Қазақстандағы ішкі туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 19:43, дипломная работа

Краткое описание

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары..........................................................................................5
1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі.................5
1.2 Туризм индустриясының даму проблемалары .............................................7
1.3 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама....................12

2 ҚазақстандаҒы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктері............................................................................................25
2.1. Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері.....................25
2.2. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары..................................................39
2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар.................................................................48

Қорытынды............................................................................................................53

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................57

Қосымша...........................................................................................................58-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ-ІШКІ-ТУРИЗМ.doc

— 676.00 Кб (Скачать документ)

 

Аймақтық бөлімінде жұмыссыздықтың сандық көрсеткіші және өсу жылдамдығы әр түрлі. Қазақстандағы бес экономикалық аудандарды топтағанда 1994-1995 жылдар әр бес ауданда анықталған өзгерістер болды (16-кесте). Шығыс Қазақстан үлесі жалпы жұмыссыздар құрылымында 20 пайыздан 5,2 пайызға дейін қысқарды. Батыс Қазақстанда елеусіз 20 пайыздан 20,6 пайызға дейін өсті. Оңтүстік Қазақстанда керісінше елеулі өзгерді. 32 пайыздан 18,6 пайызға дейін қысқарды. Солтүстік және Орталық Қазақстанда жұмысшылар саны өсуде. Сонымен бірге  25 пайыздан 33 пайызға дейін бірінші аймақта,  2,5 пайыздан 7,7 пайызға дейін екінші аймақта.

 

16-кесте. Жұмыссыздықтың өсу жылдамдығы және аймақтық құрылымы

 

Экономиялық аудандар

 

1994

 

1995

 

1996

 

1997

 

1999

Темпы роста

1995ж

1994ж

1996ж1995ж

1997ж

1996ж

1999ж

1997ж

Барлығы

100

100

100

100

100

199,1

202,4

91,2

97,6

Шығыс Қазақстан

20

17

16

16

5,2

168,3

188,9

92,7

32,5

Батыс Қазақстан

20

17

19

18

20,6

168,4

232,0

84,0

114,4

Солтүстік Қазақстан

25

25

23

33

33,0

198,1

187,9

128,3

100,0

Орталық Қазақстан

2,5

3

5

5

7,7

223,8

369,9

95,9

154,0

Оңтүстік Қазақстан

32

38

36

28

18,6

239,3

192,5

69,7

66,4


 

Республика бойынша жұмыссыздықтың өсу қарқыны қысқарды (199,1%-дан 97,6%-ға дейін). Алайда өсім сақталуда аймақтар бойынша алдағы орында Орталық Қазақстан 154,0%, 1999 жылдан 1997 жылға, содан соң Батыс Қазақстан 114,4% , үшінші орында Солтүстік Қазақстан 100,0%. Осы кезеңде Шығыс және Оңтүстік Қазақстан аймақтың «бестігін» жабады (32,5% және 66,4%).

Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамытудың осы кезеңінде адамдардың осы салада жұмыс бастылығын есептеу өте қиын. Мұны туризм индустриясы категориясының анықталмағандығы деп түсіндіруге болады. Зерттеу барысында туристік секторда жұмыс істейтіндерді екі бағытта анықтауға тырыстық:

    1. Туристік фирмалардың жұмысшылары (ұйымдар)
    2. Қонақ үйлер, ресторан жұмысшылар

Бірінші бағытта  жалпы жұмысшылардың саны 5 адамнан аз кіші туристік мекемелерде 2000 жылы 1715 адам құрды (490 фирма х 3,5), ал 6-дан 50-ге дейін адам істейтін мекемелерде 3427 адам құрды (149 фирма х 23 адам). Орташа мекемелерде (43 турмекеме х 108,7) 51-ден 25-ке дейін 4675 адам анықталды. 2000 жылы Қазақстанда туристік бизнесте 8 үлкен мекемелер болды. Бұл компанияларда жұмысшылар саны 251-ден 1000 адамға дейін. Егер орташа есептегенде әр туристік компанияда 4555 адам жұмыс істесе, туристік фирмалар санына (8) көбейткенде 3640 адам жұмыс істейді. Сонымен барлық мекемелердің жұмысшылар саны – 13457 адам болды. Бұл болжам көрсеткіш болып табылмайды, бірақ туристік бизнесте жұмыс істейтіндерді енсептегенде негіз бола алады.

