Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

3 глава.docx

— 1.80 Мб (Скачать документ)

 

Кесте 3.3

Қозғалыстағы өлшеу үшін ВД-30 таразының модификациясы

 

Модификацияның белгіленуі

Дискреттілік, кг

Өлшенетін вагон типі, ось саны

Өлшеудің тәсілі

ЕҮӨШ

ЕКӨШ

ВД-30-1-2

50/100

бәрі

осьтік

100/200

8/16

ВД-30-1-4

50/100

бәрі

осьтік және тележкалық

100/200

8/16

ВД-30-1-6

50/100

бәрі

осьтік және тележкалық

100/200

8/16

ВД-30-2-8

50/100

бәрі

осьтік, тележкалық, вагондық

100/200

8/16

ВД-30-2-10

50/100

бәрі

осьтік, тележкалық, вагондық

100/200

8/16

ВД-30-2-12

50/100

бәрі

осьтік, тележкалық, вагондық

100/200

8/16

ВД-30-2-16

50/100

бәрі

тележкалық, вагондық

100/200

8/16


 

ВД-30 рельстік типтегі вагондық таразысының модификациялары орындалатын өлшеу жұмыстар көлеміне байланысты тағайындалады. Датчиктер мен жүкқабылдағыш құрылғыларының саны көбейгеннен сайын, оның сенімділік сыныбы да арта түседі. «Прокат» станциясы жүктік станция болып табылады. Станцияда сыртқа шығаратын жүктің көлемі өте үлкен. Жалпы металлургиялық зауыттың соңғы дайын өнімі осы болат өнімдері болып саналғандықтан, дайын өнімнің көп бөлігі «Прокат» станциясынан жіберіледі. «Прокат» станциясына келетін модификациясы ВД-30-2-8. Бұл таразының модификациясының артықшылығын 3.2 кесте және 3.3 кестеге қарап салыстырып таңдадық. ВД-30-2-8 таразысының артықшылықтары: соңғы шығарылған модифкациялардан қарағанда арзнырақ, өйткені жүкқабылдағыш құрылғысы және тензорезисторлық датчиктер саны аз, орташа көлемді жүктік станцияға арналған таразы; бұл таразы соңынан шығарылған модификациялардан қарағанда техникалық көрсеткіштері төмендеу болғанымен, өткізгіштік қабілеті жағынан жаңа модификациялардан қалыспайды; ол екі қозғалыста және статикалық режимде өлшеу жүргізе алады; үш түрлі өлшеуді жүргізеді(осьтік, тележкалық, вагондық), өлшеудің қорытындысын оське байланысты, тележкаға байланысты, вагонға байланысты және жалпы толық жылжымалы құрамға байланысты мониторда көрсете алады.

ВД-30-2-8 релстік типтегі вагондық таразысының жұмыс істеуінің дұрыстығы мен техникалық қызмет көрсетуінің оңайлығын біздің алдымызда қолданысқа енгізген басқа да металлургиялық, машика жасау зауыттарының бағаларына қарап, көз жеткізуге болады.[7]

 

 

3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы

 

 

Бұл таразының (Сурет 3.3) констукциясына Hottinger Baldwin Messtechnik атты Германиялық фирмасының комплектілері қолданылады. Бұл әлемдік таразы және өлшегіш құралды шығарушы лидер фирмалардың бірі. Қолдану аймақтары: энергетикалық кәсіпкерлік, өндіруші және қайта өңдеуші өнеркәсіп, ауыр металлургия және т.б.[9]

 

 

Сурет 3.3 ВД-30 рельстік типтегі вагондық таразысы

ВД-30 рельстік (Сурет 3.4) типтегі вагондық таразының қызметі:

- қозғалыстағы бос вагондардың және тиелген вагондардың салмағын автоматты түрде өлшеу, автоматты түрде локомотивтің орналасқан орнын анықтау, барлығын қосқанда локомотив салмағын есептемеу, толық автоматты түрде оператордың көмегінсіз өлшеніп жатқан жылжымалы құрамның (локомотивтің барлық түрлері және 2 осьті, 4 осьті, 6 осьті, 8 осьті вагондар) жылдамдығын, үдеуін, қозғалыс бағытын анықтау;

- статикалық күйде тиелген және бос вагондардың салмағын вагонның орнын бақылау арқылы анықтау;

- мөлшерлеу комплексімен тығыз байланысып, вагонға тиеу үрдісін жүргізетін механизмдерді басқару жұмысын атқару;

- әр вагонның, жылжымалы құрамның брутто және нетто салмағын ақпараттар базасында тіркеу, осы тіркелген мәліметті дисплейдің экранына немесе принтердің қағазына шығару;

- әр вагонның көлденең және тік бағытта біркелкі толмауын тіркеп отыру, горизонтальді жазықтықта вагонның ауырлық ортасы проекциясының координатасын анықтау;

- жүктің масса туралы ақпараттын сақтап, оны технологиялық пайдаланушыға, айта кетсек, цех диспетчеріне, коммерциялық қызметке жән т.б. хабарлап отыру;

- кәсіпкерліктің корпоритивтік ақпараттық жүйесімен байланысты қаматамасыз ету, өлшеу үрдісі орындалып жатқанда технологиялық ақаулар шыққанда сигналды локомотив машинистіне, таразының операторына, диспетчерға хабарламаны жіберіп отыру, ақауларды (жылдамдықтың, үдеудің өлшеу үрдісі кезінде жоғары болуы) тіркеп отыру;

- ішкі жүйелік яғни, қызметтік фунцияларды орындау: ақпараттық жүйені статикалық және қозғалыстағы режимде жөндеуі мен тексерін жүргізіп отыру, жүйені пайдалану және арнайы тесттерден өткізіп отыру, ақау болса белгі беру.

 

 

Сурет 3.4 ВД-30 типті таразысының өлшеу қызметі кезінде

Кесте 3.4

ВД-30 таразысы құрамына кіретін құрылғылар мен жабдықтар

 

Атаулары

Керекті саны

Ескертулер

Жүк қабылдағыш құрылғы

 

1-4

Таразының модификациясы бойынша анықталады

Өлшеуіш рельс ИР Р65

2-8

-

Жалғағыш қорап

1-4

-

Дөңгелектің орналасуының датчигі

 

4-16

-

Өлшегіш құрылғы

1

-

Екінші ретті түрлендіргіш

 

1

-

Таразылық контроллер

1

-

Үзіліссіз энергия көзі

1

-

Монитор

1

-

Принтер

1

-

Калибровка үшін және эталонмен таразыны тексеру үшін көмекші платформа

 

 

 

1

Жеке келісім-шарт бойынша жеткізіледі

Калибровка үшін және эталонмен таразыны тексеру үшін көмекші құрылғылар

 

 

 

1

Жеке келісім-шарт бойынша жеткізіледі

Пайдалану бойынша нұсқаулық

 

1

-

Тексеру әдістемелігі

1

-


 

Кесте 3.4-те көрсетілгендей таразының құрылысы бір немесе бірнеше жүкқабылдағыш құрылғыдан (Сурет 3.5) және өлшеу құрылғысынан тұрады. Жүкқабылдағыш құрылғысының құрылысы рельстік типтегі салмақ өлшегіш тензорезисторлық датчиктен тұрады. Жүкқабылдағыш құрылғысы теміржол жолы және қарапайым темірбетонды шпалдың тіректі ауданымен қиылысында орналастырылады. Өлшеу құрылғысының құрылысына екінші ретті түрлендіруші блок, таразылық процессор, жалғағыщ қорабы (Сурет 3.6), сұйықкристаллды монитор, ақпаратты енгізу құрылғысы, қағаз бетіне шығарушы құрылғы және үзіліссіз энегияның қайнар көзі кіреді. Салмақтық процессор өнеркәсіптік тапсырмаларды орындайтын компьютерге келетін ІВМ базасында жасалған. Қалау бойынша екінші ретті түрлендіргішті блогын бірыңғай кіші шкаф ішінде орналастыруға болады. Таразының жұмыс істеу принципі тензорезисторлық датчиктің жұмысымен байланысты.[9]

 

Сурет 3.5 Таразының жүкқабылдағыш құрылғысының құрылысы

 

 

Сурет 3.6 Екінші ретті түрлендіргіш орнатылған қорап

 

Таразының жұмыс істеу принципі тензорезисторлық датчиктің жұмысымен байланысты. Таразының үстінен өткен көліктің жүктемесі рельстік типтегі салмақ өлшегіш тензорезисторлық датчикке жіберіледі. Осы датчик жүктеменің ауырлығына байланысты электрлік сигналды өндіреді. Электрлік сигналдар кабельдік жүйе арқылы екінші ретті түрлендіргіш блогына түседі. Осы блок ішінде келген сигнал қарапайым өңдеуден өтеді. Қарапайым өңделген ақпараттар таразылық процессорға түсіп, вагонды өлшеудің қорытындысы жалпылай құрамға, жеке вагонға, әр оське, әр тележкага  шығады. Өлшеудің қоыртындысы монитор бетіне шығарылып, керекті уақытта қағаз бетіне шығарылады. Жүкқабылдағыш құрылғысының зонасында температураның өзгерісіне және статикалық өлшеу жүргізу кезінде доңғалақ осьтерінің дұрыстығын бақылайтын датчиктердің көрсетуіне байланысты таразылар қорытындысының өзгерісін автоматикалық жөндеу құрылғыларымен жабдықталған. Таразылық процессорда өте дамыған ақпараттық қамтамасыз ету бағдарламасымен жабдықталған, осының арқасында таразының жұмыс істеу көлемі аса зор.[8]

 

 

3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары

 

 

Вагондық тарзының ең басты артықшылықтарының бірі жүктік платформасының, қозғалатын элементтің болмауынан, салмақ өлшегіш жол бөлігін қамтамасыздандыруға еңбек шығындарының минималды шамасы болып табылады. Барлық өлшеу операциясының автоматтандырылған жүйеде жұмыс істеуі, байқаусыз қатліктерді және адам факторын толығымен жояды. Осының арқасында, осы вагондық таразымен жұмыс істейтін және техникалық қызмет көрсететін персоналдың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығы сақталатынына сенімділік туғызады.

ВД-30-2-8 рельстік типтегі вагондық таразысы өзінің пайдалануы өте оңай және қызмет көрсетуші және жұмыс атқарушыға первоналға арнайы оқу курсын белгілеуді қажет етпейді. Арнайы белгіленген бағдарлама басқару бойынша атқарылатын функцияларды орындап, құжаттама және архивті дұрыс жүргізуде орынды жұмыты атқарады.

ВД-30 типті таразысының артықшылықтары:

- қозғалыстағы өлшеу жүргізген кезде және статикалық өлшеу кезінде вагон салмағының брутто массасы және жалпы жылжымалы құрамның салмағының қорытындысының дәлдігі;

- таразының щебень қабатында орналастыру мүмкіндігі орнату- монтаждық жұмысты 1 жұмыс сменасында бітіруге болады. Таразы орнатылып жатқан жолдың минималды жабылуы (мазуттық жанармайдан сұйық жүктерді жүктерді өлшеу үшін, 400 мм-лі қалыңдықтағы темірбетонды негізді орналастыру керек);

- таразының қозғалушы бөлігінің болмауының әсерінен жоғары сенімділіктің болуы;

- таразыға қызмет көрсету теміржол жұмысын тоқтаусыз атқарылады;

- жоғары өткізгіштік қабілеті, тәулігіне 1500 вагоннан артық;

- өстердiң өтудi бақылауының қосымша жолдық датчиктерi және вагондардың қозғалыс жылдамдығының жоқтығы салмақ өлшегіштің қызмет көрсетуі оңай жұмыс iстейдi, жүйенiң сенiмдiлiгін жоғарылатады;

- таразының мобилдiлiгі яғни, таразы басқа дайын тұрған алаңға оңай көшiре алады;

- жылдамдықтық және үдеулік режимді толығымен басқару;

- автоматтық режимде бүкіл жылжымалы құрамның салмағын тез және дәл анықтау;

- ақпараттар базасында жұмыс істеу оңайлығы, керекті периодтың есептемесін тез алу мүкіндігі;

- ИР65 өлшеу рельстерiнiң берiктiлігі, ұзақ уақытқа жарамдылығы және тозуға шыдамдылығы бойынша магистральдық Р65 рельстерi сияқты деңгейдегі көлемдiк құрыштанудан өткен;

- қиын шарттарда бұзылусыз жұмыс істеу қабiлеттiлiгi, таразы ылғалдылықтың көп шамасы кезінде, шаң кезінде, температураның тұрақты еместігіне байланысты арнайы қызмет көрсету талап тепейді;

- жоғары өткізгіштік қабілеті, практикада қайқалған қорытынды – тәулігіне 1500 вагонды өлшеп өткізе алады;

- жүкқабылдағыш платформадан қарағанда  шығыны жағынан арзан, және орнатуға және монтаждық жұмысқа кететін шығындарда аз болады;

- өлшеуіш каналдардың қайталауыш жүйесі – өлшеуіш каналдардың себепсіз өшіп қалу кезінде, таразының жұмыс істеу қабілетін қайтадан жандандырушы жүйе. Штаттық режимде таразының жұмысы тоқтап қалмай, өзінің жұмысымен толығымен жалғастыра береді;

- электрлендірілген теміржол желілерінде жұмыс істеу қабілеті (СОБ құрылғылары, қайтарымды тарту тоқтары);

- локомотивтің құраманың басында немесе аяғында тұрғанын автоматты түрде анықтау қабілеті;

- вагондардың неше өсті екенін анықтау жүйесі осы құрылғының ішінде орналасқан. Яғни, 2-өсті, 4-өсті, 6-өст, 8-өсті вагондар құраманың ішінде лақтырылып қойылған болса, соны автоматты түрде өлшеумен бірге анықтап отырады;

- арнайы қызмет көрсетуді қажет етпейді;

- жүктің тиеулуі кезінде жүктің ауырлық ортасының қателігін анықтап, табылған қателікті операторға хабарлау;

- шифрлық кодтауды қолдану мүкіндігі;

- өлшеу технологиясының қатал сақталынуы;

- заманауи жаңа технологиялармен бірігіп жұмыс істеу қабілеті, яғни, видеобақылау жүйесі, дистанционды басқару жүйесі және т.б.;

Экономика.docx

— 43.37 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

экология.docx

— 134.43 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу