Лабораторные по устройству автомобиля

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2013 в 21:06, лабораторная работа

Краткое описание

Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер теориялық білімді дамытып бекітеді және орман шаруашылығы машиналарының тараптары мен тетіктерінің ақауларын анықтау және жөндеу бойынша тіжериебелік дағды алады.
Әр зертханалық жұмыста: мақсаты мен мазмұны; зертханалық жұмысты атқаруға негізгі теориялық мағлуматтар; ауысулырды орындауға керекті технологиялық нұсқаулар: зертханалық жұмысты орындаудың тізбегін белгілейтің пиктограммалар жүйесі; кестелер мен бақылау сұрақтары берілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

60676.doc

— 1.83 Мб (Скачать документ)

Бүркіткіштің толтырылу технологиясы: клапаны бар сору түтік бакқа түсіреді. Бұнда жұмыс ерітіндісінің өз мөлшері болуы керек. Сосын насосты қосады, ол сұйықтықты сору фильтрі арқылы түтікпен басқару пультіне береді. Эжектордың жоғары жылдамдықпен аққан сұйықтық эжекторда вакуумның әсерімен бактан сорылады.

 Бүркіткіштің технологиялық процесі: орман өсімдіктерін өңдегенде насос бактан сұйықтықты басқару пультіне апарады. Мұнда оның бөлігі түтік арқылы штангага беріледі және шашушы көмегімен өңделу объектісіне кетеді. Сұйықтықтық артығы түтік арқылы сақтандырғыш клапанға барып сөндіргіш арқылы бакқа қайтадан түседі. Қысымы штангага түскен сұйықтық, басқару пульті тұрқысында қосылған редукциялы клапанымен реттейді. Басқару пультінде серіппесі бар бөлу клапаны бар, ол гидроцилиндр штокымен жұмысқа қосылады. Гидрожүйеден май түскенде шток клапанға басады, оны алдынғы күйге түсіреді де жұмыс мүшелеріне майдың баруына жол бермейді.

Есте сақтау қажет, насос  тұрқысындағы сұйықтық клапан жұмыс істегенде (қақпақты ашса) толығымен сыртқа төгіледі. Сондықтан фильтрді жууда аса абай болу керек. Қолға ерітінді түссе, оны сумен жуу қажет. Шашушыда су сақтау үшін бак бар, ол көлікке белдеушіктерімен бекітіледі.

 

 

6.5 ОШУ-50А әмбебап кеңінен қамту тозаңдатқыш

Тозаңдатқыштың негізгі бөлшектері (жинақтау бірліктері): тракторға ілу үшін пісірілген саусақтар, рама; айналдырғышы бар бункер, сүрту катушкасы бар шнектолтырғыш, толтыру құрылымы бар (заслонка түрінде) желоб, желдеткіш және шашушы күршекте оның сыртында орналасқан. Аса назарға алатын рычаг пен трос арқылы ерітіндінің нормасын сақтау үшін жылжу мүмкіндігіне аудару қажет. Трактордың ВОМ арқылы тозаңдатқыштың қосылуын білу.

Тозаңдатқыштың жұмысы мен принципі: тозаңдатқыштың жұмысы кезінде поршокті препарат бункерден мөлшеулер құрылым арқылы желдеткішке әкелінеді, онда қолақшамен алынып және ауамен шашушы сыртынан өңделу жеріне шашылады.

 

6.6  ОРВ-1  қол тозаңдатқыштың

Тозаңдатқыштың негізгі бөлімдері: бункер, онда орналасқан айналдырғышы бар шнек, желдеткіш жетектің айналдыру шнегі, желдеткіш және шашу құбыры.

Бір минуттық шығысы: мөлшендірді басқару үшін аңықтау көрсеткішімен бекітілген. Заттегі мөлшері-0,2 ден 12 г/мин, айналу жиілігі 25-30 мин.

 

        1, 3, 8-крандар, 2-жұмыс сұйықтық багы, 4-манометр, 5-сақтандыру клапаны, 6, 9, 11-құбыр, 7-бензобак, 10-қол ауа насосы, 12-кері қақпақша, 13-араластырғыш, 14-білте, 15-тұтыну коробкасы, 16- тұтыну кнопкасы, 17-жану камерасы, 18-аэрозоль трубасы, 19-рубашка, 20-тозаңдатқыш

 

18 сурет – РАА-1 аэрозольды аппарттың технологиялық схемасы

6.7 РАА-1 қол  аэрозоль аппараты

Аппараттың негізгі бөлімдері (жинақталу бірліктері): жұмыс сұйықтығы үшін бак, бензин үшін бак, ауа қол насосы, жану камерасы, аэрозол трубкасы, шашушы, оталдыру жүйесі, сақтандыру клапаны, манометрлер және крандары бар құбырлар.

 Аппарат жұмысы: жабық крандармен сөндірілген оталдыруда ауаны бензобакқа насоспен итереді, нәтижесінде қысым көтеріледі. Содан кейін электродтарың арасында от болу үшін, от алдыру кнопкасын басады, бензин кранын ашады. Құбыр арқылы бензин араластырғышқа беріледі. Мұнда бензин ауамен араласып, қол насосымен берілетін және жану камерасына барады. Жану ерітіндісі оттан жанады. Нәтижесінде камерада қысым көтеріледі. Жабылғыш клапаны жабылады және жану қалдықтары трубадан атмосфераға кетеді. Босаған камерада сиректеу пайда болады, клапаны ашылады, жану қыпасын береді, процесс қайталанады.

 

6.8  Аэрозоль  генераторы  ЛАГО-У 

Бүркіткіш генератордың негізгі жинақталу бірліктері: рама УД-2 қозғалтқышы, сыртқа тепкіш желдеткіші, бүркіткіш құрылым, сұйық әкелу құбыр өткізгіштері, жұмыс сұйықтығы әкелу-қосылу краны, бүркіткіш қосындысын әкелу. Бүркіткіштің қосымшасы.

Бүркіткіш түріндегі генератор жұмысы: Бактан шлангага келетін ауа арқылы артық қысым арқылы жұмыс сұйықтығы басқа шлангамен бактан бүркіткішке беріледі. Бұнда желдеткіштен келетін ауа оны азайтып, өнделу объектісіне апарады.

Бүркіткішті бұратын құрылым фиксаторы бар тұтқадан, сектор мен гребенкадан тұрады. Құрылым Бүркіткіштің трубасының 300 бұрышқа айналуын және берілген күйлерде орнықтылуын қамтамасыз етеді.

Орман химиялық АЛХ-2 агтегатының негізгі (жинақталу) бөлімдері: агрегат тұрқысы, онда 2 жұмыс жинақталуының –аэромонитор, автомонитор және инъекциялы жабдық орналасуы мүмкін.

Агрегаттың тұрқы құрылымы: рама, кардан берілісі, резервуар, крандар, сору түтік, фильтр, жұлдызды аралық вал, насос, дистанциялық әрекеті клапаны, байланыс шлангалары және арматура, бұл автомонитор мен инъектор жұмысы кезінде орналастырылады.

Автомонитор құрылымы: рама, екі сатылы беріс және қисықтісті редукторлар, химикатты бөлетін редуктордың аралық валына жасалған клапан (редуктор қиғаш тісті шестерияның осі әрекетіне мен іс әрекетке қосылады), жұмыс тәртібін қосу рычагы, сонымен бірге, желдеткіш жұмыс дөңгелек сөндіру рычагы. Желдеткіш корпусы тірекке тіреледі, оларда сырғанау подшипниктері бар. Бұл жұмыс дөңгелегіне ос айналасында айналуға мүмкіндік береді. Желдеткіш асыру терезесі әр түрлі аралық күйде болуы мүмкін, турасынан 300 солға қарай (көлік жүрісі бойынша) және көлденен күйде. Аэромонитор желдеткіш тұрқысын гидравликалық механизмі құрылысымен жасалған, ол трактормен оператор бөлмесінен дистанционды басқарылады.

Аэромонитор түріндегі  агрегат жұмысы: агрегат жұмысы кезіндегі  жұмыс ерітіндісі, агрегат тұрқы коллекторы мен тығынды кран арқылы майысқақ шлангалармен бүркіткішке барады, одан өңделу объектісіне шашылады. Үлкен тамшы шашу үшін де жасалады.

 

 5 кесте – Тозаңдатқыш пен бүркіткіштердің ақаулықтар, олардың жою жолдары

 

Ақаулықтар

       Ақаулық  себебі

        Жою жолдары

                   1

                  2

                   3

Трактор бүркіткіші

Сору түтік жұмыс сұйықтығын толық мөлшерде бермейді

Кранның жабылуы, насос реттелуінің бұзылуы

Кранды ашу, насостан ауаны шығару; насоспен берілетін қысымды реттеу

Шашушының жиі қоқыстануы

Фильтрдің сеткасы жыртылған

Фильтрді айырбастау, бақты тазалау

Шашыратқыштар аз шашады

Шығу жолдары тозған немесе қысымның аздығы

Тозған шашыратқыштарды  жаңаға ауыстыру немесе жұмыс қысымын  реттеу

Ағызу механизмін соплосынан сұйықтық ағыу

Трактор валы толық айналмайды немесе жүру муфтасы жұмыс істемейді

Трактор валының айналуын үлкейту, муфтаның техникалық күйін анықтау

Трактор тозаңдатқышы

Беру механизміне дәрі бармайды

Порошок тозын қалды

Бункерде заттегіні  араластыру

Кардан жылжуының сақтандыру муфтасы жұмысқа кіреді

Трактор трансмиссиясының реттелуі бұзылған

Трактор трансмиссиясы  бұзылуын табу, және оның жөндеу

Желдеткішің астынғы байланыс құбырынан заттегі шашылады

Байланыс тығыздығы  жоқ

Құбырдың бекітулерін тексеру, керек кезде төсеніштерді ауыстыру

Редуктор немесе желдеткіштің подшипниктері қызады

Редукторда май аздығы

Редукторға май құю, желдеткіш подшипниктерін майландыру

5 кестенің жалғасы

   

1

2

3

Қоректендіргіш және желдеткіштің дірілдеіу

Редуктор немесе желдеткіш үстінгі подшипнигінің бекітілуінің әлсізденуі

Рамадағы редукторді бекітетін болт гайкаларын тарту және валдағы бункерді ортақтандыру, редуктор люгін ашу және редуктор болттарын тарту

Желдеткіштің қапты  соғуы

Жоғарғы валдың жоғарғы жағыысқан

Валды алып, түзеу, керек болса жаңадан ауыстыру


 

Аэромотор түрінде агрегат  жұмысы: жұмыс кезінде жұмыс ерітіндісі шашырау жасайтын құрылымға түседі,онда ауамен өңделу объектісіне шашыратылады, жиі өз тамшылау шашырату үшін қолданылады.

Су шашушы заттегі  шашушы ақаулық себептерін және жою  жолдарын оқушылар білу керек (5 кесте)

Істелген жұмыс есебі: бүркіткіштің аэрозол генераторлармен озаңдатқыштарың реттелуі және құрылымы жөнінде айту.

 

 

№ 7 Зертханалық жұмыс. Орман кесу жұмыстары үшін көліктер мен механизмдер

 

7.1 Жұмыс мақсаты

ВМ-4 вал көлігінің, вал-трель көлігінің, ЛП-17А, ЛП-19А вал-пакеттік көлігінің, ТБ-ІМ  бесчокер трелевчик көлігінің, ЛП-18А бесчокер трель көлігінің жалпы құрылымын білу.

Жұмыс орнының құрал  жабдықтары: техника сақтайтын алаң, ВМ-4 вал-пакеттік көлік, ЛП-17А

Жұмыстың орындалу барысы: 1,2 бөлімдері, У3 енінші бөлім оқу, орман кесу жұмыстарына арналған көліктер мен механизмдер құрылымымен танысу.

 

7.2 БМ-4  вал  көлігі

Вал көлігінің негізгі жинақталу бірліктері: ілгішімен кесу механизмі, ағаштарды түсіру механизмі, технологиялық (толтыру) рычагы, қар тазалатқышы мен итергіш, бөлме шеті, гидрожүйе насосы, жұмыс сұйықтығы үшін бак және гидроүлестіргіш, оқушылар кесу, түсіру механизмдерін, технологиялық рычагтарды білу керек. Аталған механизмдер Н3-І00-Л2 насосымен және Р-150 үлестіргішімен жұмысқа қосылады. Кесу механизмі тура және көлдеңен беттерде 1000 мм дейін жылжуы мүмкін, бұл жер деңгейінде кесусіздікті ағаштардың кесуін максималдық диаметрі (120 см) қамтамасыз етеді.

Түсіру механизмі рычакты-технологиялық құрылым болып табылады, ол бұрылу және шығару балкаларынан, гидроцилиндрдан, кілт құрылымы мен рычагтар жүйесінен тұрады. Трактордың орталық осінен вал рычагының максималды шығысы 2,2 см, оның дамыған күйі 25 кН дейін. Технологиялық рычаг кесілген ағашты алып сол жақтан оңға қарай лақтырады (әрекет барғанда). Трактордың орталық осінен жұмыс рычагының шығысы 3,2 м, ал салмақ көтерілуі-30кН. Н3-50-Л2 насосы Р75-ПГ үлестіргіш құрылымымен, итергіш, қар тазалағыш механизміне,шығару балкалары бар вал механизміне,тура ілгіш (параллелограмм көтеру және түсіру), ілгіш шығару механизмі мен ілгіш бұрылу механизміне қызмет етеді.

ВМ-4 көлігінің жұмысының  технолнгиялық процесі: көлік технологиялық  құрал арқылы ағашты бағыттап, кесіп  түсіреді, технологиялық рычаг кесілген ағашты жолдарды тазалауда басқа жаққа лақтырады және жолды тазалайды. Керекті ағаштар қалдықтарын түзейді.

 

7.3 Валдық-трелер  көлігі ЛП-18А

Көліктің негізгі жинақталу  бірліктері: ЛХТ-55 базалық трактор, стрела мен тұтқасы  бар бұрылу колонасы, алу-кеу басымен бітеді. Бұрылу гидроцилиндрімен ілгіш гидробасқарудың пантографтық жүйе мүшесі болып табылады және базалық көлік рамасына қатысты өз күйін өзгертпейді. Алып-кесетін бас шарнир көмегімен бұрылу цилиндріне ілінген. 2 гидроцилиндр стреланы көтеріп түсіреді, ал басқасы тұтқаны бұрады.

Алып-кесу басының іс-әрекетімен құрылымы, ағашты кесуде, оны басқару  күшімен тік салмақкөтергіш арқылы және гидроцилиндр рычагтары жасалған іс-әрекеттер арқылы. Тұрқыда бекітілген шаршир айналасында рычаг айналады. ОН (гидроцилиндр мен тірек) домкрот және ағаштың бағыттық түсуін қамтамасыз етеді. Ағаш консольді түрдегі тіркеу кесу аппаратымен кесіледі, ол гидроқозғалтқыш арқылы жұмысқа қосылады, ал кесу шинасы гидроцилиндрмен қозғалады. Тік және көлдеңен беттердегі алып-кесу басының бұрылуы 220 және 1200 гидроцилиндрмен іске асады.

 

7.4 Вал-пакеттік  көлік ЛП-18А

Көліктің негізгі жинақталу  бірліктері: табан шынжыр жүйесі, қарама-қарсы  салмағымен бұрылу платформасы, күштік орналастыру, бұрылу механизмі, жабдықталу бөлмесі, гидро және электро жабдық, стрела және тұтқа, алып-кесу құрылым. Күштік қою, бұрылу механизмі, трактор кабинасы, гидрожабдық, электрожабдық, стрела және тұтқа бұрылу бетінде орналасқан. Барлық аталған бөлімдер, кабина, тұтқа және стреладан басқалары бұрылу бетімен ЭО-НІ-21 эксковаторынан алынған. Кесу аппаратының кесу құралы болып ПЦУ-30 кесу ұзақтығы болып табылады. Цеп жылдамдығы 16 м/с, ал стрела шығуы 7 м, минималды шығыс 3,5 м, салмақ көтергіш 22 кН. Жұмыс басында көлік жол осінде кеңстік 14-15 м, 2 км/с жылдамдықпен жүреді.

 

7.5 Бесчокер ЛП-18А трелеволық көлік

Көліктің негізгі құрылым  бірліктері: гидрокүшейткіш пен тұрқысымен рама, басу жылжуы мен жиналуы үшін байланыс жиынтығы.

        Байланыс жиынтық құрылысы және  оның жұмысы: байланыс жиынтық  щитімен трактор рамасына шарширді түрде бекітіледі. Щит байланыс жиынтық пен салмақ алаңы үшін негізі болып табылады, сонымен бірге ағаштар қисықтарын түзу үшін пайдаланады. Ағашты жатқызу алдында трактор лебедкасы тежелмейді. Бір ағаш немесе жиынтық байланысы бастапқы күйге тірек және негіздердің бұрылуы арқылы іске асады, сонымен бірге лебедка қосылуымен байланыс құрылысы басып тартады.

        Істелген жұмыс есебі: орман  кесу жұмыстары үшін пайдаланатын  көліктер мен механизмдер жұмыс  принципі мен құрылысын көрсету.

 

 

№ 8 Зертханалық жұмыс. Аз мөлшерлі мотопомпалар мен ранцелық шашушылар, олар орман өрттерін қарсы пайдаланылады

Информация о работе Лабораторные по устройству автомобиля