғысында уайт-спирит шығаратын  өндірістің 1-кезегінің құрылысы басталып, сол жылдың күзінде автоматты желі іске қосылды.

1993 ж. акционерлік қоғам  болып қайта құрылды.

2003 ж. бастап зауытты  қайтадан жарақтау жұмыстары  басталды, бұл науқан «Қазақойл»  Ұлттық мұнай компаниясы мен  «Марубени Корпорейшн» компаниясының  арасындағы нысанды «толығымен  дайын» күйде 2006 жылы тапсыруға міндеттелінген келісім-шартқа сәйкес жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 235 млн. АҚШ доллары. Зауыт қайтадан жарақтанғаннан кейін оның өңдеу тереңдігі 92 %-ға жететін болады, зауыт АИ-95 автомобиль бензинін Евро-2005 стандартына сәйкес өндіруге және қыстық дизельдік отынды қоспалар қоспай-ақ шығаруға қол жеткізеді.

Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өндіреді. Зауытта, сондай-ақ сусабындар, іштен жанатын двигательдерге арналған “Тосол-А-50М” майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған “Афол” сұйығы өндіріледі.

Қазіргі кезде зауыттың құрамына төмендегі қондырғылар кіреді:

мұнайды тұңғыш өңдеудің ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысы;

мұнайды тұңғыш өңдеудің вакуумдық блогы бар ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысы;

шикізатты гидротазалаудан  өткізе отырып катализдік риформингтеудің  ІІГ-35-ШШ/300-95 қондырғысы;

гудронды баяу кокстау  қондырғысы;

мұнай коксын әбден қыздыру қондырғысы.

2016 жылға қарай Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жылына 1 миллион 745 мың тонна бензин өндіретін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

2016 жылға қарай Атырау мұнай өңдеу зауытындағы «қара алтынды» қайта терең өңдеу бойынша кешеннің құрылысын аяқтау кәсіпорынның технологиялық ағынының эксплуатациялық беріктігін арттыратын болады. Жыл сайын 5,5 миллилон тонна мұнайды өңдей отырып, зауыт  1 миллион 45 мың тонна көлік бензинін, 1 миллион 640 мың тонна дизельді отын мен 244 мың тонна авиакеросинді шығаратын болады. Мазуттың шығарылымы 193 мың тоннаға дейін азайтылады. Сондай-ақ, барлық моторлы отындар Еуро-5 стандартына сәйкес келетін болады.

Атырау мұнай өңдеу  зауыты - Қазақстандағы ірі өндіріс  ошағының бірі. Зауытты жобалау КСРО мұнай өнеркәсібі Халық комиссариатының жоспарлы тапсырмасы негізінде 1943 жылы басталды. Зауыттың техникалық жобасын американдық "Баджер и сыновья" фирмасы жасады. Ал оған түзетуді КСРО мұнай өнеркәсібі халық комиссариаты № 1 мемлекеттік тресінің жобалаушы ұйымы жүзеге асырды. Жергілікті жағдайға ыңғайлау жұмыстарының авторлары - "Эмбанефтьпроектінің" жобалаушылары. Зауыт құрылысы соғыс уақытының аса қиын жағдайында жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына 10 мыңнан астам адам қатысқан. Зауыт 1945 жылдың 8 қыркүйегінде пайдалануға берілді. Алғашқы өнімі – автокөлік бензині.

Зауыттың алғашқы жылдық өңдеу қуаты 800 мың тонна болды. Жұмысы Ембі кен орындарының мұнайына, Бакуден тасылып әкелінетін дистиллятқа негізделді. Зауыт алғашқы күннен бастап отындық нұсқа бойынша дамып, авиациялық және автомобильдік бензиндер, әртүрлі моторлық және қазандық отындарын шығарумен айналысты. Батыс Қазақстан аймағының дамуына, мұнай өндіру көлемінің артуына сәйкес зауыт 1965 жылдан бастап қайта жаңғырту жолымен тасып әкелінетін қымбат дистиллятты өздері шығаратын дистиллятқа ауыстыру жөніндегі мәселені қарай бастады.

Өткен ғасырдың 60-жылдары  жаңа технологиялық қондырғылар  салу арқылы мұнай өңдеу көлемін  арттыру бағыты ұсталды. 1969 жылдан бастап 2006 жылды қоса зауытта мұнайды бастапқы өңдейтін ЭЛОУ-АВТ-3, 1971 жылы ЛГ-35-11/300 каталитикалық риформинг қондырғысы іске қосылды. Ал 1980 жылы Қазақстанда алғаш рет баяу кокстеу қондырғысы салынды. Оның шикізат бойынша жобалық қуаттылығы 600 мың тоннаны құрайды. Тоғыз жылдан соң, 1989 жылы қондырғылар қатары мұнай коксын қыздырып шынықтыру қондырғысымен толықты. Шикі кокс бойынша қондырғының өнімділігі - жылына 140 мың тонна. 2000 жылы жылдық қуаттылығы 600 текше/сағат техникалық азот шығару қондырғысы пайдалануға берілді. 2006 жылы қуаттылығы 1200 мың текше/сағат екінші техникалық азот шығаратын қондырғы іске қосылды. Мұнай өңдейтін технологиялық қондырғылар қайта жарақталып, соның арқасында жылдық қуаттылық 5 миллион тоннаға жетті.