Екінші бағытта мемлекеттегі қонақ үй персоналының саны 6469 адам құрды. Ресторанда және басқа тамақтану орындарының жұмысшылары шамамен есептелінген, ресторандар саны 1290, кафе-барлар 2238, асханалар 3288. Егер орташа саны 10 адам әр көпшілік тамақтану мекемелерінде істесе бұл санды мекеме санына көбейтсек 68160 адам болады. Яғни бірінші және екінші бағыттағы сандарды қосқанда Қазақстандағы қалыптасып келе жатқан туризм индустриясында тікелей және жанама түрде жұмыс істейтіндердің саны шығады. Осылай жоғары аталған сандарды қосқанда 88086 адам болды. Бұны экономиканың секторында жұмыс істейтіндердің нақты статистикалық мәліметтерінде келтіру өте қиын. Ал көрсетілген көрсеткіштер туризм индустриясы қалыптасу кезеңінде екенін дәлелдейді.

 

Халықаралық маңызы бар «белсенді» жобаларды іске асыру 

 

Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс-қимылын жақсарту және іс-қимылдың республикалық шебер-жоспар түрінде ұсынылған басым жоспарын жүзеге асыру процесін жылдамдатуға көмектеседі. Қазақстанда туристік кластерлер құру мен оларды дамыту шеңберінде қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында белсенді де қатаң маркетингтік саясат жүргізу жоспарлануда.

Түрлі еуропалық және азиялық нарықтадағы ахуалды зерделеу нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады:

Тұтастай алғанда Орталық Азияның және дәлірек айтқанда Қазақстанның әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз болып қалып отыр;  

“Қазақстан” сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік имиджі жоқ; 

Еуропалық та, азиялық та туристік нарықта салыстырмалы түрде Қазақстанға келуге деген үлкен қызығушылық байқалады, мұның өзі нақты  болашақта  шетелдік туристер ағынының ұлғаю мүмкіндігін көрсетті. 

Халықаралық нарық үшін Қазақстанның негізгі туристік өнімдері “Шексіз даладан қар басқан тау шыңдарына дейін” бағдары бойынша саяхатқа шығуды көздейтін құрама турлар мен джипті пайдалана отырып, киіз үйде немесе трейлерде тұратын далалық аңшылық екені айқындалды.  

Қазақстанның халықаралық туристік нарықта табысты айқындалуы үшін  аталған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2007-2011 жылдары үш басымдықты туристік нарық айқындалды: 

    1. Ресей, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай.

2. Франция, Жапония.

3. АҚШ, Азия-Тынық мұхит өңірінің елдері. 

Сөйтіп, Қазақстанды Орталық Азия мен Еуразиядағы жаңа әрі тартымды туристік объект ретінде алға ілгерілету стратегиясын әзірлеу қажет.   

Экономиканың өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру мен туризмді дамытуды мемлекеттік кең ауқымды қолдау жөніндегі міндеттер шеңберінде маңызды мән мынадай «белсенді» жобаларды іске асыруға беріледі: 

1. Алматы қаласын және Алматы  облысын дамыту: 

дамудың бас жоспарлары мен туристік кластер құру мен дамытудың шебер-жоспарлары шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысында туризм мен спорт инфрақұрылымын  дамыту үшін жағдайлар жасау;

Қапшағай қаласында Диснейленд-парк және Лас-Вегас үлгісі бойынша туризм және ойын-сауық индустриясының құрылысын қамтамасыз ету үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) мен жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу;

ілеспелі қызмет көрсетулер саласын қалыптастыру мақсатында “Қорғас“ Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы” АҚ жанындағы инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау. 

 

2. Астана қаласын және Ақмола  облысын дамыту: 

Шучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ойын-сауық индустриясын қоса алғанда, ілеспелі қызмет көрсетулер саласын дамыту үшін жағдайлар жасау; 

“Бурабай” ұлттық табиғи паркінде экологиялық  туризм инфрақұрылымын дамыту;

Ақмола облысы Аршалы ауданының Мартыновка ауылында (Астана қаласынан 30 км қашықтықта) Перғауындар ауылы (Мысыр), “От-бос” кешені (Квебек, Канада) тақылеттес сақтардың көшпелі тұрмысын, олардың өзіндік мәдениеті мен дәстүрлерін әйгілеуге бағытталған “Шеберлер сарайы” деп аталатын көрме орталығы бар “Шебер ауылы” этнографиялық кешенін салу.

 

3. Жібек жолы бойында туризмді  дамыту:

Тек қана мәдени құндылықтары басымдық танытатын Өзбекстанмен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелік артықшылығы Жібек жолының қазақстандық бөлігінің бірегей табиғат ландшафтарымен, эндемикалық флора және фаунамен және көшпелілердің тарихи-мәдени мұрасымен әрі көне қалалар халықтарының мәдениетімен үйлесім тапқан құрама турлар болып келуінде. 

  Аталған жобаны іске асыру үшін мыналар жоспарланып отыр:

 “Жібек жолы меруерті” халықаралық  туристік пойызын ұйымдастыру  жөніндегі жобаның бірінші кезеңін  Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы бағдары бойынша 2007-2008 жылдары жүзеге асыру;

“Жібек жолы меруерті” халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның екінші кезеңін Алматы-Тегеран бағдары бойынша жүзеге асыру жөнінде мемлекетаралық келіссөздер жүргізу және бағдарды Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы 2008 жылдың аяғына қарай Пекин қаласына дейін ұзартуды қамтитын үшінші кезеңін іске асыруға дайындау; 

“Қорғас” және “Достық” шекара пункттерінен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласына дейін жол бойы инфрақұрылымының объектілерін көрсете отырып жол картасын жасау; 

Түркістан қаласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) өңірлік бағдарламасының “Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық және даму мақсатында әлеуетті нығайту”  халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде қонақ үйлер мен керуен-сарайлар желісін салу және оларды дамыту;

Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушы мемлекеттер үшін туристік визаларды өзара тану және одан әрі бірыңғай туристік виза енгізу мәселелерін шешу жөніндегі мемлекетаралық келіссөздер процесін, оның ішінде аталған ұйымдар қызметінің шеңберінде жандандыру.    

4. Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту: 

 Жобаны іске асыру мақсатында  мыналар жоспарланып отыр:

 Каспий теңізі бойынша Ақтау - Астархань (Ресей) - Махачкала (Дағыстан)-Баку (Әзірбайжан) - Энзели (Иран) - Түркменбаши (Түрікменстан) - Ақтау  халықаралық  круизін дайындау және оны ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;   

 жағажай туризмін дамыту  және Ақтау қаласында туризм  және ойын-сауық индустриясын  құру жөніндегі мәселені пысықтау  мақсатында Кендірлі демалыс  аймағын жайластыру. 

5. “Қазақстан – ғаламшардың  бірінші ғарыш айлағы” жобасының шеңберінде Байқоңыр қаласында ғарыш туризмін дамыту үшін жағдайлар жасау. 

 Жобаны іске асыру 2008 жылдың  соңына дейін жаңа технологияларды (планетарийлер, мұражайлар, ұшуларды  басқарудың шағын орталықтары, кәдесыйлар  сататын сауда орталығы және т.б. құру) пайдалана отырып Байқоңыр қаласының маңында ойын-сауық индустриясы бар туристік кешен құрылысын салу жөніндегі мәселелерді пысықтауды көздейді. 

 

2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар

 

Қазақстандағы туризімдік аймақтар туралы сөз қозғағанда ойымызға келері  тоғыз жолдың торабы – әлемге әйгілі Тау Түрген шатқалы. Алматыдан Шығысқа қарай тау бөктерлеп 90 километр жол жүрсеңіз, жан-жағыңызды ылғи да бау-бақша мен терек, қайың, қарағаш, емен, шетеннің жасыл жапырағы орап отырады да шыңдары көкке қол созған асқақ таулардың қойнауына кіріп кетесіз.Шатқалға кіргеннен сізді жақпар-жақпар жартастар қоршап алады. Қожыр-қожыр қойтастар арасынан бой көтерген шыршаның түбіне назар салсаңыз, «тамыры тасты жарып шыққан ба» деп таң қаласыз.44 шақырымға созылған бұл шатқалдан көкорай шалғын майданды, мөлтілдеген көлдер мен көлшіктерді, тасты тесе, құмды қопара тесіп шыққан тау бұлақтарын көресіз. Ол-ол ма, сіз бұл шатқалда бұрын соңды көрмеген тау сарқырамаларын тамашалау бақытына ие боласыз.Сол сарқырамалардың ішінде биіктігі 30 метрден асатын тік жартастар мен құлама құздарды, шыршалар мен қарағайларды аралап өтіп төмен құлаған Аюлы сарқырамасы сіздің есіңізде мәңгі қалуы сөзсіз. Тасты тіліп, тауды үңгіп жатқан Бозкөл сарқырамасы да сіздің қиялыңызға қанат бітіреді.Толқындары тастан тасқа секіріп барып омақаса құлап, қайта көкке шапши аққан Асы өзенін бойлай өрлесеңіз ежелгі қорғандарды, тақтатастардағы таңбаларды көресіз. Бәрінен де Асының ақбалығын аулап, дәмін татып қайпасаңыз, «Түрген шатқалында болдым» дегеніңіз бекер./?,29/

Алматыға қайтар жолда Есік қорғанына тоқтайтыныңыз сөзсіз.Өйткені мұнда дүниежүзін аралап шыққан «Алтын адам» табылған қорған бар. «Алтын адам» ол-алтын әшекейлермен тігілген сауытымен жерленген сақ көсемінің мәйіті. «Есік» қорғаны біздің дәуірімізге дейінгі 5-4 ғасырлардағы  сақтар заманына жатады.

Колорадо штатындағы Гранд Каньонмен салыстыруға әбден лайық Шарын каньонын көру бір ғанибет болса, Шарын өзені құятын Іле жағалауын тамашалау да сондай бір тамаша құбылыс...

Шарынға жетпей онға бұрылсаңыз тақтақ жол сізді әйгілі Көлсайға бірақ апарады. Ал Шарыннан өтіп, Қулық тауын ары ассаңыз, алдыңыздан менмұндалап атақты Қарқара жайлауы қол бұлғайды.Бұл жайлаудан шығысқа қарай жүрсеңіз шалғаннан кілем төсеп Шәлкөде шақырады. Одан әрі Хан-Тәңірін бір көрмей қайтпайсыз./?,30/

Сонымен қатар Еліміздің әйгілі мақтаныштарының бірі – солтүстіктегі, астана мен көкшетау қалаларының арсында Бурабай алабы бар. Міне осы Бурабай аймағы әрқашанда өзекті және туризмнің қалыптасуына қазіргі кездегі тың мәселелердің бірі болып табылады.  Көкшетау Бурабай аймағы – Солтүстік Қазақстан аймағының ең әдемі жері, демалыс орындарының, шипа жайлардың спорт-сауықтыру лагерлердің өлкесі. Өзінің әсемділігімен, бірегейлігімен Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің түкпір-түкпір жерлерінен он мыңдаған адамдарды баурап алуда. Бурабай қымыз, балшық емдеулер және арасан су тоғандарымен әйгілі. Дауалы жердің бір ерекшелігі оның таза ауасымен  татырауындардың және қылқанды ормандардың қанық жұпар исінде.

Информация о работе Қазақстандағы ішкі туризм