Автокөлік құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:36, лекция

Краткое описание

Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі.
Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Avtomobil_lektsia.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

Трансмиссиялық  майлардың үйкеліске қарсылық қасиеттерін  арттыру үшін оған 5% қышқылды присадка қосады. Бұған жаз және қыс айларында қолданылатын автомобильдің трансмиссиялық (ТАп-15, ТАп-10) майлары жатады.

ГАЗ-53А автомобильдің  бас берілісі жүк автомобильдерінің  гипоид майы, ГАЗ-24 «Вола» жеңіл автомобильдері ұшін гипоидты майлар қолданылады.

Автомобильдердің  кейбір механиздері мен агрегаттарының май құятын картері болмағандықтан оларды консистенттік маймен майлайды. Ондай майлар минералды май мен  қойылтқыштан – сабыннан тұрады. Дайындау тәсілдеріне қарай қойылтқыштарды: сабын қойылтқышқа сілті қосып қайнатқан солидолдың құрамына кальций кіреді; қойылтқышы сабын болып табылатын консталин, ол күйдіріш натрийде қайнатылады.

Солидол суға берік, балқу температурасы (70-900С) төмен, ал консталин ылғалға төзімсіз және балқу температурасы 1300С жетеді. Консистендік майлардың УС-1 және УС-2 маркалары болады да, оларды механизмдердің жұмыс істейтін температурасына қарай қолданады. Олармен руль тартқышының жалғасқан түйіндері, рессордың саусақтары, шкворень т.б. майланады.

Графитті  майлармен рессорлардың табақтарын майлайды. Графитті май 10-15% графит ұнтақтарына  араластырылып УС-2 солидолынан тұрады.

Бөлшектерді ұзақ уақыт тотығудан сақтау үшін және аккумулятор батареялары клеммаларын  жабу үшін олардың мұнайды өңдеуден қалған өнімдерден тұратын техникалық вазелинмен майлайды.

Двигательді майлау. Өзара қарым-қатынаста болатын  денелердің арасындағы біріне қарағанда, екіншісінің салыстырмалы қозғалуын  және ондай қозғалыстарға қарсылық білдіретін күштерді үйкеліс күштері  деп атайды. Үйкеліс күштерінің шамасы өзара үйкелісте болатын беттердің өңделуіне, жылдамдығына және олардың арасындағы қысымға байланысты.

Жұмыс істеп  тұрған двигательдің күш бергіш қөптеген бөлшектері бір-бірімен үнемі үйкелісте  жүре бір-бірімен салыстырмалы қозғалыста болады. Двигатель жұмыс істегенде үйкелу күштерін жеңу үшін двигатель қуатының бір бөлігі жұмсалады; сонымен бірге бөлшектердің өзара үйкелуі олардың тозуына және жылу бөлуіне әкеліп соқтырады, сондықтан двигатель бөлшектері бөлінген жылудың әсерінен көлемін ұлғайтып, айқасып қалуы мүмкін. Сөйтіп қозғалмалы бөлшектерінің жұмысына жақсы жағдайлар жасау үшін олардың арасындағы үйкеліс күшін барынша азайту керек.

Үйкеліс күштерін азайту үшін антифрикциялық қорытпа  қолданылып, олардың беттерінің өңделуін жақсарту және роликті немесе шарикті подшипниктер қолдану керек. Бірақ үйкеліс күштерін азайту үшін қолданылатын тәсілдердің ішінде күшті әсер ететіндердің бірі үйкеліс беттердің арасындағы май пленкасы детальдардың (бөлшектер) бір-бірімен тікелей үйкелісі май қабаттарының өзара үйкелісімен алмастырылады. Сонымен қатар майлау майы үйкелетін детальдардың беттерін ысытпай оларды салқындатады, түскен ұсақ механикалық т.б. бөлшектерді ала кетеді, детальдарды коррозиядан сақтайды және олардың саңылауларын тығыздайды.

Майлау жүйелері двигательдердің үйкелетін беттеріне  май беріп, май қысымын бір  қалыпта ұстайды, оларды керексіз заттардан  тазартып және салқындатып отыру  үшін керек. Майды жеткіліксіз беру двигательдің қуатын азайтады, үйкелістің артуына жол береді, подшипниктерінің қызып, тіпті балқуына, поршеньдердің сыналануына және двигательдің тоқтап қалуына әкеп соқтырады. Май көп берілсе майдың бір бөлігі жану камерасына құйылып, оның қабырғаларына күйенің тұруын көбейтеді, осыдан барып от алу свечаларының жұмысы нашарлайды.

Двигательдің  жұмыс істеу процесінде майдың бір  бөлігінің өз сапасын жоғалтуына байланысты оны жаңартып, толықтырып отыруы керек.

Үйкеліс беттерніне май әртүрлі жолдармен – қысыммен, шашырату және өздігінен ағу арқылыберіледі. Сондықтан детальдарға май беру жолдары олардың жұмыс істеу жағдайына, май беру мүмкіншілігіне байланысты болады. Автомобиль двигательдері үшін май аралас жүйемен беріледі, яғни кейбір детальдарға май қысыммен берілсе, кейбіреулеріне шашыратылып және өздігінен ағу арқылы беріледі.

Майлау жүйесіне картердің табаны, май қабылдағыш, май насосы, май сүзгілері, май  радиаторы, майдың қысымын қөрсеткіш, трубопроводтар мен каналдар кіреді.

ГАЗ-24 двигателінің майлау жүйесіне май катердің табанынан  май қабылдағыш арқылы насосқа береді. Бұдан кейін май сүзгісіне беріледі, ал одан әрі қысымның күшімен цилиндр блогі бойына орналасқан орталық май магистралына және каналдардың бойымениінді біліктің түпкі мойнына, бөліш біліктің таяныш мойнына келеді. Иінді біліктің түпкі мойындарынан май біліктің жақтарындағы тесік арқылы шатунға беріледі. Шатунның тесігінен өткен май сәйкес келген кезде шатун мойнындағы канал мен подшипник тесігі цилиндрге беріледі.

Бөліш шестернялар  мен таяныш фланец бөлгіш біліктің аодыңғы мойнының подшипнигінен  шыққан майдың ағынымен майланады. Бөлгіш біліктің артқы подшипнигінен аққан май ағыны тік канал мен артқы қуыс тірек жолымен күйенте осінің каналына беріліп, одан тесік арқылы күйентенің втулкасына, реттегіш винттер мен штангілер жоғарғы ұштарына беріледі. Штангілермен аққан май итергіштер мен жұдырықшаларды майлап отырады. Қалған детальдарының бәрі шашыраған немесе өздігінен аққан майлармен майланады.

35-суретте  ЗИЛ-130 двигателінің майлау жүйесінің  схемасы қөрсетілген. Май резервуары  деп аталған катердің табанынан май қабылдағыш арқылы май насосымен сорылып алынады. Май насосының төменгі жағынан май радиаторға, одан катердің табанына беріледі. Жоғарғы бөлігінен май қысыммен цилиндрлер блогының артқы каналы арқылы май сүзгілерінің корпусына беріліп, одан тазартылады.

Сүзілген  май цилиндрлер блогінің артқы қабырғасына  орналасқан бөлгіш камерасына беріледі. Бөлгіш камерадан май цилиндрлердің  оң және сол қанаттарындағы магистральды екі каналдарға беріледі. Магистраль каналдардан май қысыммен итергіштердің  бағыттаушысы втулкасына, бөлгіш біліктің таяныш мойындары мен иінді білікті таяныш подшипниктеріне беріледі. Компрессор магистральдық каналдың алдыңғы басынан келген маймен майланады. Бөліш біліктің орта мойнындағы тесік цилиндтлер блогінің тесіктерімен тұспа-тұс келенде (бөлгіш білікті әрбір айналғанда–1 рет) толықсыған май ағыны әрбір цилиндрлер қалпақшасының каналына беріледі. Ол каналдардан күйентенің таяныш тірек арқылы өтетін болттары мен қабырғалары арасындағы саңлау арқылы май күйентенің іші қуыс осьтеріне кіріп, оның тесігі арқылы күйентенің втулкаларына келеді.

Күйентенің  осі мен оның тесігі арасындағы саңлаудан  өткен май, күйентенің қысқа иініндегі  канал арқылы штангының сфералық таянышына, бір бөлігі клапандардың стержені мен олардың айналу механизіміне беріледі. Бөліш біліктің алдыңғы мойнындағы каналдан май қысыммен таяныш фланеціне беріледі. Двигательдің қалған бөлшектері шашыраған және өздігінен ағып келген майлармен майланады.

Цилиндрдің  қабырғаларына май шатунның тесіктері  иінді біліктің май каналымен сай келгенде бүркіліп шашырайды. Цилиндрдің қабырғаларындағы май, майысырғыш сақиналармен сыпырылып поршеньнің бобышкасындағы саусақтарының таянышын майлайды.

Бөлгіштің шестернялары цилиндрлер қалпақшасының каналдарынан өздігінен аққан маймен майланады.

Двигательдің  бөлшектерін майлайтын майды  катерлердің табанына ауа сүзгісі  бар аузы қақпақпен жабылатын  май құятын түтік арқылы құяды. Майды  белгілі бір шамаға шейін май  өлшейтін стерженьнің сағасындағы  «Толы» және «Толтыра түс» деген белгілеріне  дейін құяды. Двигательдегі майдың деңгейі стерженьнің сағасындағы «Толтыра түс» деген жазудан төмен болса, ондай автомобильді пайдалануға болмайды, сондықтан әр уақытта майдың стержень сағасындағы «Толы» деген белгі маңында болуын қадағалап отыруы керек.

ЗМЗ-53 двигателінің майлау жүйесінде иінді біліктің түпкі және шатундық подшипниктері, бөлгіш біліктің подшипниктері, күйенте осі, май насосымен үзгіш-бөлгіш жетеінің білігі қысым арқылы келген маймен майланады. Майдың қалған бөлігі насостан тікелей орталық тазарту сүзгісіне беріледі.

Цилиндрлер, шатундардың жоғарғы бастарының втулкалары, клапандардың стерженьдері, прошень саусақтары, итергіштер мен  бөлгіш біліктің жұдырықшалары шашыраған  майлармен майланады.

Бөлгіш білік  жетегінің шестернялары орталық  тазарту сүзгісінен аққан маймен, ал ток үзгіш-бөлгіш жетегі мен оның штернясы бөлгіш біліктің тесігінің бітеушісі арасынын аққан майлармен майланады.

Жаз айларында  автомобильдің майын және жолдың ауыр жағдайларында жұмыс істейтін двигательдердің (ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53) майлау жүйесіндегі майды салқындату үшін салқындату жүйесінің радиаторы алдына орналасқан май радиаторы қойылған. Оның қосып отыратын немесе ажыратып отыратын кранигі бар.

Май насосы двигатель бөлшектерінің үйкеліс беттерніне майды қысым арқылы беруге арналған. Автомобильдердің двиательдері үшін шестернялы май насостары қолданылады. Насос ішіне бір жұп (ГАЗ-24) немесе (ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53) шестерня орналасқан корпустан тұрады. Шестернялардың бірі жетекші білігіне, екіншісі оське бос орналасқан. Жетекші білік бөлгіш білікке кигізілген қисық тісті шестерня арқылы іске қосылады. Сөйтіп насостың шестернялары айналғанда кіре беріс тесіктегі майды өзінің тістерімен ілестіріп алып оны корпустың қабырғасына енгізіп, шығар тесіктен өткізіп отырады.

Майды ЗИЛ-130 двигателі насосының жоғарғы секциясы майлау жүйесі мен центрден тепкіш тазарту сүзгісіне, төмен секциясы – май радиаторына беріп отырады. ЗМЗ-53 двигателінің жоғарғы секциясы двигательге майлайтын май берсе, төменгісі центрден тепкіш тазарту сүзгісіне береді. ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53 двигательдерінің екеуінің де май насосы двигательдің сыртына, ал ГАЗ-24 двигателінің насосы картердің ішіне орналасқан.

Май қабылдағыш штампталған болат корпустан тұрады. Ол сым қапсырмамен ұстатылатын тормен жабдықталған. Егер торды кір баспаса май насосқа өзі арқылы келеді. Ал тор ластанған жағдайда май тор мен корпустың арасындағы саңылау арқылы енеді.

Май сүзгілері. Двигальдің жұмыс істеу прцесіенде күйенің қалдықтары мен детальдардың үйкелісін пайда болған металл тозаңдары, қара май қалдықтары т.б. ұсақ заттардан май ластанып оның сапасы нашарлайды. Сондықтан мұндай қоспалардан майды тазарту үшін майлау жүйесіне сүзгілер орнатылады.

ГАЗ-24 двигателінің май тазартатын толық ағынды (одан насоспен майлау жүйесіне сорылған майдың бәрі өтеді) элеметтері картоннан жасалған сүзгісі бар. Сүзгінің алюминийден жасалған корпусы, қақпағы ішінде өткізгіш клапаны мен сүзгі элеметтері орналасқан тесігі бар орталық стержень-түтікшесі болады. Корпустың төменгі жағындамайды ағызып алатын тығыны бар. Май насостан тікелей корпустың корпустың ішіне кіріп, сүзгіден өтіп орталық стержень-түтік арқылы майлау жүйесіне беріледі. Сүзгі ластанып май жүрмей қалған жағдайда ол түтікшенің жоғарғы бөлігіндегі тесіктен, одан әрі өткіхгіш клапан арқылы (сүзгіге соқпай) тазартылмаған күйінде двигательдің жүйесіне беріліп отырады.

Корпус пен  оның қақпағының арасында нығыздағыш төсеніш болады. Корпус цилиндрлер блогіне төрт шпилькамен бекітіледі. Сүзгінің корпусының үстіне майлау жүйесіндегі  майдың қысымын көрсететін және майдың авариялық қысымын қөрсеткіш лампасының датчиктері бекітілген.

Майды тазартудың цетрден тепкіш сүзгісі. ЗМЗ-53 двигателінде реактивті жетегі бар центрден тепкіш тазарту сүзгісі орнатылған. Мұндай сүзгі осі бар подшипникке  қалпақты ротор орналасқан корпустан тұрады. Ротордың астында тесіктері екі жаққа қараған екі жиклері мен сүзгі торы орналасқан. Қалпақ ротордың осіне гайкамен бекітіліп, оның үстінен құлақты гайкалы қозғалмайтын құндақпен жабылған. Ротор екі жиклерден шашырап аққан май ағынының екпінімен айналады. Майдан ауырлау лас, металл қалдықтары мен күйе, қара май центрден тепкіш күштің әсерінен қалпақтың ішкі қабырғасының ішкі жағына итеріліп тасталып, осындай шөгеді. Жұмыс істеп тұрған сүзіден жиклер арқылы тазартылған май өтіп, катерге келеді де, май қабылдағыш насоспен тартылып алынады.

ЗИЛ-130 двигателінде де майды тазартатын реактивті жетегі бар центрден тепкіш сүзгі орнатылған. Бұл сүзгі ЗМЗ-53 двигателінің сүзгісінен айырмашылығы майлау жүйесіне біртіндеп (ол арқылы барлық май өтеді) қосылады. Сүзгі корпусының төменгі бөлігінде сүзгі бітеліп қалған жағдайда майлау жүйесіне май өткізуді қамтамасыз ететін өткізгіш клапан орнатылған.

Май радиаторы. Автомобильдерді жаздың ыстық кездерінде немесе ауыр жол жағдайларында пайдаланғанда майының температурасы жоғарылап, сұйылуынан майлау жүйесіндегі қысым төмендеп кетеді.

Майды салқындату үшін двигательдердің майлау жүйесіне май радиаторлары қосылған. Ол екі  бачокпен олардың арасынан өтетін горизонталь  түтіктерден тұрады. Суыту беттерін қөбейту үшін және радиатордың берік болуы үшін оның түтіктеріне металдан жасалған пластиналар бекітілген.

Майдың жүруіне  май радиаторының азда болса қарсылығы  болғандықтан май сұйылғанда жүйедегі маймен үйкелетін беттерге берілетін  майдың қысымы аздап кемиді. Сондықтан мұндай қолайсыз жағдайды болдырмау үшін ГАЗ-24 және ЗМЗ-53 двигательдерінің май радиаторы кранға қосылған, оның алдында жүйедегі майдың қысымы 1 кг/см2 кем болған жағдайда радиаторға майдың келуін тоқтататын қорғаушы клапан қойылған.

ЗИЛ-130 двигателінің радиаторына май насостың төменгі секциясынан келеді. Радиаторды ажыратқанда барлық май насостың қақпағына орналасқан өткізгіш клапан арқылы радиаторға соқпай картердің табанына құйылады. Тіпті пайдаланудың ең жаман жағдайларында да (жоғарғы температура, бөлшектері үйкеліп тозған т.б.) май насосының өнімділігі үйкелетін беттерге май жеткізуге керекті қысымды қамтамасыз етуге есептелінген.

Информация о работе Автокөлік құралдары