2003-2006 жылдар арасында  зауытта қайта жаңғырту жұмыстарының  бірінші кезеңі жүргізіліп, АМӨЗ  жапондық Джей Джи Си және  Марубени Корпорейшн компанияларымен  серіктестікте жұмыс жасады. Қайта жаңғырту барысында жаңадан бензинді сутекпен тазарту және изомерлеу, дизель отынын сутекпен тазарту және парафинсіздендіру, сутек тазарту және шығару, түйіршіктеу блогы бар күкірт шығару қондырғылары салынып, пайдалануға берілді. Қолданыстағы қондырғылар да қайта жарақталды. Қайта жаңғыртудың бірінші кезеңі бөлінген күкірттен тауарлық өнім алу үшін қайта өңдейтін гидрокүкіртсіздендіру технологиясын енгізуге бағытталды. Бұған қоса зауыттың тазарту имараттары қайта жаңғыртылып, қою түсті мұнай өнімдері эстакадасы жаңартылды, жаңа алау қондырғысы салынды. Сарқынды суларды биологиялық тазарту қондырғысы салынып, нәтижесінде булану алаңына жіберілетін сарқынды су сапасы әжептеуір жақсарды. Қазандардың үлкен және кіші «тыныстаулары» кезінде түзілетін жеңіл фракцияларды аулауға арналған газтеңестіргіш сызбамен жарақталған мұнай, қарамай, дизель отыны, автокөлік бензинін сақтауға арналған жаңа қазан парктері пайдалануға берілді. Өндіріс орнының экологиялық сипаттамасын бағалау кезінде өрт және жарылыс қаупі ескеріледі. Осы мақсатта зауыт автоматты бақылау, хабарлау және өрт сөндіру жабдықтарымен жарақталған.

Өндірісті қайта жаңарту  қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтардың азаюына, су айналым коэффициентінің  артуына, энергия ресурстарын пайдалану  деңгейінің төмендеуіне сеп болды. Бастысы – мотор отындарының сапасы артып, өндірілетін өнім түрлері көбейді.

Бүгінде АМӨЗ-да Еуро-2 деңгейіндегі Регуляр-92, Премиум-95, Супер – 98 маркалы  автокөлік бензиндері шығарылады. Бүгінгі таңда шығарылатын жалпы бензин көлеміндегі жоғарыоктанды бензин өндірісі қайта жаңғыртуа дейінгі 7% -дан 36,9 %-ға дейін өсті. Дизель отындары да Еуро 2,3,4 деңгейлеріне сәйкес келеді және қазіргі заманғы дизельді қозғалтқышты жеңіл және жүк көліктерінде қолдануға арналған. Экологиялық таза дизель отынының өндірісі 2012 жылы өндірілген дизельдің жалпы көлемі ішінен 64,5%-ға жетті, 2007 жылы бұл көрсеткіш 0,7 пайызды құраған болатын.

2003-2006 жылдардағы қайта  жаңғырту мұнай өнімдерінің сапасын  арттыру және қоршаған ортаға  әсерді азайтуға бағытталған  негізгі міндеттерді шеше алды.

АВТ-3 қондырғысының вакуумды блогын қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде вакуумды газойл өндірісі артты.

2008 жылы отын сапасын  Еуро стандарттары бойынша тексеруге  мүмкіндік беретін жаңа заманғы  жабдықтармен жарақталған «Орталық  зауыт зертханасы» сынама орталығының  жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

«Ароматикалық көмірсутектер  шығаратын кешен құрылысы» жобасында  қарастырылған 4 стационарлық және 1 мобильді атмосфералық ауаны қадағалау қосындары 2009 жылдың желтоқсанында Мемлекеттік  комиссия акты негізінде зауыттың санитарлық-қорғаныш аумағында іске қосылды. Барлық қосындардан ауа туралы мәлімет орталық серверге түсіп, онлайн түзімінде «Атырау гидрометеорология» ЕМК-на жіберіледі. Осы бағытта зауыт қызметкерлері мен сәйкесті қалалық қызмет мамандары оқытылды.

 

Қайта жаңғыртудың екінші кезеңі - 2010 жылдың қазанында бастау алған ароматикалық көмірсуектер кешенінің  құрылысы. 2013 жылдың желтоқсанында аяқталатын жаңа кешеннің құрылысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Жобалық қуаттылыққа кешен 2014 жылы шығады.

Қайта жаңғыртудың үшінші кезеңі – мұнайды тереңдетіп өңдеу  кешені. Жобаны жүзеге асыруға зауыт 2012 жылдың желтоқсанында кірісті. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2016 жыл.

1999 жылдың ортасынан бастап  зауыт акциясы бақылау пакетінің  (86,7%) ұстаушысы "ҚазақОйл"¥лттық мұнай компаниясы жабық акционерлік қоғамы, кейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" акционерлік қоғамы болды. "ҚазМұнайГаз" Қайта өңдеу және маркетинг" АҚ 2005 жылдан бастап 99,17% үлесті иеленуші болып есептеледі.


Информация о работе Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары