Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

3 глава.docx

— 1.80 Мб (Скачать документ)

- таразыны 1 тәулік ішінде щебень қабатына орналастырылуы;

- мезгілдік өзгеріске байланысты, осы таразыға платформалық таразы сияқты қызмет көрсету керек жоқ. Қызмет көрсетуге кететін шығын аз;

-аралықты басқару қабілеті, таразының операторы таразыны аралықта отырып, басқаруына мүмкіндігі бар, аралықта өлшеудің ең үлкен аралығы 2-3 шақырымға дейін жетеді;

- әр өлшегіш датчиктің, каналдың тәуелсіз жұмысын тексеру жүфесімен жабдықталған, және осыған оператордың сұрауымн де толық тексеру жүргізіледі;

- таразының жұмысын толық автоматтандырылған басқару;

- қозғалыстағы өлшеу кезінде жылдамдық және үдеудің шамасын автоматты бақылау қабілеті;

- өлшенген салмақты тележкаға байланысты, оське байланысты анықтау;

- барлық құрылғы автоматты түрде және дистанционды басқарылады.[8]

 

Кесте 3.5

ВД-30 рельстік типтегі таразысының платформалы таразылардан қарағанда артықшылығы

 

ВД-30 рельстік типтегі таразысы

Платформалы таразылар

1

2

-Бетонды-фундаментті жұмыста-рының жоқтығы (шебень қабатына орналас-тыру мүмкіндігі), жұмыстар теміржол қозғалысының тоқтауынсыз жүргізіле береді;

-Монтаждық жұмыстың тездігі, жұмысты орындау үшін минималды уақыт – 1 жұмыс сменасы;

-Бетондық шұңқырдың болмауы, шұңқырдың болмауы қоқыстың және судың жиналуы болмайды.

-Бетонды фундаменттық жұмы-сының болуы құрылыс жұмыста-рының жүргізуін талап етеді, орнату мерзімі – 1 айдан басталады

-Теміржол жүйесін пайдалануды белгісіз уақытқа тоқтата тұру;

-Бетондық шұңқыр болғандық-тан, шұңқырда қоқыс пен судың жиналып қалуы.

-Таразының үстінен өту кезінде шектелмеген транзиттік жылдамдық

-ККМ-і бекіткен ережелер сәйкес жылдамдық 5 км/сағ-тан аспауы тиіс

-Мерзімдік және арнайы қызмет көрсетудің болмауы;

-Қозғалатын бөліктің жоқтығы.

-Саңылауларды тұрақты бақылау (тiреулер, рама), тұрақтандырғыш құрылғысын тексеріс жүргізіп отыру;

-Платформаның деформациялануы (бұралу, айналма, майысу). 

-Өлшегіш каналдарды қайтала-уыш жүйесі, датчиктің істен шығып қалған жағдайында, таразы жұмыс істеу қабілетін жоғалтпайды және өлшеулердің көрсеткішін ауытқып көрсетпейді

-Датчиктің істен шығып қалған жағдайында, таразыда датчик жөнделмегенше жұмыс істеуге жарамсыз

-Вагонға ұзынынан және көлденең бағыттар бойынша жүктің (тиеудің біркелкілігі) ауырлық күшін нақты анықтау;

-Көліктік құралдың массасын тележкаға, бортқа, оське, доңғалаққа таратып бөлу;

-Доңғалақтан түсетін салмақты датчик жоғалтусыз және бұлжытпай жіберу.

-Дисбалансты көрсеткіштердің тек қана ұзындық бойына бағыттарын (вагонның тележкасы бойынша) көрсету. Көлденең бағыт бойынша дисбалансты көрсету платформаның әсерінен нақты болмайды


 

Кесте 3.5 жалғасы

 

1

2

-Кірме жолдардың жағдайына қарамастан таразының тұрақты жұмыс істеу қабілеті;

-«Төсеменің» болуынан платформаның деформациялануының үлкен ықтималдылығы;

-Таразының динамикалық соққылық жүктемені сезбеушілігі;

-Кірме жолдардың рельстері арасындағы саңылаудан туған соққылардың әсерінен датчиктардың істен шығу мүмкіндігі, платформаның рельсінде жарылулардың болып қалуы.

-Статикалық режимде таразыны тексеру және калибрлеу кезінде бақылау жүктері мен таразытексергіш вагонның қолдануымен тексеріс жасау, тексеріске арнайы ТКҚ-дар қолданылады  

-Таразыны тексеру мен калибрлеу кезінде таразытексергіш вагонды қолдану


 

Таразылық қызметпен қоса, таразы қосымша келесі құрылғылармен бірге жұмыс істей алады. Таразының өлшеу мағлұматтары ақпаратттық таблода көрсетіледі. Бұл таблода вагон өлшеуінің қорытындыларын брутто және нетто массасы ретінде көрсетуге, жалпы құрамның массасын көрсетуге және әр телефкадағы оське түсетін жүктемені көрсетуге болады. Ақпараттық табло таразының процессорымен кабель жүйесі  немесе рабио канал арқылы байланысады. Ақпараттық табло вагонның тиеуінің тегістеу пунктінде вагонға жүкті толық тиелгенін тексеру жұмыстарын атқара алады.[9]

Таразылар дистанционды басқару жүйесімен жабдықталған болуы мүмкін. Дистанционды басқарудың артықшылығы: таразы операторының жұмыс істеу орны жүкқабылдағыш құрылғыдан алыс қашықтықта орналастыруға болады.

Таразы жұмысының дистанционды мониторингін жүргізу үшін, қозғалыстағы вагондардың өлшеуін  және статикалық өлшеудегі вагонның көрінісін бақылау үшін таразыларды видео бақалау жүйесімен жабдықтауға болады. Әр жердегі ракурстан алынған вагонның видеокадрларын, өлшеуден алынған мәліметтерді сақтап, келешекте вагонның нөмірін идентификация жүргізгенде қолданылады.

Таразыларды вагондарды тиеудің автоматтандырылған дозировкалық жүйесіне орналастыруға болады. Бұл жерде вагонның жүккөтерімділігіне байланысты толығымен толтыруын және жүктің вагон бетімен дұрыс тегістелуін бақылайды.

Салмаөлшегіш комплекстің басты артықшылықтарының бірі өлшеу процесінің толығымен автоматтандырылғандығы және вагонның нөмірін анықтау жүйесінің де толығымен автоматтандырылуы. Автоматтандырылу құрамына: өлшеудің қорытындысы, вагон нөмірінің анықталынуы, өлшенген вагонның видеокадрлары. Осының арқасында жұмыс істеу операциясына адам факторын азайтып, болатын бөгеушіліктер мен қиыншылықтардың мүлдем алдын алады. Вагондық таразыдан таразы операторы алыс қашықтықта отырып, тек қана автоматты түрде өшеудің қорытындысы келіп отыратын ақпараттар базасымен ғана жұмыс істейді. Осы базаның ішінде видеобақылау құрылғыларының да мәліметтері болады. Бұндай функционалдық қабілет бір оператордың бірнеше салмақөлшегіштің жұмысын бақылап және басқарып отыруға мүмкіндік береді. Таразының екінші ретті құрылғысы автономды блоктық-модульдық ғимаратта орналасады. Ол ғимарат дизельдік генератормен, вентиляция жүйесімен, жылу көзімен, өрт сөндіру жүйесімен және күзетпен жабдықталған.[8]

Осыған қоса, төтенше жағдай болып, электр энергиясы берілу тоқтатылып қалса, автоматты түрде резервті энергия көзі қосылады. Өлшеудің қорытындысы мен вагондардың видеокадрларын оператордың АЖО-на жіберу жіпті-оптикалық байланыс көзімен жеткізіледі.

ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысының барлық модификациялары қазіргі кезде жаңа технологияларды терең зерттеуінің жемісі болып саналады. Осы таразының барлық модификациялары бірнеше Ресей, Қазақстан және басқа да ТМД елдерінің металлургия өнеркәсіптерінде, мұнай-газ өнеркәсібінде, машина жасау зауыттарында, ұлттық теміржол жолдарындағы станцияларда кең қолданысқа ие болған. Айта кетсек, мынадай үлкен компаниялар мен корпорацияларға ВД-30 таразысының модификациялары қызмет көрсетуде: «Аксустық ферроқорытпа зауыты» ААҚ, «Богословск албминий зауыты» ААҚ, «Челябинск металлургия зауыты» ААҚ, «Коми Алюминий» ЖШС, «Қостанайлық минералдар» АҚ, «Сургутнефтегаз» ААҚ және т.б. Осы үлкен кәсіпкерліктердің бәрі ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысының модифкацияларының үзіліссіз және қауіпсіз жұмыс істейтіндіне көз жеткізген. ВД-30-2-8 таразысын тиімді қолданып жатқан компаниялардың қатарына енді біздің станция, яғни Теміртау металлургиялық зауытына қызмет ететін «Прокат» станциясы да енеді.[9]

 

 

3.5 Технологиялық есептер

 

 

«Прокат» станциясының 807 жолына өлшеуіш-бақылау құрылғысы енгізілді. ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысын «Прокат» станциясына енгізгеннен кейін жұмыс тиімділігі жоғарылады. Жұмыс тиімділігін сипаттайтын басты көрсеткіштер: вагонды қолданудың уақыты, уақыт үнемделгеннен кейін қаражатта аз жұмсалады және жанармай шығыны. Станция бойына таразы орындалған соң, бұрынғы әдіспен өлшеу жүргіу тоқтатылады. Таразы енгізудің алдында жылжымалы құрамның салмағын анықтау үшін, жылжымалы құрамды «Стальная» станциясына жіберу қажеттілігі болған.[2]

Таразы енгізілмей тұрғанда бір жылжымалы құрамды станциядан жіберу уақыты 8,1 сағат алған. Яғни, жылжымалы құрамның вагоны әрқайсысы станцияның қолданысында 8,1 сағат болады. Станцияда вагонды қолдану уақытының нормасы 7 сағат болып бекітілген.

Жалпы жылжымалы құрамның жіберуге дайын болуының уақыты барлық вагонмен орындалатын операцияларға жұмсалатын уақыттың қосындысынан және тағы да операцияға жұмсалатын уақыттың қосындысынан тұрады.

 

                         ТЖ1 = ТЖ.Қ.Қ1 + ТВ.Т.1 + ТС.Ө.1 + ТҚ.Т.1 + ТТ.Т.1                     (3.1)

 

мұндағы, ТЖ1 – жалпы жылжымалы құрамның жіберуге дайын болу уақыты;

ТЖ.Қ.Қ.1 – жылжымалы  құрамның құралуының аяқталу уақыты;

ТВ.Т.1 – жүктің вагонға тиеуінің уақыты;

ТС.Ө.1 – вагонның салмағын «Стальная» станциясына барып өлшеуіне кеткен уақыты;

ТҚ.Т.1 – құжаттарды дайындауға кеткен уақыт және техникалық пен коммерциялық тексеруге кеткен уақыт;

ТТ.Т.1 – тежеуді тексеруге кеткен уақыт және құжаттарды алуға кеткен уақыт.

Жылжымалы құрамның құралуының аяқталуының уақытына сұрыптау дөңесінсіз сұрыптау операцияларын орындауға кеткен уақыт жатады. «Прокат» станциясында бір жылжымалы құрам максимальды шамасы 52 вагон. Станцияда 5 сұрыптау жолы бар.[6]

 

                                              ТЖ.Қ.Қ.1 = ТС. + ТҚ.                                           (3.2)

 

мұндағы, ТС. – сұрыптауға кеткен уақыт, ол 72,15 минутқа тең;

ТҚ. – пойызды құрастыруға кеткен уақыт, ол 5,1 минутқа тең.

 

ТЖ.Қ.Қ.1= 72,15+5,1=77,25 мин

 

Цехтардағы келген вагондарға жүктерді тиеу таразыны енгізілмеген жағдайда 295,8 минутты құрады. Осы уақыттың ішіне вагонды цехтағы керекті орнына қоюға кеткен уақыт, жүкті тиеу уақыты, вагонға тиелген жүктің салмағын анықтауға кеткен уақыт, тиеудің дұрыстығын тексеру уақыты, цехтан шығуға кеткен уақыт және т.б. кіші техникалық операцияларды орныдауға кеткен уақыттар кіреді. Вагонға тиеу әр жүк түріне арналған арнайы жүк тиеу құралдарымен тиеледі. Технологиялық үрдістің орындалуы: вагон цехқа келіп керекті орынға қойылады, арнайы крандар жүкті салмақөлшегішке қойып салмағын анықтап, вагонға тиеуді жүргізеді. Тиелген жүктік бекітілуі, дұрыс тиелуі тексеріледі. Вагон цехтан шығарылып, жинақталу жолына келеді.[10]

 

ТВ.Т.1 = 295,8 мин

 

Дайын болған жылжымалы құрамның салмағын өлшеуі «Прокат» станциясынан 3 км қашықтықта орналасқан «Стальная» станциясынада орныдалады. Ол станциядағы таразының техникалық көрсеткіштері: максималды салмақ өлшеу шамасы 150 тонна, өлшеу кезінде максимальды жылдамдық 2 км/сағ.

 

                                    ТС.Ө.1 = ТЖ.1 + ТӨ.О.1 + ТК.О.1 + ТТ.К.1                          (3.3)

 

мұндағы, ТЖ.1 – станциялар арасын жүріп өтуге кеткен уақыт;

ТӨ.О.1 – жылжымалы құрамды өлшеуге кеткен уақыт;

ТК.О.1 – кіші операциялар уақыты, ТК.О.1 = 12,6 мин;

ТТ.К.1 – таразының алдында күту уақыты, ТТ.К.1 = 10,99 мин.

«Стальная» станциясы мен «Прокат» станциясы аралығы 3 км. Станциялық аралықта жүру жылдамдығы 20 км/сағ. Барып қайтуды есептеген соң, жолға кеткен уақытты екі еселейміз.[6]

 

                                                ТЖ.1 =2tЖ.1+t Ү.Т.1                                            (3.4)

 

мұндағы, tЖ.1 – жолды өту уақыты, tЖ.1 = 3/20 = 0,15 сағ = 9 мин;

t Ү.Т.1 – үдеуге және тежеуге кеткен уақыт, t Ү.Т.1 = 13 мин.

 

ТЖ.1 =2*9+13 = 31 мин

 

Өлшеу операциясына кететін уақытты анықтайық. Жылжымалы құрамдағы вагондардың саны 52 вагон. Құрамдағы вагондардың орташа ұзындығы 14,5 м. Станция шекарасынан шығатын локомотив ТЭМ2 тепловозы тағайындалған. ТЭМ2 локомотивінің ұзындығы 16,9 м. Алдымен жалпы жылжымалы құрамның ұзындығын анықтап аламыз.[6]

 

                                                  lЖ.Қ1 = lЛ.1+n*lВ.1                                           (3.5)

 

мұндағы, lЛ.1 – ТЭМ2 локомотив ұзындығы, lЛ.1 = 16,9 м;

lВ.1 – вагондардың орташа ұзындығы, lВ.1 = 14,5 м;

n – вагондардың саны, n=52 вагон.

 

lЖ.Қ1=16,9+14,5*52=770,9 м

 

Пойыздың таразының үстінен өту жылдамдығы 2 км/сағ. 2км/сағ=0,55м/с.

 

                                                    ТӨ.О.1=lЖ.Қ1/V                                             (3.6)

 

мұндағы, lЖ.Қ1 – жалпы жылжымалы құрамның ұзындығы;

V – таразының үстінен өту жылдамдығы.

 

ТӨ.О.1=lЖ.Қ1/V=770,9/0,55=1401,6 с

1401,6 с = 23,36 мин

 

«Стальная» станциясына жетіп, өлшеу жүргіп, тексеруге кеткен және қайтқанда уақытты қосып жалпы өлшеу операциясына қанша уақыт кеткенін анықтаймыз.[6]

 

ТС.Ө.1 = 31 + 23,36 + 12,6 + 10,99 = 77,95 мин

 

Құжаттарды дайындауға кеткен уақыт және техникалық пен коммерциялық тексеруге кеткен уақытта таразы енгізілмеген жағдайда 23 минутқа тең.

 

ТҚ.Т.1 = 23 мин

 

Жылжымалы құрамның тежеуіш құрылғысын тексеру ТБА-сінде бекітілгендей 10 минутқа тең. Ал керекті құжаттарды алудың уақыты 2 минутқа тең.

 

ТТ.Т.1 = 12 мин

 

Барлық анықталған уақыттарды қосып, жалпы жылжымалы құрамның вагонының станциямен қолдануын анықтаймыз.

 

ТЖ1 = 77,25 + 295,8 + 77,95 + 23 + 12 = 486 мин

 

Яғни, таразы енгізілмеген кезде, бір жылжымалы құрамның вагондарын станцияның қолдануы 486 минутқа тең немесе 8,1 сағатқа тең. Теміржол көлігі басқаруының бекімі бойынша станцияда вагонның қолдануының нормасы 7 сағатқа тең. Бұл жерде норма орындалмаған.

ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысын «Прокат» станциясына орналастырылды. Таразы орналастырылған соң, жылжымалы құрамның вагондарын қолдану уақыты әжептәуір шамаға азаяды. Оның азаюының себебі: өлшеу операциясын орындау үшін «Стальная» станциясына барудың қажеті жоқ және де цехтардың ішінде жүкті вагонға тиер алдында, жүктің массасын өлшеудің керегі жоқ. Барлық ақпарат тез жиналып, соның арқасында техникалық және коммерциялық тексеру де тез басталады.[10]

Экономика.docx

— 43.37 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

экология.docx

— 134.43 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу