Қазақстандағы ішкі туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 19:43, дипломная работа

Краткое описание

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары..........................................................................................5
1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі.................5
1.2 Туризм индустриясының даму проблемалары .............................................7
1.3 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама....................12

2 ҚазақстандаҒы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктері............................................................................................25
2.1. Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері.....................25
2.2. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары..................................................39
2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар.................................................................48

Қорытынды............................................................................................................53

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................57

Қосымша...........................................................................................................58-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ-ІШКІ-ТУРИЗМ.doc

— 676.00 Кб (Скачать документ)

Бурабай – халық аралық мәннің дауалы жері. Бір тұтас дәрігерлер мен демалушылардың айтуы бойынша Бурабайдың басты емшісі – табиғат. Оның негізгі «бес кабинеті» бар: орман, су, тау, ауа және күн.

Өсімдік және жануарлар әлемінің киелі орны, әсемдік пен көл молдығы Көкшетау-Бурабай аймағының тағы бір әсем аты – ол «Қазақстанның інжу-маржаны» /?,23/

 

Еліміздің келесі «інжу-маржаны» болып табылатын Оңтүстік Қазақстан өңірінің табиғи ерекшелігі мен тарихи ескерткіштері атап өтпеуге болмайды. Еліміздегі саусақпен санарлық туризм саласының мамандарының сөзіне құлақ түрсек, оңтүстік өңір туризімді қолға алу үшін таптырмайтын орын санатында. Тек, әттегенайы әлемге әйгілі орталықтардың қатарында қарастыруға болатын мұраны елеп-екшейтін жанның жоқтығы ғана. Айталық, Түлкібас ауданы мен Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігі арқылы жайылып жатқан шекарасын Өгем жотасының солтүстігіне дейін жалғайтын Ақсу Жабағылы қорығы кез-келген туристі тамсандыратын деңгейде екені анық. Аталмыш қорық өтен ғасырдың бастапқы ширегінде, атап айтсақ, 1926 жылдардың еншісінде құрылған Батыс Тянь-Шань табиғи қойнауын қалайда сақтап қалу мақсатында қорық ретінде бекітілген бұл өңір еліміздегі тұңғыш қорық болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би, Түлкібас аудандарының жерінде жатқан теңіз деңгейінен 1500-5000 метр биіктікте жатқан қорықтың көріктілігін бір сыры Жетісудың жеті өзені аталатын бастауын Тянь-Шаньнан алатын Ақсу Жабағылы, Майдантал өзендерінің кесіп өтерінде жатыр.

Аталмыш қорықты туристер келетін орын деп айырықша атауымыздың себебі, бұл қорық  ЮНЕСКО-ның  әлемдік таңдаулы қорықтар қатарына кірген. Жерінің аумағы сексен мың гектар көлеміндегі жер жанатында таулы өңірінде сирек кездесетін шөптер болса, беткейінің қалың шырша мен арша екені көзге шалынады. Шыңдары шағылысып көз қаритын мұз басқан қорықты қақ жарып Ақсу өзені ағып өтеді. Тағы бір айта кетекерлік жайт дәрі жасау өндірісі мен алға шыққан елдерді мұндағы өсімдіктер әлемі де қызықтырады екен. Қорықтың жануарлар әлемі де таңдай қақтырарлық, мұнда жоғалып кеткен динозаврлар мен ыстық өңірге ғана тән піл болмаса да қызыл қітапқа енген көптеген жануарларды кездіктіруге болады. Сүтқоректілердің 42 түрі: арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, құстардың 238 түрі: гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қарақ құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі секілді; бауырмен жорғалаушылардың тоғыз түрі: алай жалаң көзі, сары бауыр кесіртке, қалқан тұмсықты қара шұбар жылын, т.б; қос мекенділердің екі түрі: жасыл құрбақа және көл бақа; сонымен қатар өзендерінде балықтың екі түрі тіршілік етеді.

 Осы тәрізді жер санаты  саналатын Оңтүстіктегі тағы  бірі –  Қазығұрт. Кәдімгі сіз  бен біз білетін «Қазығұрттың  маңында кеме қалған» деп басталатын  Қазығұрт осы. Талас Алатауының  оңтүстік батысындағы мекен талайларды  тамсандырғаны мен өзіміз үшін әншейін «дем алатын орын» санатында ғана. Шымекенттің маңындағы көлемі 55 шақырымға созылатын өңір діни әпсаналардың бірінде су басқан ғаламға азғындарды қалдырып, жақсыларды алып шығатын Нұқтың кемесі осы Қазықұртта тоқталған делінеді. Кей деректерде кеме Арабияның Жудда тауында, кей мәліметтерде Арарат тауында қалған делінгенімен, түркілік танымда жер бетіндегі топан судан соңғытіршілік осы таудың баурайынан қайта басталған деген сенім бар. Таудан құлап ағатын  Қаражансау  өзені тау баурайының көркіне көрік қосуда.

Қазақ атаулының туристі тарта алуынынң бір көзі – бал қымыз екен. Осы Төле би  ауданының Диханкөл ауылында туристер үшін қымыз тартылатын арнайы орын жасақталып, оған мемлекет тарапынан 1милион қаржы бөлінген. Себебі, шет елден келген ғалымдардың көбі осы өңірдің қымызының денсаулыққа тигізген пайдасы барлығын зерттегені мен жариялағаны туристердің қызығушылығын оятқан.

Сонымен қатар, қазақ жерінде тек табиғи орталықтар ғана емес, тарихи жаухарларымыз да бар. Өңірдегі алқалы ғймараттардың бірі Яссауидың кесенесі. 16 ғасырдың еншісіне жататын ғимараттардың тарихының өзі тыңдаған жанның таңдайын бір қақтырады.

Кеңес одағы кезінде бұл кесенеге еш назар аударылмағанымен де, 1978 жылдан бастап Республикалық деңгейде мұражай санатына енді. Ал, 1989 жылы Қазақстан Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық мұражайы» деп аталынды  (Жергілікті халық Яссауиды Әзірет Сұлтан деп атаған. Мұнан соң аз уақыт өткен соң ЮНЕСКО-ның қызыл кітабына еніп, 1997-2000 жылдар аралығында Түркия елінің қолдауымен толық қалпына келтірілді. Келіп кететін зиялы қауымның барлығы кесенені туризм аймағына айналдыру идеясын айтқанымен, оны тыңдайтын құлақ болмау салдарынан үнемі сөз жерде қалып келеді.

Келесі ретте ұялмай айтатын ауылымыздың аты – Ақ сүмбе. Бұл көне қаланың орны. Қаратаудың қойнына кіріп жатқан Ақ сүмбе ауылы Ақ сүмбе өзенінің  жағасында орналасқан. Көлденеңі 75, ені 60 метірге созылатын қала орны ықылым замандардан сыр шертеді. Қыш ыдыстарының сынығы 10-15-ші ғасырдағы қала екеніні дәлелдесе,  кей ғалымдардың пікірі бұл Дешті  Қыпшақтардың мұнарасы дегенге жуықтайды. Мұның қатарында Баба Түкті Шашты Әзіздің мазараты орын тепкен. Мұның барылығы туристер үшін аса ғажап құндылықтар санатында. Дегенімен де құм басқан өңірдегі көне мекендерге қарай бастайтын тастақ жол да жоқ. Оның басында қонатын жері мен су болмаса алыстағы шағыл құмның ортасына жанын қинап қай турист барсын?!  Жалпы мұндағы жәдігерлерге қарап, туризм саласын дамытуда үлкен мүмкіндік бар екені дәлелденген нәрсе.

Ресми деректерге жүгінсек, Кеңес заманы тұсында тұсында Қазақстанның Алакөл аймағы мен айыр қалпақты ағайының Ыстықкөлі туристерді тарту мақсатында бірдей қолға алынған. Тап қазір Ыстықкөл барша қырғыздың мақтанышы. Алакөліміз болса баяғы жартас бір жартас күйінде қалып отыр. Алакөлмен жалғасын табатын Жоңғар Алатауы қойнауындағы «Көл асу», Жоңғар қапасы, Тазжау, Ойжайлау секілді орындарының күтіп жатқаны қаншама уақыт.

Сасықкөл, Ұялы және  Жалаңашкөл өзендерінің қосылып Алалкөл болып жалғасын табатын өзен Алматы облысының шекарасында./?,16/

Осылайша отанымыздың екі-үш облысының ең көрікті де, көрнекті өңірлеріне ғана қысқа шолу жасау мақсатымыз – таныстыру ғана емес, осыншама көркем жерлеріміз қазіргі заманымызға сай отандық экономикамызбен мәдениетімізге пайдасын тигізе алама деген сұрақтарға жауап іздеу. Біз бұл жерде жер асты қазба байлықтары туралы айтқалы отырған жоқпыз, біз бұл жерде жер бетіндегі табиғи сұлулықты қайткенде ел назарына салуға болатыны туралы аз кем ойымызды ортаға салмақпыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасында ішкі туризм әлі де болса бір тұтас индустрия ретінде қалыптаспаған. Бірақ туризм саласына мемлекет белсене қатысатын болса, Қазақстан экономикасындағы үлкен табысты шаруашылыққа айналдыруға болады. Әрине 5 жыл өтсін, 10 жыл өтсін деген ой-пікір болмайды, бірақ осы салада оң өзгерістер қалыптасып келеді, әлемнің туризм саласы дамыған елдерден үйрену керек, өзіміздің мамандарды дайындау қажет және де өзіміздің үйімізге махаббатпен, сүйіспеншілікпен қарауымыз керек. Толығымен айтсақ мынандай қорытынды шығаруға болады:

1.  Қазақстанда ішкі туризмді дамыту бағытында аса ірі потенциалды мүмкіншіліктер бар, бірақ ішкі туризмнен түскен табыс ұлттық табыстың 0,1%-ын ғана құрайды. Республикамыз   көп ғасырлық   салт        дәстүріне,   ғажап   архитектуралық құрылыстарына,   қызықты   мәдени   ескерткіштерге,   мұражай   жүйелеріне, мәдени  мекемелеріне   және  фальклорлық этнографиялық халықтар ассамблеяларына, өсімдіктер дүниесімен жануарлар дүниесіне, климаттық және туристік зоналарына, табиғи ландшафтыларға ие. Соңғы жылдары    халықаралық   туристік   индустрияда   көзқарастың  оң өзгеру тенденциясы байқалып, яғни халқы тығыз емес және өзіндік мәдени ерекшеліктері бар елдерге ұызығушылық байқалып отыр.

2.  Қазақстанның    туристік дамыту бағыты маусымдық қана, сондықтан біздің туристік фирмалар көрсетіп отырған туристік қызметті диверсификациялау және туристік өнімді модернизациялау керек.

3. Туристік өнімнің жылдам қозғалуына  жарнама үлкен әсерін тигізеді. Қазақстандық туристік фирмалар бұқаралық ақұпараттар құралдарындағы рекламаны жақсы қолдануда және де интернетте тиімді пайдалану қажет.

4.   Туризмнің  әлеуметтік     мәдениетке әсері  зор.  Туризм  индустиясын дамыту жаңа жұмыс  орындарының   пайда болуына, шетелдік валютаның мемлекетке түсуінің өсуіне, ірі және кіші мекемелердің дамуына, жергілікті    транспорттық    инфраструктураның    жаңаруына,    оның    ішінде байланыс және сервистің дамуына алып келеді. Осы дамуымен жергілікті, аймақтық    және   халықаралық    экономикалық,     саяси    байланыстарды жақсартады.

5.  Туризм қоршаған ортаның  едәуір жақсаруына эсерін тигізеді, себебі туризм қоршаған ортамен  тығыз байланыста.

6.  Фирмалардың көп бөлігі  шығу туризміне жұмыс істесе, кейінгі кезде келу туризміне жұмыс істеуші фирмалар санының көбею тенденциясы байқалуда (90%және 10%).

7.  Жұмыстың дұрыс жүруіне  және болашақ дамуына  1999 жылы  мамыр айында «Қазақстан туристік  одағы» құрылды. Негізгі мақсаты  турфирмаларды қалыптастыру, оларды  қорғау, республикада бәсекелестікке шыдамды туристік индустрия құру, бюджетке салықтың түсімнің өсуі, жаңа жұмыс орындарын құру, тарихи және мәдени мұраны сақтауға оң ықпалын тигізеді.

Қазақстанда туристік индустрияның дамуына мына жолдарды ұсынуға болады:

1. Туризмді негізгі экономикалық құрылымдық бағыттарға қосу.

2.   «Қазақстан - 2030»    бағдарламасындағы бағыттардың бөлімдерін орындау, оның ішінде туризмге қатысын және “Жібек жолындағы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау” Мемлекеттік бағдарламасын орындау.

3. Туризм дамуының нормативті - құқықтық базасын құру.

4.  Келу және ішкі туризмдегі  экономикалық механизмін    құру. Осы салаға инвестиция тарту, саяхатқа және кедендік жеңілдіктер арқылы ішкі туристік  рынокты   қорғау.   Айта   кететін   жаңалық  2003   жылы   қарашада әлемнің 27 мемлекетіне шақыру визасысыз келуге жеңілдік берілді.

5.     Туристік    шаруашылықтағы    сертификациялаумен    лицензиялау  саясатын қатаң жүргізуді жалғастыру.

6.  Туристік шаруашылықтағы корпорацияларға, банктік құрылымдарға, көліктік, қонақ  үйлік және сақтандыру компанияларының  жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай  жасау.

 

Бұлар   жай   ғана   ұсыныс,   ал - шынына   келсек   мұнда   шешілмеген өзекті мәселелер өте көп және осы бағытты дамыту бүгінгі күн талабы.

Туризмді дамытудың маңызды элементтерінің бірі Қазақстанның оң туристік имиджін қалыптастыру және жаһандық экономикаға бірігу арқылы ұлттық турөнімді туристік қызмет көрсетулердің әлемдік нарығына шығару болып табылады.

Қазақстан Республикасының әлемдік туристік нарықтағы оң туристік имиджін қалыптастыруға әсер ететін басты фактор Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет Басшысы жүргізіп келе жатқан саясаттың нәтижесі болып табылатын, бәрінен бұрын, экономикалық өсім, елдегі саяси тұрақтылық пен қауіпсіздік болып табылады.

2006 жылғы жедел деректер бойынша  алдыңғы кезеңмен салыстырғанда  туристік индустрия дамуының  оң үрдісі байқалады, бұған келесі  көрсеткіштер дәлел бола алады:

    • сырттан келушілер туризмі 19 %-ке өсіп, 5 млн. 200 мың адамды құрады;
    • шығу туризмі 30 %-ке артып, 3 млн. 900 мың адамды құрады;
    • ішкі туризм 8 %-ке өсіп, 3 млн. 550 мың адамды құрады.

Жалпы алғанда, республика бойынша ішкі туриз түскен кіріс 14, 6 %-ке артып, 35 млрд. теңгені құрады, сондай-ақ бюджетке 7 млрд. теңге аударылды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 8 %-ке артық.

Жұмыс істеп жатқан туристік фирмалардың саны 2006 жылы 903-ті құрады да, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,7 %-ке артты. Қонақ үйлердің және басқа да орналастыру орындарының саны 17,6 %-ке, яғни 385-тен 453-ке артты (оның ішінде мемлекеттік меншікте - 30, басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігінде - 31, жеке меншікте - 351, шетелдік қатысумен бірлескен кәсіпорындардың меншігі - 41). Ішкі туризм саласында инвестициялық жобалар пакетін қалыптастыру мақсатында жобалардың өңірлер тұрғысында ақпараттық базасы жасалды.  
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының туристік саласын одан әрі дамыту үшін Министрлік бірқатар мәселелерді шешу қажет деп санайды. 
Бұл:

    • туристік қызмет көрсетулердің және туристік кадрлар даярлау деңгейінің сапасын арттыру (көптеген қонақ үйлердің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, кәсіби гидтер, экскурсияшылар, турменеджерлер санының жеткіліксіздігі);
    • туристік ұйымдар мен туристік нарық субъектілерінің:  
      авиакомпаниялар, автопарктер, “Қазақстан темір жолы”, ІІМ, СІМ, әкімдіктер және ұлттық парктер арасындағы өзара іс-қимыл, баға мен тариф саясатының икемсіз жүйесі;
    • статистикалық есепті халықаралық стандарттарға сәйкестендіру.
    • визалық және тіркеу тәртібі процедурасы оңайлатылған елдер тізбесін арттыру, Қазақстанға келетін туристік ағын үшін донор елдерді анықтау (Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея);
    • өңірлерде туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды

Информация о работе Қазақстандағы ішкі туризм