Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

3 глава.docx

— 1.80 Мб (Скачать документ)

Таразыны енгізгеннен кейінгі уақыт былайша есептелінеді.

 

                          ТЖ2 = ТЖ.Қ.Қ2 + ТВ.Т.2 + ТС.Ө.2 + ТҚ.Т.2 + ТТ.Т.2                      (3.7)

 

Жылжымалы құрамның құралуының аяқталуының уақытына сұрыптау дөңесінсіз сұрыптау операцияларын орындауға кеткен уақыт жатады. «Прокат» станциясына таразыны енгізгенге дейін де, енгізгеннен кейін де жылжымалықұрамның құралуының аяқталу уақыты өзгермейді.

 

ТЖ.Қ.Қ.2= 72,15+5,1=77,25 мин

 

Таразыны енгізгеннен кейін, әр вагонға салатын жүктің массасын саоар алдында анықтап керегі жоқ.цех ішінде өлшеудің керегі жоқтығынан 21,39 минут үнемделеді. Цехтардағы келген вагондарға жүктерді тиеу таразыны енгізілген жағдайда 274,41 минутты құрады. Вагонға тиеу әр жүк түріне арналған арнайы жүк тиеу құралдарымен тиеледі. Технологиялық үрдістің орындалуы: вагон цехқа келіп керекті орынға қойылады да, вагонға тиеуді жүргізеді. Тиелген жүктік бекітілуі, дұрыс тиелуі тексеріледі. Вагон цехтан шығарылып, жинақталу жолына келеді.[6]

 

ТВ.Т.2=274,41 мин

 

«Прокат» станциясына ВД-30-2-8 рельстік типтегі таразысын енгізілгеннен кейін, өлшеу операцияларына кетеін уақыт, «Стальная» станциясына барып өлшеуіне кететін уақыттың керек жоқтығының арқасында әжептәуір шамаға азаяды.

 

                                          ТС.Ө.2 = ТӨ.О.2 + ТК.О.2 + ТТ.К.2                              (3.8)

 

Таразыны енгізгеннен кейін өлшеу операциясына кететін уақытты анықтайық. Алдымен жалпы жылжымалы құрамның ұзындығын анықтап аламыз.

 

                                                  lЖ.Қ2 = lЛ.2+n*lВ.2                                           (3.9)

 

мұндағы, lЛ.2 – ТЭМ2 локомотив ұзындығы, lЛ.2 = 16,9 м;

lВ.2 – вагондардың орташа ұзындығы, lВ.2 = 14,5 м;

n – вагондардың саны, n=52 вагон.

 

lЖ.Қ2=16,9+14,5*52=770,9 м

 

Пойыздың таразының үстінен өту жылдамдығы 6 км/сағ. 6 м/сағ=1,66 м/с.

 

                                                   ТӨ.О.2=lЖ.Қ2/V                                            (3.10)

 

мұндағы, lЖ.Қ2 – жалпы жылжымалы құрамның ұзындығы;

V – таразының үстінен өту жылдамдығы.

 

ТӨ.О.2=lЖ.Қ2/V=770,9/1,66=464,4 с

464,4 с = 7,75 мин

Таразы енгізілгеннен кейін өлшеу операцияларына жұмсалатын уақыт азайды.

 

ТС.Ө.2 = 7,75 + 12,6 + 10,99 = 31,34 мин

 

Таразыны «Прокат» станциясына енгізгеннен соң, құжаттарды дайындауға кеткен уақыт және техникалық пен коммерциялық тексеруге кеткен уақыт 4 минутқа азаяды. Оның себебі, таразы енгізілген соң, таразының базасы барлық ақпаратты өңдеп, есеп беру форматында дайындап баспаға шығаруға дайын болады.[6]

 

ТҚ.Т.2 = 19 мин

 

Жылжымалы құрамның тежеуіш құрылғысын тексеру ТБА-сінде бекітілгендей 10 минутқа тең. Ал  құжаттарды алудың уақыты 2 минутқа тең.

 

ТТ.Т.2 = 12 мин

 

Барлық анықталған уақыттарды қосып, станцияға таразы енгізілгеннен кейінгі жалпы жылжымалы құрамның вагонының станциямен қолдануын анықтаймыз.

 

ТЖ2 = 77,25 + 274,41 + 31,34 + 18 + 12 = 414 мин

 

Кесте 3.6

«Прокат» станциясының технологиялық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Таразы енгізілуге дейін

Таразы енгізілгеннен соң

Жылжымалы құрамды құралуының аяқталуы

минут

 

77,25

 

77,25

Жүкті вагонға тиеу

минут

295,8

274,41

Вагонның салмағын анықтау

минут

 

77,95

 

31,34

Құжаттардың дайында-луы және техникалық және коммерциялық тексеру

минут

 

 

 

23

 

 

 

18

Тежеуді тексеру дәне құжаттарды алу

минут

 

12

 

12

Барлығы

минут

486

414


 

Осы есептеменің қорытындысын 3.6 кестеден қарасақ, станциямен бір жылжымалы құрамның вагондарының қолдану уақыты 414 минутты құрағаны табылды. Бұл сағаттық шамада – 6,9 сағат. Теміржол көлік басқармасы бекітілген вагонды қолдану нормасы сақталып, станцияның жұмыс тиімділігі артты. Вагонды қолданудың шамасы 1,2 сағатқа азайды.[6]

Келесі «Прокат» станциясына ВД-30-2-8 модификациялы рельстік типтегі вагондық таразысын енгізген соң, еңбек тиімділігі жоғарылаған технологиялық көрсеткіштердің бірі – жанармайдың шығыны. Жанармай шығыны есептемесі осы станцияда бекітілген 4 ТЭМ2 локомотивінің шығынымен анықталады. Олардың тәулік ішінде жұмыс режимінде болу уақыты орташа есеппен 21 сағат болып бекітілген. Станцияның таразы енгізілгеннен соң, өлшеу операцияларын орындауға «Стальная» станциясына бару қажеттілігі жойылды. Соның арқасында тәулік бойы қолданылатын жанармай шығыны азайды. Осы алынған шаманы жылға көбеткенде, үлкен көлемді пайда көрінеді.

Таразы енгізілмеген жағдайда тәулігіне орташа есеппен бір ТЭМ2 тепловозына 115 литр жанармай қолданылса, «Прокат» станциясындағы ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысы іске қосылғаннан соң, оның көрсеткіші 93 литрге дейін азайды.

Таңдалған ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысын енгізудің қорытындысы вагонды қолдану уақыты мен жанармай шығынын азайтуда үлкен үлес қосты. Станцияның еңбек тиімділігін жоғарлап, станцияның құрамды өңдеу уақыты әжептәуір азайтты.[10]

 

 

3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы

 

 

ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысын орнату кезінде «Прокат» станциясына таразыны орнату жағдайын ұйымдастыру қажет. Орнату орны керекті параметрлерге сай болуы тиіс:

-таразы орнатылатын түзусызықты жол бөлігінің ұзындығы алдынан және артынан 50 м-ден асуы тиіс;

-таразы орнатылатын түзусызықты жол бөлігінің рельс бастарының биіктігінің әр түрлі биіктілігі ±2 мм-дан аспауы тиіс;

-жүкқабылдағыш құрылғысы орнатылатын өлшеуге арналған рельстің рельс бастарының биіктігінің әр түрлі биіктілігі ±1 мм-дан аспауы тиіс;

-жүкқабылдағыш құрылғысы орнатылған зонада жол табанының ені ұзаруға байланысты – 2 мм-ден, ал қысылуыға байланысты – 2 мм-ден аспауы тиіс;

-бірігу жолдарында жол табанының ені ұзаруға байланысты – 4 мм-ден, ал қысылуыға байланысты – 3 мм-ден аспауы тиіс;

-түзусызықты жол бөліктерінде еңістің шамасы 2 ‰-ден аспауы тиіс;

-рельсті орналастыру кезінде бірігу жолдарындағы тоғысқан жердің саңылауы нормальды температуралық саңылауға сәйкес болуы тиіс, нормальды температуралық саңылау рельстің ұзындығы мен оның температурсына байланысты таңдалынады;

 

-рельстердің бастары тоғысу жерінде рельстің бастарына өздеріне байланысты вертикальды және горизонтальды жазықтықта 1 мм-ден ауытқуы болмауы тиіс.

ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысы «Прокат» станциясының 807 жолында (Сурет 3.7) орналасады. 807 жол барлық станция бойынша таразының орналасуына ең қолайлы жол. 807 жол – «Стальная» станциясына шығатын жолдың бірі.[2]

 

 

Сурет 3.7 ВД-30-2-8 рельстік типті таразысның «Прокат» станциясының 807 жолына орналастырылуы

 

Таңдалған таразыны осы жолға орнатудың басты себептері мен артықшылықтарын (Сурет 3.8) айта кетсек. Біріншіден, бұл «Стальная» станциясына шығатын 3 жолдың бірі. «Прокат»-«Стальная» станциялары арасындағы аралық 807, 810, 814 жолдар, бірбағытты бір жолды аралық, маневрлік ретпен қозғалыс жүзеге асырылады. «Стальная» станциясынан келетін ерітінділерді, қоспаларды, шикізатты қабылдап, өлшеу жүргізуге таңдалған 807 жол өте тиімді. Екіншіден, 807 жол «Входная» станциясына шығатын шығу бағдаршамының жақын қашықтықта орналасқан. «Прокат» станциясының басты жұмысы: ЛПЦ-1, ЛПЦ-2, ЛПЦ-3, ЦГЦА цехтарынан шыққан дайын өнімді тиеп, оны металлургиялық комбинаттың шекаралық станциясына, яғни «Входная» станциясына жіберу болып табылады. Осыған қоса, «Входная» станциясынан қарсы бағытта «Прокат» станциясына келетін жүктерді тез және станция жұмысына бөгеу туғызбай атқаруға мүмкіндік туады. Үшіншіден, 807 жолына паралель «Доменная» станциясына шығатын жолы орналасқан. «Доменная» станциясынан келетін және сол станцияға кетеін жүктерді тез ішкі зауыттық тасымалмен жіберуге болады. Төртіншіден, бұл жол жол профилі және таразыдан кейінгі және оның алдына 50 м-ден түзусызықты жол бөлігі бар. Станциядағы бос жолдар бойынша алдыда орналасқан локомотивпен 15 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүруі тиіс. Цех ішіндегі қозғалыс жылдамдығы 5 км/сағ.[1]

 

Сурет 3.8 Таразының орналасу орны

 

ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысының жұмыс істеуі (Сурет 3.9) тензорезисторлық датчиктің жұмысымен байланысты. Таразының үстінен өткен көліктің жүктемесі рельстік типтегі салмақ өлшегіш тензорезисторлық датчикке жіберіледі. Осы датчик жүктеменің ауырлығына байланысты электрлік сигналды өндіреді. Электрлік сигналдар кабельдік жүйе арқылы екінші ретті түрлендіргіш блогына түседі. Осы блок ішінде келген сигнал қарапайым өңдеуден өтеді. Қарапайым өңделген ақпараттар таразылық процессорға түсіп, вагонды өлшеудің қорытындысы жалпылай құрамға, жеке вагонға, әр оське, әр тележкага  шығады.[9]

 

 

Сурет 3.9 ВД-30-2-8 рельстік типтегі таразысының жұмыс істеуінің схемалық түрі

Өлшеудің қорытындысы монитор бетіне шығарылып, керекті уақытта қағаз бетіне шығарылады. Жүкқабылдағыш құрылғысының зонасында температураның өзгерісіне және статикалық өлшеу жүргізу кезінде доңғалақ осьтерінің дұрыстығын бақылайтын датчиктердің көрсетуіне байланысты таразылар қорытындысының өзгерісін автоматикалық жөндеу құрылғыларымен жабдықталған. Таразылық процессорда өте дамыған ақпараттық қамтамасыз ету бағдарламасымен жабдықталған, осының арқасында таразының жұмыс істеу көлемі аса зор.[8]

Станцияға орнатылған ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысының тексеруі 21.7.2005 жылы ГЦИ СИ «Д.И.Менделеев атындағы ВНИИМ» кәсіпкерлігімен бекітілген «ВД-30 вагондық таразысы. Тексеру әдістемелігі» арқылы жүргізіледі. Тексеруді жүргізу кезінде келесі құралдар қолданылады: МЕСТ 7328-2001 бойынша М1 дәлділік сыныбына жататын гирлары, локомотив, бос вагондар, жүктелген вагондар, МЕСТ 30129 бойынша С5 дәлділік сыныбына жататын датчиктері, МЕСТ 8.021 бойынша ІІІ разрядты гирлары. Тексерудің көрсетілімі 3.6 кестедегі қателік көрсету шегінен аспауы тиіс.[9]

 

Кесте 3.7 

Алғашқы және периодтық тексеруде вагонды қозғалыста өлшеуінің рұқсат етілген шартты шегі

 

Дәлділік сыныбы МЕСТ 30414 бойынша

Тексеру кезінде рұқсат етілген қателік кетіру шегі, диапазон

ЕКӨШ-інен 35%-ға дейін, ЕҮӨШ-і қосылып алынған, кг

Өлшенетін массаның 35%-дан жоғары кезінде, кг

алғашқы тексеруде

периодтық тексеруде

алғашқы тексеруде

периодтық тексеруде

0,2

+0,1

±0,2

±0,1

±0,2

0,5

±0,25

±0,5

±0,25

±0,5

1,0

±0,5

+1,0

±0,5

±1,0


 

«Прокат» станциясына ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысын енгізгеннен соң, станцияның еңбек тиімділігі жоғарылады. Еңбек тиімділігінің көрсеткішінің жоғарылағының дәлелі ретінде станцияның вагон қолдануы шамасын бұрынғымен салыстырғанда (Сурет 3.10) азаюын айтуға болады.

 

 

Кесте 3.10 ВД-30-2-8 таразысын енгізгеннен соң вагон қолдану уақытының азаю

 

 


Экономика.docx

— 43.37 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

экология.docx

— 134.43 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу